Тарихи тұлғаларды дәріптеу
Оценка 4.7

Тарихи тұлғаларды дәріптеу

Оценка 4.7
Мероприятия
rtf
история
1 кл—11 кл
29.11.2020
Тарихи тұлғаларды дәріптеу
Қазақтың тарихи тұлғалары
Тарихи тұлғаларды дәріптеу.rtf

                      Касенова Гульжан Каирбековна

                          «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта

                           мектеп-лицейі» КММ,Көкпекті ауданы, ШҚО

       тарих пәні мұғалімі

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҚТАРЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ДӘРІПТЕУ

   Бабалар тарихы – асыл қазынам демекші оқушылардың тарихи танымдарын ел тарихындағы әйгілі тұлғалар туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт - бағдар беру арқылы толықтыру. Тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орының көрсету. Тарихи оқиғалардың хронологиялық ерекшеліктері мен тарихи тұлғалардың қызметін тереңірек меңгерту. Жеке тұлғалардың тарихи бет бейнесімен таныстырып, елінің тарихын жете білуге, өзіндік баға беруге үйрету. 

   Проблемалық тақырыпты дамыту арқылы оқушыны оқулықта жоқ материалдармен білімдеңдіріп, тарихи тұлғалардың өмірінен және тарихқа қосқан үлесінен үлгі алып, елінің патриоты болуға ұмтылдыру.

    Күтілетін нәтиже: жан-жақты білімді, тәрбиелі, жаңа технологияларды жетік меңгерен, тарихи тіл байлығы мол, сауатты сөйлеуге, сын көзбен қарауға, елімізде болып жатқан оқиғаларға өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыруға, ғылым жолын тандайтын оқушы қалыптасады.

    Әр адам қайталанбас тұлға. Тұлға ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, өмірде болып жатқанның барлығын  жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам. Тұлға болып тумайды, өмірде алған әсерлерден қалыптасады. Отбасының әсері де бар.

    Енді тарихи тұлға деп ел тарихында аты қалған артындағы ұрпаққа айтқан сөзі, істеген ісі, мұрасы қалған адамдарды айтамыз. Ондай адамдар біздің елімізде өте көп. Оларды біз жазбай танимыз. Оқушылар да оны меңгерген. Мысалы біз Абай десек, оны ақын, ғұлама, қара сөздің шебері, ал Шоқан десек - қазақтың маңдайына біткен біртуар ғалымы, Бауыржан десек қайтпас қайсар, ешқашан  екі сөйлемейтін, қара қылды қақ жарған хас батыр. Дина десек қазақ даласын күмбірлеген күймен тербеген, киелі қара домбыраның құлағында ойнаған күйші, Шара десек - мың бұралған, қазақ би өрнегінің дамуына бірден - бір үлес қосқан биші, Күләшті айтсақ бұлбұлдай сайрап, әсем дауысымен жерімізді әнге бөлеген әнші, қазақ халқының халық болып қалыптасуына бірден - бір ат салысып, өзбек - қазақтардан шығып, Жетісуда өз алдына қазақ хандығын құрған  Керей мен Жәнібек, өзінің «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағымен - ақ  халықты біртүтас ел болуға шақырған, әділетті мемлекет құру үшін әділдіктің ақ туын желбіретіп, шашау шығармай халықты бірлікке ұстаған әз Тәуке, халықтың санын көбейтіп, жерін кеңейткен Қасым, Үш жүздің басын құраған, халқынан медет сұраған Абылай, дау-дамайды ақылмен шешіп, қазақ пен қазақты келістіріп, жүйелі сөз, киелі батасын берген Төле, Әйтеке, Қазыбек билер - міне бұлар тұлғалар. Осылардан да басқа тұлғалар өте көп. Ал енді осындай тұлғаларды сабақтың өң бойында қалайша дәріптейміз? 

