Творчество
Оценка 4.6

Творчество

Оценка 4.6
Книги
doc
04.03.2020
Творчество
Кусманова А.doc

«Шабыт» атты қонақ келгенде туады өлең...

Кусманова А.Ж.,

Алматы қ. Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО әдіскері

 

«Шабыт- жалқауға баруды ұнатпайтын қонақ» Петр Ильич Чайковский

      Мен Абайдай дана, Шәкәрімдей дара, М. Әуезовтей ғұламалар шыққын шырайлы шығысымның, қазағымның ұлы тұлғаларының ұрпағымын. Ата- бабамның қанынан, туған жерімнің топырағынан бойыма сіңген қасиет- өлең жазу. Бала кезімнен өлең жазуға машықтандырған жан- анам. Өлең жазудағы бірден бір ерекшелігім тілге жеңіл, ойға қонымды қарапайым тіл орамдары. Кішігірім болса да осы өнерімді барынша қолдап, дамытудамын. Дамытудағы ең бірінші қадамым ұстаздық жолы болды. Бірақ өсе келе шабыттың оңайлықпен келмейтінін түсіндім. Шабыт- ол қонақ. Ал, сол қонақты қазіргі күні мен музыкадан дастархан жайып, ақындардың өлеңдерін оқып, күтіп алатын болдым. Ең үлкен шабытым, ол- менің марқұм әкем! Әкеме деген сағыныштан әркез кеудемде жыр туады. Әкемді ойлағанда шабыт деген қонағым шақырусыз келеді...

САҒЫНЫШ

Сағыныштың сазы кернеп жаздым өлең,

Жүректегі сағынышты жырмен төгем.

Сағыныштан көзіме жас келсе де,

Сағынуды ең үлкен бақ деп білем.

 

Сағынышым ұласты сағымдарға,

Бұл сезімім өшпейді жаным барда.

Бақыттан бал-бұл жанып жүрсек дағы,

Көңіл- күй де түседі сағынғанда.

 

Әкешімді сағындым, қорғанымды,

Қалаған жан менің ұстаз болғанымды.

Соңғы кезде түсіме кірмей жүрсіз,

Тоқтаттың ба әкетай қорғауыңды?

 

Әттең, әке, қолдан келер шара бар ма?

Өзіңізсіз жылдар өтті араларда.

Сағынышым сізге деген өртеп жанды,

Қызығамын әкесі бар балаларға.

 

Және де мен сағындымғой анамды,

Мейірімге толтырған жас санамды.

Жол түскенде барып қайтам жаныңа,

Сағындың ба анатайым балаңды?

 

Екі ботам, жандарымды сағындым,

Бір өпсем деп жаратқанға жалындым.

Бір иіскеп, құшағыма алсамғой,

Амалсыздан бұл тағдырға бағындым.

 

Сіңілімді сағындым, бауырымды,

Өздеріңсіз көңілім жабығулы.

Мен сендерді әрқашан силап өтем,

Сендер де білсе екен дейм сағынуды.

 

Ауылымды сағындым, ауылдасты,

Өздеріңе жан дүнием бауыр басты.

Шалғайда жүрсем де мен ұмытпаймын,

Тау- тасыңды сағынамын, кәрі- жасты.

 

Жан жүрегім сағынамын сені де,

Мен жоқпын деп, өлеңде бос ренжіме.

Айналмада, барлық жерде сен барсың,

Және барсың кеудемнен шыққан демімде.

 

Сағынышым, шабытым ол да менің,

Болашақтан күтемін үлкен сенім.

Жастарын әркез қолдап қорғайтұғын,

Аман болсын, ардақты, алтын елім!

 

КУРСТА ТҮЙГЕН ОЙ НЕМЕСЕ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ»

Еліміздің болашағы, біз ертеңі,

Өскенбіз әркез тыңдап жыр, ертегі.

Тәрбиенің қайнар көзі дана халқым,

Тамыры тереңінен сыр шертеді.

 

Курс оқыдық ұлылықты ұлықтап,

Сындарлы ой, пікір айттық сұрыптап.

Міндетіміз жас ұрпақты дәріптеу,

Салт- дәстүрді, әдебімізді ғұрыптап.

 

Бес күнде біз тәжірибе алмастық,

Қанатымызды қатайттық та талмас қып.

Көпті көрген ұстаздардан үлгі алып,

Білім деген ұлы жолға жармастық.

 

Қырық сағат сабақ алдық ағайдан,

Білім берген ұстаздарға талайдан.

Жаңа ғасыр философына теңеймін,

Ділдахан ағайды құрметтейді талай жан.

 

Әрбір айтқан мысалдары, сөздері,

Ұлылықтың шыңына жету көздеуі.

Әрқашан біз өзіңізбен біргеміз,

Бар біліммен оқытамыз өзгені.

 

Осы курстан ерекше шабыттандым,

Білім деген бас тартқан сауықтан кім?

Атам қазақ сәулесі болса күннің,

Мен сәулесі боламын жарық шамның.

 

Бүгінде ұлылардың ұрпағымыз,

Анныққой надандықты құртарымыз.

Әлі талай білімменен өркендейміз,

Әлі талай атады нұр таңымыз!

 

Жасы үлкен ұстаздарды құрметтейік,

Әрбір сөзін ойға түйіп, үлгі етейік.

Біліктілік арттыратын курстар оқып,

Осындай мүмкіндіктен құр кетпейік.

 

Шеберлікпен кімді болсын таң қыламыз,

Болашақ жұлдыздарды жандырамыз.

Бұл бізде жаңғырудың бастамасы,

Әлі талай Рухани жаңғырамыз!

 

 

 


Шабыт» атты қонақ келгенде туады өлең

Шабыт» атты қонақ келгенде туады өлең

Және де мен сағындымғой анамды,

Және де мен сағындымғой анамды,

Бес күнде біз тәжірибе алмастық, Қанатымызды қатайттық та талмас қып

Бес күнде біз тәжірибе алмастық, Қанатымызды қатайттық та талмас қып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2020