Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"
Оценка 5

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Оценка 5
Документация +2
doc
воспитательная работа
4 кл
31.05.2017
Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"
1қазан қарттар күніне орай өткізілген бұл тəрбие сағатында оқушылар қарт кісілерге деген құрметтің қандай болатынын айтып, қарттарға арнап əн шырқап, түрлі өлең шумақтарын оқыды. Үйлерінде ата-əжелері бар оқушылар ол кісілерден естіген ертегілерін айтып, атасы мен əжесі бар адамдар ешқашан жалықпайтынын айтты.Тəрбие сағаты қарттар күніне арналған
Қарты бар үйдің – қазынасы бар.doc
Тақырыбы: «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,  халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке  тәрбиелеу. Жүргізуші:  Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Құрметті ұстаздар мен оқушылар!      Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз  уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1­ қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек  ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің  мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан­ жақты үкімет  тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп­ өркендеуіне, еліміздің  бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы  қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы  ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға  жол ашқан алдыңғы буын аға­ апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір  жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.      Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай  «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!  Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Садуов  Нұрлан ағайға береміз. Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым­қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат  үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен,  олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата­анасын жан­ жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге  деген  қарым­қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.  Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен  ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық  көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не  опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне  сенімділігі – баланың ата­анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама  қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.      Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол  мемлекеттік мекеме.      Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін  организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.      Қай жерде де ата­анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте  жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы  бар.      Бұл моральдік  құқыны құрметтей білу керек.      Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке­шешесі немесе атасы мен әжесі  секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол­үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата­анасы оның отбасының құты болып табылады.      Қарт кісіні құт­береке деп танысақ­ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы  құрметтеген ата­ана әр кезде де бақытты. Ән: «Әке туралы жыр»   орындайтын: Мұхтар Нұрайым 1­оқушы:   Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып, Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында, бала – шаға қасында Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып. Көңіл жетім болмаған соң сыңары, Жас баладай жаутаңдаған жанары, Қайта – қайта қарағың кеп тұрады, Қағыс естіп қалбақтайды баладай Мәпелеңдер қарт біткенді аялап Ниеті ақ, көңілі кең даладай, Кімге болсын қарттық жетер аяңдап. 2­оқушы:  Ақиқатты айқындап жариялар Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын Бара жатыр сарқылып дариялар. Неменеңе жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп әнеки жағада тұр. Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, Сонда орнайды жетімдік басымызға. Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп, Бір күлшесін бөліскен ашымызға. Неменеңе жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр… 3­оқушы: «Реніш»  (Мұқағали Мақатаев) Әй, балам – ай, Шамалы – ау түсінігің, Қандай болар, білмеймін кісілігің… Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені Жауар күндей қабағын түсіруін! Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…! … Жоқ, балақай! Мен сендей боп өспедім! Мына мінез – мінезім емес менің. Адамдардан қарым алу үшін Не көрмедім, өмірде не кешпедім. Аяры жоқ адуын жауыздықтан Алып шықтым арымды тамыздықтап. Амалым не жастықтың кер тұлпарын Тасқа қамап тастадым ауыздықтап. Қиып түсер қыршын ем алмасы көп, Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп. Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай, Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп. Жүргізуші:       Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен –  билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған  ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген  ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер  бар.      Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз  сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт  адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны  құрметтей біл »,­ деп айтқан. Би: Аққу биі                  Көрініс: Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар  мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде. Мақалбай ата:  Ата – анаңды құрметтесең, Сенде жақсылық игілік көресің Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ Әке – асқар тау, Ана – бұлақ, Бала жағасындағы құрақ. Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең, Қартайғанда сені де етер ізет. Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым. Дүниеде не қымбат? Не қатты? Не тәтті? Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші? Балалар жауабы тыңдалады. Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой! Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер? Оқушылар жауабы тыңдалады. 1­оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер. 2­оқушы: Үлкенге қарсы шықпа 3­оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал. 4­оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.                    