Тәрбие сағаты "Өмір, қымбатсң маған!" (2-сынып)
Оценка 4.8

Тәрбие сағаты "Өмір, қымбатсң маған!" (2-сынып)

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитательная работа
2 кл
18.11.2018
Тәрбие сағаты "Өмір, қымбатсң маған!" (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Өмір, қымбатсың маған!» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Міндеттері: - оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; - өмірге құштарлықтарын дамыту; - өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
өмір қымбатсың маған.docx

Сабақтың тақырыбы: «Өмір, қымбатсың маған!»

Сабақтың  мақсаты:  
     Оқушылардың өмір  құндылығы туралы түсініктерін  одан әрі тереңдету. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.

Амандасу  түрлері
Ол үшін,  сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.

Олай болса,мен бүгінгі сабағымды бастамас бұрын Айбат Маратовтың орындауында  мына термені тыңдап алыңыздар.

- Терме не жайлы екен?

- Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы  «Өмір, қымбатсың маған!»-деп аталады.

Сұрақ:
-Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
-Өмірдің мәні неде?
-Өмір адамға несімен қымбат?
-Ал,бақытты қалай түсінеміз?
-Бақыт адамға не үшін керек?
-Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
-«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

-Ендеше,  сіздер  қалай  ойлайсыздар, жалпы  бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
-Елестетіңіздерші, бүгін  біздің  дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз  қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты  болу  үшін ең  алдымен  не  қажет?

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.

Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр  жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге  мойымай, өзіңе  сенімді  болсаң, міне  сол  бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.

«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жеп те сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса,  сонда бақытты болады.

Олай  болса,  өте жақсы, балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер.

-Балалар,біздің ақын ағаларымыз, қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім  бізге  өлең  шумақтарын  оқып  береді?

Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.

 

«Бұл өмір сынақ»  атты бейнебаянды тамашалайық. Өз ойларыңды айтуға болады.

Өмір жайлы 7 ақиқатты еске сақтап алыңыздар:

1.     Ешкімді сөгіп жазғырма, өмірде сөйлей алмайтын адамдар да бар.

2.     Тамақтың дәміне шағым айтпа, ішерге ас таппай отырған кісілер бар.

3.     Жан-жарыңа жөнсіз кейіме, кеше біреу жұбайынан айырылған болуы мүмкін.

4.     Үйім тар деп көңілің түспесін, біреудің басында баспана да жоқ.

5.     Ұл-қыздарыңнан шаршадым деме, бала сүйе алмайтын адамдар бар.

6.     Жұмысым ауыр деп жабырқама, кейбір адамдарда ол да жоқ.

7.     Өз өміріңді қарғап түңілме, айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылған жандар аз емес.

“Менің  мақсатым”.  Сендер  әрбіреуің  бір – бір  үйдің  жемісісіңдер , сондықтан өз  мақсаттарыңды   берілген   алмаға   жазып, ағашқа  ілулерің керек .

Жүректен- жүрекке. Бір-бірлеріне тілек айтады

Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде:

Бізден  асқан  бақытты жан  жоқ  екеніне  көзіміз  жетті. Сіздер  қалай  ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

«Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін тыңдап, қосылып айтуларыңызға да болады.

 

 


 

Сабақтың тақырыбы: «Өмір, қымбатсың маған!»

Сабақтың тақырыбы: «Өмір, қымбатсың маған!»

Ол үшін не керек? - Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар

Ол үшін не керек? - Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.11.2018