Ғылыми жоба "Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы". ғылыми жетекшісі Чекетаева Р.С
Оценка 4.8

Ғылыми жоба "Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы". ғылыми жетекшісі Чекетаева Р.С

Оценка 4.8
pdf
29.11.2020
Ғылыми жоба "Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы". ғылыми жетекшісі Чекетаева Р.С
++Зеренбеков Б.А. Жоба.pdf

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43  мектеп-лицей» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Секция:  тарих

 

Тақырыбы:  Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы

 

 

 

 

Орындаған: 

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы 

№43 мектеп лицей» КММ  

10  «а» сыныбының оқушысы 

Зеренбеков Берікжан Ақылбекұлы Ғылыми жетекшісі:

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы 

№43 мектеп лицей» КММ  мұғалімі, т.ғ.к  Чекетаева Р.С 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2020 ж.

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ................................................................................................             3

1             Фараби танумен Абай танудың ғылыми теориялық        5

концепция негізі ...............................................................................

1.1   Әл-Фарабидің қазақ даласына қайта жаңғыруы........................          5

1.2   Абай мұрасы және Абайтану тарихының мәселелері...............          12

2             Әл-Фараби мен   Абай          мұраларының             рухани       17

сабақтыстықтары.............................................................................

2.1   Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы – ғасырлар мұрасы....          17

2.2   Фараби мен Абай ілімдеріндегі тарихи үндесім ......................          21

Қорытынды ......................................................................................              27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................              28

                   

Қосымшалар                                                                                              30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасында  «біздің қаһаpмандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады» [1] - деп Елбасы жазғандай тарихи тұлғалардан тәлім алу  арқылы тәрбиеленуде дана ғалым әл-Фараби мен ойшыл Абайдың  орны бөлек.Тәуелсiздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық сананың, діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» діни ұйымдар пайда болды. Қазақстандағы діни ахуал өзектi мәселелердің біріне айналды. Ата жолымыздан адаспай, рухани байлығымызды сақтап қаламыз десек, Әл-Фараби мен Абайдың қоғам, саясат, мәдениет туралы ойларын, дін туралы көзқарастарын оқып зерделеуіміз керек. Бұл тақырыпты жан-жақты және терең зерттеу ең алдымен олардың өмірінің, кәсіби мұрасының ашылмаған қырларын тану өткен тарихтан қорытынды жасап, бүгінгі өмірде ұтымды пайдалану ғана емес, ертеңгі ұрпаққа дұрыс жол сiлтеу үшiн қажет. Көптеген ғалымдар әлФараби мен Абай жайлы қалам тартты, дегенмен басым бөлігі олардың өмірі мен мұрасын  жеке-жеке зерттеді, зерделеді. 

Зерттеу нысаны: Қазақ елінің тарихи тағдырындағы  тарихи тұлғалар.

Зерттеу пәні: Фараби мен Абайдың  кәсіби мұрасы ғылыми тұрғыдан талданып, қазіргі тарих ғылымы талаптарына сай зерттелуі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Фараби мен Абайдың  мұрасына тарихи талдау жасау және  дүниетанымдарын, өмірлік ұстанымдарын тұтас бірлікте, нақты тарихи деректер негізінде тарих ғылымы тұрғысынан зерделеу.   

Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-                     Фараби мен Абай мұраларын ұлттық идея тұрғысынан қарастырып бағалау;

-                     Фараби мен Абайдың үндестігін тарихи тұрғыдан талдау;

-                     бүгінгі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың ең маңызды, өзекті мәселелеріне жалпы адамзаттық тұрғыдан өз пікірімізді білдіру.

Зерттеу әдістері: фактілік материалдар, дереккөздерді талдау, жинақтау, бағалау тәслдері қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Фараби мен Абай мұраларының сабақтасты  біртұтас арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмай келді. 1960 жылдары Қазақстанда әл-Фарабиді алғаш рет халыққа танытқан, оның мұрасын туған жеріне қайтарған Ақжан Машанов болды. Ал Абай Құнанбаев жайлы зерттеулер ертерек басталған болатын.

                ҚАбайтанудың      негізін      қалауды      бастаған             Ә.Бөкейханов,

А.Байтұрсынов,  қазыргі абайтанушылар М.Мырзахметов пен Ғ.Есімовке дейінгі аралықта Абайдың мұрасын тануға көптеген тарихшылар, жазушылар, философтар, әр саланың ғалымдары өз үлестерін қосты.  Абай Құнанбайұлының өмірбаянын, шығармаларын зерделеу ақын қайтыс болғаннан кейін қолға алынды. Оның тұңғыш биографы  - Кәкітай Ысқақұлы. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын, шығармаларының сыры мен жазылу себептерін жақсы білді. Абай Құнанбаев мұрасын ұлттық шығармашылық интеллигенцияны тәрбиелеп, өсіруге пайдаланған Ж.Аймауытовтың редакторлығымен 1918 жылы ақпанда Семейде шыға бастаған «Абай» журналы болды [2]. Абайды бүкіл қазаққа айқын таныту, шығармаларын кеңінен дәріптеу арқылы ұлттық сананы ояту – сол кездегі  ағартушы-демократтар үшін күн тәртібінен түспеген ең маңызды мәселе болып қалды. Сол себебті де «Абай» журналы кемеңгердің шығармалары жайында ой бөлісетін бірден-бір арнаулы басылым болды. Және де бертіңге дейінгі бүкіл қазақ журналистикасы тарихында адам есімімен аталған жалғыз журнал осы «Абай» болды.

Абайтануды қазақтың әдебиеттану ғылымының үлкен әрі дербес саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов екенін бәріміз білеміз Тарихшыларда әдебиетшілерден қалыс қалмады десекте тақырыптың зерделеуге арналған түйінді тұстары жетерлік.   Абай тақырыбына жиырмасыншы жылдардың басында бет бұрған М.Әуезов бүкіл саналық ғұмырын Абайтануға арнады. Кейбір зерттеушілер оның 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын Абайтанудың бастамасы деп қарайды. Данышпан А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын Мұхтар Омарханұлындай тұлға ғұмыр бойы зерттегенімен Абайтану ілімінің бастамасы ғана жасалды. Абайдың сүйенген үш тағаны (және Абай Құанбаевтан кейінгі ұлттық шығармашылық интеллигенциясының басым көпшілігі өсіп шыққан үш таған) туралы Мұхтар Әуезов алғаш «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында жазған болатын. А.Байтұрсынов, М.Дулатов,  І.Жансүгіров, С.Сейфуллин,  еңбектерінде де Абайдың ұлттық руханиятқа қосқан үлесін, идеяларының маңыздылығын анықтаған. Мысалы, С.Сейфуллиннің 1934 жылы шыққан «Ибраһим Құнанбайұлы» мақаласында «қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсетеді» деп  оның елі үшін атқарған қызметін, еңбегін әділ бағалаған.  А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында Абайдың өмірі мен өскен ортасы, оның орыс әдебиетімен, мәдениетімен ой-пікірлік байланысы және Е. Михаэлис пен С. Гроспен арасындағы қарым-қатынасы туралы мәліметтер  берген. Кеңестік дәуірде Абайдың қазақ әдебиеті мен тарихтағы орны туралы бірде өршіп, бірде бәсеңсіген пікірталастар болды. 1920-1930 жылдарғы зерттеулерде әл-Фараби мен Абайды сабақтастыра қарау  мәселесі олқы қалды.

