Химия пәнінен Спирттердің химиялық қасиеттері тақырыбындағы ашық сабақ. Сабағымда жаңа технологияларды қолдандым. Студенттерді топқа бөліп, саяхат сабақ түрінде өткіздім. Студенттер әр кезеңдегі тапсырмаларды орындап, өз топтарына ұпай жинады. Спирттердің пайдасы мен зияны туралы қосымша мәліметтер қарастырып, бір-бірімен пікір алмастырды. Автор өзім.Бейсенаева Н.М.
Химия пәнінің оқытушысы
2 санатты
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің химия пәніне деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыруға болады.
Используя информационные технологии можно развить у студентов интерес и способности к изучению химии.
Using information technology we can develope students interest and skill of learning chemistry.
Сабақтың тақырыбы: Спирттердің химиялық қасиеттері.
Сабақтың түрі және тұрпаты: БМШЖҚС, теориялық.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге спирттердің номенклатурасын, маңызды өкілдерін айта отырып, химиялық қасиеттері, қосылыстары туралы түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.
Міндеттері:
Білімділік: Спирттердің қайда, қандай мақсатқа қолданылатынын түсіндіру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын насихаттау. Спирттік ішімдіктің адам өміріне кері әсерін айта отырып жаман әдеттен сақтандыру. Денсаулығын сақтай білуге, ел келешегін бүгіннен ойлауға жетелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, ой шақыра білу, жеке, жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелері:
Студенттер түсінуі тиіс: спирттер қатары қосылыстарының химиялық, физикалық қасиеттерін, қолданылуын түсінуі тиіс
Студенттердің құндылық бағдары болуы: спирттер түсетін реакцияларды үш топқа бөлуге болатынын: гидроксил тобының сутек атомы үзіле жүретін реакциялар, гидроксил тобы үзіле жүретін реакциялар, тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы ұғынулары
Студенттер жасай біледі: кіші молекулалы спирттер физиологиялық әсері бар зиянды қосылыстар, спирттер күнделікті өмірді және өнеркәсіпте кең қолданылатын жерлерін білулері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)- Студенттермен амандасып, оларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру. Студенттерді екі топқа бөлу. Сабақ топ жарысы ойын түрінде өтеді. Бағалау электронды түрде жүргізіледі. Қай топтың ыдысы бірінші суға толса, сол топ жеңіске жетеді.
II.Тіреулі білімдерін жаңғырту(25 мин)- Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
I-станция."Тапқырлық станциясы" өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады, студенттер алдарындағы сәйкес карточкаларды көтеру арқылы жауап береді. Егер сұрақ біратомды спирттерге қатысты болса қызыл карточканы, көпатомды спирттерге қатысты болса сары карточканы, ароматты спирттерге қатысты болса жасыл карточканы көтереді.
1. Глицерин – бұл… (сары, көпатомды)
2. молекуласында бензол сақинасы кездесе… (жасыл, ароматты)
3. функционалдық тобында бір гидоксил тобы….. (қызыл, біратомды)
4. Пентанол-2 – бұл . (қызыл, біратомды)
5. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша көмірсутек атауына диол, триол жұранағын қосып атайды …… (сары, көпатомды)
6. Құрамында қанты бар заттар ашығанда этанол түзіледі ….(қызыл, біратомды)
II-станция. "Нұсқаулар станциясы". Өткен тақырып бойынша студенттерге онлайн тест беріледі. [https://multiurok.ru/tests/2328949]. Студенттер ұялы телефондары арқылы тест сұрақтарына жауап беріп, нәтижесіне бірден көз жеткізеді.
III-станция. Студенттер үйден дайындап келген этил спиртінің пайдасы мен зияны тақырыбындағы слайдтарын қорғап, қарсы топқа сұрақтарын қойып, бір-бірін бағалайды.
"Сергіту сәті". "Формула құрастыру". Әр студентке атомдар жазылған таратпалар беріледі, сол таратпалардан формула құрастыру керек.
III.Жаңа сабақты баяндау(20 мин)
Қаралатын сұрақтар
1. Бір атомды спирттедің химиялық қасиеттері
2.Спирттердің металдармен әрекеттесуіне бейне материалдар көрсету
[https://www.youtube.com/watch?v=Cg6ZxRJiL5U], [https://www.youtube.com/watch?v=dQzZX2jYrS8].
2 Спирттер көміртегі мен сутегіне бай заттар, тұтатқанда жылу шығара жанады. С2 Н 5ОН+ 3 О2 = 2 СО2 +3 Н2 О +1374кДж
Сілтілік металдармен әрекеттесіп, сәйкес алкоголяттар түзеді.
