Сыни ойлау дағдыларын дамыту
Оценка 5

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Оценка 5
Мероприятия
docx
биология
10 кл
28.03.2017
Сыни  ойлау дағдыларын дамыту
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың білімді сапалы игеруіне ықпал ету Оқушылардың алған білімін жан -жақты қолдануына ойлау деңгейлерінің талдау, салыстыру, бағалау деңгейінде болуы маңызды. Оқушы алған білімін кез келген нақты жағдайда қолдана алады. Сыни тұрғыдан ойлау оқушының әртүрлі ойлау әрекетін меңгере отырып өзінің қалай ойлау қажеттігін , қалай оқу керектігін түсінуіне мүмкіндік ала алады.Сыни тұрғыдан оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру
Сыни ойлау дағдылары.docx
Ахметова Салтанат Жаханқызы             «Сыни ойлау дағдыларын  дамыту арқылы биология сабақтарында  оқушылардың  таным әрекетін белсендіру» Биология пәні мұғалімі : Ахметова Салтанат № 44 орта мектеп Сырдария ауданы «Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту  арқылы биология  сабақтарында  оқушылардың   таным қабілеттерін белсендіру » Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінің  стратегиялық мақсаты­ берген білімді, дағдыларды меңгеретін,  бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей  алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен  ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар  жасау болып табылады.         Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын  жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша  материалдардың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келетіндей  болуы керек. Ұстаздың міндеті – баланың бойындағы алға жылжуға  деген тілегін ескере отырып, шығармашылығын жетілдіру.  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау  үшін олардың дербес ойлауына ықпал жасау қажет.Мұғалімнің  міндеті оқушының бойында жасырын жатқан мүмкіндіктері мен  қабілеттерін  ашу.Оқушының белсенділігін арттыру, олардың оқу  мазмұнының қоршаған ортаның өзгерістерімен , шындығымен   ұштастыру, оқушыларға білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау  биология пәнін оқытудың сапасын арттырады.Білімнің жаңа  мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет .  Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік  ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай  педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды  дамыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту  технологиясы – сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін  жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап,  оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды  салыстыра отырып, сол  идеяларға қарсы көзқарастармен тепе­ теңдікте зерттеуге  бағытталған  оқыту  технологиясы. «Сын тұрғысынан ойлау»  бағдарламасының негізгі философиясы –  ашық қоғамда өмір сүретін тұлға қалыптастыру.  Сыни  тұрғыдан   ойлау ­  білім  беруді дамыту  үшін маңызды болып табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік. Бұл  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де сыни  тұрғыдан ойлауды  дамытуды саналы  және  оймен  қабылдауын көздейді.Сыни  тұрғыдан ойлау­бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен  талқылаудың нәтижесінде алынған   ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім.Ол  болашақта әрекет жасауға негіз   бола  алады. Сыни  тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,  баламалы шешімдерді  қабылдауға, ойлау  және іс­әрекетімізге жаңа  немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,  ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және  басқаларды сыни  тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Осы педагогикалық  технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс­  тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда: ­   дарынды   оқушыны   дамытады,   оқушылар   шығармашылығын арттырады; ­ оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді; ­ пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады; Жаңа   технологияның   арқасында   оқушының   белсендігі   артып, жан­ жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Сын   тұрғысынан   ойлау   дегеніміз­сабақта   оқушылардың қызығушылығын   арттыра   отырып,   өз   ойыңды   еркін   және   зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін   өзі   зерттеп,   дәлелдеп,   тұжырым   жасауға   бағыттау   өз бетімен   және   бірлесіп   шығармашылық   жұмыс   жасау.  