Ақжан Машанов  1944 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай  Қаныш Сәтбаевтың ұсынысымен «Абайдың ғылыми мирасы» тақырыбында баяндама жасайды. Бұл тұста әл-Фарабидің атын алғаш естіп, оның еңбектерін іздестіре бастаған А.Машанов «Егер Абайды жақсы білмесем әлФарабиге бара алар ма едім» деген.  «Әл-Фараби мен Абай арасындағы көзге көрінбей тұратын, бірақ үзілмейтін, өшпейтін жарық сәуле біздің де көкіректегі көзімізді ашып тұратын секілді», - деп Фараби мен Абай мұраларының сабақтастығына алғаш   Ақжан  Машанов өз бағасын берген. Ақжан Машанов көптеген жылдар бойы әл-Фарабиді зерттеп, ғылыми еңбектер жазған. А.Машановтың шәкірттері Ш.Абдраман, К.Н. Бурханов, Жүгенбаева көптеген еңбектер жазып, оның мұрасын жинақтады, соның ішінде әл-Фарабиге қатысты құнды мәліметтер жинақталған. 

Жобаның жаңашылдығы: Оқушы ретіндегі өзіме ашқан жаңалығым:

-    тақырыпқа қатысты ҚР мемлекеттік мұрағаттары мен қорларынан құжаттар мен деректер алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді;

-    әл-Фараби мен Абайға қатысты сақталған мәліметтер тиісті ғылыми деңгейде зерделеніп, кеңестік саяси-идеологиялық біржақты көзқарас әсерінен жабық күйінде, ескерусіз келген мәселелер зерттеліп, объективті тұрғыда қайта қарастырылды;

-    әл-Фараби мен Абайға қатысты әдеби, тарихи, философиялық, педагогикалық, публицистикалық шығармалар, мерзімдік басылымдардағы мақалалар және олардың шығармаларын зерттей отырып, оның көзқарастарына алғаш рет жаңаша тұрғыдан баға берілді.

-    әл-Фарабидің еңбектерін STEAM білім берумен байланыстырылды және Абай еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы айқындалды.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы  зерттеу жұмысы болғандықтан оның нәтижелері мен тұжырымдарын оқушыларға сабақта, сабақтан тыс шараларда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы  кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ФАРАБИ ТАНУМЕН АБАЙ ТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯ НЕГІЗІ

1.1 Әл-Фарабидің қазақ даласына қайта жаңғыруы

 

Философия, математика (геометрия, алгебра, тригонометрия), физика, астрономия, гелиоцентризм, оптика, метеорология, медицина, психология, теология, музыка, ботаника, зоология, география, геология, логика, лингвистика, риторика, поэзия т.б  ғылым салаларын жақсы білген, энцеклопедист ғалымды әркім өзіне меншіктегісі келді. Әбу Насыр әлФараби мұраларын жинап, ұлы тұлғаны тауып, оны тарих шыңрауынан шығарған, есімін туған жеріне оралтқан Ақжан Жақсыбекұлы Машанов болды. 

Мың   жылда бір туатын ғұламаны іздеуге негіз болған оқиға сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан бастау алды. Нәтижесінде әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайтты. КСРО-ның батыс бөлігінен, басқа елдерденҰлы Отан соғысы жылдары көшірілген ғалымдар Алматыда көп болатын. 1943 жылдың қысында Чехославакиядан келген Э.Я.Кольман деген математика ғылымының тарихын жақсы білетін ірі ғалым, профессор филиалда баяндама жасайды. Баяндаманың негізгі мазмұны «Орталық Азиядан шыққан ғалымдардың араб ғылымына қосқан үлесі» туралы айтылады. Ол баяндамасын  алғашқы құрылған араб халифатынан бастады. Осы араб ғылымын жасауда Орта Азия мен Қазақстан жерінен шыққан ғалымдардың қосқан үлесін ол барынша талдап көрсетті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Жауһари, әл-Бируни, Ибн Сина, Абул-Вафи, әл-Ферғани, Омар Хайам, ат-Туси, Ұлықбек, әл-Хазин тағы бірсыпыра адамдарды атап өтті. Еуропа елдерінің орта ғасырдағы ғылыми өрлеуіне ерекше зор әсер еткен осы адамдар екені айтылды. Баяндамасының қорытындысында Кольман «Адам баласының ғылымға көзін ашқан осы сияқты шамшырақтарды неміс фашистері жоққа шығарғысы келеді. Олардың елін кемб ағал ел деп қорлауда. Мұның өзі адам баласының саналы тарихына істеген хайуандық, қиянат» – деп  баяндамасын аяқтайды [53. Ақжан Машановқа  осы аталған ғалымдардың ішінен әл-Фараби есімі ерекше әсер етеді.

А.Машановтың ендігі  мақсаты мың жылдан астам жылдай бойы өз ұрпағымен табыса алмай, су түбіндегі асыл тастай тарих тұңғиығында жатып қалған, дүние жүзінде «екінші ұстаз» атанған әлФарабидің рухын туған жеріне қайтару болды.  Әл-Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген, ат  салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Сондықтан әл-Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік  саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды. Фараби мұраларын  1000 жылдан астам уақыт  бойы тынбастан  зерттеп келеді. ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр әл – Фарабидіңде трактаттары басылып шыға бастады. Ең алғаш 1905 жылы  белгісіз  каирлік кітап шығарушы Фарабидің ең үлкен және негізгі «Қайырымды қала тұрғындарының  көзқарастары туралы трактаты» деген еңбегін  басып шығарды 

Фарабитануды зерттеу 1924 жылы атақты әдебиетші А.Саадиден басталған. С.Н.Григорян  (1958) еңбектерінде: VII – XVI ғ. Орта  Азия мен Иран философиясының  тарихынан», «Таяу және Орта шығыс халықтарының  ортағасырлық философиясы» Фарабидің әлеуметтік – саяси көзқарасы  қаралған. М.М.Хайруллаев өзбек тілінде (1963) жазған өзінің «Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы»  және «Фараби: дәуір мен уақыт» [4] атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі  ұлы гуманист деп бағалайды. М. М. Хайруллаев әл-Фараби жайлы негізгі мәліметтермен А.Машанов арқылы хабардар болған.

Шығыс елдерінде Фараби туралы жазылған еңбектер көп. Солардың ішінде араб тілінде шыққан «Салсалати Таржим алғалам» жинағында, Шамсутдин Сахидың «Хамус ал ғалам» атты түрік тіліндегі еңбегінде, тағы басқаларында Фараби туралы бірсыпыра мәліметтер келтірілген. 

 Бірақ, осыны барлығын талдап, жинақтап, бағалап, өзегін болашақ ұрпаққа дөп жеткізген ғалым Ақжан Машанов болды. Ғалым Фарабитанудың өрбу логикасында жіберілген  кемшіліктер мен қателіктерді көре біліп, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажыратып, кешегі білім мен бүгінгісіне  сүйене отырып, ойды жинақтап түйін түйді 

Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге әл-Машани 1943 жылғы конференциядан кейін кірісті.Машановтың басты мақсаты Фарабидің қазақ топырағында кіндік қаны тамғандығын дәлелдеу керек болды. 1961 жылы  Вестник Академии наук Казахской ССР журналының №5 санында «Ал-Фараби еңбектері туралы» мақаласында ғалымның еңбектері жүзден астам деп көрсеткен.   Кейіннен әл-Фарабидің математика, астрономия, химия, география, геология, философия, медицина, музыка тәрізді ғылым мен өнер салаларына арнаған еңбектері 150-ден асады деп қорытындылады. Бірақ КСРО-дан оның бірде-бір еңбегін таба алмады. ӘлФараби ғалымның аты Еуропа т.б. дүние жүзінің дамыған елдерінің ғалымдар қауымына таныс болғанмен туған елінде бірде-бір еңбегі сақталмағаны қазақ зиялыларын толғандырды. 

