Тіл дамыту ойындары
Оценка 5

Тіл дамыту ойындары

Оценка 5
docx
14.11.2020
Тіл дамыту ойындары
Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар.docx

Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық                                ойындарға нұсқаулық

Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерімен пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуге баланың ойынды саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдастарының қатесін көмектесуде, көрсетуге оған ойын шартын түсіндіріп ойнды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға. Оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжәрибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсырылып отырған дидактикалық ойындарға тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі: монологтың және диологтық сөйлеуге арналған.          Мысалы: «Телефон» орнында бір нәрсе жайында сұралып, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Антоним сөздерімен таныстырғанда жануарларды хайуанаттар бағындағы торларға әкеліп, Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен», «кіші» деп бөліп , оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ақыл-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді өздері салыстыру үшін, қызықтыратын «Зообақа орналастыру» тағы басқада дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдеу үшін «Жалпы қала аталады?»,  «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» деген дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тәрелке, шаншық-ыдыс-аяқтар. Алма, алмұрт, шие, өрік-жемістер. Қияр, картоп, сәбіз, қызылша-көкөністер. Көйлек, қамзол, тақия, бешпент-киімдер. Етік туфли-аяқкиімдер. Үй жиһаздарын ата. Диван, төсек, үстел, орындық, теледидар. Отбасы мүшелерін ата: Әке, шеше, ата-әже, аға-іні, қарындас. Оқу құралдарын ата: Кітап, діптер, қалам, өшіргіш, т.б.  

       Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар: «Біздің көңіл-күйіміз» «Қоянның көңіл-күйі» т.б. арқылы ым, мимиканы әр түрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ым, мимикамен көңіл-күйді салып оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағамен қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл-күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.

         Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардық мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетілді. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілім дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, онда белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 


 

Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарға нұсқаулық

Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарға нұсқаулық

Алма, алмұрт, шие, өрік-жемістер

Алма, алмұрт, шие, өрік-жемістер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.11.2020