Көпті қорлаған көмусіз қалады. 5­оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе. 6­оқушы: Ауылыңда қария болса,                   Жазып қойған хатпен тең. 7­оқушы: Кәрі келсе асқа,                   Жас келсе іске. 8­оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі. 9­оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария. 10­оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы. 11­оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына  кешірімді бола біліңдер» 12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.» 13­ оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» 14­ оқушы: Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар  құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет  қыл.» 15­ оқушы: Өткен менен кеткенді,                      Көп жасаған қарт білер.                Шал ақын. 16­ оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.» 17­ оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал» Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды  берейін: Сабағыңды оқы беске, Жақсылығың жетсін көпке Балалар үйінің қуанышы бол, Бауырыңның жұбанышы бол. Сенімін ақта үлкендердің, Түлесін көктеп мекенің! Жүргізуші:      Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп­ өнген, тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп,  айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?      Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр­пыр болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл­ біздің ең ұлы  ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата­ана   алдындағы борышын  өтеу үшін жасап жатқан  ынта­жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,  зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы халыққа  жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының  өсімімен қатар өсіп келеді. Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Ниязбек Жаңагүл 4­оқушы:  Атам менің әманда, Әдепті жан бол деген Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. Алдын орап кісінің, Кесіп өтпе көлденең Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем Атам менің әманда, Кішіпейіл бол деген Ата сөзі санамда Мақтанбауды жөн көрем. Қалдыратын ұлтқа Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізеді мұратқа, Тек шындықты көздеймін. 5­оқушы: Атам менің әманда Әділетті бол деген, Ата сөзі санамда Жүрмін тура жолменен Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы Танимысың сен мені? Мен қазақтың баласы Атаң болса анаңмен Алтыннан соққан қорғанмын Санаң болса ақылды, Ешкімнен кем болмадың Інің болса мақалшы Семсер қылыш білегің Ақылды қыз, ақылды ұл­ Өкпе, бауыр, жүрегің. 6­оқушы: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар Ана мейір күн көзімен пара­пар Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар! Ән: «Ана»   орындайтын:Қайырбек Бақытбек Жүргізуші:      Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да ойлантып, толғандырған. Өзі де  дәулетті  әулеттен, не  ішем, не  кием  деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»­деп жырласа, Абай атамыз да:  «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», ­  деп күңіренген. Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым, Келе де береді жантайғым»,­ демеп пе еді. Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі  тышқан  артық дегендей, бір­ бірімізге  ұзақ ғұмыр  тілеп,  «жүз  жаса», «жағың түскенше, жаманшылық  көрме», «шөбереңнің  алақанынан су  іш»  деп  жатамыз. 7­оқушы:      Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге  құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата­ананың алдында адамның  парыз­міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата­ананың алған ерекше биік  орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз  болашағыңды сақтау.      Ата­анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас  болып тұрмайсың. Сен ата­анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда  өзіңді аялап күтіп, бағып­қағатын болады. 8­оқушы:      Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып  алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың  немересі ағаш жоныпты. Әке­шешесі: ­Балам, не істеп отырсың?­ деп сұрайды. ­ Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау  жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы  сыйламайды»,­ деген бар емес пе? Ата­анаға қатыгездік жасаған адам  дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ  халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің  перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата­анасын жерге қаратып,  көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. 9­оқушы:      Бүгінде кейбір жастар ата­анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің  перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке­шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті  барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып  тұрмаған қате түсінік екені айқын.      Ата­анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе  екен? Қайта, ата­анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі­жиі  көрісіп, жүзбе­жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні  мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый­құрметін көріп,  тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып,  қайырылмай кеткен баласын аңсай­аңсай, дүниеден өткен кәрі әке­шеше  қайғысынан артық қайғы бар ма?!      Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан  шығар.      Ата­ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір  ғанибеті ғой. Сол арқылы­ақ бала ата­анасының мейірін өсіріп, өз ортасында  төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата­ананың сөзін құлаққа  ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып,  төрдегі басын есікке сүйрейді. Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,­ деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай  міне, балалар, біз өзіміздің ата­әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол  қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу  арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара  аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"

Тарбие сагаты "Карты бар уйдин казынасы бар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2017