"Тарбағатай ұлттық паркі" зерттеу жұмысы
Оценка 4.6

"Тарбағатай ұлттық паркі" зерттеу жұмысы

Оценка 4.6
Документация
docx
география
5 кл—11 кл
30.11.2020
"Тарбағатай ұлттық паркі" зерттеу жұмысы
Туған өлке туралы зерттеу жұмысы
Тарбағатай ұлттық паркі.docx

«Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп – бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ

 

 

 

 

Тақырыбы:ТАРБАҒАТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ

 

6356.jpg

 

                              Орындаған:Анабекова  Дана

Жетекшісі: Муликова Жасура Курманбековна

 

 

2020 жыл

Мазмұны

Кіріспе бөлім

1.    Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің ашылу тарихы

Негізгі бөлім

1.    Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен фаунасы

2.    Әлет қорықшасы. Сиверс жабайы алмасы

3.    Әлет қорықшасының даму болашағы

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Зерттеудің негізгі мақсаты:Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ашылу тарихын, парктің өсімдіктері мен жануарлар дүниесін, сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлары түрлерін анықтау, таныстыру. Жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғау ұғымын қалыптастыру.

Болжау:Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамындағы «Әлет» қорықшасының ауданын, географиялық орнын, климаты, флорасы мен фаунасын таныстыру. Сиверс жабайы алмасын сипаттау оның ерекшелігін, таралу аймағын, маңызын білу. Болашақта зерттеу жұмысын жалғастыру. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктерімен таныстыру, соның ішінде «қызыл кітапқа» енген өсімдіктерге сипаттама беру. Табиғаттағы және адам өміріндегі өсімдіктердің маңызын білу. Әлі де толық зерттеуді қажет ететін өсімдіктер туралы ақпарат алу.

Зерттеу кезеңдері. Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен нақты ұсыныстардан тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы тақырып мазмұны қамтылған. Негізгі бөлімде Әлет қорықщасында кездесетін өсімдіктер және сирек кездесетін өсімдіктер туралы ақпарат берілген, сонымен қатар Сиверс жабайы алмасы жайлы ақпарат жазылған. Қорытынды бөлімде тақырыпқа қатысты материалдар тиянақты түрде қорытылып, жазылған. Ақпарат құралдарымен жұмыс, қажетті қосымша материалдарды іздеу,  Әлет қорықшасына саяхат жасау. Алынған деректерді жинақтау әрі қарай зерттеу жұмысын жалғастыру.

Қорытынды: Тарбағатай бөктеріндегі Әлет қорықшасын табиғатын сақтау, туризмді дамыту, Шығыстың бренді Сиверс алмасы туралы, шұғынық гүлді және басқа даөсімдіктер дүниесі туралы мәлімет беру. Оқушыларымызды өскен ортаға туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, нағыз патриот өз жерінің қожасы ретінде қоршаған табиғи ортаны аялап, құрметтеуге шақыру.

 

 

 

 

Кіріспе

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор. Олар халық қажетін қанағаттандыру шаруашалықты дамыту үшін қажеттінің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтап дұрыс пайдаланбаса сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызыбар. Осы мақсатта менің туған өлкемде Қазақстандағы он үшінші Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ашылды.

Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен құрылған.

Ұлттық парктің ауданы 143550,5 гектарды құрап отыр. Ұлттық парк аумағы флора мен фаунаға бай.

«Тарбағатай» МҰТП аумағы 6 кластерлік аймаққа  бөлінеді: «Тарбағатай таулары»-117 384,1 га, “Қарабас таулары”-8 475,2 га, «Арқалы таулары»-15 634,2 га, «Үржар өз. аңғары»-447 га, «Қатынсу өз. аңғары»-960 га, «Еміл өз. аңғары»-650 га. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен бір-біріне ұқсамайтын жартас, шоғырлар қалыптасқан. Олар сыртқы бейнесіне қарай «Тасбақа», «Маралтас», «Қойтастар» т.б деп аталады. Аталған тастар өздерінің қайталанбас әдемілігімен жергілікті тұрғындарды былай қойғанда, демалушыларды табиғи, тарихи көркімен өзіне тартар еді. Осының бәрі экотуризмнің дамуына жол ашады.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын аумағы: «Алет» ботаникалық қорықшасы-112 га, «Солдат саңлағы» ботаникалық қорықшасы-156 га, «Үржар» ботаникалық қорықшасы-120 га.

