Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті
Оценка 4.7

Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
окружающий мир
3 кл
25.04.2017
Тақырыбы:	Адам-табиғат перзенті
шық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Ата салтым - асыл қазынам» Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру. Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен. 1- жүргізуші: Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін, Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым. Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын. II- жүргізуші. Қарсы тұрғын қылығына жаманның, Оң іс баста ақта сүтін анаңның Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың, Шымда қыран елдік, ұлттық сананың Арын ойла атаң, анаң, бабаңның, Бірлік сақта жеткенімше шамаңның Сөзін жатта, ұғын терең данаңның, Ұлы болған мынау байтақ далаңның. I-жүргізуші. Жақсы ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани- мәдени мұраларын құрметтеуге арналған қасиетті қара шаңырағымыз Д. Байбосынов атындағы мектеп гимназиясында өткелі тұрған «Ата салтым, асыл қазынам» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер. II- жүргізуші. Қазақ даласының қазақ аулында кіндігіміз кесіліп, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қалаудай қалап, дәстүрін жадымызға жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтайтын, дінін діліме тұмардай тоғып салтын санамызға сыбағадай сақтап, және солардың бәрі құрандай қастерлеп өсіп, ер жеттік. «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет» атты ырым-тиымдарға арналған көрініс. Көрініс: Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер. Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, аз мәзірін дайындап та қойғанбыз! Әже: Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер. - Әй, Берік, Бекжан, Ислам кәне дастарханға келіндер! (қолын жуғасын, Берік қолын сілкіп қалады.) Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс- небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің.Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама. Бекжан бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды. Әжесі: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласын» деп тәрбиелеген. Бекжан: Әже,кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет . Әже: - Ойбай мына пышағы түскірдің жүзі шалқасынан жатыпты ғой жөндеп қойыңдар. Ол кездейсоқ пәлеге ұрындырар. (Осы кезде 1 бала төрде тұрған домбыраны ат қылып мінеді. Келін: Домбыра қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Өнерін қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбеген адам, тамыры шабылған ағашпен тең. Соны есте сақта! 1 жүргізуші Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста. Оқушы; Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Көш, көш, пәлесі, Келді, міне, егесі. Оқушы Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди, әлди, аппағым, Қойдың жүні – қалпағың. Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым. Ән: Шілдехана Оқушы: Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Оқушы: Сүндетке отырғызу – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын Меккеде ер балалар 3 – 7 жасында сүндетке отырғызылады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. 2 жүргізуші: Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. 1 Жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық, Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке ,бұл тойда Керемет рәсім жасайық! Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді. 2 жүргізуші: жігіттердің орындауында ән 1 Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен? 1-сұрақ Жігіттің үш жақын жұртын ата. (Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.) 2-сұрақ Төрт қонақты ата Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, Қылғыма қонақ. 3-сұрақ Төрт түліктің пірін атаңыз. Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата. 4-сұрақ Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.) 5-сұрақ Үш мақсатты ата. (Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.) 6-сұрақ Үш арсызды ата. (Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.) 7-сұрақ Үш алысты ата Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын. 8-сұрақ Бес қаруға нелер жатады? (Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.) 9-сұрақ Жеті жұтты ата (Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын) 10-сұрақ Жеті атаны таратыңыз. (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.) 1 Жүргізуші: Келесі кезекте мың бұралған бишілелеріміз алдарыңызда өнерін көрсетеді. 2-ші жүргізуші. Дәстүрдің жақсылығын қарсы алайық, Достықтың құдыретін бағалайық. Сарғайған санамызда сарқыншақтай Арылып жан сарайын тазалайық Ойын Айзада: - Қыздар, жігіттер мен бір сақина салмақ ойнын ойнатайын деп едім. Бұл ойынның шарты тіпті оңай. «Бір, екі, үш сақина ұш» дегенде сақина салынған адам орнынан лезде тұру керек.-дейді. Ойын ойналады. - Бұл ойында Бекзат сен бір осалдық таныттың. - Кәне, кәне, өнеріңді көрсет.( Қыздар сықылықтап күледі). - Көрсетсем, көрсетейін. Ал қанекей жігіттер! Жігіттердің орындауында би. 2- жүргізуші: Енді салт - дәстүрлеріміздің келесі ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік. АУДАРЫСПАҚ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үстінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек. АСЫҚ ОЙНАУ - бірнеше балалар жиылып алып асық атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағаны әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады. АҚСҮЙЕК – ақсүек алысқа лақтырылады, яғни кешқұрым уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңімпаз. Ауыл жастары жиналып іздеуге кіріседі, таппай артынан оралған адам не өлең, не болмаса жұмбақ жасырып, яки өлең айтып беруі керек.
Публикация является частью публикации:
Адам-табиғат перзенті.docx
Тақырыбы: Адам­табиғат перзенті Мақсаты мен   міндеттері: түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.  табиғат,   адамды   қоршаған   орта   туралы 1.Білімділік: талпыныстарын қалыптастыру.  өзбетінше   қоршаған   орта   туралы   білім   алуға   деген 2.Дамытушылық: белсенділіктерін дамыту;  әңгімелеу,   сипаттау,   талдау   қабілеттерін   дамыту; 3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу: Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Көрнекіліктер: тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері. Әдіс­тәсілдер: жұптық , талдау,  Сабақ барысы 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:  Қоршаған орта _____________________ _______________ ________________ Табиғат –  ____________________________________________________ Табиғатқа қатысты сөздерді қорша:    үстел                          терезе                        жел    тау                             жануар                       ойыншық    нан                             қарындаш                   ауа    жер                            көйлек                         өсімдік 2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: 1. Суреттен не тірі және өлі табиғатқа жататын ажырат . табиғат                        _________________                            _________________ 2. Суретін сал Тірі табиғат Өлі табиғат. Адам қолынан жасалғат заттар Табиғаттан адам не үйреніп жасады Сергіту сәті Оқулық   бойынша   жұмыс   7­9   бет   Мәтінді   оқу,   суреттері   бойынша   жұмыс жүргізу . Қорытынды жасау: Адам­табиғат перзенті. 3. Жаңа білімді бекіту: .Суретте не жетіспейді? Жалғастыр:. Сұрақтар бойынша жұмыс:    1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.    2. Адам табиғаттан нені үйрене    3. Бір күндегі істейтін іс­әрекерін әңгімеле.  Табиғатқа қатысы бар ма? 4. Үйге тапсырма: 7­9 бет әңгімеле, сұрақтарға жауап бер.

Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті

Тақырыбы:	Адам-табиғат перзенті

Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті

Тақырыбы:	Адам-табиғат перзенті

Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті

Тақырыбы:	Адам-табиғат перзенті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2017