Қатысушылар:
“Күйзеліс” деген сөздің астарында қандай ұғым барын түсінеді;
Жас адамдарға тән күйзеліс факторларын анықтайды;
Күйзеліс әсерін төмендету тәсілдерін анықтайды;
Егер адам көп уақыт күйзелісте өмір сүрген болса, күйзелістің зардабын түсінеді;
Күйзеліспен күрес бойынша іс-әрекеттер жоспарын жасайды;
Тренингтің мақсаты:
Күйзеліске байланысты сезімдерді анықтауға арналған күйзеліс жағдайын көрсетуге қатысу;
“күйзелісті” және “күйзеліс факторын” анықтау, мысалдар келтіру;
Жас адамдарға тән күйзеліс факторларының тізімін жасау;
Күйзеліс белгілері мен симптомдарының тізімін жасау;
Күйзеліспен күрестің жағымды және жағымсыз стратегияларын анықтау;
Күйзеліске ұшыраған адамдарға көмек көрсету үшін ықтимал құралдарды анықтау;
Күйзеліспен күрес жоспарын жасау;
Күйзеліспен күресте жағымды немесе позитивті стратегияларды қолданудың пайдасын талқылау
Қажетті материалдар:
Айтылған ұсыныстарды жазатын құралдар (қағаз, флипчарт немесе маркермен жазуға арналған ақ тақта, маркерлер/бор);
Әр қатысушыға қағаз, қаламдар, қарындаштар (егер қажет болса);
Кішкене қағаз парақшалар;
Кішкене ыдыс, мысалы қорапша, сөмке, тостаған немесе себет;
Тренингтің алдында оқуға қолайлы ортаны құру:
“Қатысушыларға арналған ақпарат” бөліміне екі қағаз парақтағы екі ватман әзірлеңіз. Біреуінің атауын “Күйзеліспен күрестің жағымсыз стратегиясы” және екіншісінің атауын “Күйзеліспен күрестің жағымды стратегиясы” деп алыңыз. Қажет болса, бұл ақпаратты бормен/маркермен жазуға арналған ақ тақтаның екі жағына жазып қоюға болады.
Егер қатысушы күйзелісте болатын болса және не істеу керектігін білмесе, “Қатысушыларға арналған ақпарат” бөліміне көмек сұрауға болатын мамандардың және орындардың тізімін жасаңыз.
Тренингтің жоспары:
І. Қатысушыларды тақырыпқа қалай қызықтыруға болады?
(барлық топпен ортақ жұмыс 5 минут)
Қатысушылардан парақша бетіне өз атын жазуды сұраңыз. Аттары жазылған бүкіл парақшаларды кішкене ыдысқа салыңыз.
Қатысушыларға зейіндерін жаттықтырып, мысалы күйзеліс тудыратындай өткен тақырып бойынша сабақ айтасыңдар деп тапсырма бересіз. Контейнерден аттары жазылған екі қағаз парақшасын суыратыныңызды түсіндіріңіз. Аттары жазылған екі қатысушының әрқайсысы өткен сабақта не айтылғанын есте сақтауы бойынша айтып берсін. Есінде көп сақтаған қатысушы жүлде алады, ал екінші қатысушы осыдан бастап, өткен сабақта не туралы айтылғанын барлық топтың есіне салып отыруы қажет.
Қатысушыларға не туралы айтатынын ойластыруға бір минут уақыттары барын айтыңыз, содан соң Сіз жазылған аттарды суырыңыз.
Бір минуттан соң екі адамды таңдау үшін аттары жазылған парақшаны суыратыныңызды хабарлаңыз. Екі қағазды суырыңыз, бірақ аттарын айтпаңыз.
Қатысушылардан дәл өзінің атын суыру ықтималдығын және олардың өткен сабақта не болғандығы туралы еске алуға тура келетіндігін айтыңыз. Бірнеше қатысушыдан бұл ретте олардың басынан қандай сезімдер өткенін сұраңыз.
Бұл жаттығудың адам толқыған кезде және күйзелісте болғанда не сезінетінін көрсетуге арналғандығын түсіндіріңіз. Сабақтың қалған бөлігінде қатысушылар күйзелісті танып-білуді және онымен күресті үйренеді. Қатысушыларға өткен сабақта не болғандығын айтуы қажет емес екендігін хабарлаңыз.
КҮЙЗЕЛІС – организімнің оған қойылған кез келген қосымша (экстремальді) талабына (физикалық және эмоционалдық) реакциясы.
