ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР
Оценка 4.7

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР

Оценка 4.7
docx
30.11.2020
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР
Қылмыстық жауапкершілік және жеңілдететін жағдайлар.docx

Қылмыстық жауапкершілік және жеңілдететін жағдайлар

Мақсаты: Қылмыстық жауапкершілік және жеңілдететін жағдайларға түсінік беру

Қылмыстық жауапкершілік— құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордыңтергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады.

Қоғамда қылмыстың жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.

Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан, нақты бір адамға қарсы жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.

Қылмыс қасақана немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Қасақана жасалған қылмыс — тікелей не жанама түрде болып бөлінеді. Адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, қылмысқа барса, бұл саналы түрде, қасақана жасалған қылмыс болып саналады.

Қылмыс дегеніміз — заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз — қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы.

Әрекетсіздік дегеніміз — азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтык міндетін орындамауы.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі. Азамат 14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру; денсаулығына зиян келтіру; әйел зорлау; тонау; ұрлау; бұзақылықтың ауыр түрін жасау; мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою; қаруды, әскери оқ-дәріні ұстау; адам ұрлау; қорқыту; терроризм; аманаттыққа тұтқындау; вандализм; уландырғып заттарды ұрлау т.б. түрлері үшін жауапқа тартылады.

Кәмелеттік жасқа толмаса да, 16 жастан асқан жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға айып салу; белгілі бір кәсіппен айналысу еркінен айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; тәртібін түзету жұмыстары; тұтқындау; еркінен айыру т.б. жазалары қолданылады.

Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің ісіне неғұрлым парасатты, байыппен, сабырлылықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік шараның өзі де жеткілікті деп тапса, оны құқық бұзушылық жазадан босатуы да мүмкін. Ондай жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін.

Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз.

Қылмыс үшін жазалау. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Жазалар алуан түрлі болады: қылмыскер бас еркінен айырылады, азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді.

Жазаның мынадай түрлері бар:

§  айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді);

§  құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);

§  қоғамдық жұмысқа тарту (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);

§  еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзінің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);

§  бас бостандығын шектеу (сотталушыны арнайы орында, қоғамнан оңашаламай үстау);

§  тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау);

§  әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады);

§  бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау, түзету колониясына, абақтыға орналастыру);

§  өлім жазасы (сирек қолданылатын, ең ауыр жаза);

§  сотталушының мүлкін тәркілеу (сотталушының мүлкін түгелдей немесе оның белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).

Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар. ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылған. Олардың негізгілері мыналар:

§  кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;

§  адам қылмысқа отбасы ауырлыны жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса;

§  қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен — қорқытуынан, материалдықжағынан тәуелді етуінен жасалса;

§  қылмыс жәбірленушінің шектен асқан, жөнсіз әрекеті салдарынан туған терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;

§  адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;

§  қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.

Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдай­лар: ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар да қарастырылған.

Олардың негізгілері мыналар:

§  қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;

§  қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;

§  қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса;

§  қылмыстың арты ауыр зардапқа әкеліп соқтырса (адам өлімі, көп мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.б.);

§  қылмыска балалар немесе психикалық кемтар адам­дар тартылса;

§  қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса;

—   қылмыс табиғат апаты немесе басқа да төтенше жағдайды бүркемеленіп жасалса;

—   қылмыстан қоршаған ортага зиян келтірілсе;

—   қылмыс адамның уландырғыш заттар мен ішімдікті қолданған күйінде жасалса;

—қылмыскер қылмыс үстінде ерекше белсенділік көрсетсе;

—   қылмыс от қаруды, жарылғыш және техникалық құралдарды пайдаланып жасалса;

—   қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса;

—   қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасалса.

Қылмыс тұрпаттары. Қылмыс сипатына қарай төмендегідей тұрпаттарға жіктеледі:

§  адамның жеке басына қарсы қылмыс;

§  адамның және азаматтың конституция­лық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс;

§  консти­туциялық құрылыстың негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс;

§  экономикалық қызмет саласындағы қыл­мыс;

§  меншікке қарсы қылмыс;

§  халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс;

§  әскери қылмыстар;

§  қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

 

 

Тапсырма:

1.     Қылмыс дегеніміз?

2.     Қылмыстық жауапкершілік дегеніміз?

3.     Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар?


 

4.     Скачано с www.znanio.ru

Мақсаты: Қылмыстық жауапкершілік және жеңілдететін жағдайларға түсінік беру Қылмыстық жауапкершілік — құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік…

Мақсаты: Қылмыстық жауапкершілік және жеңілдететін жағдайларға түсінік беру Қылмыстық жауапкершілік — құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік…

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Р Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылған

Р Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылған

Тапсырма: 1. Қылмыс дегеніміз? 2

Тапсырма: 1. Қылмыс дегеніміз? 2
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020