2С 2Н5 ОН+2Na = 2С 2Н5 ОNa +Н2
Галоген сутек қышқылымен әрекеттесіп, ауыр сұйықтық бромэтан түзеді.
С2 Н5 ОН+НВr = С 2Н5 Вr +Н2 О
Спирттер күкірт қышқылын қосып қыздырса, оңай дегидраттанады.
С2 Н5 ОН → СН2 = СН2 +Н 2О
Спирттердің екі молекуласынан судың бөлінуі
С2 Н5 ОН + С2 Н5 ОН → С2 Н5 О С2 Н5 +Н 2О
Спирттер көптеген өндірістерде еріткіш ретінде қолданылады. Метил спирті пластмасса, сірке қышқылы және басқа органикалық заттар өндірісінде пайдаланылатын формальдегид алуға қолданылады. Метил спиртін мотор отыны ретінде пайдаланудың келешегі зор. Этил спирті синтетикалық каучук өндірісінде көп жұмсалады. Спиртті тотықтырып тағамға қажетті сірке қышқылын алады. Спирттті дегидраттау жолымен диэтилэфирін дайындайды. Спирт дәрі дәрмектер алуғу жұмсалады. Ол парфюмерияда әтір иіс сулар жасауға жұмсалады. Оны кейбір елдерде жанармайдағы октан санын арттыру үшін мотор отынына қосады
IV. Білімді бекіту(25 мин). Жаңа тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар.
IV-станция. "Ғажайып конверт". Топ басшысы конверт таңдап алады, конверт ішіндегі есептерді топпен талдап, тақтаға шығарады. Қосымша 1.
V-станция. "Сәттілік станциясы". "Зерек болсаң, шешіп көр". Жаңа тақырып бойынша оқулықтағы 145б. 18,19 есептерді шығарады. Қосымша 2.
VI-станция. "Сенім станциясы". «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша анықтамаларда қалып қойған сөздерді тауып, ол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады. Топтар жауап берген соң, өз жауаптарын дұрыс жауаппен сәйкестендіріп тексереді.
1) Спирттер … агрегаттық күйде болады.
2) С1-С10 аралығындағы спирттер …, ал С11 бастап …. заттар
3) Спирттердің молекулалық массалары өсуіне қарай суда ерігіштігі …, ал балқу, қайнау температуралары …, себеп спирттерде молекулааралық … байланыс болады.
2(два) (two)
Сұйық (жидкий) (fluid)
қатты (твёрдый) (strong)
Төмендейді (снижается) (decrease)
өседі (повышается) (grow)
сутектік (водородный) (hydrogen)
V.Рефлексия- "Білім теңізіне кеме жіберіңіз". Алған білімдерін қорытындылау үшін студенттерге кеме беріледі. Егер сабақ түсінікті, қызықты болды десе студенттер кемелерін теңізге жібереді, егер сабақты түсінбедім, сұрақтарым бар десе кемелерін жағада қалдырады.
VI.Бағалау. Бағалау электронды түрде жүргізіледі. Қай топтың ыдысы бірінші суға толса, сол топ жеңіске жетеді.
VII.Үйге тапсырма: тақырып бойынша тесттік-бақылау жұмысына дайындық.
Әдебиеттер:
1. Нұрахметов Н., Бекішев Қ., Заграничная Н. Химия 10-сынып.
2. Гольдфарб Я.Л, Ходаков Ю., Додонов Ю.Б. Сборник задач и упражнений по химии.
3. [https://multiurok.ru/tests
4. https://www.youtube.com/watch?v=Cg6ZxRJiL5U
Қосымша 1.
"Ғажайып конверт"
Құрылымдық формуласы бойынша спирттерді атаңдар.
1)С – С – С – С – С
он сн3
2) С – С – С – С – С – С
ОН с2н5 с2н5
3) СН3
С – С – С – С – С
ОН
4) С – С – С – С
С2 Н5 ОН
5) Химиялық айналуларды жүзеге асырыңдар.
С2Н4→С2Н5ОН→ С2Н5ОNa→ С2Н5ОН
1) С2Н4+ Н2О→ С2Н5ОН
2) 2С2Н5ОН+2Na→2 С2Н5ОNa+H2
3) С2Н5ОNa+H2O→ С2Н5ОН+NaOH
6) CaC2→ С2Н2→ С2Н4→ С2Н5ОН
1) CaC2+2 Н2О→ С2Н2+Ca(OH)2
2) С2Н2+H2→ С2Н4
3) С2Н4+ Н2О→ С2Н5ОН
Қосымша 2.
1. Этиленнің 33,6литрін (қ.ж) гидратациялағанда этил спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.
2. Массасы 9 г глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша литр этанол алуға болады?
