ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 11.doc
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекет түрі: Экология. Тақырыбы: Тиін. Мақсаты:Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне танымдық  қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту. Көрнекіліктер: тиіннің суреттері, тиіннің тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.  суреттері. Қажетті құрал­жабдықтар: жұмыс дәптері. Әдіс­тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Оқу іс­әрекетінің кезеңдері Мотивациялық­ қозғаушылық Ұйымдас­ тырушылық­ ізденістік Педагогтің іс­әрекеті Шаттық шеңбері: Балаларға музыка қойып, балаларды шаттық  шеңберіне шақыру. ­Балалар хайуанаттар бағына кім барады ? Ол жерден қандай аңдар көргендеріңді еске  түсіріңдерші? ­Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін  табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңның  суретін тақтаға іледі. 1. Өзі бір қу Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң ? 2. Қорбаң, қорбаң етеді, Орман оның мекені.  Тәтті балға тойып ап, Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? 3. Сұр түсті Ақсиған көп тісті. 4. Секең, секең етеді,  Орман оның мекені.  ­Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім  айтып береді? ­Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да  мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың  басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз. Міне, мынау­тиін (суретін көрсетеді).  ­Дұрыс айтасыңдар, демек, тиін қарағайлы  ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің  келсе, алдыларыңда тұрған суретке назар аударыңдар.  ­Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай ? Енді мен сендердің айтқандарыңа кішкене  толықтырулар енгізейін. Ол үшін біз қазір тиін туралы  түсірілген бейнетаспаны қараймыз. (Бейнетаспадан  балалар тиіннің тіршілігі туралы толық ақпарат  алады). Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың  жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады.  Баланыңіс­әрекеті Бір­біріне алақан арқылы жылу беріп, бір­біріне  жылы сөздер айтады. Балалар хайуанаттар  әлемінен аю, қоян, түлкі,  қасқыр, піл, арыстан,  маймыл т.б. аңдарды  көргендерін айтады. ­Түлкі(түлкінің суретен  іледі). ­Аю (аюдың суретін  іледі) ­Қасқыр (қасқырдың  суретін іледі). ­Қоян (қоянның суретін  іледі) ­Тиін (тиіннің суретін  іледі) Балалар суретке қарап,  аңдар туралы  білетіндерін әңгімелейді. ­Бар. ­Тиіннің түсі қызғылт,  үстінде жүні бар,  құйрығы ұзын, құлағында шашағы бар, әдемі  көздері жылтырап  тұрады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар, қалай ойлайсыңдар  тырнақтары қандай қызмет атқарады ? ­Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай  қызмет атқарады? Дұрыс айтасыңдар, олар құйрықтарын ағаштан­ағашқа секіру кезінде тепе­теңдікті сақтау үшін және аязды  күні суықтан қорғану үшін қолданады. Олар қатты  суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын  жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды. Қыстыгүні  тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалың, ұзын, ал  жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған  болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және  көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуесіне  не жартас жарығына салады. ­Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды? Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоқ жүрсе де, қыс  маусымына дайындық жасайды екен. Олар қыс  маусымына қалай дайындалады ? ­Оларды қай жерге жиналады ? ­Дұрыс айтасыңдар, ағаштардың қуыстары мен ойық  жерлеріне тасып қор жинайды. Уақыт өте келе олар  жемін қай дерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс  түскенде олар жинаған қорларының кейбіреуін ғана  кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай  аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы  пайдаланады.  Миға шабуыл:  ­Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп­ өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты  өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар  өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін? Сетгіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы  түсіндіреді. Рефлексиялық­ түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,  көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не  үйренгендерін сұрайды. ­Ағаштың діңдерін ойып,  қуыс етіп жасайды. ­Шырша, балқарағай  жаңғақтарымен  қоректенеді. Олар ағашқа өрмелеп шығуы және  қорегін ұстап тұруы үшін ыңғайлы.  ­Тиіндер тісімен қатты  жаңғақтарды шағып әрі  кеміріп жей алады. Ал  құйрығы ағаштан ағашқа  секіру үшін керек. ­Қыста жеу үшін  жаңғақтар мен  саңырауқұлақтар   жинайды. ­Ағаштардың жемістері  мен жаңғақтарын,  бүрларін,  саңырауқұлақтарды  жинайды. Ағаштардың  түбін қазып көміп  тастайды. ­Тиіндер жерге көмген  жаңғақтары мен  дәндердің орнын ұмытып  қалады. Сол көмілген  жаңғақтардан көктемде  өсімдіктер өсіп шығады.  Сергіту сәтінің сөзін  қайталай отырып,  қимылдар жасайды. Балалар дәптерде  берілген тапсырманы  орындайды. Сабақтағы көңіл  күйлерін дәптердегі  таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға  жауап беріп, пікірлерімен бөліседі. Күтілетін нәтиже: Біледі:тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын, олардың  көбінесе орманда тіршілік ететіндігін, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы. Игереді: тиінді танып байқап, сипаттап береді; тіршілігін, мекенін,құйрығы мен  тырнақтарының қызметін, олардың табиғаттың көркеюіне, өсіп­өнуіне көмегі тиеді. Меңгереді:  тиіндердің табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пайдасы,  тиіндердің түстерінің тіршілік етіп жүрген ортасына қарай өзгеріп тұратындығы және  бейімделуі туралы білімді игереді.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018