Тілім-тірлігімнің айғағы
Оценка 5

Тілім-тірлігімнің айғағы

Оценка 5
Библиография +1
docx
изобразительное искусство
9 кл—10 кл
08.05.2020
Тілім-тірлігімнің айғағы
Ұстаздық- қасиетті де, қадірлі мамандық. Өйткені өз бақытын ел баласын оқытудан табатын ұстаз еңбегі салмақтап өлшеуге келмейтін, ешбір кәсіп иелерінің еңбегімен салыстыруға болмайтын ауыр жол. Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрысорындауға баулу. Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысынқалыптастыру. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.
Тілім менің.docx

«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрысорындауға баулу.

Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысынқалыптастыру.

Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Ерлік, елдік,бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.

Сәләмәтсіздарма құрметті ұстаздар. 5 «ж» сыныбының Тіл апталығына орай өткізіп жатқан «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Хор: Қазақстан Республикасының Гимні.

Жүргізуші:

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің ауылынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлдененең көк атының қолжаулығына айналады.

Әрине тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам – қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі бөлінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс – соның айғағы.

Шүкір бүгін де тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Бірақ жаныңа бататыны – сол арындап басталған ұлы істің аяғы нәтижесіз тез басылып қалғандығы. Жиырмасыншы жылдары да солай болған. Әрине, оның себептерін бәріміз де білеміз, елі мен тілінің намысын көтерген ағаларымыздың көбі басы байлауда кетті.

Тұяқ серпуге шамасын келтірмеді.

Сондықтан да тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

«Ана тілім – бабалардың жалғасы» бөлімінде 5 «ж» сынып оқушыларының ана тілі туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1.    Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы заңың енді күшіне,

Паш еткендей мұңды жүрек түндігін.

Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар»

«Халық жауы» атандың – ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда

Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

2.    Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек қасиетті төрт ана;

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

3.    Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер

Ана тілің – анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

4.    Ана тілім – тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам – өлі мынау дүние

Түсініксіз тылсыммен бір еді.

Ана тілім – әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой – санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

5.    Ана тілім – айна түсер аймағы

Елім, жерім, ұлтымның айғағы.

Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп,

Жеткізетін мәні, нәрі, қаймағы.

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам не білем,

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

6.    Ана тілім – болашағым, ертеңім.

Ана тілім жыр дастаным, ертегім

Өз тілімді «өз тілім» деп ардақтап,

Әрқашанда әнге қосып өтемін.

Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл ала қылмай,

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақта көзіңнің жанарындай.

7.    Тілім менің сан мың жылдан сақталған,

Ең көрікті, ең таза боп ақталған.

Көкірегіме күдікті ой түссе де,

Көңілімде көктемдей боп жатталған.

Бұл тілімде сөйлеген шешендер де,

Шешендер де, ақындар, көсемдер де,

Аллаға мың шүкірлік айтудамын,

Тілімді тас төбеге көтергенге.

Анамның сүтіменен дарыған – тіл,

Әкемнің құтыменен дарыған – тіл

Жаханда жаңғыруда қазақ тілі

Әлемге әйгілі боп танылған тіл.

8.    Қазағым тіліңменен жана берші,

Әуендетіп әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін қазақ тілі,

Көкейімде жатталып қала берші.

Қасиетті үніңнен тілім менің,

Көгімдегі нұр шашқан күнім менің

Өмір болып жатса түңілгенім,

Сол тіліммен шаттанып күлімдедім.

Жаса тілім, жаңғыршы, шарықташы,

Өзге тілден басып оз қалыспашы,

Қазақстан - Отаным тіліңменен

Көк аспанда көк туым қалықташы.

Жүргізуші:

Иә, ана тілі туралы сыр шертпеген ақын жоқ шығар сірә. Әсіресе оны айтыс өнерінен көруімізге болады.

Бір кезде жоғалтып алған асылымыз, отыз жылдан кейін қайтып келген салтымыз – айтыс. Сендер оны теледидардан тамашалап жүрсіңдер.

