"Теңдеу" (3 сынып, математика)

  • Документация
  • docx
  • 19.02.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды теңдеулер шешуге, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлау қаблеттерін арттыру, сөздік қорын, математикалық тілін дамыту. Адамгершілік, бір-біріне көмек беруге, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пайдалана білуге баулу."Теңдеу" Ашық сабақ
Иконка файла материала матем ашық сабақ.docx
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу Сабақтың мақсаты: Оқушыларды теңдеулер шешуге, өз бетімен жұмыс                                      істеуге дағдыландыру. Оқушыларды шапшаңдыққа,                                      ептілікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.                                        Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын,                                     математикалық тілін дамыту.                                    Адамгершілік, бір – біріне көмек беруге, имандылық                                     қасиеттерді қалыптастыру. Түрі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ­жауап Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, интерактивті  тақта. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша есептеулер. ­ Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық»  ертегісін есімізге түсірейік. 4­ 6 cлайд     Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болыпты. Мақта қыз  үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық  келмейді. «Келмесең, келме», ­ деп мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысық келіп «Неге шақырдың?» ­ деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. «Айтпасаң,  айтпа мен қатығыңды төгіп тастаймын», ­ дейді мысық. Мысық қатықты  төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Апа  құйрығымды берші?» ­ дейді. «Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін», ­ дейді Мақта қыз. Ал. Балалар, енді біз мысыққа көмектесейік. Мақта қыз құйрығын беру үшін осы  ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық. Сиырдың тапсырмасы. (7слайд) өткенді қайталау Мыны өрнекті компоненттерімен ата. 7+3 = 10    7­ 3 = 4    Ағаштың тапсырмасы. (8 слайд) Теңдікті жаз. 3 пен 4 сандарының қосындысы 7­ге тең 6 мен 4 сандарының айырмасы 2­ге тең 3 пен а­ның қосындысы 7­ге тең 10 мен а­ның айырмасы 1­ге теңа мен 2­нің айырмасы 6­ға тең Неше санды теңдік жаздың? 3+а=7       10­а=1       а­2=6 Бұлар теңдеулер Теңдеуді шешу үшін тура теңдік шығатындай а­ның мәндерін іздейміз. Мысалы.  3+а=7   теңдеудегі а­ның орнына сандарды біртіндеп қойып, тексереміз.  а=4 ­ теңдеудің шешімі.    Дүкеншінің тапсырмасы. (9­10 слайд) №2 теңдеудің шешімін тап. 3+а=7           а+6=10            4­а=3 8­а=5           а­6=3               а+1=8 Тауықтың тапсырмасы. (11 слайд)  Сергіту сәті.  Тышқанның тапсырмасы. (12­14слайд) №4  Ләззат Жеңіс күні ардагер атасына 5 тал гүл, ал Қайрат 3 тал гүл сыйлады.  Бұл есеп пе? Неліктен? Мәтінді есепке айналдыр. Ләззат – 5 гүл сыйлады Қайрат – 3 тал гүл сыйлады 5+3=8 Жауабы: барлығы 8 гүл сыйлады. ? Ләззат – 5 гүл Қайрат – 3 гүл             кем 5­3=2 Жауабы: Қайраттың 2 гүлі кем ? ? Ләззат – 5 гүл               артық Қайрат – 3 гүл              5­3=2 Жауабы: Ләззаттың  2 гүлі артық Мақта қыздың тапсырмасы (15 слайд) Кел, ойнайық! «Саңырау құлақ терейік» Мақта қыз айтады: «Жарайсыңдар балалар! Сендер мысықтың  құйрығын қайтарып алуына үлкен көмек көрсеттіңдер»Қорытынды бөлім. (16­18 слайд) Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Үйге тапсырма: №3 169­бет (19 слайд) Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.