Тренинг өткізу
Тақырыбы: «Сіз қандайсыз?»
Мақсаты: Мұғалімнің
кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл -
күйін көтеру.
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш,
тік
төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді
«бұл - Мен!» дегізетіндей
біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды
сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге
бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен
форманы алыңыз. Оны №1
деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды
қалауыңызша
нөмірлік ретімен жазыңыз.
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген
фигураңыз - Сіздің негізгі
фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі
үстемдік ететін
мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді,
тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік
береді. Ал қалғандары - Сіздің мінезіңізге қосымша
әр беретін бөліктер
болып табылады. Ал соңғы фигура
сіздің қарым-қатынас
жасауда
қиыншылық көретін адамның формасы.Егер сізді ешбір фигура тұтас
қанағаттандырмайтын сияқты болса, он да сізді
екі не үш формадан тұратын
комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары - ұйымшыл, дәл,
қатаң тәртіпті, ережені ұстану,
аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға
зейінділік, фактіге жүгіну, жазба
сөйлеуге құштарлык, ұқыптылык, тазалык, сақтык,
салқынқандылық.
үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен
қайтпау, шыдамдылық,
еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте
ұсақшыл, өте са, «ақылгөй», ерегеспе,
консерватор, (жаңалыққа қарсылық
көрсетуші), шешімді қабылдауды созу,
сараңдау, саясаткерлігі төмен,
таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке
ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету,
проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік,
шешімге тез келе алу,
сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік,
жоғары еңбекқорлық.
көңіл көтерудеп еркіндік,
күшті саясатшы, тапқырлык, қарым-қатынаста
көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен
жақындары аз, қызбалык, атақ-
даңққа бағыттылық, шыдамсыздық,
өзінің мақсатына жеткенше басқаға
көңіл
аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз
дегеніне жетуде неге де бара
алады, өзімшіл, мәртебе,
мансапқа бағтталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбүрыш: Өтпелі
қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге
ену,
уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу,
проблемадан қорқу...
Жағымды жағы: білуге
құштарлық, барлық жаңаға жаны
құмар, батыл,
бейбітшіл,дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау,
өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі
өзгерткіш, қозғыштык, өзіне сенбеу,
аңқаулык, сенгіштік, қызбалық.
көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы,
ұмытшактық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар,
өзгенің мінез-құлқына,
қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын
тиіп ауығыш,
жарақаттанғыш, жол апатына тіүскіш.
Төртбұрыштылық - бар болғаны
стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық
тұрғыдан үйлесімділік (гармония)
символы.
Құнды қасиеттері:
адамдар, олардың жайы, жақсы карым-катынас орнату,
қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» -
отбасын, ұжымды
біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық
- мырза, өзгені түсіну,
жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра
алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады,
қоғамдық жұмысқа
бейімділік, күн тізбгін еркін құрады, таныстары мен достары
көн. Шеңбер
жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін
кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік,
айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе
алмаушылық,
саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш,
сезімтал.
Ирек: Креативтілік,
шығармашылық символы. Өзі де
басқа фигуралар
секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» -
ойшыл, өзгеден ерекше, айрыкша
ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр,
өзгерістерді қажетсінуі,
креативтілік, білім құмарлык, жоғары интуиция, өзінің
идеяларымен
қанаттануы, арманшыл, болашақа бағытталу,
жаңалыктың барлығына деген
оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.