Сыбайлас жемқорлық - қоғамның қылтамағы.
Нуриева Даметкен Садуокасовна
Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылы
«Рыков атындағы орта мектебі» жоғары
санатты тарих пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
Көрнекілігі: слайдтар, плакат «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы- жақсы тәрбиеленген адам» ЭПИКЕТЕТ, кітаптар, видео.
Өткізудің формасы: 9- сыныпта өткізілген тәрбие сағаты (сайыс).
Өткізудің технологиясы мен әдістері: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик, жағдаяттар шешу.
Барысы:
I.Ұйымдастыру
Көрме ұйымдастыру:
«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты иллюстрациялық кітапшалар.
«Жемқорлық- қоғамның қылтамағы» қабырға газеттері
II.Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
III. Сайыс
-Таныстыру.(Топ аты, өмірлік ұстанымы, қабырға газетімен, кітапшалармен таныстыру)
-Тікелей сұрақ (Әр топқа 5 сұрақтан)
-Тапқырлық. (Жағдаяттар шешу)
- Ой жалғау. (Мақалдың жалғасын табу)
- Ақын- қоғам тамыршысы,әдебиет-имуниеті. ( Парақорлыққа қарсы жыраулардың өлеңдерінен үзінді оқу.)
IV. «Еркін микрофон»
V Қорытынды (Әділқазылардың шешімі)
I.Көрме.
II. Кіріспе
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның қылтамағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! (Слайд №1)
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2)
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен мәселесі бүгінгі таңда көпшілік сипатқа ие болып, қоғамдық өмірдің барлық саласын шарпыды. Сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттік жүйеге теріс әсер етіп,билікке зиян келтіреді, қоғамның билікке деген сенімсіздігін туғызады. Қоғамның қолдауынсыз мемлекет дамымайды. Сондықтан демократиялық мемлекеттер жемқорлықпен күрес және қарсы әрекеттер жасау жолында барлық шараны қолданады. Жемқорлықпен күрес Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №3)
1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
Әлемде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының сан түрлі анықтамасы бар. Алайда құқықтық дәлдік пен нақтылық жоқ. Сыбайлас жемқорлық- лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өклеттіктерін мүліктік ( мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында заңсыз пайдалану, сол сияқты осы адамдарды параға сатып алу.Өз кезегінде батыс құқықтанушылары жемқорлықтың шеңберін кеңейте отырып, саяси элитаның ауытқушылық мінез-құлқы, яғни әрі кеткенде моральдық және әдеп нормаларын бұзу деп есептейді. Сыбайлас жемқорлықтың үш түрін бөліп көрсетуге болады- тұрмыстық, іскерлік,саяси. ( Слайд)
2- жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд №5,6)
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
2-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы 2015 жыл 18 қарашада қабылданған. Заңда сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
1-жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. (Слайд №8)
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар: (Слайд №9, 10)
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1995 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды.
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және 2015 жылы « ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.Мұнда азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру,ұлттық экономиканың өсуі,бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту, тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін,құқықтық сауатын арттыру,электронды үкіметті енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.
2015 жыл 18 қарашада ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы қабылданды.
Қазіргі кезде біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модель жүзеге асуда.. «Қазақстан -2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіні көрсетілген.ҚР Тұңғыш Президентінің үндеуінде,ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында, Бес институттық реформада және «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамда оның кез келген түрінің пайда болуына төзбеушілікті қалыптастыруға байланысты жүйелі шаралар орын алған.
ҚР Білім және ғылым министрлінің 2015 жылғы бұйрығымен бекітілген «Адал ұрпақ » ерікті клубтар құрылған. Мақсаты- мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған Дүниежүзілік конференция болды. БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан күнін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
1-жүргізуші.Сайысымызға кезек берейік.
III. Сайыс барысы: ( Әр топқа 5 сұрақ)
-Тікелей сұрақ
«Әділет» тобына
1. ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы қашан қабылданды? 2015 жыл 18 қараша
2.“Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
3. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды?
БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан
4.ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.
5. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
«Ақиқат» тобына
1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
2. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қашан қабылданған?(2015 жыл.)
