ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 4.doc
№ 4 технологиялық карта Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекет түрі: Экология. Тақырыбы: бөлме өсімдіктері жүзжұлдық (алоэ) және аспидистра. Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып,  олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктердің өсуіне жарық ,  ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсіктерін  кеңейту. Бөлме өсімдіктерін күтіп­баптай білуге баулу. Көрнекіліктер: ыдысқа  отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті  бейнелеген үлестірмелі суреттер. Қажетті құрал­жабдықтар: жұмыс дәптері, гүлдерді күтіп­баптауға арналған  құралдар. Әдіс­тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық. Іс­әрекет кезеңдері Мотивация лық­қозғау шылық              Ұйымдасты рушылық­ ізденістік Тәрбиешінің іс­әрекеті Балалардың іс­әрекеті ­Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар. Қысы­жазы жасыл боп Терезе алдыңда тұрады. Шаңды өзіне жұтып ап, Ауаны да тазартады. Ол не балалар? Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін  ұстаған түрлерін гүлдер патшайымы келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін,  өзін таныстырады да , балаларға гүлдер  әлемінен сыйлық ала келгенін  айтады.Қолындағы бөлме өсімдіктерін  балаларға көрсетіп,қандай өсімдік екенін   сұрайды. Гүлдер патшайымы: ­ балалар , мына гүлдің аты – алоэ, ал мына  гүл – аспидистра. Кәне , қайталаймыз.  ­ балалар,мен сендерге осы екі бөлме  өсімдігін күтіп – баптасын , қамқор болсын  деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер  әлеміне баруым керек. Себебі:онда мені  көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендер  өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар. Егер де осы өсімдіктер  Туралы сұрақтарың болса, үш рет  алақандарыңды соғып, «гүлдер патшайымы, дыбыс қат» десеңдер болғаны, мен өзім  келмесем де, сұрақтарына жауап бере  Гүл. Балалар білетін болса,  гүлдердің аттарын  айтып береді.   ­ Алоэ , аспидистра Балалар гүлдерді ұстап,  олардың жапырағы мен  сабағына т.б бөліктеріне мән беріп қарайды. ­ Аспидистра  ­ Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын. өздері  топтасып өседі.  Жапырағы жасыл.  Алоэның жапырағына  қарағанда жұқа. Оның  да тамыры бар. Ол  топырақтың астында  жасырынып жатыр.   Балалар қарсы  еместіктерін білдіріп,  қолдарын үш рет  шапалақтап: «Гүлдер  патшайымы бізге  аспидистра өсімдігі  туралы айтып беріңіз, ­  дейді.» аламын.   Қоштасып, шығып кетеді. Енді,балалар, бұл  гүлдермен жақсылап танысайық (балаларға  бөлме өсімдіктерін бақылап, зерттеу жүргізуді  ұсынады). Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және  Мадагаскар аралынан келген екен.  Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсімдіктер  көп кездеседі. Алоэ өсімдігінің  жапырақтары сүйір , шырынды, қатты  (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы  ұлпасы бар) , қалың қабықты, шеттері өткір  тікенді болып келеді. Негізінен құрғақ әрі  құмды шөлдерде өседі. Мүмкіншілігі  болғанша , күннің шуағы түсетін, жаздың  күндері ашық жерге орналастырған жақсы.  Қыста жарық жерде , ауа температурасы   +10с деңгейінде болатын орында ұстауға  болады. Жаз уақытында алоэның су  сақтағыш ұлпалары ылғалдылықты көп  қажет етпейді.Сондықтан әрбір суарудан  соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек.  Қыста салқын жерде тұратын болса, көп  суарудың қажеті жоқ.  ­ Ал мұна бөлме өсімдігі қалай аталады  дедік?  ­ Аспидистра өсімдігі туралы кім не  біледі? Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар.  Енді маған осы гүл туралы айтып  беріңдерші ­ Жарайсыңдар , балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар. Дегенмен де біз аспидистра  өсімдігі туралы толық білмейтін  сияқтымыз. Сондықтан гүлдер патшайымын шақырсақ қайтеді. Осы кезде үнтаспадан  дауыс естіліп, аспидистра өсімдігі туралы  мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі  өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын  (50 см), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр  болады. Жапырағының ұзындығына бола  оны «Биік аспидистра» деп атайды. Үй  жағдайында терезе алдын және үстел үстін  көмкеруге қолданады. Аспидистра жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де  өсе береді. Қыста ауа температурасы 15с­ тан төмен болғаны дұрыс. Көктемнен күзге дейін топырағын  құрғатпай , жиі суғару қажет. Қыста суғару азайтылады. Ауаның құрғақ болғанына  аспидистра гүлі шыдамды келеді». Сергіту сәті Біз кішкентай балдырған, Сескенбейміз жаңбырдан. Төбемізде қолшатыр, Алдымызда жол жатыр. Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі.  Бірінші «Таным» орталығындағы балаларға  «Ғажайып гүл» ойының шартын түсіндіреді. Ойын шарты бойынша бірінші өсімдіктің  дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін  іріктеу, екінші өсімдіктің өсу жолдарына  қарай суреттерді ретімен қою  тапсырылады. «Әлеуметтік»  орталығындағы балаларға өсімдіктердің  жапырағын сүртіп, топырағын қопсытып,  суғару тапсырылады. Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл­күйлерін, немен  айналысқандарын, не үйренгендерін  сұрайды. Рефлексия лық­түзетушілік Сергіту сәтінің сөзін  қайталай отырып,  қимылдар жасайды.  Бірінші «Таным»  орталығындағы балалар  бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті ауа, су,  жарық, топырақтың  суретін іріктейді. Екінші өсімдіктіктің өсу  жолдарына қарай  суреттерді ретімен  қояды. Екінші «Әлеуметтік»  орталығындағы балалар  бөлме өсімдіктерінің  жапырақтарын сүртіп,  топырағын қопсытып,су  құяды. Дәптерде берілген  тапсырмалдарды  орындайды. Сабақтағы көңіл­ күйлерін дәптердегі  таңбаларға белгілейді.    Күтілетін нәтиже: Біледі: өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді;  өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.  Игереді:алоэ, аспидистра өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын,  өсімдіктерінің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің  қажеттілігін. . Меңгереді: бөлме өсімдіктерін күтіп – баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды,  өсімдіктерді күтіп – баптау кезінде ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым­ қатынас орнатуды.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018