ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

  • Лекции
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала ТЕХ КАРТ 18.docx
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекет түрі: Экология. Тақырыбы: Арпа сеуіп үйренеміз. Мақсаты:  Көрнекіліктер: арпаның өсіп тұған суреті. Қажетті құрал­жабдықтар: үш жәшік: біреуінің ішіне топырақ салынған,  екеуі бос, әр бала санына жететіндей қағаздан жасалған стақан, үлкен  қасықтар, ішіне арпаның дәнегі салынған тәрелке. Алдын ала жұмыс: қағаздан стақандар жасау. Әдіс­тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Оқу іс­әрекетінің кезеңдері  Мотивациялық­ қозғаушылық Педагогтің іс­әрекеті Баланың іс­әрекеті  Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады. Балалар шаттық  шеңберін құрып, өлең  жолдарын айтады.  Миға шабуыл:  ­Балалар, біз бүгін арпа  себеміз.  Арпа өскен соң онымен біз  құстарды тамақтандырамыз.  Міне, мынау – арпаның  дәнегі. Арпаны көшет  арқылы отырғыза  алмаймыз.тоны тек себуге  ғана болады. Біз арпаны  сепкенде жай ғана сеуіп қана қоймаймыз, біріншіден  зерттеу жүргіземіз, екіншіден бақылаймыз. Ол үшін сендер  алдарыңа алжапқыштарыңды киіп алыңдар. ­Сендердің алдарыңдағы  2 ыдыста арпаның дәнегі  жатыр. Екі ыдыстағы  арпаның дәнегінен қандай  өзгеріс байқалады. Енді құрғақ дәнді қолдарыңа алып, оның екі жақ ұшына  назар аударыңдар.  Миға шабуыл: Балалар  алжапқыштарын тағады. ­Бірінші тәрелкедегі  арпаның дәні құрғақ,  екіншісі суға салынған.­Қалай ойлайсыңдар, суда  тұрған арпа қатты ма,  жұмсақ па?  ­Не себепті суға салынды? ­Балалар, арпаның біреуін  суға салған себебім: сендер  зерттеп, бақылап көрсін  дедім. Қазір сендер екі  орталыққа бөлінесіңдер. ­Арпаны отырғызбас бұрын  не істейміз? ­Дұрыс айтасыңдар, бәрің  бері жақындап жәшіктегі  топырақтан стақандарыңа  кішкене ғана топырақ  салыңдар.   Енді бірінші орталықтың  балалары құрғақ арпаны,  екінші орталықтың балалары  сулы арпаны алып топыраққа шаншу арқылы себеміз де  үстін топырақпен жабамыз.  Сеуіп болғаннан кейін екі  жәшікке салып қоямыз. ­Арпа тез өсіп шығу үшін не  істейміз? Дұрыс айтасыңдар,  құрғатпай суарып тұрамыз.  Және әркім өзінің сепкен  арпасын бақылайды. Дәптермен жұмыс. Дәптерде  берілген тапсырманы  түсіндіреді. Педагог  балаларға дәптердегі «Арпа  дәнінің өсіп шығуын бақылау күнделігін» ата­аналарының  көмегімен толтыруды  тапсырады.  Педагог балалардан бүгінгі  жиыннан алған әсерлерін,  көңіл күйлерін, немен  айналысқандарын, не  үйренгендерін сұрайды. Балалар арпаны  қолдарына алып, екі  ұшының үшкір, қатты  екендігін айтады. Балалар өз ойларын  айтады. Балалар екі орталыққа  бөлінеді. ­Стақандарға топырақ  саламыз. Балалар стақанға  қасықпен топырақ  салады. Бірінші орталықтағы  балалар құрғақ арпаны,  екінші орталықтағы  балалар судағы арпаны  сеуіп, үстіне тағы да  топырақ салады да,  өздеріне көрсетілген бос жәшікке салады. Суарамыз. Дәптерде берілген  тапсырманы орындайды. Күнделікті 19 күн бойы  толтырады. Іс­ әрекеттерін күнделікке  белгілеп отырады. Сабақтағы  көңіл  күйлерін дәптердегі  таңбаларға белгілейді. Ұйымдас­ тырушылық­ ізденістік Рефлексиялық­ түзетушілікКүтілетін нәтиже: Біледі: өсімдіктердің дәннен өсіп шығатындығын, бірінші шөптің шығатынын,  онан кейін жемісінің пайда болатынын. Игереді: арпаның дәннен өсетіндігін, жемісінің қалай пайда болатындығын,  бақылау жасаудың қарапайым түрін. Меңгереді: дәнек себудің қарапайым түрін; күтіп­баптауды.