Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы
Оценка 4.9

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
география
Взрослым
09.11.2019
Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы
Бала білімін жетілдіруде оның өз ойы мен өзіндік пікірі ерекше орын алады. Баланың өз талғамы арқылы талпынысы, құлшынысы оянуына байланысты сабаққа деген қабілеті де арта түсетіні анық. Дәстүрлі сабақтағы дайын білім баланың құлшынысын арттырмайды, қайта қандай сұрақтарға болмасын жауапты мұғалімнің беретініне сенімді болып, өзі үшін басқаның ойланатынына сенімді болады.
Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы.docx
Кембридж бағдарламасы негізіндегі Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы жайында Бірінші ілгерінді деңгеймен сертификатталған ұстаз өз пікірін ұсынады.  Байдаулетова А.М  Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы qwertyuiopasdfghjklzxcvb nmqwertyuiopasdfghjklzxc vbnmqwertyuiopasdfghjkl zxcvbnmqwertyuiopasdfgh jklzxcvbnmqwertyuiopasdf ghjklzxcvbnmqwertyuiopa sdfghjklzxcvbnmqwertyuio pasdfghjklzxcvbnmqwerty uiopasdfghjklzxcvbnmqwe rtyuiopasdfghjklzxcvbnmq wertyuiopasdfghjklzxcvbn mqwertyuiopasdfghjklzxcv bnmqwertyuiopasdfghjklz xcvbnmqwertyuiopasdfghj klzxcvbnmqwertyuiopasdf ghjklzxcvbnmqwertyuiopa sdfghjklzxcvbnmqwertyuio Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған   білімдері   мен   жаңа   немесе   сыныптағы   түрлі   дерек   көздерінен, мұғалімнен,   оқулықтан   және   достарынан   алған   білімдерімен   астастырыла жүзеге   асады   деген   тұжырымға   негізделеді.(   МАН,9бет)   Бала     білімін жетілдіруде оның өз ойы мен өзіндік пікірі ерекше орын алады. Баланың өз талғамы арқылы талпынысы, құлшынысы оянуына байланысты сабаққа деген қабілеті   де   арта   түсетіні   анық.   Дәстүрлі   сабақтағы   дайын   білім   баланың құлшынысын   арттырмайды,   қайта   қандай   сұрақтарға   болмасын   жауапты мұғалімнің беретініне сенімді болып, өзі үшін басқаның ойланатынына сенімді болады.   Ол   тек   дайын   өнімді   қабылдаушы   рөлінде   болатынын   күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр. Жаңа оқыту технологиясы балаға үлкен  мүмкіндік беріп отыр, тек бағыттап отыру арқылы бала  іс – әрекетін сырттай  зерттеп оның әр қимылын қадағалайды, негізгі бейімділік белгілерін анықтайды. Әр айтылған   ойдың   маңызды   екенін   ескерсек,   неге   бала   жауабына   байыппен қарамасқа...   «екілік»   алушы   баланы   неге   «үштікке»   тартпасқа,   болмаса деңгейлік тапсырмаларды күрделендіре отырып енжар баланың сабаққа деген қызығушылығын   оятпасқа.   Талпынысы   бар   бала   күмілжи   отырып   баяу «оянады».   Негізгі   7   модуль   аясында   балаға   бар   мүмкіншіліктерді   қолдана отырып,   жаңа   әдіс   –   тәсілдің   тиімді   жолдары   арқылы   қолдау   көрсетуіміз керек. Мұғалім ұстанымы ерекше орын алатынын ескерсек, оның көзқарасы, қабылдаған   шешімі   және   іс   –   әрекетінің   негізі   балаға   ой   салары   анық. Мұғалімде  жаңашыл көзқарас қалыптасу үшін, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау   қабілеттерін  дамыта  отырып,  жаңашыл  идеяларды  туындатуы  керек. Шыдамдылықты, балаға, өзіне деген сенімді көзқарасты қалыптастыруы шарт. Биікке   бірден   жету   өте   қиын,   дегенмен   де   уақыт   пен   сенім   барлық қиыншылықты жеңері анық.   Мен сабақ беретін 7­11сыныптарында сындарлы оқыту теориясын география сабағына   ендіру   көптеген   қиыншылықтармен   бірге   жүрді.   Өзара түсінбеушілік, баланың ойын ашық айта алмауы, топтық ережеге бағынбауы, үнемі   орын   ауыстыруда   қолайсыздықтың   туындауы,   бір   –   біріне   кекесінді көзқараспен   қарауы   (бұл   ойдан   әлі   де   арала   алғанымыз   жоқ),   өзіне   деген сенімсіздіктің   орын   алуы   –   жалпы   кемшіліктер   жетіп   артылады.   Алайда сенімді көзқарас пен дұрыс ұстаным қатар жүргенде қиыншылықтар біртіндеп артта   қала   бастады.   Әрине   бала   ойын   біржола   жеңу   мүмкін   емес.   Топпен жұмыс барысында баланың алға ұмтылу қабілеті қалыптаса бастады, бұрынғы сенімсіздік  біртіндеп  кете  берді,  алайда  келеңсіз   жайттарға   еліктеу    (бала ойын тыңдамау, өзін жоғары ұстау, білімімен бөліспеу,т.с.