Табыс баспалдағы . Тәрбие сағаты
Оценка 4.8

Табыс баспалдағы . Тәрбие сағаты

Оценка 4.8
docx
30.11.2020
Табыс баспалдағы . Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты конкурсқа.docx

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: "Табыс баспалдағы "

·         Мақсаты:

·         Білімділік : "Табыс " сөзінің мәнін ашу. "Табыс формуласын " құру.

·         Дамытушылық : коммуникативті және интеллектуалды білім-білік дағдыларын дамыту : салыстыру, өз жауаптарын дәлелдеу, топта тиімді жұмыс жасау.

·         Тәрбиелік: Жеке тұлғаның өзін-өзі  жан жақты дамуына жағдай жасау; өз-өзімен , қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін табысты адам тәрбиелеу.  Жұмыс түрі : топта жұмыс жасау , ой қозғау, талқылау, ақпараттандыру, эврестикалық әңгіме  

Қатысушылар :  8 сынып оқушылары

Көрнекілігі : проектор, презентация , таратпа материал , тақта, маркер, А 3

 

Тәрбие сағатының барысы :

І. Ұйымдастыру  кезеңі. Мен сіздерге бұл кездесуге келгендеріңізге рахмет айтамын. Сіздерден қолдаумен өзаратүсінушілікті  күтемін. Біздің ынтымақтастығымыз табысты болады деп сенемін.

А) Ынтымақтастық орнату . "Импульс" тренингі

Орнымыздан тұрып , топтың мүшелері бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз. Сағат бойымен қолымызды қысып, бір-бірімізге күш береміз. Біздің қолдан бәрі келеді.

Экранға назар аударайық .  Нені көріп тұрмыз. Дұрыс, ҚР атақты адамдары . Оларды не біріктіреді? Жақсы оны  басқалай қалай айтамыз. Жарайсыздар, табысқа жеткен адамдар. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар. "Табыс баспалдағы " Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты.  

Кей кезде бізге табысты  өмір-  өте қиын , оған тек күш жігері жоғары таңдалған адамдар ғана жете алады деп ойлаймыз. Алайда олай емес, өмір бір мезгілде  жеңіл де табысты бола алады. Сіз мақсатыңызға жетуге күнделікті талпынып, көңілді жүре аласыз. Әр күніңіз сізге, жаңашылық пен жетістіктер әкеліп, мақсатыңызға жақындата түседі. Әр күн сайын күшіңіз арта түседі. Сіздің жоспарларыңыз көп. Міне табысты адамның портретін осылай елестете аламыз.  Сіздің өміріңіз осылай болуы мүмкін.

Қалай ойлайсыздар , "Табыс " , "Табысты адам" дегенді қалай түсінесіздер?

Мына бір притчаны тыңдайықшы.

Бір адам, Айға ғашық болып, оны сағынып жүреді екен. Айға жақын болу үшін, ол таудың үстіне үй салып әр кеш сайын айға қарап, күндердің бір күнінде айға жететінін  армандап отырады екен. Бір күні түнде айдың жарығынан түскен жол оның үйіне дейін жетеді. Адам сол жолға түсіп айға қарай беттейді. Жолдың жартысын еш кедергісіз өткеннен кейін, ол өз шамасына күмәндәніп қорқынышпен төменге қарап құлап түседі. Бұл притчаның мәні неде ?  Иә, алдыңа қойған мақсатқа жету үшін, артқа қарайламай тек алға жүру қажет.

Егер де атақты адамдар табысқа жетіп жатса,  онда неге кез келген адам  жете алмайды?  Адамның қолынан бәрі келеді.

Сіздердің ойларыңызша экранда берілген қай сөздер адамды  алдына қойған мақсатқа жету үшін маңызды деп ойлайсыздар ?

- ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ  , ҚАЛАЙМЫН

- ҚАЛАЙМЫН , АЛАЙДА ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ

- ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ҚАЛАМАЙМЫН.

Тапсырма

І топ. Мақсат қояды

ІІ топ. Табысты адам бойындағы қаситеттер

ІІІ топ. Табысты болуға арналған іс-әрекеттер

Рахмет жарайсыздар.

Алдарыңызда жатқан қағазды маркермен екіге бөліңіздер

І бағанға - қуыс, мағынасыз жол  ол қандай ? неге  әкеледі ?

ІІ бағанға - табысқа жеткізер жол ? неге әкеледі?

Тапсырма

І топ . Табыс баспалдағын жасау

ІІ топ. Табыс формуласын құру

ІІІ топ. Өлең шумақтарын әуенге салу.

Жылдар,жылдар  жылдам жылдар өтеді  

Еңбек еткен   табысқа бір  жетеді

Ал ұйқыны жақсы көрсең егерде

Табысты болу арманың боп өтеді  

Сонда табысқа бізді не жетелейді

Өмір мен ісіміздегі  төзімділік жетелейді

Арман құс секілді жылдарды жарып өтеді  

Табысқа жетудің жолын  әр кез көрсетеді. 

Тәрбие сағатымызды  Аристотельдің сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Адамды бақытты болуға үйрете алмайсың, алайда оны  бақытты болу үшін  тәрбиелеу мүмкін.  Мен сіздерге бүгінгі жұмыс үшін  рахмет айтамын. Өмірлеріңіз табысты болуына тілектеспін. Осы уақыттан бастап  біздің ұранымыз "Алға , табысқа қарай ! "

 

 


 

Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Табыс баспалдағы " ·

Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Табыс баспалдағы " ·

Жолдың жартысын еш кедергісіз өткеннен кейін, ол өз шамасына күмәндәніп қорқынышпен төменге қарап құлап түседі

Жолдың жартысын еш кедергісіз өткеннен кейін, ол өз шамасына күмәндәніп қорқынышпен төменге қарап құлап түседі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020