ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

  • Лекции
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала тех карт 11.docx
Ұйымдастырылған  оқу  әрекетінің  технологиялық  картасы. Білім беру аймағы: «Таным»   Бөлімдер:  ҚМҰҚ Тақырыбы:  “Заттың саны мен цифрмен сәйкестендіру. 3­4 сандарын салыстыру.  Кең – тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу)“ Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын  цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу;  заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай  салыстыру (кең, тар); тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау; оны өзге  геометриялық фигуралардың ішінен табу. Әдіс­тәсілдер: сұрақ­жауап, демонстрациялық, түсіндіру. Көрнекіліктер: әр балаға түрлі­түсті 4 жолақ беріледі: 2­еуінің ұзындығы да, ені де  бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы  керек.Іс­әрекет          кезеңдері Мотивациялық­    танымдық         Тәрбиешінің  іс­ әрекеті       «Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Бұл  жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың  жұмбақты шешулеріне көмектеседі. ­Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,  Бір орындық, екі мүйізі бар. Ол не? Балалардың іс­әрекеті Балалар  жұмбақтардың  шешуін табады. ­Велосипед ­Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі, Ертегіге арқау болған, кейіпкерлер ғой ізгі. Ойланбай­ақ, балалақай, сен тауып көрші енді. ­Үш аю ­Үш көзінде жалын­от, Ал бірақ та жаны жоқ.  Кезекпен ашылар, Кезекпен жабылар. Ұйымдастырушы лық­ізденушілік 1­тапсырма. Педагог балаларға қазақтың ұлттық  ыдыстарының суретін көрсетеді. Балалар оны  мұқият қарап шықаннан кейін, цифрлар тиісті  суретпен қосуды сұрайды. «Машина жеткілікті ме?» ойыны. 2­тапсырма. Педагог балаларға келесі суретті көрсетеді.  Сұрақ қояды: ­Балалар нешеу? ­Машина нешеу? ­Ойыншық балаларға жете ме? ­Неге? ­Балалар саны мен ойыншық машиналардың  саны туралы не айтуға болады? ­Қанша бала болса, сонша машинаны бояңдар.  Қане, балалар, нешеуін боядыңдар? «Көліктер». Сергіту жаттығуы: Бағындырар талай жолды, Көлік шіркін керек болады. Жолдағыдай қатарласып,  Ұстап көрейік біз де рөлді. Жеңіл көлік зуылдатып, Оңға қарай бұрылар, ­Бағдаршам Балалар цифрларды  тиісті суретпен сызық  арқылы қосады. Балалар суретті мұқият   қарап шығып,  сұрақтарға жауап  береді: ­Үшеу. ­Төртеу. ­Жетпейді. ­Өйткені төрт үштен  үлкен. ­Машинаға қарағанда  баланың саны кем, ал  балаға қарағанда  машина артық. ­Үш машинаны боядық. Қимылдар жасайды.Білу  керек : 4 цифрын; геометриялық фигура – тіктөртбұрыш. Күтілетін   нәтиже: Болу  керек:  заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай  (кең – тар ) сәйкестендіруді.  Істей  білу: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.