Бейсенаева Н ОМО разработка урока.docx
Бейсенаева Н.М.
Химия пәнінің оқытушысы
2 санатты
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
химия пәніне деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыруға болады.
Используя информационные технологии можно развить у студентов
интерес и способности к изучению химии.
Using information technology we can develope students interest and skill of
learning chemistry.
Сабақтың тақырыбы: Спирттердің химиялық қасиеттері.
Сабақтың түрі және тұрпаты: БМШЖҚС, теориялық.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге спирттердің номенклатурасын, маңызды
өкілдерін айта отырып, химиялық қасиеттері, қосылыстары туралы түсіндіре
отырып, білімдерін тереңдету.
Міндеттері:
Білімділік: Спирттердің қайда, қандай мақсатқа қолданылатынын түсіндіру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын насихаттау. Спирттік ішімдіктің адам
өміріне кері әсерін айта отырып жаман әдеттен сақтандыру. Денсаулығын
сақтай білуге, ел келешегін бүгіннен ойлауға жетелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, ой шақыра білу, жеке, жұптасып,
шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелері:
Студенттер түсінуі тиіс: спирттер қатары қосылыстарының химиялық,
физикалық қасиеттерін, қолданылуын түсінуі тиіс
Студенттердің құндылық бағдары болуы: спирттер түсетін реакцияларды
үш топқа бөлуге болатынын: гидроксил тобының сутек атомы үзіле жүретін
реакциялар, гидроксил тобы үзіле жүретін реакциялар, тотығутотықсыздану
реакциялары туралы ұғынулары
Студенттер жасай біледі: кіші молекулалы спирттер физиологиялық әсері
бар зиянды қосылыстар, спирттер күнделікті өмірді және өнеркәсіпте кең
қолданылатын жерлерін білулері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин) Студенттермен амандасып, оларды түгендеу.
Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру. Студенттерді екі топқа
бөлу. Сабақ топ жарысы ойын түрінде өтеді. Бағалау электронды түрде
жүргізіледі. Қай топтың ыдысы бірінші суға толса, сол топ жеңіске жетеді.
II.Тіреулі білімдерін жаңғырту(25 мин) Үйге берілген тапсырмаларды
тексеру.
Iстанция."Тапқырлық станциясы" өткен тақырып бойынша сұрақтар
қойылады, студенттер алдарындағы сәйкес карточкаларды көтеру арқылы жауап береді. Егер сұрақ біратомды спирттерге қатысты болса қызыл
карточканы, көпатомды спирттерге қатысты болса сары карточканы,
ароматты спирттерге қатысты болса жасыл карточканы көтереді.
1. Глицерин – бұл… (сары, көпатомды)
2. молекуласында бензол сақинасы кездесе… (жасыл, ароматты)
3. функционалдық тобында бір гидоксил тобы….. (қызыл, біратомды)
4. Пентанол2 – бұл . (қызыл, біратомды)
5. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша көмірсутек атауына диол, триол
жұранағын қосып атайды …… (сары, көпатомды)
6. Құрамында қанты бар заттар ашығанда этанол түзіледі ….(қызыл,
біратомды)
IIстанция. "Нұсқаулар станциясы". Өткен тақырып бойынша студенттерге
онлайн тест беріледі. [https://multiurok.ru/tests/2328949]. Студенттер ұялы
телефондары арқылы тест сұрақтарына жауап беріп, нәтижесіне бірден көз
жеткізеді.
IIIстанция. Студенттер үйден дайындап келген этил спиртінің пайдасы мен
зияны тақырыбындағы слайдтарын қорғап, қарсы топқа сұрақтарын қойып,
бірбірін бағалайды.
"Сергіту сәті". "Формула құрастыру". Әр студентке атомдар жазылған
таратпалар беріледі, сол таратпалардан формула құрастыру керек.
III.Жаңа сабақты баяндау(20 мин)
Қаралатын сұрақтар
1. Бір атомды спирттедің химиялық қасиеттері
2.Спирттердің металдармен әрекеттесуіне бейне материалдар көрсету
[https://www.youtube.com/watch?v=Cg6ZxRJiL5U],
[https://www.youtube.com/watch?v=dQzZX2jYrS8].
2 Спирттер көміртегі мен сутегіне бай заттар, тұтатқанда жылу шығара
жанады. С2 Н 5ОН+ 3 О2 = 2 СО2 +3 Н2 О +1374кДж
Сілтілік металдармен әрекеттесіп, сәйкес алкоголяттар түзеді.
2С 2Н5 ОН+2Na = 2С 2Н5 ОNa +Н2
Галоген сутек қышқылымен әрекеттесіп, ауыр сұйықтық бромэтан түзеді.
