Всемирная история — процесс развития человеческого общества в целом, для которого характерны закономерности, проявляющиеся в истории всех народов. Всемирный исторический процесс начинается с появлением человеческого общества и в зависимости от общих отличительных особенностей условно делится на хронологические периоды. Историческое развитие человечества реализуется двумя способами: путём постепенного прироста открытий и находок, а также путём качественных скачков или революций, составляющих эпохи в материальной и духовной эволюции.тест для подготовки ВОУД
тест каз тарх.docx
VІ БӨЛІМ
1. Дін қызметшілері мен мұсылман діни мекемелерінің жер (і, лері):
A) Иқта
B) Вақф
C) Харадж
D) Тағар
E) Сойырғал
Жауабы: В
2. 1920 жылы желтоқсанда Франция коммунистік партиясы құрылған қала (лар):
A) Шампань
B) Тулуза
C) Версаль
D) Рур
E) Анжу
F) Париж
G) Компьен
H) Лион
Жауабы: D
3. Дүние жүзіндегі ең ежелгі жазу жүйесін қалыптастырған халық (тар):
A) финикиялықтар
B) аккадтықтар
C) шумерліктер
D) египеттіктер
E) сириялықтар
F) вавилондықтар
G) лагаштықтар
H) урартулықтар
Жауабы: С
4. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімін қабылдаған мемлекет (тер):
A) Франция
B) Бельгия
C) Дания
D) Неаполь
E) Австрия
F) Англия
G) Испания
H) Ресей
Жауабы: Е, F, Н
5. Вена когресінің нәтижесі:
A) Еуропада монархиялық билік жойылды
B) Герман одағы таралды
C) Нидерланды корольдігі құрылды
D) Францияда ІІ Республика жарияланды
E) Еуропа елдерінің байланысы әлсіреді
F) Саяси тұрақсыздық қалыптасты
G) Сардиния корольдігі қайта құрылды H) Франция сақталып қалды
Жауабы: С, G, Н
(1814 жылдың қыркүйегiнде Вена қаласына бүкiл Еуропа мемлекеттерiнiң өкiлдерi конгреске
шақырылды. Венаға 216 мемлекеттiң өкiлдерi келдi. Конгресс шешiмiн төрт мемлекет — АВСТРИЯ,
АНГЛИЯ, ПРУССИЯ және РЕСЕЙ қабылдады.
Францияның маңайында “тосқауыл” мемлекеттер пайда болды. Дамыған және бай Бельгия әлсiз
Голландиямен бiрiгiп НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДЫҒЫН ҚҰРДЫ. Италияда САРДИНИЯ
КОРОЛЬДЫҒЫ қайта құрылып, оған Генуя қосылды, сондайақ Савойя мен Ницца қайтарылды.
Тепетеңдiктi орнату үшiн ұлы мемлекеттер қуатты ФРАНЦИЯНЫ САҚТАУ туралы шешiм
қабылдады. 1815 жылдың қарашасында төрт жеңiмпаз мемлекет Франциямен оның революцияға
дейiнгi шекарасын бекiтетiн келiсiмшартқа отырды. Франция өз аумағын жоғалтқан жоқ).
6. XX ғ. Кәшмір жері үшін қарулы қақтығыстар жүргізіп жатқан елдер:
A) АҚШ пен Ресей
B) Үндістан мен Пәкстан
C) Үндістан мен Ауғанстан
D) Қытай мен Бангладеш
E) Қытай мен Пәкстан
Жауабы: В
(1947 жылы лейбористер Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін
шығарар алдында елді екі мемлекетке (доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі Үнді Одағы (бір
топ провинциялар және князьдықтар). Екіншісі Пәкстан. Екі елдің тәуелсіздігі 1415 тамыз
күндері жарияланды. Жаңа өмірге келген екі бауырлас ел арасында КАШМИР және ЖАММУ
князьдығы үшін соғыс басталды. Ол 1949 жылғы 1 қаңтарға дейін созылды).
7. 18611885 жылдар аралығында АҚШтағы билік еткен партия:
A) Консерваторлық
B) Демократиялық
C) Республикалық
D) Социалистік
E) Жалпыштаттық
Жауабы: С
(1854 жылы Чикаго қаласында республикалық партия құрылды. Оның жетекшiсi Авраам Линкольн
америкалық демократияның негiздерiн қара құлдарды азат ету және аграрлы мәселелердi шешу
арқылы елеулi түрде кеңейттi. Республикалық билiк 1861 жылы басталып, 1885 жылға дейiн, яғни
Ақ үйде жаңа президентдемократ пайда болып, қоспартиялық жүйенi толық қайта орнатқанға
дейiн жалғасып келдi).
