ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Т е х н о л о г и я л ы қ к а р т а д л я д е т е й д о ш к о л ь н о г о о б р а з о в а н и я 4 - 5 лет.
Кесе мусиндеу.docx
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: Кесе Мақсаты:  Білімділік: мүсіндеудің созу, тегістеу, сылау сияқты техникалық әдістерін  қолдануға, түстерді қабылдай білуге, ермексазды дұрыс қолдануға үйрету. Дамытушылық: белсенділігін, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелілік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: әртүрлі (ағаштан, шыныдан, фарфордан жасалынған) кеселер,  ермексаз, тақтайша. Қажетті құрал­жабдықтар: слайд, суреттер. Әдіс­тәсілдер: түсіндіу, сұрақ­жауап, әңгімелесу, көркем әдебиет. Оқу іс­әрекетінің кезеңдері  Мотивациялық­ қозғаушылық Ұйымдас­ тырушылық­ ізденістік Педагогтің іс­әрекеті Баланың іс­әрекеті Шаттық шеңбер:  Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да, қайда да, Достар бір­біріне, Сенімді боламыз. Екі деген екі дос, Бірін­бірі  қимайтын. Артық­кемді етпей сөз, Бірін­бірі сыйлайтын. (Е.Өтеутілеуұлы) Есіктен Балдырған жылап  кіреді. ­Ой қуыршақ Жанар, саған  не болды, неге жылап  тұрсың? ­Мен таңғы асымды ішкелі  отырып кесемді сындырып  алдым.  ­Болды, жылама. Қуыршақ  Жанар біз саған кесе жасап  береміз. ­Балалар, онда бүгін біз  қуыршақ Жанарға кесе  жасап берейік.  ­Маған көк түсті, әдемі  өрнегі бар кесе жасап  Балалар өлең жолдарына байланысты қимылдар  жасайды. ­Қуыршақ Жанар  жылама деп жұбатады. ­Балалар көмектіскілері  келеді.  ­Әдемі кесе жасап  берейік. беріңдер. ­Балалар, ондай кесені біз  қайдан табамыз, мүмкін біз  интернеттан суреттерге  қарап көрерміз. ­Ой, балалар, қараңдар,  қандай әдемі өрнегі бар  кеселер, осының ішінен ең  әдемісін таңдап алып, сол  кесені мүсіндейік. Педагог  жұмысты бастамас бұрын  ермексазды қолдану  ережелерімен таныстырады: 1.Ермексазды үстелге емес,  арнайы тақтайшаларға қою  керек. 2.Жұмыстан кейін қолды  ыстық сумен сабындап  жууған дұрыс. 3.Тақтайша мен таяқшаны  жұмыстан кейін міндетті  түрде тазалаған немесе  жуған жөн.  ­Кесе жасау үшін көк түсті  еремексазды ортасынан  бөлеміз. Енді оны  алақанымызға салып  домалақтаймыз. Оның  ортасын қарындашпен оямыз. Енді саусақтың ұшымен  шетін кеңейтеміз және екі  саусақпен шымшу арқылы  түбін шығарамыз. Сергіту сәті:  Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз. (М.Жұманбалиев) ­Шаршағанымыз басылды  ма? ­Ал, енді дайын болған  кесемізді өрнекпен  безендіріп, әсемдейік. Балалар сергіту  жаттығуын орындайды. ­Балалар кесені  өрнекпен безендіріп   әдемілейді. ­Қызыл түсті ермексазды  алып, алақанымызға салып  есіп, шығыршақтап өрнек  жасап орнатамыз. ­Міне, әдемі кесеміз дайын  болады. ­Қуыршақ Жанар, мынау  саған арнап жасалған  кесеміз, енді бұл кесені біз  саған сыйлаймыз.  ­Рахмет, балалар, енді мен  бұл кесемен шай ішіп  отырып сендерді еске  аламытын боламын. ­Балалар, менің кететін  уақытым болды. Рахмет  сендерге. Сау болыңдар.   Суреттерді бояу.  Дидактикалық ойын  «Суретті аяқта» Кесе мен  шәйнектерді бояу. Үлкен  шәйнек пен үлкен кесені,  кіші шәйнек пен кіші кесені  сызықтар арқылы қосу. Ыдыстарды жинаймыз, Үлкендерді сылаймыз. Кесе, қасық – бәрін де, Өз орнына қоямыз. ­Сау болыңыз. Шәйнек пен кесені  әдемілеп бояйды. Өлеңді жаттайды. Рефлексиялық­ түзетушілік Күтілетін нәтиже: Біледі: кесенің күнделікті қажет бұйым екенін, түрін біледі. Игереді: кесені мүсіндеуді. Меңгереді: өрнектің түрін ермексаздан жасауды.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018