Сын тұрғысынан   ойлау   бағдарламасы   оқушының   еркін   сөйлеуіне,   пікір таластыруына,   достарының   ойын   тыңдауға,   проблеманы   шешу жолдарын   іздей   отырып,   қиындықты   шешуге   бағытталған бағдарлама. Сын   тұрғысынан   ойлау   дегеніміз­   сабақта   оқушылардың қызығушылығын   арттыра   отырып,   өз   ойыңды   еркін   және   зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір­бірімен астасып жатыр. Сондықтан   оқу   барысында   қашанда   баланың   пәнге   деген қызығушылығын   арттыру,   шығармашылық   қабілеттерін   дамыту керек. Әр сабақта оқушыларды сыни  тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық,  топтық тапсырмаларды қарастыру, сонымен қатар Блум  таксономиясы бойынша  құрылған сұрақтар  арқылы сабақтарды  бекіту жұмыстарын жүргізу. Диалог  арқылы сыни  тұрғысынан ойлауды  дамыту сыныптағы қарым­қатынасты зерттеуді  көздеген  еңбектер  белгілі бір  өзара әрекеттестік улгілері, зерттеушілікәңгіме,  дәйек пен  диалогтың мұғалімдер  мен  оқушыларды мағына  мен   білімді игерудегі бірлескен іс­әрекетке тартылуымен  қатар, жоғары  деңгейдегі ойлау қабілеттеріөрістеуіне  және зияткерлік  қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Сын тұрғыдан ойлау  технологиясы ой шақыру, ойлау , кері байланыс  құрылымдарынан  тұрады. Ой шақыру ­ оқушылардың білімдерін жаңарту ,еске түсіру  арқылы жаңа білімге оқушылардың қызығушылығын арттыру мен  өтілетін тақырыптың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтауына  мүмкіндік беру, жаңа білімді   өткен біліммен байланыстыра  отырып, білімді  меңгеруге жағдай жасау.Оқыту барысында кері  байланыс  ­ оқушының  өз ойын қорытуға көмек беру арқылы оқу  мақсатын түсінуге көмектесу.Биология сабақтарында оқушылардың   ойлау әрекеттерін дамытуға дағдыландыру түрлі әдістер мен  тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Сабақта пайдаланылатын  стратегиялар: Блум таксономиясы  бойынша  тапсырмалар дайындау,  «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар  дайындау, Фишбоун әдісі, Блум сұрақтарының түймедағы т.б.   Мысалы, Блум түмедағы сұрақтарын пайдалану үлгілері Қарапайым сұрақтар— Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты  биологиялық фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті  еске түсіріп, оны айтып беру керек. Дәлелдеуші сұрақтар— «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?» «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз  …?» Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар— Әдетте неге? деген   сөзден басталады. Бағалау сұрақтары­ Неге … жақсы, ал … жаман?» «… … айырмашылығы қандай?» Бұл сұрақтар осы немесе басқа да  оқиғалар, құбылыстар мен  айғақтардың бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған . Шығармашылық сұрақтар (жорамал)­ «Қалай ойлайсыңдар, … кейін  (егер) … қалай болады? Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз  қолданылады. Ол алдын ала болжайтын , жорамалдайтын   шарттылық элемент . Практикалық сұрақтар— Неліктен құрғақ ауада адамның тыныс  алуы қиындайды? Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.Осындай практикаға негізделген  логикалық сұрақтар  үлгілері           Күтілетін жауап Судың температурасы 0  градуста қатады. Сыртқы  орта температурасына  қарағанда су температурасы  жоғары.Сондықтан  құстар  жылыну үшін суға сүңгиді. Күтілетін жауап Проблеманы шешу бірнеше ой әрекеті арқылы  орындалады : салыстыру, талдау,жинақтау,  жалпылау арқылы нақты тұжырым жасау,  Қосмекенділердің  тыныс  ақпараттар арасындағы байланысты табу,  алуының 70 % тері арқылы  байланысты белгілі бір заңдылыққа  негіздеу.Оқушылардың есінде өздерінің ой  әрекетінен өңделген білім қалады. Білімді схема ,сызба ,суреттер арқылы жүйелеу, жинақтау  арқылы тақырыпың түйінін табудағы Фишбоун стратегиясы  Проблемалық сұрақ : Күтілетін жауап үлгісі Сызбадағы балықтың басы ­ проблемалық сұрақ Жоғарғы қабырға ­ негізгі ұғымдар немесе себептер Төменгі қабырғалар – дәлелдемер мен фактілер Балықтың құйрығы ­  негізгі түйін  Оқу материалының құрылымын  құрамдас бөліктерге жіктеу ,  бүтіннің бөліктері бір­бірімен үйлестіру , бүтіннің бөліктерінің  арасындағы өзара байланыстарды анықтауға нгеізделген тапсырмалар оқушылардың тақырыпты  тереңірек меңгеруіне көмектеседі. .

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту

Сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сыни  ойлау дағдыларын дамыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017