А.Машанов алдымен әл-Фарабиді Отырар-Фараб қаласынан шыққан екендігіне дәлел келтірдіон бір ғасырдан соң ұрпағымен табыстырды. Сөйтіп, Фарабидің әлемдегі екі ұстаздың бірі - «Әл-мұғалім әл-сани» атанған қазақ даласынан шыққан перзенті екендігін зерттеу еңбектерімен дәлелдеді.   

Сонымен қатар барлық адамзаттың даму үрдісі түбегейлі өзгеріп жатқан тұста халқына басқалардан өзгеше заман болмайтынын ескертіп, одан да қамсыз қалмауға шақырады. Ұлы тұлға әл-Фарабиді қазақ жерінен шыққанын  таныту үшін, ашпаған есігі, кірмеген басшысы қалмады. Сөйтіп, А.Машанов XX ғасырдың 60 жылдары Әл-Фарабидің қазақ жері топырағынан Отырардан шыққан перзенті екендігінің ҚР ҰҒА-ның «Хабаршысында» жариялады және ол тұңғыш рет әл-Фарабидің философияны үйренушілерге бағышталған 9 трактатын аударып, оның еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті.  А.Машани өз қаржысымен әл-Фарабидің ғүмыр кешкен Таяу Шығыс елдерін аралады. Ол ғалымды  Шымкент облысы Қызылқұм ауылында туған дейді [5].

Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласында өшпес із қалдырған,  жазған барлық ғылыми еңбектері араб тілінде болған. Осы себепті оның мирасын зерттеу қолға алынбаған. Көпшілік қауым оны араб ғалымы деп түсінген. Оның Отырарлық  адам екенін, оның нәсілі түркі тайпаларынан екенін тек бірлі-жарым ғылым тарихын зерттеушілер ғана білген. Қазақстан жерінен әл-Фарабидің ешбір ізін таба алмаған соң басқа қалалардан, онан кейін шет елдерден оның еңбектерін іздеуге кірісті. Мәскеу мен Ленинградтың кітапханаларының шығыс бөлімдерінен аздаған еңбектер табылды. Сонымен қатар сол кітапханадағы библиографияны пайдаланды. Әл-Фараби сияқты белгілі ірі ғалымдарға арналған библиографиялық көрсеткіштер болды.

Әл-Фарабидің библиографиясының төрт түрін тапты, екеуі неміс тілінде, біреуі ағылшын тілінде, біреуі түрік тілінде. Соларды пайдалана отырып, бірнеше шет ел кітапханаларынан әл-Фараби еңбектерінің көшірмесін алдырды. Сонымен екі жыл ішінде оның қолына әл-Фарабидің оншақты шығармасын және оның еңбегін зерттеген адамдардын дүниелері түсті. Енді соларды аудару қажет болды және онан әрі қарай іздену керек. Ол үшін академия тарапынан көмек керек, осы жөнінде Ғылым Академиясының президенті Қаныш Имантайұлының атына анықтама-өтініш жазды [6]. Оған  1960 жылғы 15 қарашада Ақжан Машани және академия кітапханасының директоры Нұрхан Ахметова екеуі  қол койды.

Қаныш Имантайұлы өтінішке «Орындалсын» деп қол қояды. Академияға алғаш рет әл-Фараби есімі соғыс кезінде бір аталса, енді оның мирасы зерттелсін деген пікір айтылды. Осы жөнінде академияның «Хабаршы» журналында 1961 жылы мақала жарияланды. Айтылғанымен, оны орындау оңайға түскен жоқ, себебі: Қаныш  Имантайұлының қайтыс болуы еді. Екінші қиындық, араб тілін білетін адамдардың жоқтығы көп кедергі жасады.  Әл-Фараби мирасын іздей бастаған 1958-1960 жылдары Қазақстанда араб тілін үйрететін, үйренетін, зерттейтін ешбір орын болған жоқ. Араб тілін білетін жан жоқ десе болғандай Садуақас қажымен бірге ақылдаса отырып, арабшадан қазақшаға мақала аударатын болды. Сонымен бірге әл-Фараби мирасын зерттеуге есік ашылды деуге болады. Оларға тағы арабша, жақсы білетін үш қарт қосылды. Ғаббас Елеусізов, Рахым Сәрсенов, Қажыбай Манбаев. Оларға әл-Фарабидің колға түскен шағын еңбектерін аудартты.

Сол мақалалар ішінен әл-Фарабидің: «Әбу-Наср әл-Фараби еңбегі алғашқы рет казақ тілінде», «Философияны үйрену үшін оның алдында не білу керек» деген мақалаларын 1962 жылы «Білім және еңбек» журналының бірінші санына жариялады [7]. Мұның өзі әл-Фараби еңбегінің өзінің туған елінде - Қазақстанда қазақ тілінде ең алғаш рет жарық көруі еді. Мақалаға бет ашар түсіндірмені журналдың бас редакторы Қамал Смайылов жазды.

Туғанына

1150

 өткен осындай ірі ғалымның, Шығыс Аристотелінің

Қазақстаннан шыққан екенінен хабардар халық жанары жарқ етіп, құлағы

ашылғандай болды. Журнал редакциясына және Ғылым Академиясына хат Қазақстанның әр жерлерінен келіп жатты. Олар зор рахметін, өздерінің қуанғандарын айтып, әрі қарай дамытуды сұрады. ҚазКСР сырт тұратын адамдардан да, шет елдерде тұратын қазақтардан, ұйғырлардан хаттар көп келді Солардың арасында: «Мынау бір жаксылық ырымның басы екен» - деп қуанып ұлттық рух жаңғырды.

Уфада бұрыңғы одактың ғылым академиясының филиалы бар. Онда Шығыстану материалдары аз екен.  Сол медресенің кітапханасы сол қалпында сақтаулы, Уфа мешітінің қарамағында сақталыпты. Мешіттің бас имам-қазиы Қамал Башири деген кісінің рұқсаты бойынша әл-Машани үш күндей ескі кітапхананы аралады. Онан әл-Фарабидің үш кітабын тапты. Оның біреуі неміс мамандарының аудармасы, өзінің қолында болған. Ал басқа екі дана кітап араб тілінде 1907 жылы Каирде шыққан жинақ. Онда әл-Фарабидің он екі түрлі еңбегі басылған. Оның өмірбаяны да айтылған. Соның ішінде Аристотель, Платон пікірлерінің негізі бір екенін дәлелдеген әл-Фарабидің еңбегін басып шығарған. Онан кейін «Қайырлы қала тұрғындарының көз қарасы» атты тамаша еңбегі де басылыпты.

Қазан қаласында әл-Фараби еңбектерінің аздаған нұсқалары екі кітапханадан кездесті. Оның бірі Ибрагимов атындағы академия институтында, екіншісі университет кітапханасыңда, екіншісі Шахабуддин Маржанидің мешітмедресесінде. Осы сияқты үздіксіз іздену арқасында әл-Фарабидің бірсыпыра еңбектері қолға түсті және ол туралы жазған ғалымдардың еңбектері де жиналады.

