Язык – это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек живет в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства.
Язык-душа народа.docx
«Тіл – татулықтың тірег»
Мақсаты:
1.Қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары жөнінде оқушылардың білімін толықтыру
2.Қазақ халқының салтдәстүрі, мәдениеті туралы ақпарат беру
3.Ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттау, қазақ тілімен қатар, өзге
халықтардың тілін құрметтеу;
Жүргізуші
Ана тілім ұраным,
Ана тілім құраным.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым дегендей, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен
маңызын кеңінен насихаттау және тілдік қарым — қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді
меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Тіл
шебері» байқауын ашық деп жариялаймыз.
Міне, әдеттегідей дәстүрге айналып кеткен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай Тілдер
апталығын атап жатырмыз. Оқу орнымызда жыл сайын «Тіл мерекесіне» байланысты іс – шаралар
жүргізіледі. Өзімнің істәжірибемнен жыл сайынғы шаралардан шағын роликті қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Олай болса, мемлекеттік тілді меңгерген жастарымызбен таныс болыңыздар.
Қош келдіңіздер, құрметті сайыскерлер!
Жүргізуші: Бүгінгі сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Құрметті әділ қазылар, байқау тапсырмасымен таныс болыңыздар:
Байқау бес турдан тұрады:
1. «Таныстырылым» – әр топ өзін таныстыруы керек;
2.
3.
«Елтаным» «Қазақ тілі» пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру;
«Ұлттаным» — қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап
беру;
4.
5.
6.
7.
«Мәдениеттаным» — қазақ халқының салтдәстүрі жөніндегі сұрақтарға жауап беру;
«Тілтаным» — латынша мәтінді жазу;
«Көшбасшы» капитандар сайысы;
«Өнертаным» — байқауға қатысқан әр топ өз ана тілінде өнерін көрсетуі (ел бірлігі мен халық
достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау).
Жүргізуші: Байқаудың басты шарты қаза тілінде еркін сөйлей білу болып табылады. Байқау 5 балдық
жүйемен бағаланады
Жүргізуші: Үміткерлеріміздің бағын сынайтын алғашқы кезең «Таныстырылым» деп аталады, бұл
кезеңде әр топ өзінөзі таныстыруы керек.
Екінші кезең – «Елтаным» кезеңі. «Қазақ тілі» пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам
жауап беру. Әр топқа 15 сұрақтан қойылады.
І топқа:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
2. «Қуанышы қойнына сыймау» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қуану)
3. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
4. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын) 7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір біріне қарама қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
11. Ақын Абайдың туған жылы? /1845жыл/
12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
15. Ақын Абайдың туған жері /бұрынғы Семей облысы/
ІІ топқа:
1. Сұрау мағынасындағы айтылатын сөйлемді қандай сөйлем деп атайды? – (сұраулы)
2. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?/ Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран, Мемлекеттік Елтаңба/
3. Мағыналары жуық, өзара мәндес сөздер тобын қалай атайды? синоним
4. Сөйлеуші сөйлеп тұрған мезгілден бұрын болып кеткен іс әрекет қандай шақта болғаны? өткен шақ
5. Мемлекеттік Тудың авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/
6. «Кіммен? Немен?» деген сұрақтарға жауап беретін қандай септік? көмектес септік
7. Таза сөзінің антонимі лас
8. Көп тіл білетін адамды кім дейміз? /полиглот/
9. «Жақсы» сөзінің антонимі ..../жаман/
10. Анаңның анасы сендерге кім болады? /әже/
11. «Мұғалім» сөзінің синонимі /ұстаз/
12. Астананың бұрынғы атауы қандай? /Ақмола/
13. Көптік жалғаулардың саны қанша? /6/
14. Тоқтар Әубәкіров кім? /ғарышкер/
15. Парижде ән шырқаған ақын кім? /Әміре Қашаубаев/
Мемлекеттік Туда не бейнеленген? /қыран бүркіт, алтын күн, ұлттық оюөрнек/
Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер?/Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні –
Қазақстан халықтарының Тілдері күні./22 қыркүйек/
ІІІ топқа:
1.
2.
Шәмші Қалдаяқов/
3.
4. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? /не істеді? қайтті?/
5. Етістіктің шақтары /осы шақ , өткен шақ, келер шақ/
6. «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді?