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылу мақсаты:

-ботаникалық бағыт

-туризмді дамыту, жергілікті халықты жұмыспен қамту

-қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау

 

 

Негізгі бөлім

2.1  Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен фаунасы

Тарбағатай жотасы далалы және шөлді аймақта орналасқандықтан, мұндағы өсімдіктер жамылғысы басқа таулы аймақтарға қарағанда, өз ерекшелігімен ерекшеленеді. Оған негіз ретінде: флораның 1640 түрі кездеседі және өзге аумақта кездеспейтін 169-эндемикалық түрлері, қызыл кітапқа енген 35-тен астам түрі кездесетінін негіз етеміз.

Дәрілік өсімдіктердің: шырғанақ, мия, итмұрынның бірнеше түрлері, шүйгін  және т.б. кең таралған бірқатар өсімдік түрлері өседі. Сонымен бірге дәрілік өсімдіктер қатарына: итшомырт, шырғанақ, Альберт раушаны, және орал миясының маңызы мен аса бағалы дәрілік қасиеттері  бар  өсімдіктердің таралу ерекшеліктері айқындалған.

Ұлттықпарктің, омыртқалыжануарларфаунасы да бай. Алдыңғызерттелгендеректербойынша, 376 түрдіқамтиды: оныңішінде 19 балықтыңтүрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырыменжорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрімемлекетқамқорлығынаалынды. Оныңішіндеұлттық парк қорғауындамемлекетаумағындасиреккездесетінжәнежойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызылкітабына» енгенжануарлардың 40 түрі, яғнибауырменжорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің  6 түрі парк қорғауында.

 

2.2 Әлет қорықшасы. Сиверс жабайы алмасы

         Тарбағатай тауының Үржарға ұласар етегінде аты әлемге танымал, қазақ алмасының атасы - Сиверс алмасы өседі. Бұл жабайы алма Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Сиверс алмасы тараған аумақ ерекше қорғауға алынған.Сиверс атауы қайдан шыққан? 1793 жылы Иоганн Сиверс Тарбағатай тауларынан үлкендігі адам таңқаларлықтай алма көргендігін жазғаннан бері «Сиверс алмасы» атанған. ХХІ ғасырда Сиверс алмасы антропогендік әсерге байланысты жойылып кету қаупі бар. Қазақстандық ғалым профессор Аймақ Жанғалиев осынау 6000 жылдық тарихы бар жабайы алманы 50 жыл зерттеп, Жоңғар Алатауы – 48,8% , Іле Алатауы-25,4%, Қаратау- 12,1%, Талас Алатауы- 11,7%, Тарбағатай жотасында -2% таралғандығын көрсеткен.

Сиверс жабайы алмасының басты ерекшелігі тамыр жүйесі күшті дамыған, аурулар мен зиянкестерге, суыққа өте төзімді.Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал береді. Түр пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмімен ерекшеленеді. 

Республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумал. Бұл қорықша Бестерек ауылынан солтүстік шығысқа қарай 18 км қашықтықта Тарбағатай тауының етегіндегі Әлет өзенінің бойында орналасқан. Әлет мемлекеттік қорықшасының жер көлемі 112 га. Жер бедері аласа таулы, қатты бөлшектенген, күрт кесіліп қалған бөлшектер мен шатқалдардан тұрады. Климаты күрт континентальды, қысы қатал, қатты боранды, жазы ыстық. Қысқы температура 35-40 градусқа дейін барады.

Өсімдіктері. Бұл қорықша Сиверс жабайы алмасының бай гендік қорын сондай ақ Тарбағатай тауларының батыс сілемдеріндегі әр алуан өсімдіктерді сақтау мақсатында құрылған. Әр үйдің ауласында өсіп тұрған алма ағаштары осы жабайы Сиверс алмасына будандастырылып өсірілген. Бұдан басқа бұл өлке әр түрлі ұсақ жапырақты өсімдіктерге бай. Әсіресе Сиверс алмасының, мойылдың, шәңгіштің, итмұрынның ,қарақаттың, таңқурайдың, бүлдіргеннің бұталары қалың. Өгейшөп, шайқурай,жұпаргүл, лақса(аққурай), марал тамыр, алтын тамыр әр түрлі емдік шөптер өседі.