Дегенмен әл-Фарабидің аса ірі аты шулы музыка, астрономия, математика, оптика саласындағы күрделі еңбектері бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде жоқ болып шықты. Оларды енді шет елдерден қарастыру қажет болды. 

Кітап алдыру үшін шет елдерге барғандарға тапсырма берсе, көбіне әлФараби еңбегі бар деген елдерге өзі саяхат жасады.  Академик, дәрігер Сайын Балмұханов Түркиядан біраз еңбектер алып келді. Сонын, ішінде әсіресе фарабитанушыларға зор көмек бергені профессор Ахмад Аташтың «Әл-Фараби кітаптарының тізімі» (Стамбул, 1950). Бұл тізімде әл-Фараби енбегінін ең көп саны бар еді (1960 кітап). Сол кітаптардың қай елде, кай жерде, қандай түрде, қандай нөмірмен тіркелгені бәрі көрсетілген Ендігі әл-Машанидің алдында тұрған бір мақсат әл-Фараби мирасын зерттеу мәселесін бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде Қазақстанның үлесін алу. Ол үшін Москвадағы Одақтық Шығыстану институтының шешімі керек еді. Осы мәселе жөнінде ол Институт директоры академик Бабажан Гафуровқа жолығады.  Б.Гафуров фарабитанушыны жақсы қарсы алып, көмектесуге уәде береді. Осыдан кейін 1963 жылы Москвадан шығатын «Юный техник» журналының сегізінші санына  «Аристотель Востока» деген әл-Фарабиға арнаған мақала жариялайды. Әл-Фараби жөніндегі өз ұрпақтары атынан орыс тілінде алғашқы шыққан мақаласы осы болды.  Кейіннен қазақша-орысша екі тілде: «Орта Азия мен Қазакстанның ұлы ғалымдары» деген жинақта, әл-Фараби туралы көлемді мақала жарияланды (1964-1965 жылдары, Алматы).

Келесі максаты әл-Фарабиді халықаралық ғылыми-тарихи конференцияларда көрсету қажеттігі туды. Осы мақсатқа сәйкес 1966 жылы Мәскеуде математиктердің халықаралық конференциясы өтті.  А.Ж.Машанов пен А.К.Көбесов шұғыл дайындалып, сол конференцияда: «Әл-Фараби және математика» деген тақырыпқа баяңдама жасады. Аталмыш баяндаманы негізі қолда бар математикалық еңбектер бойынша емес, көбіне жорамал (гипотеза) түрінде жазды. Яғни, әл-Фараби дүние жүзіне әйгілі философ екені мәлім. Ал ол кісінің өзінің негізгі қағидасы және сол кездегі жалпы ереже бойынша философ деген атақ барлық ғылымдар негізін білген және соған үлес қосқан адам, соған сүйеніп философ болмақ. Әл-Фарабидің жоғарыда айтылған, казақша ең алғаш рет жарияланған мақаласында философ болу үшін басқасынан бұрын тәрбиелік ғылымның төрт тарауын бірдей жақсы білу керек. Ол төрт ғылым мынау: астрономия, арифметика, геометрия, музыка.

Бұл төртеуін әл-Фараби бірдей меңгергеніне дау жоқ. Бірақ солардың ішінде олардың қолында біреуі ғана бар еді. Ол музыка. Бұл кітаптың Лейденнен келген қолжазбасына қарағанда онда әл-Фарабидің математиканы

(арифметика мен геометрияны бірдей) толық қолданғаны түсінікті еді. ӘлФарабидің астрономиялық еңбегі Лондон кітапханасында деген мәлімет бар еді. Оны алдырудың жолын ойластырып жатты. Ондағы көтерген негізгі мәселе: әл-Фараби математика ғылымын табиғаттану ғылымына қолданған, өйткені астрономия (оптика), музыка (дыбыс) табиғат ғылымдары деген қағиданы көтерді.

Әл-Фарабидің енбектері жайлы көтерген екінші конференция Тәжікстанда Душанбе қаласында 1967 жылы болды. Онда Абу Али Ибн Синаға (Авиценнаға) арналған конференцияда фарабитанушы ғалым әл-Машани «Әл-Фараби және Авиценна» деген баяндама жасады. Бұл екеуін бірінен бірін айыруға болмайтынын түсіндірді, бұл күнде араб ғалымдары «Екі Фараби» («Фарабиан») деп жүргізеді, оның біреуі әл-Фарабидің өзі, екіншісі Авиценна дегенді баяндады. Бұл конференцияның мағынасы зор болды, өйткені Ибн Сина бүкіл шығыстану ғалымдарына әйгілі. Сол арқылы әлФарабиді тану болды Осы мәселемен шұғылданып жүрген кезінде Сирия мен Ливанға туристік сапармен барып кайтуға мүмкіндік туады. Әл-Фараби өзінің өмірінің ең ақырғы күндерін Сирияда өткізгені белгілі. Ұлы ұстаз Сириянын астанасы Дамаскіде жерленген. Кезінде ұлы ғұламаны Сирия әмірі Сайф-адДаула өз қолымен Баб-ас-Сағир зиратына қойғаны мәлім. Сол зиратты тауып, әл-Фараби қабірін көріп қайтсам бір жолға сол да аз емес  деген ойға келеді. Бірақ туристік сапарда шет елде белгісіз қабыр іздеуге мүмкіндік бола ма? Әсіресе осыдан 1100 жыл бұрын өткен адамның зиратын іздеу күмәнді болды.

Сирия, Араб республикасына туристермен бірге Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.Ж. Машанов бара жатты. Ол кісінің негізгі мақсаты - ұлы ғалым әл-Фарабидің есімімен байланысты жерлерде болу, ол кісінің жақындап келе жатқан 1100 жылдық мерекесіне материал жинау. 

Қаланың солтүстік-шығыс жақ бетіндегі бір биік қақпаның алдына келіп, іздеген Баб ас-Сағир – кіші қақпаға  тоқтайды. Алдында кішірек әдемі мешіт, оның бір жағында мрамор тастан жасалған жуынатын орындар. Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар т.б. Күзетшісі  оларға  әл-Фараби қабырын көрсетеді. 

Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені – Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін өзінің «Әл-Фараби және Абай» атты кітабында, күнделіктерінде де жазып кетті.

Мола басына барарда А. Машани қасындағы Қазақстандықтар зират басына бармай өз жұмыстарын бітіруге басқа жаққа кетіп қалады, өзінің ренішін қалжындаған болып «Вы нетоварищи, а товолдши», - деген екен. 

Мола басындағы көңіл-күйін төмендегі өлең шумағы арқылы білдірген: Түркістан-Шам арасын, Жақындатқан бабамыз. Басына келді ұрпағын, Ақылы дария данамыз.

Араб, парсы, түріктен,

Сізді білмес жан барма. Ғайрилар тағы біледі, Тарихқа көзін салғанда. Зиярат ойлап (қыла) басына Елден іздеп келген ем.

Табарак етіп бір уыс алдым мен сеннен топырақ, Мағауия  (Омейя) мешіті Сан ғасыр бастан кешірген. Басында әлі тұр екен, Салам (Дарас) сол мекен. Торқалы мекен тоғысқан, Тоқсан тарау жол екен.

Сізге де мекен болыпты,

Ел басын қосқан сол мекен [8, 7  п.].