Талай айтыскерлер Қазақстанның халық ақыны атанды. Міне сол айтыстың бір түрі – бәдік айтыс. Наурыз мерекесі аясында өткізілген қыз бен жігіт айтысын тамашалаңыздар. Ортада Оразбайұлы Әлфараби және Бисенбекова Айсұлу.Қай топ жеңіске жетеді екен бірге тамашалайық.

1.    Қыз:

Дел – сал ғып туған дала атырабын,

Бұл наурыз бүгін шырқап жатыр әнін.

Айтайық кемшілікті бетке басып,

Ей, құрбым кел айтысқа шақырамын.



2.    Жігіт:

Дегенде ала қарға, ала қарға,

Бойыңда бәдік бар жан опалар ма?

Кей қыздар кітап десе аллергия

Балмұздақ қуғандарға дауа бар ма?



3.    Қыз:

Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс,

Оқудан, пайдалы істен, жырдан алыс,

Еліріп есі кеткен видеоға

Картэ, у – шу, кун – фу, күнде шабыс.



4.    Жігіт:

Ауырдым дер сәл ғана суық тисе,

Киімі бір машина буып түйсе.

Ей бәдік, жабыссаң тек қызға жабыс,

Ұрысқақ шыңқ ететін шыбық тисе.



5.    Қыз:

Бұл бәдік кедергіңді елеместен,

Тағы да асып өтер бір белестен.

Жаңбырмен жер көгерсе кейбір ұлдар,

Жүргені көз көгертіп төбелестен.



6.    Жігіт:

Келгендей қырдан ілбіп әзер сәуір,

Сен айтқан сын сөздерге төзем де ауыр.

Жөнінен биязылық кей қыздардан

Үйдегі оқымаған әжем тәуір.



7.    Қыз:

Мініңді түзейін деп алдым парақ,

Сыныңа мен ойланып қалдым қарап,

Ей, бәдік, жабыссаң тек ұлға жабыс,

Кітабы жыртық – жамау, салдыр – салақ.



8.    Жігіт:

Тілімді, жырымды айтып, құмарланам,

Қазақы әдет – ғұрып ұнар маған,

Сен сияқты емеспін «ну и что» деп,

Өзінің ана тілін шұбарлаған.



9.    Қыз:

Айтыстық біз бәдікті пайдаланып,

Көбірек ойланарлық жайға қалып,



10.  Жігіт:

Бәріміз ұл – қыз болып жұмылыссақ,

Бар міннің жойылары айдан анық.

Жүргізуші:

Иә, балалар, қыздар жеңіске жеттіме әлде ұлдар ма? Қалай ойлайсыңдар? Меніңше екі топта бір – бірлерінен қалыспады, тең түскен сияқты. Менімен келісесіңдер ме? (оқушылар «иә»)

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр, - дегендей келесі кезекте «Халық айтса, қалт айтпайды»атты бөлімде мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

1.    Бас кеспек болса да – тіл кеспек жоқ.

2.    Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

3.    Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.

4.    Тіл тас жарады – тас жармаса бас жарады.

5.    Жүйелі сөз – жүйесін табады, Жүйесіз сөз иесін табады.

6.    Басқа пәле – тілден.

7.    Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.

Ал балалар, мақал – мәтелдерді қаншалықты білетіндеріңді көрдік. Енді жұмбаққа қалай қарайсыздар? (оқушылар «иә»)

1.    Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй,

Кіші үйдің ішінде палуан би. (ауыз, тіс, тіл)

2.    Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

3.    Жағалай – жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)

4.    Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта (домбыра)

5.    Әрі сүйексіз,

Әрі тиексіз (тіл)

Жүргізуші: Өте дұрыс таптыңдар балалар.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей ортаға Қыпшақбаев Нұрсұлтан мен Алдаберген Нұрасылды «Жаса Қазақстан» әнімен шақырамыз.

Қайырмасы:



Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың



Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан



(Қайырмасы)



Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан

Елім, шаттығын



(Қайырмасы)

Жүргізуші:

Көрініс:Сөз қадірі:

Автор:Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына.