8. ХVІІХVІІІ ғасырларда Ресейдегі қайта құруларды жүзеге асырды:
A) ІІ Николай
B) ІІ Елизавета
C) І Петр
D) ІІ Александр
E) ІV Иван
(XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiндегi І Петр жүзеге асырған қайта
құрулардың нәтижесiнде Ресей ұлы державаға айналды).
9. Ұлы Моғол мемлекетінің билеушілерінің бірі:
A) Ұлықбек
B) Говинд C) ІІІ Селим
D) Дуррани
E) Аурангзеб
Жауабы: Е
(Аурангзеб падишах (16581707) моғолдардың соңғы билеушiсi )
10. ХVІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Үндістанның солтүстігіндегі мұсылман мемлекеті:
A) Сикха
B) Раджпутра
C) Дели сұлтандығы
D) Харши
E) Гупта
Жауабы:С
11. 1921 ж. Түркияның Сакария шайқасындағы жеңісінен кейін М.Кемалға берілген атақтар:
A) инам, генерал
B) маршал, қазы
C) капитан, маршал
D) лейтенант, қазы
E) халиф, паша
Жауабы: В
(1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті
болып М. Кемал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы
берілді).
12. 16181648 жылдары Испания соғыс жүргізген ел (дер):
A) Испания
B) Германия
C) Англия
D) Польша
E) Франция
F) Дания
G) Голландия
H) Швеция
Жауабы: E, G, H
(1618 жылы ФРАНЦИЯ ШВЕЦИЯ, ГОЛЛАНДИЯ, ДАНИЯ жағында ГЕРМАНИЯ, ПОЛЬША, ЛИТВА,
ИСПАНИЯҒА қарсы соғысқа қатысты. Ол соғыс 30 жылға, яғни 1648 жылға дейiн созылды.
Cоғыстың нәтижесiнде Франция Германиядан Эльзас жерiн тартып алды. Испаниямен соғыс тек
1659 жылы аяқталды).
13. Балқан түбегінің Оңтүстік Пелопоннес аймағында орналасқан мемлекет:
A) Спарта
B) Рим
C) Грекия
D) Македония
E) Афины
Жауабы: А
14. 1358 жылы Жакерия деп аталған шаруалар көтерілісінің басшысы:
A) Ян Гус
B) Батыр Карл C) Жанна д’Арк.
D) Гильом Каль
E) Уот Тайлер
Жауабы: D
(Соғыс ауыртпалығы француз шаруаларының наразылығын туғызды. 1358 жылы олар көтерiлiске
шықты. Көтерiлiс Жакерия деп аталды. «Жак» деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан.
Француз шонжарлары шаруаларды келеке етiп солай атайтын. Шаруалар отрядтарын Гильом
Каль басқарды.)
15. ХVІІ ғасырда Моңғолия жерінде болған хандықтардың бірі:
A) Жоңғар хандығы
B) Ойрат хандығы
C) Хошаут хандығы
D) Торғауыт хандығы
E) Моңғол хандығы
Жауабы: А
16. 19501960 жж. Түркияның саяси билік басында болған Демократиялық партияларының
басшыларының бірі:
A) Джемал Баяр
B) Абдулла Гюль
C) Сүлеймен Димерел
D) Тұрғыт Озал
E) Ахмет Неджит Сезер
Жауабы: А
(Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартиялық саяси тәртіпті жақтайтынын білдірді. Сол жы
лы қаңтарда бұрыннан келе жатқан Халықтық Республикалық партиядан бөлініп шыққан
Түркияның Демократиялық партиясы құрылды. Демократиялық пар тияның басшылары: Джемал
Баяр республика президенті, Аднан Мендерес премьерминистр болып сайланды. Олар саяси
билік басында 10 жыл (1950—1960 жж.) отырды).
17. Батыс Рим империясы құлаған жыл:
A) б.з.б. 71 ж.
B) б.з.б 476 ж.
C) б.з.б. 455 ж.
D) б.з.б. 452 ж.
E) б.з.б. 451 ж.
F) б.з.б. 475 ж.
G) б.з. 74 ж.
H) б.з.б. 410 ж.
Жауабы: В
(Негізінен б.з. 476 жылы. Опечатка)
18. Ахейлік қаламемлекет (тер)
A) Пилос
B) Микены
C) Тиринф
D) Тушпа
E) Вавилон
F) Мемфис
G) Фивы H) Ашшур
Жауабы: А, В, С
19. 1608 француз отарының орталығ болған Квебек қаласы орналасқан жер (лер):
A) Боливия
B) Чили
C) Бразилия
D) Мексика
E) Канада
F) Аргентина
G) Гаити
H) Куба
Жауабы: Е
20. Париж Коммунасының қайраткері (лері):
A) Л.Варлен
B) Дж.Брайен
C) Л.Мишель
D) О.Барро
E) Л.Орлеанский
F) Ф.Коннор
G) А.Тьер
H) Я.Домбровский
Жауабы: А, С, Н
(Басталған көтерiлiске жетекшiлiк етудi Ұлттық гвардияның Орталық комитетi өз қолына алды.
