«Табиғаттың құтқарушы шеңбері» Экологиялық квест.
Мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, : Оқушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушылардың қазіргі білім негізінде жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта , дидактикалық материал, қосымша материалдар
Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ- қазылар құрамымен таныстыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұлағатты ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы еліміздің патриот, жарқын болашағымыздың кепілі, дарын атына лайықты жас сайыскерлеріміз. Бүгінгі біздің Квест атты интеллектуалды сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызда көріп отырғандарыңыздай түрлі құрал-жабдықтар бар. Осы құралдардың көмегімен жұмбақтар берілген және сол жұмбақтарды шешу арқылы келесі жұмбаққа сілтеме беріледі. Сол арқылы келесі жұмбаққа көше аласыздар. Солай жалғасу арқылы сіздер есіктің кілтіне жолды да табасыздар. Ал ендеше сіздерге сәттілік тілейміз.
ІІІ Негізгі бөлім
Команда өзін таныстырады
Ұранымыз: Жасыл
әлем
"Жақсылықты қолдаймыз,
Табиатты қорғаймыз̋
1 -тур:«Өсімдіктер әлемінде»
Кабинеттегі конвертте дәрілік өсімдік сұрақтың жауабына байланысты жасырынған.
Итмұрын өсімдігі және оның пайдасы жайлы мағлұмат беру.
Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.Итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста.
2- тур:«Таныс бейтаныстар»
Тапсырмалар орындалғаннан кейін оқушыларға екінші конверт ұсынылады.Оқушылар жануарлар сипаттамасы арқылы, суреттер бойынша үш жануарларды табу.
Өсімдікпен кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Бұрын Қазақстанда көп болған. Ел арасында “шөл тауығы”, “тоқтыбалақ”, “қозыбалақ” деп те атайды. 20 ғасырдың 50-жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде олардың саны азайып кетті. Қазір үш түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Олар Қорғалжын, Наурызым, Үстірт қорықтарында қорғалады. Ерекшелігі- денесі кішірек және мойнында қара жолақтың болуы. Құмды жерлердің жиегінде көп кездеседі.
(Дуадақ)
Шапшаң қозғалатын жыртқыш. Негізінен құмтышқандарды, қосаяқтарды, сарышұнақтарды, кейде кірпілерді, жайраларды, бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық етеді, жазда суға жақын жүреді. Ін қазбайды, өзіне баспана ретінде жайраның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді. Қазақстанда Үстіртте, Маңғыстау облысында 10 шақты дарабасы бар деп есептеледі. Жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынған. Қазір Қазақстанда Үстірт қорығында, Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қарақол қорықшаларында өсіріледі.
(Қарақал)
Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді және бұталарда жақсы өрмелейді. Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Ауа температурасы +3°С төмен болатын күз, көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938).
(Жалман)
Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы,Өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар.
(Ақбөкен)
3- тур:«Табиғатпен келісімде»
1.Табиғи жағдайда гүл шоғырын жасауға арнап гүлдерді жұлуға болмайды.Дәрілік өсімдіктерді жинағанда олардың бірнешеуін міндетті түрде қалдыру керек.
2.Орманда өсімдіктерді таптамау үшін мүмкіндігінше арнайы соқпақ жолдармен жүру керек.
3.Ағаштардағы ,бұталардағы шөптесін өсімдік арасындағы құс ұяларын бұзбақ түгілі,оларға жақындамау керек.
4.Орман арасында құстардың ұя салуына немесе ұя салған құстарды үркітпеу үшін жүгіруге,айқайлауға болмайды.
5.Орман ішінде от жағуға тыйым салынған.Оның жалынынан көптеген жәндіктер өліп қалуы мүмкін және өрт шығу қаупі төнеді.
6.Саңырауқұлақ тергенде олардың жіпшумағына зақым тигізбеу үшін өткір пышақпен кесіп алу керек.Саңырауқұлақ, жидек терген кезде, оларды көп жинауға тырыспау керек.
7.Күн күркіреп тұрғанда оңаша өсіп тұрған ағаштың астынан пана іздеңдер.
8.Құмырсқаның ,кемірушілер мен аңдардың ұяларын бұзбаңдар.
9.Өздеріннің ішіп-жеген тамақтарынның қалдықтарын,олардан босаған әр түрлі ыдысты арнайы жәшіктерге апарып салыңдар.
10.Табиғатта қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтаңдар.
4- тур:«Қорық соқпақтарымен»
Сұрақтарға жауап беру:
1.Қорық дегеніміз не?
2.Қорықтар неге керек?
3. Маңқыстау
облысында орналасқан қорық (Үстірт)
4. «Ән салғыш құмдар»
құмды төбесі бар қорық (Алматы)
5. Екі өзенніңатауынан
құралған қорық аты
(Ақсу-Жабағылы)●
6. Қазақстанның Қызыл
кітабына жануарлар мен өсімдіктер қандай заңдылықпен
енгізілген?
7. Суда жүзетін құстарды
қорғау мақсатында құрылған
қорық (Қорғалжын)
8. Наурызым қорығы қай облыста
орналасқан? (Қостанай)
9. «Қызыл кітап» поэмасының авторы?
(Қ.Мырза Әли)
10. Қылқанды тайга орманы
орналасқан қорық (Батыс Алтай)
11. Қазақстаннның Қызыл
кітабы қай жылы шықты? (1978)
Қорықтардын атауын , орналасқан аймағын анықтау, өсімдіктер мен жануарларын көрсету.
Барыс,қызыл қасқыр,жалман,тұйғын,қоқиқаз,байқоңыр қоян,қытай қазы,қарақұйрық,ақбөкен,түркістан сілеусіні,құмай,алакөз сүңгуір,шренк қызғалдағы,құлан,
Мінекей сайыскерлер,
сендер өздеріңе артылған міндет пен жауапкершілікті алғырлықпен орындап,өздеріңнің
дарынды, интеллекті жоғары оқушы екендіктеріңді дәлелдедіңдер.
Осымен бүгінгі біздің іс-шарамыз өз кезегіне де келіп жетті.
Қатысқан ұстаздар мен сайыскерлерімізге алғысымызды
білдіре отырып, бүгінгі интеллектуалды ойынымызды жабық деп
жариялаймыз. Келесі КВЕСТ ойынында кездескенше.
.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.