    Оны тек сөзбен жеткізіп қана қою аз. Жоғарыдағы мәліметтерді оқушы тақырып барысынан біледі, оқулықта мәлімет аз. Оқушыға толығырақ жеткізу үшін олардың өздері еңбектенген дұрыс. Оқушының өзі еңбектеніп, өзі алуы үшін қазір әдіс тәсіл көп. Қандай тақырыпты алайық, қандай сынып болса да, тарихи тұлғаларды дәріптеуге мүмкіндік мол.

    Мысалы: 5-6-сыныптағы  «Сақтар, сақ қоғамы» тақырыбын алсақ бізге Томирис әйел патшайымы туралы баяндауға болады. Оқулықтағы жоқ материалдарды мұғалім өзі ізденіспен табады, немесе Шырақты тарихи тұлға ретінде қарастыруға болады. Себебі ол парсыларды жолдан адастырып, қырғынға ұшыратып өз елін сақтарды аман алып қалады. Ер тұлға Шырақ осылайша парсылардан кек алады. Осы мәліметті оқушыға жеткізу үшін «Тұлғаны таны» ойынын өткізуге болады.

    Ертедегі грек тарихшының айтуынша, ол өзін  ел тәуелсіздігі жолында құрбандыққа шалған. (Шырақ)

    Ол Кирдің денесін таптырып алып, қан толтырған торсыққа салып «Мен өз антымды орындап, сені қанға тойғызамын»,- дейді. /Томирис/

    Сонымен бірге 6-шы сыныптағы «Сақтардың қоғамдық құрылысы» тақырыбын өткенде «Бұл кім?» ойынын өткізуде тұлғаны дәріптеудің маңызы бар.

    Өз еңбектерінде сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған кім?/Геродот/

    Қола дәуірінде Орталық Қазақстан ескерткіштерін ұзақ жылдар бойы зерттеген академик кім? /Ә.Марғұлан/

   6 сыныпта «Алтын киімді адамды» ашқан Әлікей Марғұлан, «Бәйгетөбені» ашқан, Әбдеш Төлеубаев, «Берел» қорымын ашқан Зейнолла Самашев сияқты тарихқа өз үлестерін қосқан археолог – ғалымдар туралы мәліметтер жинатып конференция өткізу.

    7 сыныптағы  «Түркеш» қағандығы тақырыбын алсақ, онда осы қаған туралы баяндауға болады. Оның ұстанған саясаты мәмлеге келіп, елін тұрақты дұрыс басқару сөз болады. Ол билікке келген тұста 715-738 жылдары Түркеш қағандығына жағдай шиеленісіп тұрған еді. Біріншіден батыстан арабтар, екіншіден шығыстан Қытай, үшіншіден ішкі қайшылықтар. Осы тұста осы қаған тәуелсіздігін сақтар қалу үшін, үш жақты күрес жүргізу керек болды. Ол шығыстағы Білгенің қызына баласын үйлендіріп, өзі Тибет патшасының қызына үйленді, ал батыстағы арабтарға қарсы ол Орта Азия халықтарының күресін пайдаланады, өзбектер мен қарлұқтармен бірлесіп, арабтардың 737 жылы тас-талқанын шығарды. Арабтар осы қағаннан ашық майданда соғысудан сескеніп, сол себепті «сүзеген» деп атаған. «Тұлғаны тап» ойыны (Сұлу қаған)

    8-сыныпта  «Тұлғанды тани біл...» тарихи тұлғалар жайлы жазылған авторлардан үзінді оқу арқылы таптыру. Мысалы: Ол он үш жасында әкесінен айырылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан құтылып, Түркістан жеріне келген. Ақылымен, ержүректілігімен, табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде аты – жөнін жасырып, Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады.15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене атсалысқан ол қазақ батырлары, билері және сұлтандары арасында белгілі болды. Бұл жерде кім жайлы сөз болып отыр? (Абылай хан).

