Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тілін сыйлауға, ұлт арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер және слайд
Кіріспе: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық,
Қазағыма артық жоқ өз тілінен...
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» деп Төле би бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып, егеменді ел атандық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек. Міне, балалар бүгін қыркүйектің 22-жұлдызы Тілдер мерекесі күні. Біздің ана тілімізді қалай ардақтап, қадір тұтатындығымызды білдіретін тілдер апталығы өтіп жатыр. Бізде сынып болып осы іс-шараға өз үлесімізді қосқалы отырмыз. Тілін білмеген адам қанатсыз құспен тең, сондықтан өз тіліңді дұрыс меңгеріп, сөйлей білу керек. Алаштың біртуар ақыны Абай «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған. Сондықтан бүгінгі сынып сағатымызда сол кісілердің тіл туралы жазған өлең жолдарын оқып, ойымызды ортаға салайық.
Би: Қыз балалардың орындауында.
Сүйемін туған тілім – ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Туған жері –түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегің,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Ән: орындайтын Қабдығалиев Азат.
Қуан, халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өсс тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тілім менің,
Тұтастығым, елдігім, үйім менің,
Ел қорғаған ерлерге рух берген,
Осы тілде толғады биім менің.
Тілім менің,
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бөлінсе менің де бөлінгенім.
Ана тілім бірге жасар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім ардақтысың қашанда,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
Ән: орындайтын Дюйсенбаева Айша.
Балалар, біздің кең байтақ тәуелсіз еліміз Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері де тұрып жатыр. Оларда осы тіл мерекесі күнін атап өтіп, тілдің құдіретін паш етуде. Біз сол ұлттардың да мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлауымыз керек және құрметпен қарауымыз керек. Ендеше келесі кезекті сол бір жыр жолдарына берейік.
(орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылады)
Би: орындайтын қыз балалар тобы.
Келесі кезекті тіл туралы мақал-мәтелдерге берейік. (тіл туралы мақал-мәтелдер айтылады)
Міне, балалар, біздің осы он күндікте өткізіп жатқан іс-шарамыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға үлес қосары сөзсіз.Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген. Осындай ұлы адамдарымыздың бәрі де елім деп, жерім деп, тілім деп бұл өмірден өткен. Қазір де қаншама азаматтарымыз шырылдап жүр. Сондықтан, қазақпын деген әр адам осы сөздің мәніне терең бойлап түсінуі керек. «Қазақ елінің келешегі – қазақ тілінде» екенін әр уақытта есте ұстап, асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете берейік дегім келеді.
Ана тілім -ардақ тұтар алтыным.docx
Омарова Гульшат Амангельдиновна
№18 жалпы білім беретін орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы
Тақырыбы: Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір
қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға
тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тілін сыйлауға, ұлт
арасындағы қарымқатынасты нығайтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер және слайд
Кіріспе: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық,
Қазағыма артық жоқ өз тілінен...
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» деп Төле би
бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып, егеменді ел атандық. Әр адамның азаматтық қасиеті
мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек.
Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз
тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек. Міне,
балалар бүгін қыркүйектің 22жұлдызы Тілдер мерекесі күні. Біздің ана тілімізді қалай
ардақтап, қадір тұтатындығымызды білдіретін тілдер апталығы өтіп жатыр. Бізде сынып
болып осы ісшараға өз үлесімізді қосқалы отырмыз. Тілін білмеген адам қанатсыз құспен
тең, сондықтан өз тіліңді дұрыс меңгеріп, сөйлей білу керек. Алаштың біртуар ақыны Абай
«Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған.
Сондықтан бүгінгі сынып сағатымызда сол кісілердің тіл туралы жазған өлең жолдарын
оқып, ойымызды ортаға салайық.
Би: Қыз балалардың орындауында.
Сүйемін туған тілім – ана тілін,
Бесікте жатқанымдаақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырыпақ алыңдар.
Туған жері –түп қазығы айбыны,
Туған тілісатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салтсанасытірегің,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі. Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Ән: орындайтын Қабдығалиев Азат.
Қуан, халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өсс тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тілім менің,
Тұтастығым, елдігім, үйім менің,
Ел қорғаған ерлерге рух берген,
Осы тілде толғады биім менің.
Тілім менің,
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бөлінсе менің де бөлінгенім.
Ана тілім бірге жасар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім ардақтысың қашанда,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
Ән: орындайтын Дюйсенбаева Айша.
Балалар, біздің кең байтақ тәуелсіз еліміз Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері де тұрып
жатыр. Оларда осы тіл мерекесі күнін атап өтіп, тілдің құдіретін паш етуде. Біз сол
ұлттардың да мәдениетін, салтдәстүрін, тілін, дінін сыйлауымыз керек және құрметпен
қарауымыз керек. Ендеше келесі кезекті сол бір жыр жолдарына берейік.
(орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылады)
Би: орындайтын қыз балалар тобы.
Келесі кезекті тіл туралы мақалмәтелдерге берейік. (тіл туралы мақалмәтелдер
айтылады)
Міне, балалар, біздің осы он күндікте өткізіп жатқан ісшарамыз ана тілінің қадір
қасиетін арттыруға үлес қосары сөзсіз.Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Ұлтымыздың
ұлы тұлғаларының бірі А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген.
Осындай ұлы адамдарымыздың бәрі де елім деп, жерім деп, тілім деп бұл өмірден өткен.
Қазір де қаншама азаматтарымыз шырылдап жүр. Сондықтан, қазақпын деген әр адам осы
сөздің мәніне терең бойлап түсінуі керек. «Қазақ елінің келешегі – қазақ тілінде» екенін әр
уақытта есте ұстап, асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете
берейік дегім келеді.
Тақырыбы: Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Тақырыбы: Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.