Мысалы, Сіз бүкіл топтың алдында өткен сабақта не айтылғанын айту керектігі туралы ойлағанда Сіз денеңізде бір қысымды байқадыңыз, мазаңыз кетті немесе қорықтыңыз.
ІІ. Қатысушыларды тақырыпқа қалай қызықтыруға болады?
(Тренердің кіріспе сөзі 5 минут)
1.“Күйзеліс” сөзіне анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз.
2.“Күйзеліс факторы” түсінігіне анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз.
Күйзеліс факторы (стрессор) – бұл күйзеліс шақыратын оқиға, жағдай немесе ой.
Күйзеліс факторлары болуы мүмкін:
Сізде немесе Сізге жақын жандардың басына бір қиындық туындайды, мысалы, досының немесе отбасы мүшесінің қазасы болған кезде, жасағыңыз келмеген әрекетті жасауға мәжбірлеу мақсатында Сізге қысым көрсетілгенде.
Тіпті нәтижесі/соңы Сіздің жорамалыңыз бойынша оң болатын болса да, алдыңызда тұрған қандай да бір тапсырма немесе оқиғаға байланысты алаңдаушылық.
Сіздің мазаңызды алып, азапқа салатын, Сіз үнемі ойлап беретін, сондықтан да Сіздің ақыл-ой және дене қимылы қабілеттеріңіз әдеттегіден гөрі белсенді жұмыс істейтін бір жайлар. Мысалы, Сіздің түнейтін жеріңіз жоқ, не тамақ ішетін ақшаң жоқ туралы ойлар.
Шағын топтардағы жұмыс (15 минут)
1. Қатысушылардан үш-төрт қатысушыдан, киімдерінің түстері әркелкі болатындай етіп, бірнеше топтарға бөлінулерін сұраңыз.
2. Әр кішігірім топтардың рөлдерін бөліңіз.
Аяқ киімінің өлшемі ең кішкене адам өз тобының көшбасшысы болады. Көшбасшының міндеті тапсырманы орындау жолында топ жұмысына басшылық ету.
Аяқ киімінің өлшемі ең үлкен адам өз тобының баяндамашысы бола алады; оның міндеті өз тобының идеясын барлық қатысушыларға жеткізу.
Топтың жауабын жаза алатын хатшы тағайындаңыз.
3. Кішігірім топтың қатысушыларынан, өздері сияқты жастарда күйзеліс тудыратын себептер тізімін жазуды сұраңыз. Егер қатысушылар өз ойларын/идеяларын қағазға жазбайтын болса, өз идеяларының максималдық санын естерінде сақтауды сұраңыз, себебі соңынан әр топ өз ақпаратын барлық қатысушылармен бөлісуге тиісті болады.
4. Әр шағын топ өкілінен өз тобы ұсынған күйзеліс тудыратын себептердің біреуін жариялауын сұраңыз. Қағазға немесе бормен жазылған тақтаға жазу арқылы күйзеліс факторының тізімін құрастырыңыз.
5. Қатысушылардың барлығ өз идеяларын айтып болғанша, барлық кішігірім топтардың ұсыныстарын тыңдауды жалғастырыңыз. Қажет болса ,тізімге келесі факторларды қосыңыз, егер олар сіз жұмыс істейтін топ үшін жарамды болса
Күйзеліс тудыратын себептер:
Тым көп нәрсе бірден басқа түсті
Өзара сынның жоғарылауы
Өзіне тым көп жоғары талап қоюшылық
Айналамдағылардың тым көп нәрсе күтетіндігі
Өмірдегі маңызды өзгерістер: басқа жаққа көшу, отбасы мүшесінің қазасы, той, оқыс оқиға немесе ауру
Ең қажетті нәрсенің өзіне ақша жетіспеуі
Жұмыстың болмауы
Үнемі қайталанатын өмірлік қиындықтар: отбасы мүшесінің ауруы, өзінің ауруы, қаржылық мәселелер, ата-анасының арасындағы жанжалдар, күш қолданылып жазалау, жыныстық күш көрсету, ағасымен немесе әпкесімен нашар қарым-қатынас
Сіздің жақын досыңыз немесе отбасы мүшесінің күйзелісі
Отбасы үшін жауапкершілік
Досыңызбен жанжалдасу/қарым-қатынастағы өзгерістер
Колледждегі бағалар
Бір нәрсені жоғалту
Спорттағы немесе өнердегі жетістіктер
Емтихан тапсыру
Сауық кештеріне бару
Көпшіліктің алдында сөз сөйлеу
Өз қауіпсіздігі үшін қорқыныш
Жалғыздық сезімі немесе зерігу
Басқалардың тарапынан кемсітушілік
Полиция тарапынан қысымшылық
Отбасынан алшақтау
Тұрғылықты жерінің жоқтығы
6. Қатысушыларға күйзелістің көптеген себептері болатындығы туралы айтыңыз. Әр адамда күйзеліс әр түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бір адамда күйзеліс тудыратын нәрме, басқа бір адамға ешқандай әсер етпеуі мүмкін.