С2 Н5 ОН+НВr = С 2Н5 Вr +Н2 О
Спирттер күкірт қышқылын қосып қыздырса, оңай дегидраттанады.
С2 Н5 ОН → СН2 = СН2 +Н 2О
Спирттердің екі молекуласынан судың бөлінуі
С2 Н5 ОН + С2 Н5 ОН → С2 Н5 О С2 Н5 +Н 2О
Спирттер көптеген өндірістерде еріткіш ретінде қолданылады. Метил спирті
пластмасса, сірке қышқылы және басқа органикалық заттар өндірісінде
пайдаланылатын формальдегид алуға қолданылады. Метил спиртін мотор
отыны ретінде пайдаланудың келешегі зор. Этил спирті синтетикалық каучук
өндірісінде көп жұмсалады. Спиртті тотықтырып тағамға қажетті сірке қышқылын алады. Спирттті дегидраттау жолымен диэтилэфирін дайындайды.
Спирт дәрі дәрмектер алуғу жұмсалады. Ол парфюмерияда әтір иіс сулар
жасауға жұмсалады. Оны кейбір елдерде жанармайдағы октан санын арттыру
үшін мотор отынына қосады
IV. Білімді бекіту(25 мин). Жаңа тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар.
IVстанция. "Ғажайып конверт". Топ басшысы конверт таңдап алады, конверт
ішіндегі есептерді топпен талдап, тақтаға шығарады. Қосымша 1.
Vстанция. "Сәттілік станциясы". "Зерек болсаң, шешіп көр". Жаңа тақырып
бойынша оқулықтағы 145б. 18,19 есептерді шығарады. Қосымша 2.
VIстанция. "Сенім станциясы". «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша
анықтамаларда қалып қойған сөздерді тауып, ол сөздің орысша, ағылшынша
аудармасын айтады. Топтар жауап берген соң, өз жауаптарын дұрыс жауаппен
сәйкестендіріп тексереді.
1) Спирттер … агрегаттық күйде болады.
2) С1С10 аралығындағы спирттер …, ал С11 бастап …. заттар
3) Спирттердің молекулалық массалары өсуіне қарай суда ерігіштігі …, ал
балқу, қайнау температуралары …, себеп спирттерде молекулааралық …
байланыс болады.
2(два) (two)
Сұйық (жидкий) (fluid)
қатты (твёрдый) (strong)
Төмендейді (снижается) (decrease)
өседі (повышается) (grow)
сутектік (водородный) (hydrogen)
V.Рефлексия "Білім теңізіне кеме жіберіңіз". Алған білімдерін
қорытындылау үшін студенттерге кеме беріледі. Егер сабақ түсінікті,
қызықты болды десе студенттер кемелерін теңізге жібереді, егер сабақты
түсінбедім, сұрақтарым бар десе кемелерін жағада қалдырады.
VI.Бағалау. Бағалау электронды түрде жүргізіледі. Қай топтың ыдысы
бірінші суға толса, сол топ жеңіске жетеді.
VII.Үйге тапсырма: тақырып бойынша тесттікбақылау жұмысына
дайындық.
Әдебиеттер:
1. Нұрахметов Н., Бекішев Қ., Заграничная Н. Химия 10сынып.
2. Гольдфарб Я.Л, Ходаков Ю., Додонов Ю.Б. Сборник задач и
упражнений по химии. 3. [https://multiurok.ru/tests
4. https://www.youtube.com/watch?v=Cg6ZxRJiL5U
"Ғажайып конверт"
Құрылымдық формуласы бойынша спирттерді атаңдар.
1)С – С – С – С – С
Қосымша 1. он сн3
2) С – С – С – С – С – С
ОН с2н5 с2н5
3) СН3
С – С – С – С – С
ОН
4) С – С – С – С
С2 Н5 ОН
5) Химиялық айналуларды жүзеге асырыңдар.
С2Н4→С2Н5ОН→ С2Н5ОNa→ С2Н5ОН
1) С2Н4+ Н2О→ С2Н5ОН
2) 2С2Н5ОН+2Na→2 С2Н5ОNa+H2
3) С2Н5ОNa+H2O→ С2Н5ОН+NaOH
6) CaC2→ С2Н2→ С2Н4→ С2Н5ОН
1) CaC2+2 Н2О→ С2Н2+Ca(OH)2
2) С2Н2+H2→ С2Н4
3) С2Н4+ Н2О→ С2Н5ОН
1. Этиленнің 33,6литрін (қ.ж) гидратациялағанда этил
спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.
2. Массасы 9 г глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша литр
этанол алуға болады?
Қосымша 2.
Спирттердің химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттері
Спирттердің химиялық қасиеттері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.