1871 жылы 26 наурызда қалалық өзiнөзi билеу органы Париж Коммунасының Кеңесiне жалпы
және төтенше сайлаулар өткiзiлдi. Оған 85 адам сайланды. Жаңа үкiмет Париж Коммунасы деп
аталды. Тұрақты әскер мен полиция Ұлттық гвардия ретiнде қаруланған халықпен ауыстырылды.
Коммуна кеңесi жоғарғы заң шығару және атқару билiгi рөлiн атқарды. Коммунаның белгiлi
қайраткерлерi ЛЕО ФРАНКЕЛЬ, ЛУИ ЭЖЕН ВАРЛЕН, мұғалiм ЛУИЗА МИШЕЛЬ, поляк
революционерi ЯРОСЛАВ ДОМБРОВСКИЙЛЕР болды).
21. КСРО Ұлттар Лигасына мүше болған жыл:
A) 1934 ж.
B) 1936 ж.
C) 1949 ж.
D) 1939 ж.
E) 1924 ж.
F) 1941 ж.
G) 1929 ж.
H) 1944 ж.
Жауабы: А
22. Хеопс пирамидасының шамамен салынған уақыты:
А) Б.з.б. 260 жылы
В) Б.з.б. 60 жылы
С) Б.з. 2600 жылы
Д) Б.з.б. 600 жылы
Е) Б.з.б. 2600 жылы
Жауабы: Е 23. Буддизмді қабылдаған үнді патшасы:
А) Чандрагупта
В) Ашок
С) Маурия
Д) Ракша
Е) Хануман
Жауабы: В (бқл сұрақ бірнеше жауапты тапсырмалардың арасында да бар)
24. Феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады:
A) 500 жыл
B) 476 жыл
C) 51 жыл
D) 1640 жыл
E) 800 жыл
Жауабы: В
25. Египетті ең алғаш біріктіруші патша:
А) Тутмос
В) Рамзес
С) Аменхотеп
D) Менес
Е) Тутанхамон
Жауабы: D
26. 1920 жылыСанРемо келісіміне сәйкес Англия протектораттығын орнатқан елдері:
A) Палестина, Ирак
B) Қытай, Солтүстік Корея
C) Лаос, Сингапур
D) Египет, Алжир
E) Сирия, Алжир
Жауабы: А
27. 1920 ж. Франция өз протектораттығын орнатқан ел (дер):
A) Пәкстан
B) Эфиопия
C) Палестина
D) Сирия
E) Ливан
F) Ирак
G) Түркия
H) Египет
Жауабы: D, E
1920 жылғы сәуірде СанРемо келісіміне сәйкес, Франция Сирия мен Ливанға, Англия Палестина
мен Иракқа өз протектораттығын (қамқоршылық) орнатты.
28. Ортағасырлық Африка мемлекеттері:
A) Гана
B) Кордова
C) Эфталит
D) Аксум
E) Сонгай F) Гупта
G) Харши
H) Цейлон
Жауабы: A, D, E
(Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттiң бiрi АКСУМ болды. Ол қазiргi Эфиопия
мемлекетiнiң солтүстiгiнде III ғасырға қарай құрылған болатын.
VIII ғасырға қарай Африка құрлығының батысында ГАНА мемлекетi күшейе бастады. IX ғасырда
ол көршiлерi – көшпелi берберлер мен жиi соғысып отырды.
Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттердiң бiрi МАЛИ болды. Оның қалыптасуы VIII
ғасырға жатады. XI ғасырда билiк құрып тұрған әулет ислам дiнiн қабылдады. XVI ғасырда
Малидың саясиэкономикалық құлдырауы бас талды. Оған көршi Сонгай, Текрур патшалықтары
шабуыл жасап тұрды. XVII ғасырдың екiншi жартысына қарай Мали қатты әлсiреп, шағын
кiнәздiкке айналды. Мали мемлекетi әлсiрей бастағанда оның шығысындағы СОНГАЙ мемлекетi
күшейiп келе жатты. Ол тәуелсiздiгiн XV ғасырдың басында жеңiп алды).
29. Гладиаторлар шайқасы ойын сауық түріне айналды:
А) Б.з.б. I ғ.
В) Б.з.б. IV ғ.
С) Б.з.б. IІІ ғ.
D) Б.з.б. ІІ ғ.
Е) Б.з.б. V ғ.
Жауабы: А
30. Ежелгі Египет мектебі даярлаған маман (дар):
A) Егіншілер
B) Емшілер
C) Мұғалімдер
D) Абыздар
E) Перғауындар
F) Хатшылар
G) Жауынгерлер
H) Қолөнершілер
Жауабы: D, F
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Тест по всемирной истории
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.