Күйзелістің түрліше пайда болу тәсілдері барын түсіндіріңіз. Адамның күйзеліс әсерінде жүргенін, күйзелістің белгілері мен сипмтомдары арқылы анықтаңыз.
Адамның күйзеліс әсерінде жүргендегі белгілері мен симптомдары
Белгілері – сау емес кездегі организімнің көріну реакциясы: өңінің бозаруы мен тершеңдігі адамның күйзеліс әсерінде жүргенін білдіреді.
Симптомдары – бұл көрінбейтін реакция. Тек осы симптомдарды басынан өткізген адам ғана, олар туралы айта алады. Жүрегінің айнуы және мазасыздық сезімі күйзеліс симптомдары болуы мүмкін.
7. Кішігірім топтар ішіндегі талқылау кезінде қатысушылардан күйзеліс белгілері мен симптомдарының тізімін жасауды сұраңыз.
Қатысушылардан күйзелістің үш-бес белгісі мен симптомдарын бейнелеуді сұраңыз. Әр пантомимадан (дене қимылдарымен көрсету) кейін топтан күзелістің қандай белгілері мен симптомдары көрсетілгенін табуын сұраңыз.
8. Әр топ үш-бес белгілері немесе нышандарын көрсететін пантомимо орындасын. Әр пантомимадан кейін бақылаушылардан қандай белгілер мен нышандарының көрсетілгенін табуды сұраңыз.
9. Қағаз немесе борлы тақтаға күйзелістің белгілері мен симптомдарының тізімін жазыңыз. Келесі идеяларды қосыңыз, егер олар өзіңіздің жұмыс жасайтынтопқа сәйкес келетін болса.
Белгілері мен симптомдары
Дене белгілері | Эмоциялық белгілер | Психикалық белгілер |
Бозғылт немесе қызарған тері | Жылау белгілері | Жағымсыз ойлар |
10. Келесі сәттерді бөле отырып, қорытынды жасаңыз:
Егер сіз қатты күйзеліске ұшыраған болсаңыз немесе ұзақ уақыт бойы күйзелісте болған болсаңыз, бұл денсаулыққа қатысты эмоционалдық мәселелерге әкеп ұрындыруы мүмкін.
Күйзеліс тудыратын себептерді білу және күйзеліс жағдайын ажырата білу – күйзелісті конструктивті жеңе білудің алғашқы екі қадамы.
Күйзеліспен күрес тәсілдерін білу келесі қадам болып табылады.
Талқылау (10 минут)
Қатысушылардан адамдарғакүйзелісті жеңе білуге көмектесетін тәсілдер туралы ойлануды сұраңыз. Бір тәсілдің жағымды, бір тәсілдің жағымсыз болып болып табылатынын түсіндіріңіз.
Қатысушылардың өздері білетін күйзеліспен күрестің теріс тәсілдерін атауды сұраңыз. Олардың ұсыныстарын “Күйзеліспен күрестің теріс стратегиялары” атауымен алдын-ала дайындалған плакатқа жазыңыз. Қажет болса келесі тізімнен алып, тағымдеялар қосыңыз.
Күйзеліспен күрестің теріс стратегиялары
Жағдайды теріске шығару
Жағдайды елемеу
Қалыпты құрлымының бұзылуы, жағдайын өзгертпеу
Артық тамақтану
Тамақтанбау
Шылым шегу
Алкоголь және есірткі пайдалану
Өз-өзінен тұйықталу
Өзін агрессивті ұстау
Берілу, күресті тоқтату
Шындықтан жасырыну
Төбелесу
Заттарды сындыру
Көмектен бас тарту
Өзінің ашуын өзге адамдар мен заттардан алу
Адамдарға тіл тигізу, қорлау
Өзін-өзі немесе айналадағыларды кінәлау
3. Қатысушылардан өздері білетін күйзеліспен күрестің оң тәсілдерін ұсынуды сұраңыз. Олардың ұсыныстарын “Күйзеліспен күрестің оң стратегиялары” атауымен алдын-ала дайындалған плокатқа жазыңыз. Қажет болса келесі тізімнен алып, тағы идеялар қосыңыз.
