Мұғалімі: Самтырова Л Ж
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
Мақсаты: Ақиқатты іздеудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5.
Татулық. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз,
қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. |
|
2. Сабақтың дәйексөзі. Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Шоқан Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Сұрақтар: 1. Адамды қандай қасиеттер ақиқатқа жетелейді? 2. Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? |
|
3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Адал бағбан Сұрақтар: 1. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған? 2. Ақиқат дегенді қалай түсінесің? 3. Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір. 4. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? |
|
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. 1 – топ: «Ақиқат» 2
– топ: «Адалдық» 4 – топ: «Адамгершілік» Тапсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін – өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу. |
|
5. Топпен ән айту. Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы Әні: «Ертегілер әні» сазымен 1. Ақиқаттың әнін, Айтамынмын күнде мен. Бөбек әлемінің сырларын түсініп, Нұрына шомылдым күннің. Тыныштық жан - көркем, Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп. Қайырмасы: Құндылықтар – мәңгі әнім, Құндылықтар – өмір мәні Ізгіліктің ғажап күйіне Ертесіңдер сендер. 2. Дұрыс әрекеттер Сүйіспеншілік береді, Тыныштық орнайды, Қиянат болмайды, Адамзатқа әлемдегі. Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп Қайырмасы: |
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №1 – сабақ. Ақиқат туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №2, «Ақиқат айнасы» мәтінін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.