Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитательная работа
7 кл—9 кл
28.03.2017
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адами қарым - қатынаста дұрыс әрекет жасау туралы түсініктерін кеңейту,мағлұмат беру.
Міндеттері:
- адами қарым - қатынас мәдениеттілігін түсіндіру;
- адами қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- адами қарым - қатынас жасауда әдептілікке, жақсылыққа, сыпайлыққа тәрбиелеу;.Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
адами қарым қат ізгл.docx
Тақырып: Адами қарым қатынас ізгіліктері
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адами қарым қатынаста дұрыс әрекет жасау
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
адами қарым қатынас мәдениеттілігін түсіндіру;
адами қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
адами қарым қатынас жасауда әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқу құралдарына назар аудару.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер
істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,
бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр біртебірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жанжағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі
нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге,
барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкіртүпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет
Ойын: Оқушыларға карточкалар таратылады. Тапсырманы эмоциямен
көрсетіп, айту керек. Оқушылардан қандай әсер алғандары туралы сұралып,
талданады.
Қайырлы таң!
Сәлеметсіз бе!
Қайырлы күн!
Қайырлы кеш!
Ассалаумағалейкум!
Дәйексөз.
«Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі деізгі».
(Лаоцзы)
Әңгімелеу. Құм мен тас
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да,
біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе
айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің
жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып
алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете
жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өзөзіне келген кезде, тасқа
былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып
қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы
сұрайды:
Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың.
Неге? деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға
жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа
1.
1. қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып
үйрен.
Сұрақтар:
∙ Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?
∙ Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?
∙ Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?
1.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.
Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!
Сұрақтар:
∙ Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді?
∙ Бұл түйіннен қандай ой қорытасыңдар?
(Балалар шығармашылығы)
1ші топқа
............................. өзіңнен,
............................. көзіңнен.
..............................өзіңнен,
............................. сөзіңнен.
2ші топқа
................................. адам,
............................... жасаса. ................................ қадам,
...............................орнатса.
(Өз шығармашылығымнан айтып беру)
Жақсылығың өзіңнен,
Көрінеді көзіңнен.
Жақсылығың өзіңнен,
Айтылған ой мен сөзіңнен.
Жақсылықты тек адам,
Дұрыс әрекетпен жасаса.
Жасағаның әр қадам,
Жүрекке әкеп орнатса.
3ші топқа
............................. болмасын,
............................. қолдасын.
.............................. қарасақ,
............................. болашақ.
4ші топқа
................................. қиянат,
............................... ұялат.
................................ жүрейік,
............................... білейік. (Өз шығармашылығымнан айтып беру)
Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлдейді біздің болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бірін естен шығармайық, білейік.
Адамдармен дұрыс қарымқатынас
орнату үшін адам қандай тұлғалық
сапаларға ие болуы керек?
1.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі
сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді
көздеріңді ашсаңдар да болады.Баяу әуен қойылады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адами қарым - қатынас ізгіліктері»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.