Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Оценка 4.7
Работа с родителями
docx
русская литература
11 кл
30.01.2017
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар нақты беріледі. Пән бойынша оқу бағдарламалары пән бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелерден тұрады. Ойлау дағдыларының деңгейлері новатор-педагог Б.Блумның таксономиясына негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау әрекеттерінен құралады. Сөйлеу әрекетінің түрлеріне тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері жатады. Оқу жетістігін бағалау -білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі. Бағалау үдерісі бағалау критерийлеріне негізделеді. Бағалау критерийлері деп білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгіні атайды.Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Мақала.docx
Жаңартылған білім беру мазмұны
Еліміз бойынша 20162017 оқу жылынан бастап барлық жалпы білім беретін
мектептер жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырудың бірыңғай мемлекеттік
стандарты негізінде жұмыс жасай бастады. Бұл жаңартуларға біздің ауданның
мектептері де жатады. Қазіргі таңда ауданның барлық 27 мектебінде 1сыныптағы
214 бала жаңартылған білім беру стандарты бойынша білім алып жатыр.
Жаңартылған білім беру стандарттары келесі 20172018 оқу жылында 2,5,7
сыныптарға, 20182019 оқу жылында 3,6,8,10сыныптарға , 20192020 оқу
жылында 4,9,11сыныптарға енгізіледі. Жаңартылған білім беру мазмұны
критериалды бағалау жүйесіне негізделеді.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнына Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, пән
бойынша оқу бағдарламалары, ойлау дағдыларының деңгейлері, сөйлеу
әрекетінің түрлері, бағалау критерийлері, түрлі деңгейдегі тапсырмалар,
критерийлерге негізделген қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесі енеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарында білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне
қойылатын талаптар нақты беріледі. Пән бойынша оқу бағдарламалары пән
бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелерден тұрады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
новаторпедагог Б.Блумның
таксономиясына негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау
әрекеттерінен құралады. Сөйлеу әрекетінің түрлеріне тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым әрекеттері жатады. Оқу жетістігін бағалау білім алушының
кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру
үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін
белгілеу үдерісі. Бағалау үдерісі бағалау критерийлеріне негізделеді. Бағалау
критерийлері деп білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын
белгіні атайды.
Критериалды бағалау жүйесінің құрылымдық мазмұнына бағалау
стандарттары, бағалау құжаттары, бағалау үдерісі және нәтижеден құралады.
Критериалды бағалау жүйесіне негізделген әрбір оқу пәні бойынша жаңартылған
оқу бағдарламаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар:
•
Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі •
•
•
•
•
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;
оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілікрухани
қасиеттерін қалыптастыру;
бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына
сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
оқытудағы жүйеліәрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне
белсенді қатысу)
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, атаанаға
және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет педагогғалым Роберт Юджин
Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол
жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға
мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бірбірімен
салыстырмайды және бірбіріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр
оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің
негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу
үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінің өзіндік міндеттері бар. Бұлар:
оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзінөзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау.
бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау
механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.
қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпараттар ұсыну. Критериалды бағалаудың оқыту мен бағалаудың өзара байланысы,
шынайылық, анықтық және валидтілік, ашықтық және қолжетімділік және
үздіксіздік, сондайақ, дамытуға бағытталғандық сияқты негізгі қағидаттары бар.
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау деген 2 түрі бар.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері
байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге
мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалаудың қағидаттары:
Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер
бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
бағалау белгіленбейді;
оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын
жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан
барысында өтеді. Бұл үдерістегі оқушының қызметі: оқу үдерісіне белсене
қатысады, бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді, өзінөзі
бағалайды/бірінбірі бағалайды. Мұғалімнің міндеті: оқу мақсаттарына сәйкес
бағалау критерийлерін анық жазады; бағалау критерийлеріне
сәйкес
тапсырмалар құрастырады; тапсырмаға дескриптор құрастырады; оқушыларға
тиімді кері байланыс береді; оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
ынталандырушы және жігерлендіруші түрлері жатады.
Қалыптастырушы бағалаудың қызметіне қалыптастырушы,
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері мынадай:
оқушының өзінөзі бағалау дағдыларын қалыптастырады;
оқушыларға үнемі кері байланыс жасап отырады; оқушының оқуын одан әрі мақсатты бағыттауға жігерлендіреді;
ақпараттарды ұсынады: оқушыларға жұмысының сапасы туралы, мұғалімдерге
оқушыны ілгерілету туралы, атааналарға оқудың жетістік нәтижелерінің
дәрежесі туралы.
Оқу үдерісінде орын алатын кері байланыс үдерісі белгілі бір оқиға немесе
әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру дегенді ұғымды білдіреді.
Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді:
Менің оқуым қандай сатыда?
Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін?
Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім
алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу
үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы,
орта білім деңгейі), сондайақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ
тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау
түрі.
Бөлімдер/Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы
бақылау жұмысының нәтижесі бойынша кері байланыс құралы – рубрика деп
аталады. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің
деңгейлерін көрсету құралы. Оқушының жетістік деңгейі белгіленген рубрика
атааналарға
ұсынылады. Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір
критерий бойынша оның қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп
көрсетеді. Ал тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша
рубрика рәсімделмейді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1. Қорытынды рәсім әр тоқсанның аяғында өткізіледі
2. Тоқсанның оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау
3. Жылдық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу (тоқсандық балдардың қосындысы)
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою
арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда
оның білу мен түсіну және қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының
жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға
мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтиды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу
Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар,
бақылау жұмысы және т.б.).
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының
бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында атааналар мен оқушылардың
назарына жеткізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса
алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа
да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған
тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде
орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының
қосымша нұсқасы қолданылады.
Оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін тіркеу
Оқушыга қойылады:
Сипаттамасы
Бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық
бағалау бойынша балл
Тоқсан бойынша
жиынтық бағалау
бойынша балл
Оқушының алған балл саны және оған сәйкес
оқу жетістігінің деңгейі
Балл қою кестесіне сәйкес оқушының алған балл
саны
Тоқсандық баға
Тоқсан бойндағы барлық жиынтық бағалау бойынша жинаған балл мөлшері (пайыздық
көлемде). 50 пайызы тоқсандық жиынтық
бағалау бойынша, 50 пайыз – барлық
бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау бойынша
Барлық тоқсандар бойынша жинақталған балл
қосындысының белгіленген ең үлкен балл
мөлшеріне пайыздық қатысы (шәкілге сәйкес)
Жылдық баға
Оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелері келесі құжаттарда тіркеледі:
С
Э
О
О
ы
л
қ
қ
н
е
у
у
к
ы
ш
ш
т
р
п
ы
ы
о
н
д
ы
қ
Пәннен оқушылардың бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі
туралы келесі үлгідегі кесте бойынша атааналарды ақпараттандырады:
Оқушының жауап парағы
Пән ____________
Сынып ______________ №1 бөлім бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
Мұғалімнің пікірі
Критериалды бағалау жүйесінде әрбір оқушыда міндетті түрде оқушы
портфолиосы болады.
Оқушының портфолиосы дегеніміз – оқушылардың нақты бір кезеңдегі
жеке оқу жетістіктерін белгілеу мен бағалау бойынша жинақтау, тіркеу тәсілі.
Пән бойынша портфолионың құрылымына бөлім, тоқсан бойынша жиынтық
бағалау жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері бар жазба жұмыстары,
презентациялар, эссе және т.б.; мұғалімнің ұсыныстары, пікірлері, кері
байланысы; оқушының рефлексиясы жатады.
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Статья на тему "Внедрение системы критериального оценивания в обновленном содержании образования""
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.