Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаздық- қасиетті де, қадірлі мамандық. Өйткені өз бақытын ел баласын оқытудан табатын ұстаз еңбегі салмақтап өлшеуге келмейтін, ешбір кәсіп иелерінің еңбегімен салыстыруға болмайтын ауыр жол.
Ұстаз - шәкіртіне білдірсем, үйретсем және оны биіктен көрсем деген арманмен биікке қол созады. Шәкіртте ұстазының үмітін ақтауға ұмтылады. Кешегі шәкірт үмітін арттырған ұстаз,бүгінде саналы 31 жыл ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнап жүрген І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын 1966 жылы 8 наурызда Түрікменістан Республикасы, Ташауыз облысы, Көне Үргеніш ауданында дүниеге келіп,бес баламен зейнетткерлікке шықты.
1988 жылы Ташкент қаласындағы Достық орденді Низами атындағы мемлекеттік пединституттың филология факультетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын Қарақалпақстан автономиялы республикасының Шоманай қаласындағы №3 Ұлықбек атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп,
9-сыныпқа сынып жетекшісі қызметінен бастады.
2001-2004 жылдың аралығында өз туған жеріне оралып, Жаңа өзен қаласындағы №6 мектепте ұстаздық қызметін жалғастыра жүріп, ғылыми -әдістеме бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарды. Ол қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жас жеткіншектерге СТО әдіс- тәсілдері және деңгейлік тапсырмамен , тест жұмыстары арқылы білім беруде. Сол жылдар ішінде бірнеше қалалық сабақ беріп, түрлі шараларға байланысты аудандық байқаулар мен мектепішілік сайыстарға қатысты.
2004 жылы қараша айынан бастап,Бейнеу ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте жұмыс жасайды. Оның жүрегі шәкіртіне деген жүрек жарды сүйіспеншілікке, ізгі рухани мейірімділікке толы. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жаңаша оқыту технологияларын қолданып, оқушылардың танымдық қабілетін жан - жақты дамыта оқытуға баса назар аударады, оның өткізген әрбір сабағы шәкірттері үшін жаңа бір әлем есігін ашқанмен тең. Осы мектепке келген кезден бастап жетекшілік еткен 7 «Ғ» сыныбы 2008 – 2009 оқу жылында орта мектепті бітірді. Ұстаз еңбегі шәкірттерінің жетістігімен көрінетіні белгілі. Мұның айғағы өзі сынып жетекшілік еткен сыныбындағы Ғұмарова Жадыра - мектепті «Алтын белгі»мен бітірді. Ол Алматы қаласындағы Әль - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсетінің механика - математика факультетін бітіріп, Магистатураны бітіріп,өз мамандығымен жұмысын жалғастыруда. Нұрова Анар - Есенов атындағы университетінің филология факультетін бітіріп, Қызыл әскер ауылында «Бейнеу бала бақша кешенінде» қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Жанашева Ақзер – Бейнеу гуманитарлық колледжінде қазақ тілі мен әдебиет пәнін мамандығын бітіріп, жұмыс жасап жүр.
Ұстаз еңбегі нәтижесіз емес. Алтын Айтбайқызы- бірнеше сайыс жеңімпазы. Атап айтсақ ,биылғы 2018-2019 оқу жылында «Мектеп ұстаздарының әлемі»
Республикалық педагогикалық журналының тұрақты оқырман, әрі автор ретінде басылымның дамуына үлес қосқаны үшін редакция атынан алғыс хатпен марапаттталды. Мұрагер интеллектуалды порталына оқушы бойындағы таланттың жаңғыра түсуіне зор үлес қосқаны, оқушының щығармашылық щыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекщілік еткені үшін алғыс хат алды. Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы атынан педагогикалық қызыметтегі ерекше табыстары үшін дипломмен марапатталып, Қазақстан педагогтарының энциклопетиясына енді.Республикалық ғылыми әдістемелік журналының №1 санына «Шәкіртім-мақтанышым» мақаласы жарық көрді. Ziatker.kz, Ustaz.tilegi Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым порталында авторлық материал жариялағаны үшін сертификатпен марапатталды. Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығының «Ізденімпаз ұстаз» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік педагог» байқауына белсене қатысқаны үшін сертификат берілді. Республикалық ғылыми және кәсіби біліктілікті арттыру оқыту орталығының ұйымтастыруымен Маңғыстау облысында өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы пән мұғілімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» семинар сабағына қатысқаны үшін сертификат берілді.Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым басқармасы «Өнеге интеллектуалды білім порталына «Үздік ашық сабақ» байқауына қатысып, Бас жүлде иеленген үшін марапатталды. «Ziat» ғылыми әдістемелік орталығына «Үздік ашық сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында І –ІІ орынға ие болды. «Маңғыстаунама-2018 аудандық танымдық шарасында Ә.Кекілбаев шығармашылығы мен өміріне арналған оқу-танымдық кабинеттер байқауы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, облысқа белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
4 қазан 2013 жылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін мектепішілік грамотаға ие болса, сол жылы аудандық Құрмет граматасын алды.
Ustaz.kz Ашық сабақтар сайытында Ғ.Мүсірепов «Жапон баладасы» әңгімесі мен Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі жарық көрді.
WWW .BILIMDILER.KZ халықаралық Веб сайытында Шәкарім «Жастарға» өлеңі С.Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі тақырыптары бойынша сабақтарының электронды нұсқалары жарияланып В 00087 Cертификат алды.
Мектеп оқушылары конкурс, сайыс, байқауларда облыс, республикалық, халықаралық деңгейге дейін қатысып, аудан, облыс намысын қорғап жүр. Оқушысы Мұрагер интеллектуалды порталына «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болғаны үшін Н.Дүзелбаева марапатталды. Облыстық «Әбіш әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсене қатысқаны үшін Н.Бақытова сертификат берілді. Республикалық М.Мақатаев оқулары байқауының облыстық кезеңінде Г.Нұрғабылова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ардақты ұстазым» атты республикалық эссе жазу сайысына қатысып Н.Бақытова ІІ орын алды.
Жұмағалиева Алтын -ұзақ жыл маңдай терді төге отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, тәлім- тәрбие беруде үлес қосқан - ұстаздың бірі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.