Ақжан Машановтың Дамаск күнделігіне қарап, оның өз мамандығынан басқа тарихты да өте жақсы біліп, әмбебап болғаны көрінеді. Ия, әл-Машани әл-Фараби бабамызды осылай іздеп тапқан еді. Оның халқына сіңірген еңбегін ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес.

 

 

 

 

 

1.2. Абай мұрасы және Абайтану тарихының мәселелері

 

Абайтану ілімінің пайда болып орнығуының маңызы зор болды. Абайдың мұрасын ғылыми жолмен игеру үстінде үлттық ғылыми күштер өніп-өсті. Абайтанудың басында тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, одан Мұхтар Әуезов, бүгінгі абайтанушылар Мекемтас Мырзахметов пен Ғарифолла Есімовке дейінгі аралықта Абайдың мұрасын тануға көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.   

 «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» сөздерін іске асырмай түпкі мақсаттарға жетудің қиын екендігін ел-жұртына түсіндірумен болған Абай өмірден өткеннен кейін оның  қазақ халқы үшін орны толмас қаза екенін қазақ зиялылары  түсінді.  Әлихан Бөкейханов Абай еңбектерін жоғары бағалаған, жинаған, зерттеген адам. 1904 жьшы Абай қайтыс болғанда терең мазмұңды қаралы мақала (некролог) жазған. Сонымен қатар ол Абай еңбегін орыс оқымыстыларына алғаш рет таныстырушы болып тарихта қалды.

Абайды әлемге танытқан қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылып, Ұлы тұлға туралы теңдесіз көркем шығарма болып табылады.  Мұхтар Әуезов қазақ халқының санасын оятқан, алдымен оята бастаған Абай деп, ұлы ағартушының ісін жалғастыруға тырысты. Шығармашылық зиялылар Абай Құнанбаевты өзі танып, елге танытумен бірге Абай Құнанбаевты ұлт ұстазы ретіндегі рөлін қалыптастырды. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдардағы Абайтанудың басты сипаты – ұлы ойшылдың мұрасын жинау болды.   Абайдың  есімін әсіре қызыл тапшылардың шабуылынан қорғап қалды. Абайдың қазақ әдебиеті мен тарихтағы орны туралы бірде өршіп, бірде бәсеңсіген пікірталасқа Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Ыдырыс Мұстамбаев, Бейсенбай Кенжебаев, Ілияс Қабылов, Әзімбай Лекеров, т.б. оқымыстылар қатысты. Абай мұрасын іздеп жүріп жинап жария етуге қатысқан, шиеленіскен идеологиялық таласта Абайды қорғаған шығармашылық зиялылар өкілдері - осы ізгілікті іске атсалысқандардың бәрі ұлт зиялылары аталуға лайықты тұлғалар деп бағалауға болады.

Абайды тану арқылы әлем қазақты таниды. Сондықтан қазақтың ойшылы, ғалымы, ұлы ақыны Абайдың жолы – халқымыздың рухани-мәдени мұрасы, асыл қазынасы. Абай тақырыбына жиырмасыншы жылдардың басында бет бұрған Мұхтар Әуезов бүкіл саналық ғұмырын Абайтануға арнады. Зерттеушілер  Мұхтар Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын Абайтанудың бастамасы деп қарайды.

Данышпан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын Мұхтар Әуезовтей ұлы суреткер мен ғалымның ғұмыр бойы зерттегенімен Абай тану ілімінің бастамасы ғана жасалды. Мұхтар Әуезов Абай мен басқа да ағартушы-демократтардың көзқарастарына әсер еткен үш арна - қазақ, шығыс және орыс мәдениеті туралы жазды. 

Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің: «Тұлғаны ақ алмастай заманда шыңдайды, ақ алмас, қаттыны жарады, жұмсақты тіледі, замана талабы туған кезде оттан шығып, жалын құшқан ақ алмас қынабынан жарқ етіп қадір-қасиетімен халқына танылады, «тарих» деген дарияны еркін малтып өтіп, өз тұғырына, ұлылық тұғырына қонады» деген сөзінің жандылығын, барлығын айта отырып, тұлғалар тарихта күнде тумайтындығын, табиғат адам баласына тұлғаны анда-санда сыйлайтындығын айтады. 

Әл-Фараби ұстаздың ілімі қазақстан мен Орта Азияда кеңінен таралса, сол бұлақтан Абай нәр алды. Ол Шығыс мәдниетін  пір тұтқан, келешектің тірегіне айналар ұрпақ өсіруге жан-тәнімен атсалысқан.  Ибраһим нәр алған бұлақтарының бірі – ежелгі қазақ мәдениеті, ауыз әдебиеті, екіншісі – шығыстың рухани қазынасы, үшіншісі – орыс мәдениеті және сол тілде аударылған батыс әлемінің рухани қазыналар көзі. Ол барлығы адамның өзін-өзі жетілдіруі арқылы іске асатының түсінуі болды.

Ақжан Машановта  жасынан Абай, Шәкәрім өлеңдерін жаттап өседі. А.Машанов «Әл-Фараби жөне Абай» шығармасын 1994 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңыңда жарыққа шығарды. Абай  айтқан «Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс» тұжырымдаманы Машанов «Абай және Әл - Фараби» еңбегінде дәлелдейді. Әл-Фараби мен Абай даналықтарының арасын жалғастыратын дәлелдер тауып, ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді.

Барлық еңбектерінің сабақтастықтарын байланыстыра қараған.

ХХ ғасыр ұлы Абай салған дәстүр – жаман менен жақсының, білімғылым мен надандықтық таласы, ұлт тағдырына пайдалы мен зиян құбылыстардың қайшылықтары ашып көрсетілген, елдің санасын оятып, өркениет биігіне шақырған шығармалармен басталды.

Мекемтас Мырзахметов қазақ халқы  Абайдың  әдеби мұрасын танып білгенімізге 130 жылдан асты дейді. Осы аралықта абайтану тарихы  үш кезеңді бастан кешіргенін айтады. 

Бірінші  1889-1934 жылдар М.Әуезовке дейінгі зерттелу кезеңі деуге болады. Абайды танытуды Алаш қайраткерлері халықтық таным тұрғысынан мақала, зерттеулер арқылы насихаттады.  

Екінші кезең, 1933-1934  жылдан 1961 жыл аралығында қанаты кең жайылған «Абайтану тарихының Мұхтар Әуезов  кезеңі»  қалыптасты.  Оның  «Абай жолы» эпопеясын әлем мойындады.  «Абай Құнанбаев» деп аталған ғылыми монографиясы шықты. 

Үшінші кезең 1961 жылы М.Әуезов өмірден өткен соң басталды.  Жаңа буын өкілдері тың көзқарспен қарап, зерттеулерді жалғастырды. Мекемтас Мырзахметов «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» тақырыбындағы еңбегі сол кездегі саяси қысыммен сесекенбей жазылды. 

Абайтанушы А.Омаров осынау қиын сырды бізге Абайдың өзі «Құдай жолы» ұғымы арқылы ашып береді. Адамзаттың бәрін сүю, әрине, мүмкін емес. Бірақ кімде кім өзінің жақын айналасын, ең болмаса бір адамды шын сүйе білсе, оның Құдай жолына қадам басқаны сол. Егер сол мақсаттан еш тайқымауды пенде өзіне шарт қылып, өмір сүретін болса, оның адамзаттың бәрін сүйгендігі сол. Бұл пайым дәлеліне 38-сөздегі мынадай қорытынды түйінді келтірелік: «Енді білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді». Осы қара сөзі арқылы Абай бүгінгі таңда таба алмай жүрген діндегі түзу жолымызға сілтейді. Бұл ұлағаты өлеңіндегі «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, мүмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ» деуімен сабақтасады.