7. Кемпірқосақтың қанша жолағы бар? /7/
17. Көптік жалғаулардың саны қанша? /6/
8. Абайдың «Қара сөздерінің» саны қанша? /45/
9. Абайдың шын аты? /Ибраһим/
10. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? /қандай?/
11. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
12. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
13. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,.... (тас жармаса, бас жарады)
14. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер? (көнерген сөздер)
15. Абай жолын» жазған кім?/Мұхтар Әуезов /
ІV топқа:
1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы (М.Мақатаев)
2. «Білімді» сөзінің түбірі.
3. Өлең жазатын адамды қалай дейміз? (ақын)
4. Қазақ халқының ұлттық аспабы.
5. Төрт түлікті ата? (түйе, сиыр, қой, жылқы)
6. Баяндауыштың сұрақтарын ата?
7. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9 Елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)
Тіл мерекесі қашан?
9. Ұлттық сусын (қымыз)
10.
11.
12.
13.
Ұлы ағартушы кім?
Әкешеше, балашаға қандай сөздер?
Қас пен көздің арасында – тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді?
Аптаның төртінші күні қалай аталады? (бейсенбі)
14.
15.
Үшінші кезең – «Ұлттаным» кезеңі. Мұнда сайыскерлер кезекпен проекторда көрсетілген ұлы
тұлғаның атын атайды, ол туралы қазақ тілінде жауап беру қажет.
(А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов ұлы ағартушы, көрнекті ғалым, ақын, публицист, Момышұлы
Бауыржан (19101982) екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты қолбасшы, жазушы, Өтемісұлы
Махамбет (18041846) — ұлы ақын, батыр, Әуезов Мұхтар (18971961) ұлы жазушы, драматург,
әдебиетшіғалым, қазақ әдебиетінің классигі, Торайғыров Сұлтанмахмұт (18931920) ойшыл,
ағартушы,
ғалымшығыстанушы,
ағартушы, философ, Жамбыл Жабаев,
А.Байтұрсынов – ақын, ғалым,
аудармашы, Ә.Бөкейханов – қоғам қайраткері, ғалым; Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев,
Д.Қонаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР
Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Қаныш Сәтбаев, Әлия
Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры, мерген, М.Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес
одағының батыры, Тоқтар Әубәкіров, Роза Рымбаева, Талғат Мұсабаев.
Ыбырай Алтынсарин,
(18351865)
ақын,
Уәлиханов Шоқан
ұлы
Жүргізуші: «Мәдениеттаным» — қазақ халқының салтдәстүрі жөніндегі сұрақтарға жауап беру
(видео);
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салуды көпті көрген, тәжірибелі әжеге
жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді. Бесіктің түбегі орналасқан жерден
кішкене пісірілген бауырсақтар мен кәмпиттерді өткізіп балаларға таратады. Оны «тыштырма» деп
айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, тілек
білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын атаананың қалауымен кеседі. Тұсауы кесілген баланы
«Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Шымылдық ішінде отырған келіннің
басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып
шығады. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау
беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге атаенесін, үйішін таныстырады, қандай
туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадірқасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке
жеке сәлем жасатады.
Баланы қырқынан шығару баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік,
күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер
білезік, жүзіктерді бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты,
сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан кигізеді.
Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кәмпит, бауырсақ, түйіп, бір баланың
мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қанткәмпитін жеп, жейдені әкеліп
береді. Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, атаәжелері мен туыстуғандарының үйіне алып келеді.
Атаәжелері қырқынан жаңа шыққан нәрестенің бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тайтайынша,
қозылақ сыйлап, көйлекшапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді. Жүргізуші: «Тілтаным» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру
туралы қаулыға қол қойды. Мемлекет басшысы Қаулыда бекітілген латын әліпбиіне 2025 жылға дейін
кезеңкезеңімен көшуді бұйырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын
графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен берілген мақалмәтелдерді жазу.
Жүргізуші: «Көшбасшы» Капитандар сайысы. Бұл сайыстың негізгі шарты – капитандарға берілген
сөзді қазақ тілінде түсіндіру (тіл, мақалмәтел, жұмбақ, өлең)
Бүгінгі сайысымыздың ең соңғы тапсырмасы «Өнертаным» деп аталады — байқауға қатысушылар өз
ана тілінде өнерлерін көрсетеді (ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді
насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау).
Жүргізуші: Құрметті халайық, сайыстың нәтижесін қазылар алқасы ақылдасып, шешімін шығарғанша,
сіздердің алдарыңызға муз.номер тарту етеміз, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Міне, сайыстың ең маңызды сәті — марапаттау рәсімі де келді.
Воспитательная работа : "Язык-душа народа"
Воспитательная работа : "Язык-душа народа"
Воспитательная работа : "Язык-душа народа"
Воспитательная работа : "Язык-душа народа"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.