Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Оценка 4.6
Культурные мероприятия
doc
воспитательная работа
Взрослым
19.02.2019
Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.
Мұқағали әдеби кеші 2019.doc
Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдығына арналған
«Жырлайды жүрек» атты әдеби кеші
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Жастардың
барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының
ауқымды платформасын қалыптастыру керек деп. 2019 жылды «Жастар жылы» деп
жариялады». Осыған орай Екібастұз Атамұра мәдени орталығының қолдауымен өткізгелі
отырған Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты
әдеби кешіне қош келдіңіздер!
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі
кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзімақ,
Тәңірімнің жарытпайақ қойғаныай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі
туған күндері халық болып тойланатын болды.
Мұқағали Мақатаев ағамыздың жырлары, жыл өткен сайын жарқырай, өркендей өсіп,
оқырманын іңкәр етіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –
шынымен бақытты халық.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына
қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін
шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны жайлы бейнатаспаға көз жүгіртіп өтейік.
(слайд жүріп тұрады жүргізуші сөйлейді)
Жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданында,Қарасаз ауылында 1931 жылы
9ақпанда дүниеге келген.Мұқағалидың азан шақырып қойған атыМұхаметқали..Ақын
10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Атасының аты – Мақатай, әжесінің аты – Тиын.
Мұқағали әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, адуынды адам еді.
Әжесіне арнап ақын біраз өлең жазды.
Анасының аты – Нағима. Анасы мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті.
1948 жылы орта мектепті интернатта оқып бітіреді.
Ақын 1949 жылы сүйіктісі Лашынмен шаңырақ көтереді.
Мұқағали ерекше ақкөңіл, ақжүрек, мейрімді жан болған. Ақынның Майгүл, Жұлдыз,
Алмагүл, Айбар ,Шолпан, есімді балалары болды. Мұқағали аға балаларын өте жақсы
көрген. Қандай ашуы келсе де балаларын көргенде майдай еритін.
Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты.
1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ берді. 1957 жылдарында қазақ радиосында диктор болды.
Мұқағали қаламдас жолдас, іңілерімен.
Шығармалары:
19621972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде,
«Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 19721973
жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде
басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек»,
«Аққулар ұйықтағанда», «Өмір дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық
көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені
анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп
жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100ден астам әндер жазылды.1976
жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы.
Қазақ ақын –жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайдың
ашулуында.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЗ АУДАНЫНДАҒЫ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ
МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ.
Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта
мектепте ақынның ескерткіші ашылды.
Ақтөбе қаласының Қызылжар ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім
ордасына Мұқағали Мақатаевтың есімі берілген.
Талдықорғанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жастар» саябағында ескерткіштің
ескерткіш бюсті қойылды.
Ақынға арнап ескертіштер қойылды.
ӘН: «Фариза» орындайтын Қабікенов Жомарт
Жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хан тәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап өткен ақынның өлеңдеріне кезек
берейін.
Зарема : «Туған жерім»
Жансұлтан : «Ей,өмір»
Жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған заманадардан,– дейтін Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып
ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге
көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.
Дархан: Өмір жайлы
Азиза: Өмір ай
Ән: « Сағым жылдар» орындайтын, «Арна тобы»
Жүргізуші:
Жақындық сеземін
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын, деген өлең жолдары бір көрегендікпен,
сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне
бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр
сүйер елі куә.
Айдана «Ана»
Алтынбек: «Арманда,ұлым»
Ән: «Сарыарқа» орындайтын Гүлмира Алданова
Жүргізуші:
«Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген –әжем» дейді ақын. Мұқағали
Мақатаев –драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист. «Мұқағали
поэзиясы таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия» дейді Ф.Оңғарсынова.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, деп Мүқағали Фаризаға жанын жеген қайғыны
жырмен жеткізген.
Темірлан: «Фариза» үзінді.
Сезім « Қазақ тілі»
ӘН: «Бұлбұл ай» орындатын Күмісхан Сағындық
Жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне
жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен
қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарымызға таратылған әннің
мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде
ӘН: «Есіңе мені алғайсың»әнін орындайтын Арман Рай
Жүргізуші:
Құрметті тыңдарман қауым!Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа,ізгілікке,өз ұлтын
сүйе білуге баулысақ,сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде
елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана
емес,өмірде де,күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары
ешқашан өлмек емес. Әрқашан жүрегіңізді ән әуелеп,жандарыңызды жыр
тербесін. Осымен кешіміз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет !!!! Өтетін күні: 11 ақпан
Өтетін орны: ЕКИТИ
Өтетін уақыты: 11.00
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби кештін
бағдарламасы.
1. Жүргізуші сөзі
2. Презентация (М.Мақатаевтың шығармашылығы туралы)
3. Ән: «Фариза» орындайтын Жомарт Қабікен
4. Жүргізуші сөзі
5. Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
6. Жүргізуші сөзі
7. Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
8. Ән: «Сағым жылдар» орындайтын «Арна» тобы.
9. Жүргізуші сөзі
10.Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
11.Ән : «Сарыарқа» орындайтын Гүлмира Алданова
12.Жүргізуші сөзі
13.Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
14.Ән: «Бұлбұл – ай» орындайтын Күмісхан Сағындық
15.Жүргізуші сөзі
16.«Мұқағали» есіміне арналған студенттердің лебізі.
17.Жүргізуші сөзі
18.Ән: «Есіңе мені алғайсын» орындайтын Арман Рай
19.Жүргізуші сөзі
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Тәрбие сағаты : "Мұқағали Мақатаевтың әдеби сазды кеші"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.