Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сыйынар ем Ана деген тәңірге.docx
Сыйынар ем Ана деген тәңірге"
Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз
аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға атаанаға деген құрмет сыйын арттыру, ана
еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақалмәтелдер.
Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстазаналар, арулар! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8наурыз халықаралық
әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай
болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек
емес.Оларөмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау
тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі
арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі
мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8наурыз халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес
денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған
тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып
жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры
А.А.Талпаховқа беріледі.
ӘйелАна, ӘйелӨмір, Әйелтіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп,
адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі,
сөзіөсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған
асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына
мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісіалтын босағасы
мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да
қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын
аманесен бүгінгі күнге жеткізген әйелана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен
әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Анаболашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне Рахметова Саяның орындауындағы «Анашым»
атты әнін қабыл алыңыздар.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имегендей отырып келесі кезекті Шамұратова Жадыраның
орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік
жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына
адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне
арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы
«Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен
қаланады. «Жәннәтаналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке,
молшылық, бейбітшілік болады, атаанасына қуаныш әкеледі деп жорыған
екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, алдарыңызда Құмар Назерке мен Төлегенова
Аизаның орындауындағы ?
«Отбасышағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу
ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйелана отбасы жылуын
сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар
адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем
әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі,
адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып
жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары, дегендей, алдарыңызда 4асынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы
өлең шумақтарын тыңдайық. (5асынып оқушыларының жыр шашуы)
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек,
жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін
аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында
бас иелік!
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар
бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін
бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп
аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өтуарманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Анатіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді
көңіл қойып тамашалағандарыңызға көпкөп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Саусаламатта болыңыздар!
Сыйынар ем ана деген тәңірге
Сыйынар ем ана деген тәңірге
Сыйынар ем ана деген тәңірге
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.