Босаңсу
Серуендеп қайтыңыз
Спортпен айналысыңыз, жүгіріңіз немесе қозғалысты ойындар ойнаңыз
Жеке күнделік бастаңыз
Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз
Кітап оқыңыз
Діни сенімнен жұбаныш табу
Күліңіз
Музыка тыңдаңыз
Досыңызбен, ата-анаңызбен немесе өзіңізді жақсы көретін біреумен сөйлесіңіз
Жағдайды қалай өзгерту керектігі туралы ақпараттан іздеңіз
Мәселенің басқа шешімдері туралы ойлаңыз
Алдын-ала ойлап, әрекет ету жоспарын жасаңыз
Күйзелісті басталған кезде танып үйреніңіз
Релаксация әдістерін қолданыңыз, мысалы йоганы немесе тыныс алу гимнастикасын
Дұрыс тамақтаныңыз
Ұйқыңызды қандырыңыз
Күйзеліс нәтижесінде алынған артық энергияны жұмсау үшін дене еңбегімен айналысыңыз
Аз уақыт оңаша болыңыз
Тоқтаңыз және терең демалыңыз
Мәселені шешуге тырысыңыз
4. Қатысушылардан күйзеліс сезінген әр жолы күйзеліспен күрестің оң стратегиясын еске түсіруді және пайдалануды сұраңыз. Күйзеліспен күрестің терсі стратегиясының күйзеліс қосатынын түсіндіріңіз, сондықтан оларды пайдаланудың қажеті жоқ.
5. Егер сіз қағазға күйзеліспен күрестің теріс стратегиясын жазған болсаңыз, ол қағазды тақтадан жұлып алыңыз, және күйзеліспен күрестің теріс стратегясын пайдаланудан аулақ болуға ұмтылысыңызды көрсетіп, сол қағазды умаждап тастаңыз.
6. Қатысушылардан егер олар күйзеліске ұшыраған болса, не істеу керектігін білмесе, көмек сұрау үшін қайда және кімге жүгінуге болатынын сұраңыз. Оладығ ұсынысын тыңдаңыз және өзіңіздің ұсынысыңызды қосыңыз, тиісті көмек көрсету қызметтерінің хабарласу ақпараттары, веб-сайттардың мекен-жайлары, отбасы мүшелері және т.б. Мәліметтерді қосыңыз.
7. Қатысушылардан күйзелістегі адамға қалай көмектесуге болатын тәсілдерді ұсынуды сұраңыз. Қажет болса тізімнен алып келесі идеяларды қосыңыз:
Күйзелістегі адамға қалай көмектесуге болатын тәсілдер
Адамды тыңдаңыз
Көмек сұрауды ұсыныңыз
Бірге қыдырып қайтыңыз
Жаңа шешімдер табуға көмектесіңіз
Спортпен бірге айналысуды, қозғалыс ойындарын бірге ойнауды ұсыныңыз
Күйзеліс факторлары туралы өз білгеніңізбен бөлісіңіз
Егер сізбен сөйлескісі келсе, ондай адамға уақыт бөліп сөйлесіңіз
ІІІ. Топпен жұмыс / тәжірибе(Жеке тәжірибе 5 минут)
Күйзеліс факторының тізімін, күйзеліс белгілері мен симптомдарын көрсетінің және толтырылған “Күйзеліспен күрестің оң стратегиясы” плакатын көрсетіңіз.
Әр қатысушыдан келесідей төрт бөлімнен тұратын өзінің күйзеліспен күрес жоспарын жасап көрсетулерін сұраңыз:
Күйзеліспен күрес жоспары
Күйзелістің жеке себептері немесе күйзеліс факторлары | Күйзелістің жеке белгілері мен симптомдары |
Күйзеліспен күрестің артықшылыққа ие оң стратегиясы | Көмек сұрауға болатын адамдар мен орындар |
3. 5 минуттан кейін қатысушылардан шағын топтағы серіктесімен өзінің жеке жоспарларын бөлісуін сұраңыз.
ІV. Рефлексия Талқылау (5 минут)
1. Қатысушылардан кішігірім топтарда келесі сұрақтарды талқылауды сұраңыз.
Күйзеліспен күрестің оң стратегиясын пайдалану Сіздерге қандай пайда әкеледі?
2. Әр топтың бір қатысушысынан өз ойын бөлісуді сұраңыз.
3. Қатысушылардан өздерінің күйзеліспен күрес жоспарын күйзеліс сезінген әр жолы пайдалануларын сұраңыз. Біраз уақыттан кейін қатысушыларға бір-бірімен күйзеліспен күрестің оң стратегиясын қолдану тәжірибесімен бөлісуді сұраңыз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.