«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында коучинг
Оценка 4.8

«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында коучинг

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитательная работа
9 кл
14.02.2017
«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында  коучинг
Бүгінгі коучингімізді Елбасымыздың мына сөзімен қорытындылаймыз: «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында коучинг.docx
№27 орта мектебінде  «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбындағы коучинг жоспары Күнi: 14.02.2017. Коуч: Кожагулова Ултуар Абылхановна Коучинг  тақырыбы Жалпы мақсат Күтілетін нәтиже Ресурстар Дереккөздері Тапсырмалар Кезеңдері Ұйымдастыру Ұлт бірлігі – ұлы байлық Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 22 жылдығына орай,  Ассамблея жұмысы туралы мағлұмат беру, ұлтаралық татулықты  насихаттау; Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі туралы біледі Cтикeр, мaркeр, A3 фoрмaтты қaғaз, cлaйд,  интeрaктивтi тaқтa,  бейнежазба Ғаламтор материалдары Тoптық тaпcырмa жәнe қoрғay, рeфлeкcия Коуч пен мұғалімдердің іс­әрекеттері 1. Әлем халықтарының салты бойынша амандасу.  Қатысушылар   жұпқа   бөлініп   тұрады,   бір­бірімен   коучтың   нұсқауы бойынша амандасады. Қазақ халқында ер адамдар қол алысып амандасады. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір­бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім ІХ   ғасырда   бастау   алған.   Сол   замандағы   Тибет   елінің   көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз   емес   екендерін   көрсету   мақсатында,   бір­бірін   көрген   кезде тілдерін шығара бастайды Гренландия   сияқты   арктикалық   аймақтардағы   эскимостар   не инуиттердің   «куник»   деп   аталатын сәлемдесу   рәсімдері   бар. Жүздескен   жандардың  бірі   мұрнының   ұшы   мен   жоғарғы   ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады. Қытай   халқының   дәстүрлі   сәлемдесуі   «коутоу»   деп   аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады.  «Мано» ­ қол, «по» ­ құрмет деген мағына береді.   Әр түрлі суреттер бойынша топқа бөлу. 2. Суреттердің келесі бетінде «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты коучинг  тақырыбы жасырылады. Қызығушылықты  2017 жылдың Қазақстан Халықтары Ассамблеясы үшін ояту Мұғaлiмдeрмeн  мaқcaтқa жeтy  үшiн ic­ әрeкeттi  ұйымдacтырy Рефлексия  ерекшелігі туралы ғаламтордан алынған бейнежазбаны  тамашалау 1­тапсырма:  Төрт топқа мәтін беріледі, мәтінді өз беттерімен оқып танысады,  постер қоғайды. 1­топқа­ Қазақстан Халықтары Ассамблеясы туралы мәлімет; 2­топқа­  Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі 3­топқа­ Қазақстан Халықтары Ассамблеясы туралы Заң; 4­топқа ­ Қазақстан Халықтары Ассамблеясының негізгі міндеттері,  құрылымы; 2­тапсырма: Әр топ кеспе қағаздарды таңдап алып, сондағы тапсырмаларды  орындайды. 1. Қазақ халқының салт­дәстүрінен көрініс көрсетіңіздер. 2. Өзбек ұлтының биін билеп беріңіздер. 3. Қырғыз тіліндегі бір ән орындап беріңіздер. 4. Орыс халқының бір ойынын ұйымдастырыңыз. Бүгінгі коучингімізді Елбасымыздың мына сөзімен қорытындылаймыз: «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» екенін  баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің  жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды  бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа  баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған  уықтар.  Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын  биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Біздің Отанымыз –  ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі  түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! «Саусақ  ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екенін көкейге берік түйе  отырып, ұлы мақсаттарға бірге сапар шегейік, қымбатты отандастар!  Бірлігіміз берік, тірлігіміз серік болсын! Еліміз жарқырап, жайнай  берсін!  «Бір шаңырақ астындамыз» Қатысушылардың әрқайсысы коучинг тақырыбына қатысты тілектерін айтып, шаңыраққа  түрлі түсті лента байлайды.

«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында коучинг

«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында  коучинг

«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында коучинг

«Улт бірлігі – улы байлық» тақырыбында  коучинг
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.02.2017