Әке:Балам,мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем маған қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле!»

Автор:Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да таба алмайды Ойы сансаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: ата,әкем маған қандай қазына қалдырды. Мен іздеп таба алмадым.Мұны сіз білетін шығарсыз ,айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам.Оның саған қалдырған мұрасы- тіл.Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік Тілден қымбат қазына байлық жоқ .

Жүргізуші:

Иә тілден қымбат қазына, байлық жоқ.

«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез» - демекші ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ақын – жазушыларымыздың мазмұнды ойларына «Аталы сөз» бөліміне тоқталайық.

1.    «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра – араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарасмтырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, талғау салтының шарты орындалған болады» (Ахмет Байтұрсынұлы).

2.    «Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым» (Н. И. Ильминский).

3.    «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» (Н. Ә. Назарбаев).

4.    «Қазақтардың ақыл – ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көщім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл – есі де өте тез жетіледі» (А. Янушкеевич поляк жазушысы).



Жүргізуші: Әрі қарай «Ананың тілі – аяулы үні» әнімен жалғастырамыз.



Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: жаным,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін.



Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі - ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі - өмірді думан.



Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім,

Тыңдадым сөзін

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі,

Аяулы үні

Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

Қ – сы:

Жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далай тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік (хормен).

Қазақ тілінің мерейі үстем бола берсін!



Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік



Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
Ән ұран «Менің Қазақстаным»

Інжумаржан: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Хан: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

Інжумаржан: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Хан: Дұрыс айтасың Інжумаржан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Інжумаржан: Иә, Хан.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.


Хан: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Інжумаржан: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Хан: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Жансая: 
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, 
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып, 
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Даурен
Жалын атып, от боп, бірге жанасың, 
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен, 
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың

Зейнеп: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің, 
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық, 
Ұсынғаны адамдық, 
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз: 
Бақыт, табыс, амандық!

Інжумаржан: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Ұстазым әнін қабыл алыңыздар. 


Інжумаржан: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Хан: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.


Інжумаржан: Олай болса келесі сөз кезегін ұстаздар қауымына береміз

ІІ жүргізуші: «Мектебім» әні орындайтын қыздар тобы


Інжумаржан: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік

Хан: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

Інжумаржан: Олай ойлауыңның себебі неде?


Хан: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Інжумаржан: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ата – аналарға береміз. 

Інжумаржан: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.


Хан: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

ІНЖУМАРЖАН: ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

Хан: 
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Әзіл сықақ Орындайтын Шыңғыс Азат Хан Даурен


Інжумаржан: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
«Достар» әні орындайтын 

Хан: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

Інжумаржан: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең, ұстаздар, құтты болсын !

Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

ІНЖУМАРЖАН: Хан , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
ХАН- Інжумаржан, сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
Інжумаржан: -Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. 
Сұрақтар: 
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
№6 билетҰстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
№7 билет«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
№8 билет «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.


Хан. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. 
Мұқағали Мақатаев «Шеше сен бақыттысың» өлеңі Орындайтын Аманқосов Хан



Інжумаржан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.



Хан: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты сынып сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!



 


 

Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Аямай арам шөбін отап отыр, Таза сақта көзіңнің жанарындай

Аямай арам шөбін отап отыр, Таза сақта көзіңнің жанарындай

Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс,

Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс,

Жігіт: Бәріміз ұл – қыз болып жұмылыссақ,

Жігіт: Бәріміз ұл – қыз болып жұмылыссақ,

Жаса! Қазақстан! Жаса, менің ұлы елім

Жаса! Қазақстан! Жаса, менің ұлы елім

Оның саған қалдырған мұрасы- тіл

Оның саған қалдырған мұрасы- тіл

Мектепке келдім, Ұстазды көрдім,

Мектепке келдім, Ұстазды көрдім,

Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз

Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз

Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр

Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр

Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма,

Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма,

НЖУМАРЖАН: Хан , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

НЖУМАРЖАН: Хан , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.05.2020