Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"
Оценка 4.9

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
физика
9 кл
31.01.2017
Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"
Сыныптан тыс сабақ 9 сынып оқушыларына арналған. Сынып оқушыларын немесе бірнеше параллель сыныптарды топқа бөліп өткізуге арналған. Сабақ бес бөлімнен тұрады. Үштілділікті пайдаланып, сайыс атауларын, тапсырмалардың жауаптарын үш тілде аударады. Әділ-қазылар мен уақыт сақшысын тағайындап алу керек. Жеңімпаз топтар марапатталады.
Айналамыз физика.docx
Мұнайлы аудандық «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Сабақтың тақырыбы: "Айналамыз физика" Тема урока: "Физика вокруг нас" The theme of the lesson: "Physics around us" Қатысушылар: 9 "Г, Ғ" сынып оқушылары Пән мұғалімі: Макашова Жұлдыз Жұмабайқызы 2016­2017 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: Айналамыз физика. Физика вокруг нас. Physics around us Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру Қолданылатын   әдіс­тәсілдер:  Сұрақ­жауап,   Есептер   шығару,   Бұл   қай формула?, Ойлан­тап, Иә, жоқ Қолданылатын ресурстар:  Тақта,  интербелсенді   тақта,  суреттер,  стикерлер және т.б. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу;                                                   оқушылардың көңілін сабаққа аудару;                                                   сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;                                                   оқушыларды бағдаршам түстері бойынша үш топқа  бөлу. Жүргізуші:  Мінекей, залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны бізде қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. «Айналамыз физика» атты сайыс сабағымызды бастаймыз! Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан­жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Айналамыз физика» атты сайыс сабағымызға   9 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды. Сайыс жоспары: І. Сұрақ­жауап. Вопрос­ответ. Question­answer ІІ. Есептер шығару. Решение задач. Solving problem ІІІ. Бұл қай формула? Это какая формула? What kind of this formula? ІV. Ойлан­тап. Угадай. Guess V. Иә, Жоқ. Да, Нет. Yes, No Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін, әділ­қазылар алқасымен таныс болайық: 1. __________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________ 3. __________________________________________________________________ Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Ендеше сайысымызды бастаймыз. I бөлім.  «Сұрақ­жауап». Бұл тур бойынша әр топқа   экран   арқылы   сұрақтар   қойылады,   сұрақтарға   дұрыс   жауап   беру   арқылы оқушылар топтарына ұпай жинайды. «Қызыл» тобына 1. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (Жылулық қозғалыс) 2.   Бір   зат   молекулаларының   басқа   бір   зат   молекулаларының   аралығына   ену құбылысы (Диффузия) 3. Дененің температурасын өлшейтін құрал (Термометр) 4. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (­273,15°С) 5. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі (Конвекция) 6. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өлшем бірлігі (Пайыз ( 7. Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін қолданылатын )) формула (Q=qm) 8. Көлем тұрақты болған кезде қандай процесс орындалады (Изохоралық) 9. Сұйықтың буға айналу құбылысы (Булану) 10. Өз сұйығымен динамикалық тепе­теңдікте болатын бу (Қаныққан бу) «Жасыл» тобына 1. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (Психрометр) 2.   Температура   тұрақты   болған   кезде   қандай   процесс   орындалады (Изотермалық) 3. Термодинамикалық параметрлер (Қысым, көлем, температура) 4.   Ішкі   энергияның   дененің   көбірек   қыздырылған   бөлігінен   дененің   азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей берілу құбылысы (Жылуөткізгіштік) 5. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (Үдеу) 6. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? (g=9,8м/с2) 7.   Электр   қыздырғыштарының   пайдалы   әрекет   коэффициентін   анықтайтын формула ( η=A Q ∙100 ) 8. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джоуль (Дж)) 9. Денелердің Жерге тартылу күші (Ауырлық күші) 10. Сұйықтың бетінде жүретін булану (Кебу) «Сары» тобына  1. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін (Деформация) 2. Қысым тұрақты болған кезде қандай процесс орындалады (Изобаралық) 3.Заттың агрегаттық күйлері  (Қатты, сұйық, газ) 4.Күшті өлшейтін арнайы құрал (Динамометр) 5. Ауаның салытырмалы ылғалдылығын анықтайтын формула ( φ= P P0 6.Электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның ∙100 ) берілу процесі (Сәуле шығару) 7. