Математика пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 144
Сабақтың тақырыбы: Тура пропорционалдық және оның графигі (7-сабақ)
1. Мақсаты:
a) Тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу;
2. Өтілген тақырыпқа қысқаша шолу
Шамалар арасындағы тәелділіктерді кестелер, формулалар және графиктер көмегімен көрсетуге болады. Кестелерде шамаларды өлшеу нәтижесі тіркеледі, графиктер – шамалар арасындағы тәуелділіктерді көрнекі көрсетеді, ал формулалар шамалардың қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді
Ой қозғау.
1-мысал. Жаяу адамның жүрген жолының уақытқа тәуелділігінің графигі берілген.
1) График бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
2) S пен t –ның арасында қандай тәуелділік бар?
Не байқадыңыздар?
t (с) |
3 |
6 |
9 |
12 |
15 |
S (м) |
|
|
|
|
|
V (м/с) |
|
|
|
|
|
Оқушылар кестені толтырады. Өз ойларын айтады.
2-мысал. y = 5x , y = 2x және y = 0,25x тура пропорционалдықтарының графиктерін бір координаталық жазықтықта салайық.
1. Ол үшін координаталар басы болатын O (0;0) нүктесінен өзге координаталары .
y = 5x , y = 2x және y = 0,25x формулаларын тура теңдікке айналдыратын қандай да бір нүктелерді алу керек.
Егер x=1 болса, онда y = 5·1=5; (1;5)
Егер x=2 болса, онда y = 2·2=4;
Егер x=4 болса, онда y = 0,25·4=1.
2. Координаталық жазықтықта координаталары (1;5); (2;4) және (4;1) болатын нүктелерді белгілейміз.
3. Координаталар басы O (0;0) нүктесі және (1;5); (2;4) және (4;1) нүтелері арқылы түзулер жүргіземіз.
4. y = 5x функциясының графигі – қызыл, y = 2x – функциясының графигі көк, y = 0,25x – функциясының графигі жасыл түспен кескінделген. k –ның мәніне байланысты функциялардың графиктері I және III ширектерді орналасқанын анықтауға болады.
3. Тапсырмалар.
№1. 1) Берілген кестедегі шамалардың арасындағы тәуелділік тура пропорционалдық болатындарын анықтаңыз.
2)тура пропорционалдық шамалардың арасындағы тәуелділіктің формуласын жазыңыз.
3) тура пропорционалдық коэффициентін табыңыз.
Тәуелділік |
Формула |
Коэф-фициент |
1) 70 км қашықтықтағы жылдамдық пен уақыт; |
|
|
2) 4 сағатта жүрген жол мен қозғалыстың жылдамдығы; |
|
|
3) Станоктың өнімділігі мен 450 бөлшек дайындау үшін жұмсалатын уақыт; |
|
|
4) 240 тг сатып алуға болтын дәптерлердің бағасы мен оның саны; |
|
|
5) Ауданы 60 м2 тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені; |
|
|
6) Тура пропорционал тәуелділікке мысал келтіріңіз |
|
|
№2. А нүктесі арқылы өтетін y = kx тура пропорционалдығының графигін салыңыз. График бойынша k-ның мəнін табыңыз. y = kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз.
a) А(5; 4); b) А(−2; 6).
№3. 1-суреттегі (1) және (2)- түзулер - тура пропорционалдық графиктері.
Графиктердің әрқайсысы үшін:
1) пропорционалдық коэффициентті есептеп табыңдар;
2) тура пропорционалдықтың формулаларын жазыңдар.
№4. Ұзындықтары әр түрлі, ендері бірдей екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 10,2 см, ауданы 51 см2. Екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 6,8 см. Екінші тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.
4. Сілтеме:
1. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018ж, 170-172беттер
2. Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018
3. https://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=pramaja_i_obratnaja_proporzionalnaa_zavisimost
Әзірлеуші: Утегенова А.А., М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.