«Білімді мыңды жығар».Оқушылардың математика, сауат ашу пәндерінен алған
білімдерін жинақтап, қорытынды жасау,ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
Көңілді тапқыр, білгіштер, бар өнерін алдарына салады. Өз білімдерін тексереді.
Кім білімді көп оқыған болса егер, бүгінгі күн жеңімпазы кім болады.Оқушылардың математика, сауат ашу пәндерінен алған
білімдерін жинақтап, қорытынды жасау,ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Балаларды ң ойын дамыту.
Білім.docx
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар».
Мақсаты: Оқушылардың математика, сауат ашу пәндерінен алған
білімдерін жинақтап, қорытынды жасау,ой өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
І. ІІ . «Таныстыру »
ІІІ. «Бәйге» ойыны
ІҮ. «Білім шыңы» ойыны
Ү.Қорытынды
І. Ұйымдастыру кезең
Қайырлы күн, қадірменді көрермендер. «Білімді мыңды жығар» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді.
Ортаға «Алғырлар» мен «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді, сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер – дей отырып білімге баға беретін қазылар алқасымен
танысыңыздар.
Көңілді тапқыр, білгіштер, бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер, бүгінгі күн жеңімпазы болады.
ІІ . «Таныстыру »
«Алғырлар»тобы
Шақырып жарыстарға сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады.
«Тапқырлар» тобы
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар, Тілейміз ізгі тілек сендерге де.
ІІІ. «Бәйге» ойыны
«Математика » пәні бойынша сұрақ жауап оқылады Әр тапсырма 5 балдық жүйемен
белгіленеді.
1 тапсырма
1. Бір аптада неше күн бар?
2. Бір қойдың неше аяғы бар?
3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті ішіп қойды. неше стақан сүт қалды ?
4. 7 май шам жанып тұр, төртеуін сөндірсек, неше май шам қалады?
2 тапсырма Жұмбақтың шешуін тап
1. Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады. /қоян/
2.Қолы екеу, ұзын мұрны, сол мұрнымен тамақ тауып жүреді? /піл/.
3. 2 аяқпен кезек – кезек тебеді, ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді. /доп/.
4. От басында құмған, екі көзін жұмған. /мысық/.
5. Бір қораға қамалғандар, жану үшін жаралғандар. /сіріңке/.
6. Ай мүйізі бар, үстінде кигізі бар./сиыр/
3 тапсырма
1. Ағаш басында 7 шымшық отыр еді, оған тағы да 2 – уі қосылды. Бір кезде ұры мысық кеп
біреуін ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды? /ағаш басында ++0 шымшық қалған жоқ,
себебі қалғандары ұшып кетті/.
2. 3 қаз ұшты аспанға. 3 қасқалдақ, 1 қарға, қосылады кеп бұларға. Айт неше құс ұшып жүр
аспанда ? /7/.
4. Тауық 5 балапан шығарды, інім қатты қуанды. 10 жұмыртқа бастырған, күте – күте
шаршады, тауықтың астында, жатыр әлі қаншауы./5/.
ІҮ. «Білім шыңы» ойыны
Сауат ашу пәні бойынша тапсырмалар беріледі
1тапсырма
Берілген суретке сөйлем құрастырыңдар
2 тапсырма «Шаршыдағы әріпке сөз ойлап, сөйлем құра»
А алма, аю, арыстан,алтын
Ә әтеш, әтір, әйнек
Б бақа, бала, бота
Қ – қоян,қасқыр, қасық
М мысық пеш түбінде жатады
Н – ас атасы нан
3 тапсырма
Жұмбақ – сурет. Геометриялық фигуралардан жануарлар құрастыр. Кішкене дөңгелекшелер
мен үшбұрыштарды пайдалану керек. Егер суретті дұрыс түсініп, кішкене дөңгелекшелер мен
үшбұрыштарды орынды қойса , онда жұмбақталған жануарларды білетін боларсыңдар. /екі
топқа үлестірмелі қағаз таратылады/.
4 тапсырма
Тұмсығымен ояды, ұя салып қояды.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қандай құс болады?/тоқылдақ/
2. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талдаңдап./балапан/.
4. Көңілдің көркі, сәні екен, ұшқанда сазды ән екен. Бұл қандай құс ? /Аққу/.
6. Маң – маң басқан жүрісі, барлық құстың ірісі.
құстай ұшпайды, қуғанын бірақ ұстайды./түйеқұс/.
Ү.Қорытынды
Сонымен сайысымыз аяқталды, келесі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Сыныптан тыс жұмыс. «Білімді мыңды жығар».
Сыныптан тыс жұмыс. «Білімді мыңды жығар».
Сыныптан тыс жұмыс. «Білімді мыңды жығар».
Сыныптан тыс жұмыс. «Білімді мыңды жығар».
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.