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (Балқу) 8. Өз сұйығымен динамикалық тепе­теңдікте болмайтын, қанығуға жетпеген бу (Қанықпаған бу) 9. Жылу алмасусыз жүретін процесс (Адиабаталық) 10. Пайдалы әрекет коэффициентінің өлшем бірлігі (Пайыз ( )) Жүргізуші:  Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,  Есеп­қисап, сан, цифр термек үшін. Көрсетіп есептеудің жолын қалай, Келдім айтып оларды бермек үшін. ІІ бөлім. «Есептер шығару».  Ойынымыздың екінші кезеңі бойынша әр топ өз түсіне байланысты тақтада берілген физикалық есептерді шығарып, сол есептердің шығарылуын түсіндіреді. Жүргізуші:  Ой санамда болса да балалығым, Ғылым сырын білемін, даналығын. Физика заңдылығын меңгертіп, Зерделімін, білімдімін, саналымын! ІІІ бөлім. «Бұл қай формула?» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз экрандағы ұпай сандарын таңдау арқылы, ұпайдың артында жасырын тұрған формуланы анықтайды. Формуланың күрделілігі ұпай санына байланысты болады. (Қосымша презентация) 1.  Eп=mgh−¿  потенциалдық энергияның формуласы 2.  ρ=m 3.   Q=qm−¿   отынның   меншікті   жану   жылуы   кезіндегі   жылу   мөлшерінің V−¿  заттың тығыздығының формуласы формуласы S−¿  қысымның формуласы 4.  M=Fd−¿  күш моментінің формуласы 5.  F=μN−¿  үйкеліс күшінің формуласы 6.  P=F 7.  F=ρgV−¿  Архимед күшінің формуласы 8.  A=FS−¿  жұмыстың формуласы 9.  N= A 10.   Q=cm(t1−t2)−¿   заттың   меншікті   жылысыйымдылығы   кезіндегі   жылу t−¿  қуаттың формуласы мөлшерінің формуласы 11.  η=A Q 12.  φ= P P0 ∙100 −¿  пайдалы әрекет коэффициентінің формуласы ∙100 −¿  ауаның салыстырмалы ылғалдылығының формуласы Жүргізуші:  Оймен қане, көк теңізін кешіңдер, Жарқ­жұрқ еткен неше түрлі есімдер. Ғалымдардың жұмбақталған есімін, Зейін салып зердеменен шешіңдер. ІV   бөлім.   «Ойлан­тап».  Бұл   кезең   бойынша   сайыскерлерімізге   физика ғалымдарына байланысты жұмбақтар жасырылады. 1. Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар, Бұл құбылыс, айналадан табылар. Сұйықтар мен газдардағы қысымды, Кім айтады түсіндірген ғалымды?                   (Блез Паскаль) 2. Итальян ғалымы, Инерцияны ашыпты. Оны білген балалар, Залда жүгіруден қашыпты. Кім болды екен бұл ғалым?                             (Галилио Галилей) 3. Алма түсіп қасына, Қасына емес, басына. Тартылыс заңын таптым деп, Кім еді айтқан асыға                                        (Исаак Ньютон) 4. Адам алып таңғажайып ойымен, Суда жатып, ой қорытқан ісімен. Суға салсаң, не бір ауыр денелер, Жеңілдейді айтшы кімнің күшімен?                (Архимед) 5. Формуласы күрделі, Есептеп жылу мөлшерін. Ойлап тапқан ғалымға, Берген бірлік өлшемін.                                    (Джоуль) 6. Бірі тілік, бірі бүтін, Екі сақина алынады. Тәжірибесімен сол ғалымның, Тоқ бағыты табылады.                                      (Ленц) Жүргізуші:  Жорға, жорға, жорғала, Шапшаңдыққа таң қалма. Ойын деген арпалыс, Жеңілемін деп ойлама. V бөлім. «Иә, Жоқ». Бұл бөлім бойынша топ басшыларына физика, математика және информатика пәндеріне байланысты 7­сұрақтан қойылады. Бұл сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.  «Қызыл» тобына 1. Физика – табиғат туралы ғылым (иә) 2.  5∗6=30  (иә) 3. Массаның өлшем бірлігі  −м3 (жоқ) 4. Файл дегеніміз – аты бар бірқатар байттар тізбегі (иә) 5.  6. Екінші ұстаз – Аристотель (жоқ) (15)2=230  (жоқ) 3=3  (иә) 40 8 =6  (жоқ) (5)3=125  (иә) 7. Бит – компьютердің ең үлкен өлшем бірлігі (жоқ) «Жасыл» тобына 1.  Fa=mg−¿ ауырлық күшінің формуласы (иә) 2. 3x=9 x=9 3. Принтер – ақпараттарды сақтайтын құрылғы (жоқ) 4. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым (иә) 5.  6. Терабайт – компьютердің ең кіші өлшем бірлігі (жоқ) 7.  1т=100кг  (жоқ) «Сары» тобына  1. Күштің өлшем бірлігі – тонна (жоқ) 2.  3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым математика деп аталады (жоқ) 4.  ϑ=S 5.  2x=50 x= 50 6. Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы (иә) 7.  1м=0,001км  (жоқ) t−¿ жылдамдықтың формуласы (иә) 2 =20  (жоқ) Жүргізуші:  Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой. Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, Артыңнан қалмайды екен тіріде ол. Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, Ғарыштың кемелері, атылған тас. Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, Бәрінің бағынары физика ғой. Сондықтан табиғаттың сырын терең, Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем. Демесең болсын егер еңбегің еш, Әуелі, физиканы оқы дер ем! Осымен   бүгінгі   сайысымыз   өз   мәресіне   жетті.   Зейін   қойып   тыңдағандарыңыз үшін,   алтын   уақыттарыңызды   бөліп   келгендеріңіз   үшін   көп   рахмет   айтып, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін келесі сөз кезегін әділ­қазылар алқасына береміз.

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"

Сыныптан тыс сабақ: "Айналамыз физика"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.01.2017