Бұл сабақ орыс сыныптарындағы қазақ тілі бойынша 9-сыныпқа арналған. Сабақта оқушылардың танымдық қызметін арттыру бағытында ір алуан тапсырмалар берілген. Тапсырмаларды топпен орындау ұсынылады Сабақта оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, бір -бірін бағалай алады. Сабақ бойынша өз ойларын кері байланыс арқылы білдіреді.қазақ тілі сабағы
табиғатты қорғау сабағы.docx
Оспанова Бану Сагиевна
мұғалімі
Алматы облысы Талдықорған қаласы №5омл –нің қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ тілі 9сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау қасиетті іс
Сабақ мақсаты: 1. Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай
білуге үйрету. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті
жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп,
өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. . оқушылардың танымдық
қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын,
білімге белсенділіктерін арттыру.
3. Қазақтың халық даналығы арқылы оқушылар бойында табиғатқа деген
қамқорлық сезімін баулу.
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені
көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, сөзжұмбақ, таратпалы
қағаздар, видеоролик.
Сабақтың әдістәсілдері: әңгімелеу, сұрақжауап, көрнекілік әдісі,
проблемалық тәсіл, «Даналық сандығы» оқыта үйрету ойыны, суретпен
жұмыс.
Сабақтың техникалық құралжабдықтары: интерактивтік тақта, компьютер
Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, деңгейлік / топтық/
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу. Сабаққа даярлықтарын анықтау. Психологиялық дайындық: бір
біріне .тілектер айтқызу.
2. Балалар , қазір бірбіріңнің қолыңнан ұстап тұрып, менімен бірге өлең
жолдарын қайталаңдар.
Ана, бала,қала,дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар сайсала,
Бүкіл әлем аманбысың, жамиғат!
.3. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бұл өте жауапты сабақ.
Сондықтан бүгінгі сабақта өте мұқият, ынталы, ширақ, белсенді және батыл
болуға тырысыңдар. 4.Фигуралар арқылы топқа бөлу.
Ой қозғау:«Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.Оқушылар өз
ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.
Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн,
жылу, ай, өзен көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір
бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті
заттарды осы табиғат анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн
бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни,
табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.
Осы әсем табиғатқа арналған түрлі әңгіме, өлеңдер өте көп. Сендерге үйде
табиғат туралы мақалдар жаттауға берген едім.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығу.
Оқушылар назары интерактивті тақтаға аударылады:
Балаларға тақырыптың не туралы екенін айтқызу.
2.Сабақтың мақсатын анықтату.
2. Проблема қою.
2 слайд. Өлең шумақтары слайдта көрсетіледі
Табиғаттың панасымыз.
Ағаш өзін қиғанды ,
Ат сияқты тебе алмас.
Гүл де жұлқып, жұлғанды
«Неге өйтті?!» деп сөге алмас
Аю байғұс аяғын,
Алса жырып, қанатып,
Жарасын кім таңады?
Кім бар бағып қағатын?!
Өлең не туралы? –
Өлеңде қандай сұрақ тұр?
Сұрақта не айтылып тұр? Өсімдіктер мен жануарларды кім қорғайды деген сұрақ тұр.
Сонымен, біз сабақ барысында табиғатты қорғайтын кім? деген проблемалық
сұрақты шешуге тырысамыз.
3 слайд. «Табиғатты қорғайтын кім?»
3. Сөздік жұмыс: сөздерді қайталату, жазғызу,сөз тіркестерін құрғызу.
Қасиетті іс доброе дело
Көзін ашучистить
таптаутоптать
тыйым салузапрещать
солады завянет
4.Мәтінмен жұмыс
1 топ оқушылары:
Мәтінді аударады.
2 топ оқушылары:
Мәтіннің мазмұнын айтады
5. Түсінгенін бекіту. «Даналық ағашы» ойыны.
Әр оқушы мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып, сұрақтарын қағазға жазады.
Оны сандықшаға салады. Мұғалім оны араластырады. Оқушылар бір бірден
сұрақ жазылған қағазды алып, сұраққа жауап береді.
Алдымен мәтінді 1 рет мұқият оқып шығады.
/Қағаздарды тарату./
Оқушылар сұрақты жазып, сандықшаға салады. Алған қағаздан сұрақты оқып,
жауап береді.
ҮІ. Алған білімдерін бекіту.
1. «Қажеттісін тап» ойыны.
5 слайд. «Есімдіктері жасырылған сөйлемдер»
... өміріміз табиғатпен тікелей байланысты.
Көк шөпті... жұлуға болмайды. Саны аз, жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды... «Қызыл
кітапқа» енгіземіз.
... қызыл және сары парақтары бар.
Табиғатқа келтірілген зиян ... келтірген зиян.
... тірі ағза сусыз тіршілік ете алмайды.
... Отанымның табиғаты өте бай.
Оқушылар есімдіктері жасырылып берілген сөйлемдерді толықтырып жазады.
Мақалды аяқта.
№−1
1. ... жауса ,жер ырысы. (атар)
2. Батар күннің ... таңы бар. (Жаңбыр)
3. Құс патшасы — ... . (бүркіт)
№−2
1. Қыстағы суық, жаздағы ... . (жер)
2. Жаңбырмен ... көгереді. (жаз, қыс)
3. Қыстың қамын ... ойла, жаздың қамын ... ойла. (ыстық)
№−3
1.Құс қанатымен ... , құйрығымен қонады. (жер,мал)
2. Кун күркіресе, ... иір, жер иісе, ... иір. (арыстан)
3. Аң патшасы — ... (үшып)
№−4
1. ... өз атын өзі шақырады. (жапырақ)
2. Ағаш көркі ... , адам көркі шүберек. (тұлпар)
3. Жүзден — жорға, мыңнан — ... . (Көкек)ақтаға жазуы керек.
2. Сабақты қорытындылау. «Егер де не болар еді?» ойыны: Егер де жер болмаса, не болар еді?
Егерде су болмаса, не болар еді?
Егерде ауа болмаса, не болар еді?
Егерде күн болмаса, не болар еді?
3.Түйін сөз: «Еркін микрофон» стратегиясы бойынша
Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Табиғат деген не екен?
Табиғатты не істеу керек?
Біз сабағымыздың басында қандай сұрақты проблема етіп алдық?
Табиғатты қорғайтын кім? деген сұрақтың жауабын табуға тиіс едік.
Сұрағымызға жауап табылды ма?
Табиғатты кім қорғауы керек?
Адамдар қорғауы керек.
Ата Заңымызда не делінген екен?
Рефлексия
Ү.Үй тапсырмасы:Сөздерді жаттау. «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін?»
эссе жазу.
ҮІ.Бағалау.
Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Табиғатты қорғау-қасиетті іс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.