3. ҚР жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын ата.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» деген 12- баптың мазмұның ашындар.
5. Сыбайлас жемқорлықтың түрлерін ата.( Тұрмыстық, іскерлік, саяси)
2- жүргізуші.
Тапқырлық . Слайдпен жемқорлыққа байланысты жағдаяттарды талдау: (Слайд №23)
1-жағдаят «Әділет» тобына.
Жүргізуші Е. таңертең жұмысқа кешігіп бара жатты. Жолда кептелістің әсерінен ол жолдың қарсы бетіне шығып кетпекші болды. Алайда оны Жол полициясы тоқтаты.Жүргізуші Е. сержант М.-ға хаттама толтырмау үшін 5000 теңге ұсынды. Аталған жағдайда қандай құқықбұзушылықтар жасалды?
2- жағдаят Емделушілерге ақысыз дәрі-дәрмекке жауап беретін Д. деген мемлекеттік қызметкер дәрі-дәрмектің бір бөлігін қымбат бағаға сату үшін жекеменшік дәріханаға жіберіп отырды.
3- жағдаят «Ақиқат » тобына
Ауданның жаңа әкімі өз отбасы мүшелерін,туыстарын,достарын әртүрлі қызметке қойды.
4- жағдаят
Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында А. деген оқытушыларына үстел жасап, бағалы сыйлық әперді.Бұл жемқорлыққа жата ма?
Ой жалғау. (Мақалдың жалғасын табу)
«Әділет » тобы
1)Тура биде... (туған жоқ)
2)Заңның құрығы... (бәрінен ұзын)
3) Ұрлық түбі... (қорлық)
4) Әділ істің... (арты игі)
5)Ақырын жүріп...( анық бас)
«Ақиқат» тобы
1) Жазасын тартпайтын... ( жамандық болмайды)
2) Тәрбиелі-....(тәртіптің құлы)
3) Өш алғаннан гөрі... (кешірген жөн)
4) Асыл тастан...(өнер жастан)
5) Жақсы тәртіп әдетке айналса-... (ырыс),
Жаман тәртіп әдетке айналса-...(қырсық)
- Ақын- қоғам тамыршысы,әдебиет-имуниеті ( Парақорлыққа қарсы жыраулардың өлеңдерінен үзінді оқу)
«Әділет»тобы .Дулат Бабатайұлы
Параны жұтқан кесектеп,
Түспей жатып төсектен,
...Ыдысының параның
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның
Түйені жұтсаң түгімен.
Биені жұтсаң бүгімен
Қақалмай-ақ толғайтын.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем.
Жемтік көрсе,қан көрсе,
Айырылар мүлде есінен.
( «Кеңесбайға»)
«Ақиқат» тобы Малайқожа
... Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп ақ қылып жүр,
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып қара істі ақ қылып жүр.
Бек болмағың бес-алты қарада жүр,
Елі даудың бір жеңі арада жүр.
Жаратуды Құдайда болғанымен,
Жаман,жақсы сайламақ парада жүр.
Тобықтай түйін. «Еркін микрофон» (Оқушы, сынып жетекшінің, қонақтардың пікірлері).
Сынып жетекші: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қазақстан бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Біз оны мақтан етеміз.
Дегенмен, топтар таныстырған мысалдарды ұлттық сөз өнерінде ондап келтіруге болады. Заман өзгергенімен, адам көп өзгере қоймаған сыңайлы. Оны теледирдардан, ақпарат құралдарынан көріп те жүрміз. Парамен ұсталғандардың басым көпшілігі лауазымды тұлғалар екендігі де қынжылтады. Журналистер айтатындай, күн сайын «шабақ»та, «шортан»да торға түсуде. Оған қарсы күрес те күшейгеніне бүгінгі тәрбие сағатында көздерін жетті. Жемқорлық-қазаққа жүре біткен қылтамақ «ауруы». Ендеше, емі бар. Арылуға болады. Онымен халық болып жаппай күрескен жөн. Құрметті оқушылар әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Бүгінгі айтпағымыз да осы еді.
V. Қорытынды (Әділқазылардың шешімі)
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.