Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру
Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
библиотека +1
Взрослым
27.03.2017
Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау қабілетін шыңдап, ойлау қабілетін арттыру жолдары туралы және де сын тұрғысынан ойлау модуліне тән әдістерді қолданып, оқушының ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін айту қабілетін арттыру, ойлау қабілетін шыңдау жолдары жайлы жазылған мақала.
Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау.docx
Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын іске
асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылдан бастап жүргізіліп
келеді. Бұл бағдарлама шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды
дамытудың 60 түрлі стартегияларынанәдістерінен тұрады.
Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр
ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде
оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субьектісі, әртүрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,
сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға болып
саналады.
Сыни ойлау ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез
келген жағдайдағы мәселені ойлап, белгілібір қортынды шығарып, өз ойын
еркін жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік жеке ойлау болып
табылады. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу,
шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек
қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады.екіншіден, сыни тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп
айта беру емес. Оқушы терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас
қалыптастырып , тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сыни тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан
білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтары мен
қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сыни тұрғысана ойлау модулі арқылы оқушының ойлау қабілетін шыңдап, тез
әрі жылдам ойлау дағдыларын дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана
алатын ,сындарлы оқыту технологиясы негізінде түрлі әдістәсілдерді
пайдалана отырып, сауатты ойлай алатын ойланып, барып ойлайтын оқушыны тәрбиелеу үшін. Шульманның үш көмекшісі негіз болады деген ойдамын.
Себебі, терең ойлана білу үшін ұстазға ең алдымен – жүрек, теориялық білімін
жеткізіп, шығармашылықты шыңдап, жеке дара тұлға қалыптастыруда бастың
ролі өзгеше. Ал, оқушыны әділ бағалау үшін , достарының пікірін тыңдап,
туындаған мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге негіз болатын қол қажет деген ойдамын.
Қазіргі кезде оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасай білетін, өз ойын еркін
жеткізе білетін, мәтінді зеттеп, шығармашылықпен еркін жұмыс жасай білетін
оқушы қалыптастыру үшін сыни тұрғысынан ойлау модулінің маңызы зор.
Сондықтанда психологтердің өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас
бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. қазақ тілі, қазақ әдебиеті
сабақтарында сыни тұрғысынан ойлау модулі тіл дамытуымен қатар тұлға
қалыптастыруда маңызы зор екендігін негізінде дәлелденуде.Оқушының сыни
тұрғысынан ойлау модулі ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын
оқыту түрі болып табылса, шәкіртті дұрыс ойлана алатын, еркін сөйлеп ,өз
ойын жеткізе білетін, дарынды да талантты, көшбасшылық қасиеті бойын
сіңірген тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру
Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.