Абай ұлағаты «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» сөздерін іске асырмай түпкі мақсаттарға жетудің қиын екендігін ел-жұртына түсіндірумен болды. Қазақ сөз құдіретін бар құдіреттен артық санаған. Соның ішіндегі құдіретті сөздің бірі - Абайдың қара сөздері.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!», - деп С.Торайғыров айтқандай оның кез келген шығармасының терең, пәлсапалық ойлы мазмұны  ұрпақтарға қалған өшпес мұра.

Абай өмірінің соңғы он шақты жылында өзін толғандырған мәселелер жайындағы ойларын қара сөзбен  қағазға түсіріп отырған. Ол жөнінде өзі бірінші қара сөзінде: «Ақыры, ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым» [9], - дейді. Осыдан да байқалып тұрғандай, Абай қара сөздерінің тақырыптық мазмұны сан алуан. Оларда өмірдің мәні, адамшылық, білім, тәрбие, еңбек, кәсіп, өнер, дін, имандылық

т.б. жайында айтылады Абай жас ұрпақ үшін керекті өнер-білім, еңбекті үгіттеп, адамның рухани жетілуін, оның мінез-құлқын адамгершілік нормасына сай тәрбиелеуге өз ықпалын тигізеді.

Ұлтымыздың өткен тарихына, әдебиетіне,  өнеріне талдау жасағанда, халқымыздың бойына тән қасиеттерді дөп басып, көріпкел тамыршыдай жіліктегенде, көшпенділер мәдениетіне барлау жасағанда алдына жан салмайтын. Асыл мұраларымызды, рухани қазынамызды сақтауға үлес қосты.

 Оның дәлелі Абайдың  қара сөздері, өлеңдері бүгінгі күндегі Қазақстан Республикасының әртүрлі бағдарламалары, Елбасы жолдауларымен үндеседі.

 «...Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы. Дүние еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады...», - деген отыз сегізінші сөзінде.

 Бұл жерде Абай: «Адам баласы үш нәрседен: надандықтан, еріншектіктен, залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады дейді. Білім-ғылымсыз адам еш нәрсенің байыбына, мәніне түсінбейді, демек, мал есепті.  Еріншек ештеңені үйренбейді, яғни қолынан түк келмейді, нағыз сорлы – сол.  Залымның адам баласына жаны ашымайды. Демек, оны адам есебіне қосуға болмайды.  Қорыта келгенде, Абай қарасөздері – оның ақындық мұралығына қосылған бағалы қазына. Ұлы ойшыл қарасөздерінде «артқа лаң болмай» алға ілгері басуды арман етті. Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды. Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап, өмірдің мерездеріне жирене қарады, оқырманын солардан безіндірді. Ұлы ойшылдың ғақлиясын, ақыл кеңестер деп ұғынған жөн

Абайдың «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз» деп келген жолдары қара сөздерінің де мағыналық түйініне таңқаласын. Білім алып, ғылымды не бір өнерді игерсеніз малда, дүниеде өз табылатынына меңзейді. Сол кәсіптің адамды асырайтының басқа қара сөздерінде де негіздеген. Өйткені хакім Абайдң қай сөзін алсаңыз да, көкіректің ашылуы, жақсылыққа ұмтылуы - барлығы осы білім, ғылымнан басталады. Мәселен, жиырма бесінші сөзінде ол «Дінге де жақсы білгенің» деп келген ойын ғылымға қиыстыра отыз екінші, отыз сегізінші сөздерінде таратып, тарқатып айтады. «Дүниенің кілті ғылымда» деу арқылы ұлы акын кез келген нәрсеге таным тұрғысынан карап, ғылыми негізде түсініп қабылдау керек деп есептеген. Бұл ой оныншы кара сөзінде де келтіріледі «Құранның іші толған ізгілік іс». Абай өмір сүріп отырған қоғамға, жеке тұлғаға қатысты, моральдык асқақ қағидаларға үңдеген, рухани тазалыққа шақырған. Адами құндылықтардың терең тәрбиелік, эстетикалық сипатқа ие екендігіне көзің жеткізуге бағыттаған. 

Абай  қара сөздерінде адамдықтың биік деңгейін білім, ғылыммен ғана емес,  иманмен бағалаған.  «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп дәйектеген. Исламның діни кұндылықтарының ішіндегі ең басты мәселесі «Иман»/ сенім болып табылатының жадысынан шығармаған. Абай шығармаларында иман мәселесіне көп тәрбиелік мән берілген. Он екінші және он үшінші сөзінде «Иман деген не?» оның түрлері, «Қайткеңде иман толымды болмақ?» деп түсіндіріп тарқатады. Иманға көп көңіл бөлуінің себептері, сол кездегі қоғамда орын алған  жағдайлар еді. Үшінші  қара сөзіндегі қазақтардың бірінің тілеуін бірі тілеспей кеткені, қызметке таласқыштық, жалқаулық, бірін-бірі көрсетіп іс қозғау мәселелері қатты толғандырады. 

Абай Құнанбаевтың көсем сөз шебері, ақын, ойшыл ғана емес, заңгерлік қыры да бар болған. Хакім Абайдың  жазба әдебиетіміздің негізін қалағаны тұлға ретінде тарихта қалды.  Ал, қағаз бетіне түсіп, қазақ даласына тараған алғашқы  заңдардың бірінің авторы ретінде оның есімін  көп зерделемеген. 1885 жылы мамыр айында  Шар өзені бойында өткен жәрмеңке барысындағы төтенше съезд өтеді. Қарамола жазығында өткен Шербашнай съезі немесе Шар съезі барысында да сол замандағы халыққа  лайықталып,  Қарамола заңы жазылған. Онда  «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері» қабылданған. Заңды тікелей басқарып, басқа да билермен ақылдаса отырып өз дәрежесіне жеткізген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев. Қарамола съезіне Семей облысына қарасты бес уезден Абай би емес, Шыңғыс болысының «Құрметті қазағы» ретінде шақырылған. Бұған аталған съезді қабылдаған Ереженің соңына жазылған тізімдегі аты-жөні дәлел болады. 100-ден артық баптан тұратын заңды жасайды. Абай қазақтың бұрынғы заңдарын жетік білетіндігін, сонымен қоса орыс заңдарын да терең меңгергенін көрсетіп, осылардың барлығын үйлестіре отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шығады. Абай  қасындағы серіктерімен қазақ елінің әдет-салтын, жете зерттей отырып, адам құқын жан-жақты қорғауға белсене қатысады. Осылайша Қарамола съезінде арнайы заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай Құнанбаев жазған қазақтың жаңа заң ережесі, 73 бабы қабылданады.  

Осы жиында Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам биболыстары бас қосқан төтенше  съезде Абай төбе би болып сайланады. «Заңтану» – Абайдың құлай сүйсініп, көп зерттеген саласы. Қазақтың дағдылы заңдарын жақсы білетін Абай оны орыс өкіметі заңдарымен салыстыра отырып зерделеген. Бұл ретте 1881 жылы қала прокуроры қызметін уақытша атқарған Михаэлис, судья әрі этнограф Маковецкий, заңгер Гросс сияқты достары қол ұшын береді. Сөйтіп, Қарамола төтенше съезіне Абай заңгер дайындығымен келген», - дейді Асан Омаров.

