ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 3.doc

                                           № 3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА                          24.09.13

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Су туралы не білеміз?

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.

Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іе-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

лық

Балалар, далада күн жылынды. Бұл - көктемнің белгісі. Қазір бәріміз бірігіп, қиял арқылы саяхатқа шығайық. Ол үшін денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, еркін отырайық (баяу музыка ойналады). Біз гүлдері мен шөбі жайқалған көгалға саяхат жасаймыз. Көгалда жасыл шөп, сылдырлап аққан бұлақты көреміз. Құстардың дауысы қандай әсем! Енді көздеріңді ашуларыңа болады.

Балалар өздерінің пікірін айтып бөліседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар, жаңа біз саяхатқа шыққанда тас-тастың арасымен не ағып жатты?

 

 

Су туралы сендер не білесіңдер?

 

 

- Сендер су туралы біраз біледі екенсіңдер? Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар?

 Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз. Мен не істедім? (Суды төгеді, кранды ашып суды ағызады).

Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандағы суды тәрелкеге құйыңдар?

Енді губканы суға батырып, бір қолмен ақырын ғана сығыңдар, не байқадыңдар?    

- Балалар, суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни су сұйық екен. Су қандай екен?       

- Сендер тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер?

- Сүттің түсі қандай? (Ақ)     

- Судың түсі қандай екен, ыдыстағы суға қараңдаршы?       

- Дұрыс айтасыңдар, су түссіз. Ал сендер        судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай  болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға         өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар. 

- Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стақандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?

- Судың дәмін қалай өзгертуге болады?    

Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар.        

- Судың дәмі қалайша тәтті болып кетті.

- Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?  

- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар   затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.      

Енді төртінші стақандағы суды алып иіскеп керіңдерші, иісі кандай?

- Демек, судың иісі болмайды екен. Суға иіс май қосса ғана оның иісі шығады.

Біз бүгін балалар, су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадық. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су болмаса не болар еді.

 

Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.

 

- Ал сендер суды үнемдеу керектігін білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды екен.

Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырып болғаннан кейін дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.

        

Су ағып жатты.

 

 

Балалар жауап беруге тырысады.

 

1-тәжірибе. Балалар кіші стақандағы суды

тәрелкеге құяды.

Оның формасының

өзгергендігін байқайды. Губканы

сығып, тамшылардың

пайда болғанын

айтады.

 

- Сұйық.

Сүт сұйық, кампот,

шырын сұйық.

 

Балалар суға қарап,

түсі жоқ екендігін

айтады.

2-тәжірибе. Балалар өздеріне ұнаған бояу

тамшыларын суға

қосып, араластырады да судың түсінің қандай түске

өзгергендігін айтады.Балалар суды ішіп көріп, дәмінің жоқтығын айтады.

 

Бал, тосап, қант қоссақ, судың дәмі өзгереді.

3-тәжірибе. Балалар

суға қант салып

араластырады да ішіп

көреді. Судың дәмінің

тәтті болғандығын

айтады.

 - Өйткені біз суға қант қостық.

- Ащы болады.

Иісі жоқ.

Балалар сабын, сусабын қосса да судың иісінің шығатындығын айтуы мүмкін.

- Су адамдарға тамақ пісіру үшін, кір жуу үшін, шомылу үшін, шашын жуу үшін, шай қайнату үшін керек.

- Балалар судың қасиеттерін айтады.

- Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

 

 

Рефлексия-

лық-түзету

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

 

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Меңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА 24

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА 24

Балалар, жаңа біз саяхатқа шыққанда тас-тастың арасымен не ағып жатты?

Балалар, жаңа біз саяхатқа шыққанда тас-тастың арасымен не ағып жатты?

Күтілетін нәтиже : Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін

Күтілетін нәтиже : Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018