Аңдардан аю, сілеусін,қасқыр, түлкі, борсық, суыр, қоян, марал,елік, арқар мекендейді. Арқар қызыл кітапқа енгендіктен ерекше қорғалады. Құстардан бұл қорықа қарақор, шіл, кекілік, қызыл кітапқа кірген алтай ұлары, бүркіт мекендейді.

“Әлет” мемлекеттік ботаникалық қорығы  арқылы мал айдап өтуге және мал бағуға тыйым салынады.

Мемлекеттік қорықтарға адамдар тек рұқсат қағаздармен кіреді.

Биология ғылымдарының докторы Наталья Огарь мен француздық Кэтрин Пэкс «Әлет» қорықшасындағы Сиверс жабайы алмасын зерттеуге 2017 жылы келгендігін Темешов Ережеп ағамыз айтты. Қазіргі кезде Сиверс жабайы алмасының жойылып кетуіне қауіптің төнуі заңсыз орман ағаштарын кесу, жергілікті тұрғындардың мал жаюы.

2.3 Әлет қорықшасының даму болашағы

Әлет қорықшасы дәмі тіл үйіретін биік тау басында сақталған жабайы Сиверс алмасымен ғана әйгілі емес сонымен қатар тамаша табиғатымен, мөлдір таза ауасымен, сылдырлап аққан өзенімен малға да, жанға да жайлы аймақ. Болашақта туризмді дамытатын бірден бір аймақ деп айта аламын.

Елбасы Н. Назарбаев: «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес», - дей отырып: «Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады» деп тұжырымдаған. Бірақ мұны бүгінде бүкіл әлемнің ғалымдары дәлелдеп, мойындап отыр. Сонымен қатар Оксфорд университетінің биологі Бэрри Джунипердің пайымдауынша жер бетіндегі ең алғашқы алманың түп тамыры Тарбағатай тауларында пайда болған көрінеді. Бұл біздің Шығыстың жеті брендінің бірі.

Қорытынды

Осы әдемі табиғатты көруге оны қорғауға шақыра отырып өз ойымды Сырбай Мәуленов атамыздың «Не жетеді өзің туған мекенге» өлеңімен аяқтағым келеді.

Бармадым деп жұрт секілді шет елге,

Досым менің, мұңаясың бекерге

Аз ғұмырда өз жеріңді арала

Не жетеді өзің туған мекенге.

Сен көрмеген өз еліңнің жері бар,

Сен көрмеген өз еліңнің шөлі бар,

Сен түспеген өз еліңнің көлі бар

Сен қазбаған өз еліңнің кені бар.

Керек болса өз жеріңде жылы қыс

Керек болса өз бағыңда бұлбұл құс,

Туған жердің жапырағы жанындай

Топырағы тұмар саған бір уыс.

 

 

Менің ұсыныстарым

1.     Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мектеп бағдарламасына кіргізілсе.

2.     Көріп отырғандарыңыздай біз «Әлет» қорықшасына саяхат жасап қайттық. Жол жағдайы қиындық туғызады. Өзендерден өтетін көпір салынса, жай жүргіншіге өзеннен өту қиындық туғызды.

3.     Мектеп оқушыларына арналған зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталық ашылса деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Энциклопедия;

2.     Уақыт тынысы газеті;

3.     Дидар газеті;

4.     tarbagatai-park.kz сайты;

5.     Үржар аудандық мұрағатынын жазбалары.

 

 

 

 


 

Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп – бақша және мектеп жанындағы интернат»

Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп – бақша және мектеп жанындағы интернат»

Мазмұны Кіріспе бөлім 1.

Мазмұны Кіріспе бөлім 1.

Аннотация Зерттеудің негізгі мақсаты:

Аннотация Зерттеудің негізгі мақсаты:

Кіріспе Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор

Кіріспе Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор

Негізгі бөлім 2.1 Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен фаунасы

Негізгі бөлім 2.1 Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен фаунасы

Аймақ Жанғалиев осынау 6000 жылдық тарихы бар жабайы алманы 50 жыл зерттеп,

Аймақ Жанғалиев осынау 6000 жылдық тарихы бар жабайы алманы 50 жыл зерттеп,

Биология ғылымдарының докторы Наталья

Биология ғылымдарының докторы Наталья

Сен көрмеген өз еліңнің шөлі бар,

Сен көрмеген өз еліңнің шөлі бар,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1

Пайдаланылған әдебиеттер: 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020