Ұлы Абай «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай көрме» қағидатын өз ғұмырының бағдарламасы санаған, тағдыр тәлкегіне қасарыса қарсы тұрған, өмірден өз орнын тапқан, қаншама ақындардың бағын ашқан, балаларын сұңқар етіп баулыған, жан жарының ләззатына бөленген, ойлы, зиялы, көкірегі сәулелі, біреуге жасаған жақсылығын міндет етпеген асыл тұлға Құнанбаев Абай артына өшпес із, ұмытылмас өнеге қалдырды.

Биыл Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай, Абай Құнанбайұлының мерейтойы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы қаулысымен мемлекеттік деңгейде аталып өтілмек. Ұлт мақтанышы, хакім Абайдың жатқан орны «Жидебай-Бөрілі» кешені, Ертіс өңірінің маңызды киелі орны, мемлекетіміздің құнды нысандарына кіреді. Бұл жерге жан-жақтан келушілер халқымыздың ұлы тұлғасына құрмет көрсетіп, тағзым жасап, қасиетті жердің топырағын сезінуге тырысады. 

Хакім Абай – ұлтымыздың ұлы ұстазы. Абайдың шығармалық мұрасы ғасырлар бойы өзектілігін жоймайтын рухани байлық. Абайдың фәлсафалық әлемінде адам бойындағы жаман қасиеттер сыңалып, керісінше адамгершілік, ақыл-білім, еңбекқорлық, талаптылық сыңды жақсы дағдыларды сіңіруге жастарды шақырды. Өз заманының ұлы ойшылы өлеңдерінде, қара сөздерінде қазақ қоғамының өткір мәселелерін қозғады.. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелер – байлардың кедейлерді қанауы, қарапайым халықтың патша шенеуніктерінен көрген қысымшылдығы, қиын өмірі Абай шығармашыларының өзекті проблемалары болды. Осы Абайды зерттеу сонау Ахмет, Міржақыптардың заманынан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

 

 

2        ӘЛ-ФАРАБИ     МЕН          АБАЙ        МҰРАЛАРЫНЫҢ      РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚТАРЫ 

 

2.1. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы – ғасырлар мұрасы

 

Енді әл-Фарабиге қатысты деректерге тоқталсақ, Ғұламаның атасы Тархан Ислам дініне шын берілген адам болған, баласына Мұхаммед деп ат қойыпты. Әл-Фараби туралы деректер тек Таяу Шығыс, Үнді, Мысыр, Африка елдері, Еуропа елдерінде, тіпті Америка құрлығындағы елдерде сақталған. Оның өз Отаны – Қазақстан жерінде әл-Фараби туралы бірде-бір дерек болған жоқ.

Оның тұлға болып қалыптасуына туған жер топырағы, елінің тарихы, мәдениеті әрине зор үлес қосты. А.Машанов «Әл-Фараби және Абай» атты сүбелі еңбегінде әл-Фарабидің Отырардан шыққанын нақты дәйектейді: «Фараб атты мекен бір ғана жер емес, бірнеше жерде бар. Соның бірі Әмудария бойында, тәжік жерінде. Сол бойынша әл-Фараби ирандық нәсілден деген жалған пікір қалыптасқан. Оны қазір ешкім қолдамайды. Ал, әл-Фарабидің туған жері Сырдария бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлелдеп жазып, картаға түсірген атақты ғалым-географ ибн Хаукал. Ол өзінің «Китабу Масалик уа мамалик» аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда, картаға түсіргенде әдейі арнайы, тоқтап: «Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ әл-Фарабидің туған жері», – деп жазған [10).  Әл-Фараби зерттеушілерінің бірі  М.Бурабаев: «Әл-Фараби 20 жасына дейін Отырарда оқып, тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және Шығыстың көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы Бағдатта тұрған деген деректі келтіреді».

А.Машановтың «Әл-Фараби» туралы алғашқы жазылған  кітабында: Керуенмен бірге кетіп бара жатқан жас Фарабидің соқырішекпен ауырған адамға ота жасап іріңдеген ішегін кесіп алып тастағанын жазған. Егер ол адам ағзасын білмесе оны жасай алар ма еді? Деген сұрақтар арқылы Отанынан кетіп бара жатқан әл-Фарабидің қоржынында қаншама білім бар екені көрініп тұр. Ол қабілетті, дарынды болып туған Яғни, әл-Фарабидің қабілеті дамытылған, ол өз заманының озық білімін алған. 

Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғарғы, шыңдалу деңгейі – «данышпандық» деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі бір із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің мыңжылдықтар тарихында мұндай шыңға көтерілгендер көп емес. Фараби мен Абай бойынан осы данышпандықты көреміз. 

Әл-Фараби өте сирек қолданылатын, кейде тіпті құпиялық үшін қолданатын тілдерді де өте жақсы білген. Араб жеріне келгеннен кейінгі отыз жыл ішінде 164 трактат жазып қалдырған деген мәліметтер бар. 

 «Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарап бағалайды». «Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінезқұлыққа байланысты». «Кімде-кім өзін, демек өз дәрежесін көтермек болса, ондай адамның өсу жолына тосқауыл қойылады», - деген екен әл-Фараби бабамыз.  Әл-Фараби еңбектерінің басым бөлігін араб тілінде жазған. Себебі араб халифаты бұл кезде Азия, Африка, Еуропаның өте көп жерін алып жатқан. Араб тілі көп қолданылатын тіл болатын, қазіргі кездегі ағылшын тілі мәртебесі сияқты халықаралық деңгейде қолданылды десек артық айтпаймыз. Әл-Машанидің көзқарасы бойынша Ислам дінінің негізгі тірегі болған, Аллаһ тарапынан жіберілген Калем Шариф, яғни Құран араб тілінде. Ол Құранда қабылдап алушы адам Алаһтың елшісі (расул Аллаһ) пайғамбарымыз Мұхаммед араб нәсілді адам. Ислам діні сол араб елінде дүниеге келіп, сонан тарады. Сол себептен Исламның негізін тану деген  осы араб тілін білумен байланысты. Арабтың тілін білмеген адам мұсылман емес деген қате түсінік, яғни Ислам қауымынан емес деген түсінік болмаса керек. Әркім өзінің білген тілінде сөйлесе, яғни иман келтірсе, сол иманды  адам болмақ. Бұл туралы Абай Құнанбаевта жазған. 

Ислам дініне сенудің негізгі тарауы жеті түрлі жіктейді. Аллаһқа сену, періштелерге сену, Құранға сену, Мұхаммед рас-х сену, дүниенің ақыры бар деп сену, жақсылық пен жамандық Аллахдан деп сену, өлген соң тіріліп есеп беруге сену. Осы түсініктерді білген тілінде айтып, соған тоқтасаң, иман сол деген. 

Фараби шығармаларын  негізінен екі топқа бөлетіндер бар. Біріншісі, ежелгі грек философтарының  мұраларын таратуға, оқытуға арналған  еңбектері, трактаттары. Екіншісі, ортағасырлық ғылым  мен философия мәселелері  туралы дербес трактаттары.