с) мен менмендік нышандары кейбір оқушы бойынан табылуда. Бұрын аузын ашпаған бала өз сөзі мен ойына жігер беріп барынша сабақта талдау жұмыстарына қатысса сіз не істер едіңіз? Әрине ол жаңалық ашып жатқан жоқ. Шамасы келгенше өз ұстанымын жеткізіп жатыр, ал екінші оқушы мүмкіндігі бола тұра бар білімін дұрыс қолдана алмай тұр. Екі оқушыға да көмек керектігі анық. Кімге бірінші келуіміз керек? Өзіне сенімді болып тұрған сабақтың мағынасы мен мазмұнын аша алмай тұрған оқушыға ма, әлде енді оянған оқушыға ма? Менімше бірінші оқушыға демеу көрсетіп, екінші оқушыға дұрыс бағыт беруіміз керек шығар... пайдаға аспаған білімнің кімге керегі бар? Ол сөнген шоқпен бірдей емес пе?! Тек енді жанып келе жатқан шуақты отты өшіріп алмауымыз керек.         7 сыныптағы Б біраз уақыт денсаулығына байланысты сабақты жіберіп алды.   Сындарлы   оқыту   теориясын   ол   басында   енжар   қабылдады.   Келесі сабақта байқағаным, оның сабаққа деген ынтасы қуантарлық дәрежеде еді. Орнынан жүріп – тұру қиын болса да барлық талаптарды орындауы, сұрақтар қойып   жауап   беруі   –   менің   ойымды   біраз   жеңілдеткендей   болды.   Бала еркіндігі   керек   екендігі   осы   тұста   дәлелденді.   Өз   ойын   айтып,   білмеген тұстарын анықтап отырысы ұнады. Емтихан  болатынын естігенде ол бірінші қуанды.   Сұрақтарға   да   бірінші   болып   жауапты   жазбаша   жазып   жатқанын ерекше   көңілмен   айтты.   Талпынысы   мен   қызығушылығың   арқасында   осы жетістіктерге жеткені көрініп тұр.    Оқу тәжірибесін өзгерте аламыз. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі   негізгі   тұлға   –   мұғалім   (Strong.Ward   &   Grant,  2011).  Өйткені Бірінші   деңгей   бағдарламасынан   күтілетін   нәтижелер   мұғалімдерді оқушыларға   қалай   оқу   керектігін   үйретіп,   еркін,  өзіндік   дәлел  –  уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған,   сандық   технологияларда   құзырлылық   танытатын   оқушыны қалыптастыруға даярлау болып табылады» ­ деп  МАН­да атап көрсеткендей бала білім сапасын арттыруда  жеті модуль негізінде баламен бетпе – бет келе отырып, оның барлық кедергілерін дұрыс анықтау болып табылады. Бір ойдың шешілген пікірді өзгерту мүмкіндігі бар екенін ескерсек, әр баланың пікірі біз үшін құнды екенін ұмытпағанымыз  жөн. Баланың қызығушылығын  арттыру үшін   қолдануға   болатын   әдіс­тәсілдерді   тиімді   пайдалану   керек.   «Миға шабуыл»,   «Аквариум»,   «кластер»,   «фишбоун»,   «автобус   аялдамасы»,   «кім жылдам», «салыстыру» т.с.с арқылы сабақты жоғары тұрғыда ұйымдастыру мұғалім еңбегінің қаншалықты күрделі екендігін көрсетеді. Сенім, тек сенім ұстаз еңбегін жандандырады.        Осы   тұста   кәсіби   білім   алуға   қатысты   Тимперлей   моделін   назарға ұстағанымыз абзал. Мұғалімнің зерттеуі және оқушының нәтижелерін бағалау үшін оған білім беру сызбасы: 1. Бізге, мұғалімдерге қандай білім мен дағдылар қажет? 2. Кәсіби білімді тереңдетіп, дағдыларымызды жетілдіру 3. Оқушыларды білім алудың жаңа тәсілдеріне тарту 4. Өзгеріс енгізуге бағытталғанн әрекеттеріміздің салдарлары 5. Біздің оқушыларымызға қандай білім мен дағдылар қажет? Білім беру қоғамдық үдеріс болып табылады, ол арқылы жаңа буын тілді, салт жораларды,  функцияларды,  өзара   қарым­қатынастарды   және   осы   қоғамның мүшесі болуы үшін олар білуге тиіс белгілі бір орныққан тәжірибені танып біледі.(МАН, 46 бет)      Жаңа   әдістермен   сабақ   өтуде   балалардың   қызығушылығы   мен   өзіндік идеяларды бөлісуі кейде әңгіме – дебатқа да айналуы мүмкін, кумулятивтік сипат алуы да ықтимал. Қандай жағдайда болмасын ол – бала ойы, идеясы, туындаған   шығармашылық   іс   –   әрекеті.   Біз   тек   бағыттаушы   немесе үйлестіруші   рөлінде   екенімізді   ұмытпайық.   Ой   қозғау   арқылы   проблема туындатамыз, шешімін оқушының талдауына береміз. Дайын ой мен идеяны ұсынудан аулақ болғанымыз жөн.             1  Сурет    тапсырманы бірлесіп орындау 2 сурет  Ортақ шешім 3 ­4 суреттер    Топтық жұмыс нәтижесі. Ортақ пікір мен ой бөлісу сәті Ұстаздармен   өткізілген әр коучинг өз нәтижесін беруде, баламен жұмыстың  әрбәр бөліктерін талдау арқылы өз білімдерін шыңдау үстінде. Төменде  мұғалімдермен өтілген сабақтан көріністер... 7 модульді сабақта дұрыс қолдану әр ұстаздың алға қойған негізгі  мақсаты.   Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау  Білім беруде АКТ пайдалану  Талантты және дарынды балаларды оқыту  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту  Білім берудегі басқару және көшбасшылық Балаға жаңаша көзқараспен қарау арқылы білім сапасына мән беруіміз керек. Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы да осында жатыр.

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы

Сындарлы оқыту теориясының артықшылығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.11.2019