   Ол Байбақты руының старшыны. Оны «қара сүйектен» шықты деуге қиын. Өйткені ханның оның апасына үйленуіне қарағанда көрнекті және ауқатты топқа жатуы мүмкін. 1802 жылы ол белгісіз себептерден қайтыс болды. Кім жайлы сөз қозғалып отыр? (Сырым Датұлы).

   1802 жылы дүниеге келген. Ол бала кезінен батырлығымен, ақылдылығымен, әділдігімен ерекшеленген. Оның көзқарастарының қалыптасуына әкесі елеулі ықпал еткен. Ол түрік, араб, өзбек, татар, орыс тілдерін білген. Ол Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырды. Бұл кім?  (Кенесары Қасымұлы)

   «Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы Шоқан Уәлиханов» тақырыбындағы ол - бір туар ғалым, саяхатшы. Ол - тарихи тұлға, ол - Шыңғыс ұрпағы, ақсүйектер қауымынан, қазақтың жанашыры, рухани қасиетке бай, жастық жалыны бар адами тұрғыдан биік тұлға. Жазып қалдырған шығармалары өз алдына ол қазақтың басқару саясатындағы олқылықтардың сот реформасы кезіндегі кейбір мәселелерді шешуге ат салысқан. Өз халқының тарихын зерттеп, тағдырының талауға түсетінін білгенде халықтың болашағын ойлап, қарсы тұра білген. Тұлғаны тап (Шоқан Уәлиханов).

   XVI-XVII - ғасырлардағы тарихи шығармалар тақырыбын өткенде М.Х.Дулати (1499-1551) туралы білеміз. Бұны нақты және толық меңгеру үшін «Тұлғаға мінездеме бер»  ойынын өткізуге болады. Оны оқушы ойлап жазады. Сөйлем құрастырады әлде өлең шығарады. 9-сыныптағы «Мәдениеттің дамуы, ғылым және өнер» тақырыбындағы 1946 жылы маусымда КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы Республиканың Ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға екені даусыз. Ал оның басында кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушысы Қаныш Имантайұлы Сатпаев тұрды. Минералды шикізаттар кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын, метоллогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді.

   9 сынып оқушыларына «Ұлт зиялылары» тақырыбында ауқымды конференция сабақ өткізуге болады. Ұлт зиялыларын үнемі насихаттап, тәуелсіздікпен сабақтастырып отыру керек. Алаш арыстары ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытып, тәуелсіздікті ту етіп көтерді. Солар аңсаған тәуелсіздікке ХХ ғасырдың соңындағы ұрпақ ешбір қан төгіссіз бейбіт түрде қол жеткізді.

    10-сыныпта  «Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер» тақырыбында ғұндар туралы былай дейді: Мөде Тәңірқұт б.з.д. 209-174 жылдары басқарған. Мөде туралы аңыз сақталған. Мөдеге өзімен көршілес Дунху елінен 3 рет елші келеді. Бірінші келгенде тәңірқұттың атақты тұлпарын, екінші келгенде сұлу да, ақылды әйелін сұрайды. Мөде бергізеді. Үшіншіде олар шекараға жақын щаруаға қолайсыз кең далалы жерді сұрайды. Сол кезде Мөде ашуға булығып,бастарын алып Дунху елінің тас талқанын шығарса керек. Мұның өзі ғұндардың жеңімпаз жауынгер  ел ретінде тарихта қалуының сыры жерге деген патриоттық сезімінің күштілігінен, жері үшін өзінің жанын құрбан етуге дайын намысты елдігінен деген ой туғызады. Тарихта аты қалған тұлға осындай болса керек.

    Қазақстан тарихы сабағында «Тарихи тұлға» сайысын өткізсек, ұтымды болады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топқа бір тарихи тұлғаның мінездемесін немесе өмірінен үзінді беріледі. Оның шығарған шығармалары (өлең, тақпақ, күйлері, айтқан нақыш сөздері) оқылады. Оны анықтау үшін /3-5/ минут уақыт беріледі. Мысалы, Бауыржан Момышұлы халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы /1910-1982/ ерен ерлігі, өнегесі ұрпаққа үлгі болып қалған тұлға. Оның бойында сан қырлы өнер бар. 2010 жылы 100 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Қазақтың қайсар ұлы 1941-1945 жылдардағы соғыста халқын қорғауда жан аямай тер төккен. Қара қылды қақ жарған әділетті болған. «Волоколамское шоссе» деген Александр Бектің кітабы осы тұлғаға арналған.

