По информатике тесты. 6-клссником. Тама вопросы и снизу сразу ответы есть. Я сама это тесты приготавливала. Удобные и не трудные которые мы сами проходили, в книге все есть. 6-клссноиком на первую полугодие можно эти тесты дать. Мы проходили все эти темы.
6 сынып тест 1.docx
6сыныпқа арналған тест сұрақтары (І тоқсан бойынша)
1.Информатика – бұл … ғылым
А)техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру
туралы;
Ә)мәліметтерді сақтау және берілгендерді сұрыптау
туралы;
Б)ЭЕМ көмегімен ақпараттарды жинақтау, өңдеу , сақтау
және беру, оның қасиеттері, берілу тәсілдері туралы;
В)оқу процесінде компьютерді пайдалану туралы.
2. Компьютердің жұмыс жасауы үшін кіретін қажетті
құрылғылар:
А)принтер, жүйелік блок, пернетақта;
Ә)жүйелік блок, дискінің қозғағышы, тышқан;
Б)жүйелік блок,
монитор, пернетақта;
В)процессор, тышқан, монитор
3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А)1010 см
Ә)2030 см
Б)4050 см
В) 6070 см
4. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А)сезу мен көрудің
Ә)иіскеу мен естудің
Б)есту мен көрудің
В)көру мен дәмін тату арқылы
5. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен
ақрараттың қай түріне жатады?
А)мәтіндік және графикалық
Ә)графикалық және естілетін
Б)электромагниттік және көрінетін
В)цифрлық және музыкалық
6. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А)қағазды
Ә)дискіні
Б)тасты
В)суды
7. Қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс әрекет
қалай аталады?
А) ақпарат
Ә) ақпараттық үдеріс
Б)ақпарттың дәлдігі
В)ақпараттық қабылдау
8. Шындық,толықтық,дұрыстық,дәлдік,өзектілік,құндылық
бұлар:
А)ақпараттың қасиеттері
Ә)ақпараттың түрлері
Б)ақпараттық үдеріс
Ақпараттық орта
9.Вирус ол ...
А)дискілерді тексеру құралы
Ә) файлдарды көшіруге арналған программа
Б) операциялық жүйедегі қателердің салдары
В) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа
10.Антивирусол...
А)файлдарды сығуға арналған программа
Ә)файлдарды көшіруге арналған программа
Б)компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
В)вирустарды құруға арналған программа
11.Файлдарды мұрағаттау деген не?
А)файлдарды Қоржынға жою
Ә)оларды жеке бумаға біріктіру
Б)оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою
В)кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын
12. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер:
А)Windows
Ә)Microsoft Word
Б)Paint
В)WinRar
13.Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
А)шоттар
Ә) Арифмометр
Б)калькулятор
В)соробан
14. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
А)1946 ж.
Ә)1949 ж.
Б)1980 ж.
В)1956 ж.
15. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасыол:
А)транзистор
Ә)интегралдық сызба
Б)электрондық лампа
В) үлен интегралдық сызба
16. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:
А)транзистор
Ә)интегралдық сызба
Б)электрондық лампа В) үлен интегралдық сызба
17. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай
аталады?
А)АВС
Ә)ДВК
Б)БЭСМ2
В) ENIAC
18.Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?
А)екінші
Ә)үшінші
Б)төртінші
В) бесінші
19.Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?
А)пернетақта
Ә)монитор
Б)сыртқы жады
В)процессор
20. Ақпаратты енгізу құрылғысы:
А)процессор
Ә)принтер
Б)пернетақта
В)компьютердің жады
21. Алгоритм дегеніміз ...
А) іс әрекет
Ә) толық сипатталған тапсырма
Б) алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешудедегі
жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
В) математикалық есептің шешілуі
22. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?
А) техникалық қауіпсіздік ережесі
Ә) Аспаздық рецепт
Б) сабақ кестесі
В) сынып тізімі
23. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) жазу үстелі
Ә) адам
Б) ыдыс жуаиын машина
В) робот
24. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) бітіру
Ә) Алгоритмдегі іс әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
Б) Орындау
В) Соңы
25. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына
жатпайтынын көрсетіңдер:
А) сөздік
Ә)графикалық
Б) алгоритмдік тілде
В) ағылшын тілінде
26. Блок сызба алгоритміндегі іс әрекет дегеніміз қандай фигурада
жазылады.
А) сопақша
Ә) тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) алтыбұрыш
27. Блок сызба алгоритміндегі енгізу шығару мәліметтері
қандай фигурамен беріледі?
А) сопақша
Ә тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) параллелограмм
28. Блок сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай
фигурамен беріледі?
А) сопақша
Ә тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) параллелограмм
29.Егер алгоритмдегі ісәрекет бірінен кейін бірі қатаң
түрде орындалса .... алгоритм деп аталады.
А)сызықтық
Ә) тармақталған
Б) толық емес формадағы тармақталған алгоритм
В) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм
30. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп
атаймыз?
А) сызықтық
Ә) тармақталған
Б) ондай алгоритм жоқ
В) таңдау алгоритмі
Тест сұрақтарының
жауаптары:
1. а б 15. б 29.а
2.б 16. а 30.ә
3. ә,в 17.в
4.б 18. б
5.а 19.в 6.в 20. б
7.ә 21. б
8.а 22. ә
9.в 23.а
10.б 24. в
11.б 25. в
12.в 26. ә
13.б 27. в
14.а 28.а
Тест
Тест
Тест
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.