«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе
Оценка 4.7

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
психологическая работа +1
Взрослым
20.12.2018
«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын.
эссе.docx
Жан­жүрегім, бар тілегім – балада, Жылу себем күндей болып балаға. Еш кетпесін еңбегімнің білемін, Ұстанымым шуақ сыйлау санаға… Мен сүйген мамандық(эссе)    Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде  өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл  — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең  алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы  өмірдегі менің орным қандай?», деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын.  «Ұстаз болу­ ұлылықтың бастауы» демекші, менің балалық шақтағы алып  армандарымның бірі­ ұстаз болу болатын. Менің өмірдегі бақытым – жүрек  қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені  бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана  мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім,  білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен  мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен  алға аттатсам – бұл  менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек  ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын! Менің  шәкірттерім егемен елдің, Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса,  одан артық менде қайдан арман болсын.  Міне,осындайда «Ұстаз­ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан  Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.  Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын  мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың  деп білемін.   Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын  арқауы, бәйтеректей биік діңгегі. Ұстаз ретінде ментек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға  барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл­ Фарабидің  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз  берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес.  Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап  келемін.   Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы  үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір  ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың  басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне  жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз. Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі  керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын  әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз  мәртебесін көтере алады. Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиcті ізгі ұстаным.  Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір  сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық  шағын зерделі көзбен көру.  Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы  айтылған талап – деңгейінен табылып, отыруға бар күш жігерімді, білімім мен  білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Егер де қолым өз  еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, соның арқасы деп білемін.  Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені  ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында  биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп  ойлаймын. «Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді»  демекші, мұғалімдердің кейінгі болуына заманына сай  өркениетті  мемлекеттің жаңғырту саясатын жүзеге толық асыра алатынына кәміл  сенемін. Ұстаздықты, осы мамандықты шын жүрегіммен қабылдап, білім  алаңында ерекше жігермен еңбек етуші жас әріптестеріме қарапайым  кеңестерімді ұсынсам деймін. Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол  жолда адал қызмет етіңіз. Баланы шын көңілмен жақсы көріңіз, сырласуға  асығыңыз. Алдыңыздағы шәкірттеріңізді өзіңізбен тең ұстаңыз. Әр  сабағыңызды қызықты мереке қылып өткізіңіз, оны ауыр жұмысқа  айналдырмаңыз, баланы ойната отырып оқытыңыз, шешімін таппаған  сұрақтарыңыздың жауабын бала мен бірге іздеуге арланбаңыз, бірлескен  еңбектің қадірі әрқашан да нұсқап артық екенін естен шығармаңыз. Бала  алдында оның айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланыңыз, ісіңіз де, өзіңіздің түр­ әлпетіңіз де ұқыпты жинақы болғаны абзал. Бала жүрегі нәзік, көңілі пәк  екенін естен шығармаңыз. Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден қызықты  болуын қамтамасыз етіңіз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен  мұқият дайындалыңыз. Сол жолда ізденіңіз, технологиялық әдіс­тәсілдерді  жүйелі қолданыңыз. Себебі педагогикалық технологиялар әр оқушының  дербес оқу үрдісіне қатысуына ықпал ететін тиімді әдіс тәсілдер жиынтығы  екені даусыз. Міне, осы айтып отырғандарым – мұғалім қызметінің жемісі.  Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен де бұл тұрғыда  өзімнің жемісті еңбегімді қанағаттанған сезіммен әрдайым айтамын. Мен шәкірттерімнің осындай –осындай биіктерге қол жеткізгеніне шексіз  қуанамын. Олардың шығар шыңдары одан сайын биіктете бергім келеді.  Өйткені мен ұрпақтан үміт күтетін ұстазбын.Нағыз  мұғалім,  міне, осы.  Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік  көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, менің  арманым орындалды.Мен нағыз ұстаз мәртебесіне лайық ұстазбын!

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе

«Ұстаз болу- ұлылықтың бастауы» эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.12.2018