    Еліміздің бүгінгі мен жарқын болашағы білімді, жігерлі намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, биік рухты, өз халқына адал, ел жанды, патриоттық сезімдегі ұрпақ тәрбиеленуге байланысты. Ал патриоттық сезімді туғызудың басты шарты - Отан. Отан «елім» деп еңіреп өткен ерлерден, «алашым»  деп аңырап өткен арыстардан, «бостандық» деп боздап өткен боздақтардан басталады. Отан сыртқы жаулардан елін қорғаған эпостағы Алпамыс, қара қыпшақ Қобыланды және тарихтағы Қаракерей Қабанбай, Шұбартпалы Ағыбай сынды батырлардан басталады. Отан Абай мен Шоқаннан, Отан арманда кеткен Әлихан мен Мұстафадан, Сәкен мен Мағжаннан басталады.

    Отан аруақты батыр бабаларының көзіндей Бауыржан Момышұлынан, ел азаттығы үшін өмірден ерте кеткен желтоқсан көтерілісінің Қайрат Рысқұлбековтен басталады «тарих - бір ғаламат алтын көпір, ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын»,- деп Жұбан Молдағалиев айтқан екен.

    Қазақтың ұлы тарихшысы, профессор Ермұхан Бекмаханов «Тарих рецептеп жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт – сол» деген екен. Тарихшының осы сөзінен-ақ тарих пәнінің басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігін анық байқауға болады.

    Тарих тұлғаларды дәріптеу мақсатында сабақ барысында «Суреттер сыр шертеді» ойынын өткізуге болады. Экран да суреттер шығып тұрады. Онда  көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білеміз? Оқушы тұлғаны танып, дәріптеп, ол туралы білетіндерін жазады немесе баяндайды. Тұлғалар туралы дерек «Аңыз адам» журналынан табылады. Бүтіндей бір журнал мұғалімге әдістемелік көмек. Әр тарихшы осы журналға алғыс айтса керек. Өткенімізді білмесек, болашақты болжай алмаймыз. Тұлғаларымызды біліп, дәріптей, бағалай алмасақ, ел болғанымыз қайсы?! Туған елдің тарихын білу басты парызымыз. Оны жас ұрпақтың бойынан сіңіріп, дарыта білу - біздің міндетіміз. Келер ұрпақ тұлға өмірін өнеге тұтып өссе, нұр үстінен нұр болар.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда А., 1996

2.     Қазақстан тарихы. Атамұра, 2007

3.     М. Жолдасбекұлы.Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары, 2001-356б

4.     Г. Серғазы. ХХ ғасыр: Елдікті ту еткен ұлт мақтаныштары, 1999

 

 

 

 

 

 

Касенова Гульжан Каирбековна «Ж

Касенова Гульжан Каирбековна «Ж

Төле, Әйтеке, Қазыбек билер - міне бұлар тұлғалар

Төле, Әйтеке, Қазыбек билер - міне бұлар тұлғалар

Мысалы: Ол он үш жасында әкесінен айырылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан құтылып,

Мысалы: Ол он үш жасында әкесінен айырылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан құтылып,

Мөде Тәңірқұт б.з.д. 209-174 жылдары басқарған

Мөде Тәңірқұт б.з.д. 209-174 жылдары басқарған

Оқушы тұлғаны танып, дәріптеп, ол туралы білетіндерін жазады немесе баяндайды

Оқушы тұлғаны танып, дәріптеп, ол туралы білетіндерін жазады немесе баяндайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020