Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"
Оценка 5

Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"

Оценка 5
Памятки
docx
математика
Взрослым
04.03.2018
Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ   АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"
Бұл мақалада "Биоақпараттану және синергетика" технологиясын оқыту процесінде қолданудың тиімділігі туралы айтлған. Айыртау ауданы Саумалкөл қазақ орта мектебінде өткен аудандық семинардың ерекшеліктері жөнінде сөз қозғалады. Мұғалімдер бұл семинарда өзара пікір алмасып, тәжірибереімен бөлісті. Мектеп әкмшілігіне семинардың ұйымдастырылуына мұғалімдер алғыс айтты.Аудандық семинар туралы
статья про бис.docx
«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ Әлемде   жаһандану   үдерісінің   қарқынды   жүруіне   байланысты   көптеген дамыған   елдердің   білім   беру   жүйесінде   үздіксіз   жаңару   мен   өзгерістер жүрілуде.   Сонымен   қатар   адамдар   мен   қоғамға   айтарлықтай   ықпал   ететін мәселелер де туындауда. Сондықтан  Қазақстан Республикасы білім саласына реформа мен жаңалықтар енгізу қарқыны жағынан алғашқылардың қатарында екені баршаға аян.    Қазіргі   білім беру жағдайындағы     басты  мақсат – жүйені өзгерту – жасап жүрген жұмысымызды тиімді жағына өзгерту.   Ауданымыздың  барлық  мектептерінде 2016­2017 оқу жылынан бастап Ф.   Я.   Вассерманның   «БжС»   технологиясы   бойынша   жұмыстар   жүзеге асырылуда.       Мұғалімдердің     айналысатын мәселесі: «Мектепте оқу және оқыту   сапасын   «биоакпараттанану   және   синергетика»   технологиясы» арқылы   ұйымдастыруға   болатынына   көз   жеткізуге   болатыны.     Осы   орайда 2018 жылдың ақпанның   22­нде   Саумалкөл қазақ орта мектебінде   «БжС» технологиясын оқу үдерісінде қолданудың ерекшеліктері бойынша аудандық семинар   өтті.   Семинар   барысында     математика,   тарих,   әдебиеттік   оқу, дүниетану, география пәндері бойынша  сабақтар өткізілді.  Математика пәні мұғалімдері Б. З Исмагулова, Жигер Перизат, А. Т. Оразалинова; тарих пәні мұғалімдері   З.   К.   Искакова,   М.   О.   Кенжебулатов;   бастауыш   сынып мұғалімдері З. Ы. Казбекова, Р. И. Кенжебулатова, география пәні мұғалімі А.  К.  Быксыбаева   сынды   мұғалімдер   БжС   технологиясының   техкарталары арқылы   сабақтарын   жоғары   деңгейде   өткізді.    Мектеп   психологы       А.  М. Азбергенова  мұғалімдер арасында  тренинг өткізіп, жаксы көңіл күй сыйлады. Мектеп технологы З. Т. Калдырбаева  ««Биоақпараттану және синергетика» технологиясын пайдаланып, оқушылардың өз бетінше   жұмыс істеу дағдсын қалыптастыру»   тақырыбында   семинарға   қатысушылармен   дөңгелек   үстел өткізді. Мұғалімдер өзара тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.   Сонымен мына жайттарды анықтап көрсетуге болады:  1.  Мұғалімдерде  «БжС» технологиясын қолдану бойынша жалпы білімдері одан әрі толыға түсті. 2.   Мұғалімдер   оқушылардың     өз   білімдерінің   сапасын   басқарып   отыруға ықпал етуге тырыса отырып, көбінесе өздері дамиды. 3.   Оқушылар   өздерінің   әрдайым   әділ   әрі   көз   алдарында   көрнекі   түрде бағаланатынына үйренеді.  4.   Мұғалімдер   оқушылардың   оқу   үдерісін   бақылай   алатын  және   оқушы біліміндегі өзгерістерді басқара алатын болады.  5.  Мұғалімдер   сабақты  әзірлеу, басқару   және  жоспарлауды  технологиялық карталар арқылы жүргізуге мүмкіндік алды. Қорыта келгенде,   жүйеленген, бір мақсатқа  бағытталған,  тапсырмасы нақтыланған,   нәтижесі алдын ала белгіленген ( тұрақты даму аймағы 63%) «БжС»   технологиясы   бойынша   сабақтарды   өткізу   –   мектептегі   оқыту сапасындағы  кедергілерді жоюға және басқаруға мүмкіндік беретін   жаңаша технология деп  айтуға болады.  Осылайша, оқытудың озық  технологиясын меңгерген мұғалім ғана өз  жұмысын  өзгерте алады  және сапалы білім бере алады деп ойлаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы:  «Ақырын жүріп анық бас,  Еңбегің кетпес далаға.  Ұстаздық қылған жалықпас,  Үйретуден   балаға»,   дегендей,   жаңалыққа   ұмтылған   мұғалімдердің еңбектері еш кетпейтініне сенемін.   Тажина Асем Баделхановна Қаратал орта мектебінің   БжС технологиясы бойынша бас технолог

Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"

Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ   АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"

Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"

Статья "«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ   АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАУ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2018