Әл-Фараби Аристотельдің барлық логикалық трактаттарына түсіндірме шолу жасады: «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Категория», «Этикасына», «Риторика» т.б. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгірген. Араб шығысында

Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ  көп  еңбектері аударылмағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым Фараби Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны «Ал муалим ас-саны» — «екінші ұстаз» деп атаған.

Әл-Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей трактаттарға бөлуге болады.

І. Жалпы философиялық  мәселелерге  арналған трактаттар, яғни, тұрмыстың негізгі заңдары мен категорияларына арналған  талдаулар. Оған:  «Субстанция туралы сөз», «Сұрақтың мәні», «Заңдар туралы кітап» атты шығармалары жатады.

ІІ. Адамның танымдық /қасиеттері/ қызметінің философиялық аспектісіне тракататтары, танымның  әдісі, форма, сатылары туралы. Оған «Ақыл-ойдың мәні туралы», «Жастардың  ақыл – ойы туралы кітап», «Логика туралы  қысқартылған үлкен кітап», «Логика туралы қысқартылған  кіші кітап», «Пәннің мәні» туралы трактат  атты шығармалары кіреді. 

ІІІ. Философияның  және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы, мазмұны және пәні туралы трактаттар оған: «Философияның мәні туралы кітап», «Ғалымдар классифификациясын анықтау туралы кітап», «Философияны  оқып үйренгенге дейінгі нені  білу керек жөніндегі  кітап» атты шығармалары жатады. 

ІV. Математика ғылымы бойынша еңбектер, яғни материяның сандық және кеңістіктік қатынастарын оқып, үйренуге  арналған трактаттар. Олар: «Көлемі мен саны  туралы кітап», «Кеңістік геометриясына кіріспе кітабы», музыка жайлы үлкен кітап». 

V. Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы, материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар: «Вакум туралы», «Физиканың негізгі  туралы», «Жануарлар органы туралы», «Адам органы туралы».

VІ. Лингвистика, этика, риторика, каллиграфия туралы  шығармалары:  «Хат өнері жайлы кітап», «Өлең  мен риторика  жайлы кітап», «Калиграфия жайлы кітап».

VІІ. Қоғамдық-саяси өмірге, әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне, мемлекеттік басқару мәселелеріне, адамгершілік  және оның категориялары, тәрбие мәселесіне, саясат, этика, педагогика,  заңтану басқа да қоғамдық ғылымдарға  арналған трактаттар. «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы  трактат», «Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап», «Қоғамды оқып үйрену туралы кітап», «Қайырымды қала тұрғындарының  көзқарастары туралы  трактат».

Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама-қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті/ұжымдық қала дейді. Бұл қаланың тұрғындары  барлық іс-қимылды тең құқылы, бұл  жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ. Ал  қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады. Фараби  бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды, бірақ басшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді .

Өзінің  «қайырымды» және  «қайырымсыз» қалалардың әр түрлі мінездемелерімен  жіктеулерінде/классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген  әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қала-мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін  береді. Фараби  «адамның  жануарлар  әлемімен бөлініп тұратыны ақыл  ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі  өнерге зәру» - деді.

Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы  міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі  міндеті мемлекеттің  өз халқының  бақытқа жетуі үшін  көрнекті шараларды  іске асыру  керектігін көрсетті. 

Фарабидің  «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» - деген сөзі тап бүгінде өте көкейкесті мәселе. Ол адамның іс-әрекетінде  зиялылықтың  рөлі аса зор деп бағалады. Зиялылардың  ақыл-ойы халықтар арасыдағы ұрысжанжалдардың  пайдасыздығын ұғуға жетеді деп ойлады. Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету жолында, яғни «бақытқа жету жолында бір-бірімен келісімге  келуі керек, өйткені ненің жаман, ненің жақсы  екенін  тек қана адамның ақыл-ойы шешеді» - дейді Фараби мұрасының ішінде «этика» үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды. Сондықтан оның этика жөніндегі  тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық басты роль алады. Жақсылық өмірдің мазмұн-мағынасының  бір бөлшегі, сондықтан ол өмірмен біте қайнап жатады.  Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған  дейді. Жақсы адамның да жамандыққа еріп кетуі мүмкіндігі бар, адамгершілікті жоғалтпағанда ғана дұрыс жолда болатынымзды жазды. Ол жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам  баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды.  Білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі болса, қоғамға пайдалы екенін дәріптеді.

                Фарабидің    «Китофи    ихсо    әл    улум    ва    ат-таприб/      Ғылымды

классификациялау және анықтау туралы кітап туралы кітап» еңбегінде орта  ғасырдағы білімнің  жіктелуін беріп  қана қоймай, сонымен бірге барлық ғылым саласын  сипаттап, жан-жақты  талдап  берді. Қазіргі ғалымдардың пікірінше бұл трактат аса бағалы еңбек, оның құндылығы  ғылымдарға жасаған  талдаулы өзінен бұрыңғылардан  мүлде өзгешелігінде және оған мүлде жаңа тұрғыдан қарайтындығына ғана емес.  Ғылыми мәселелерді  қамту дәрежесі мен оларды  талдаудағы  тереңдігі жағынан  бұл трактат сол замандағы  теңдесі жоқ терең мағыналы түсіндірілген.. Сондықтан әлФарабидің бұл еңбегін орта ғасырдың энциклопедиясы  деуге болады.  

Әл-Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында  онан кейін пайғамбар сөзіне, онан  кейін өзінен бұрыңғы ислам  ғалымдарына  сүйенеді. Басқа тараптан кірген мәліметтерді әл-Фараби ислам  елегінен  өткізіп барып талдаған. Мысалы, ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау   берілген. Нұр, сәуле, жарық, жылу деген талдауларда әлФараби  қазіргі  оптика ғылымының негізін салған. Ол сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан.

Сәуленің  шоғырланған шұғыласын ол «мұхарақ» деп атаған, яғни «күйдіру» - «оттық орын» деген сөз. Әл-Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып, өз қолымен ойыс /пара бола/айна жасап, линза жасап соларды қолданған. Оның барлығын көптеген әлем мекмлекеттері мойындаған Әл-Фарабидің осы саладағы  еңбектері Испанияда Еуропа тілдеріне  ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап аударылған. Әл-Фараби мол мирастарының барлық саласынан осы сынды бүгінгі ғылымға, бүгінгі өмірге байланысты зор мәселе табуға болады. Мысалы, астрономия, алхимия, математика, сәулет/архитектура, музыка, әлеуметтану/социология тарауларында тамаша өрнектер бар. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы адамзаттың байлығы. Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады. Олардың әрқайсы ұлттық идеямен астасып, астарласып жатады.

Бірінші кезең: орта  ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы. Атап жазсақ,  Ән-Надим  әл-Бейһақи, ибн Сайид әлКифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус  т.б. 

Екінші кезең: жаңа замандағы  Батыс Европа мен Америка ғалымдары арқылы. Атап айтсақ,  Леонардо да Винчи, Б.Спиноза, .Л.Козегартен, Г.Зутер, Ф.Длетернуи, К.Брокель, Дж.Сартон т.б.

Үшінші кезең: ХХ ғасырда  әсіресе  Шығыстанушы ғалымдары  С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайыл,

Х.Үлкен  т.б. 

Төртінші кезең: Қазақстан мен  Орта Азия оқымыстылары арқылы.

Ә.Марғұлан,      А.Машанов,      О.Жәутіков,      А.Қасымжанов,       А.Көбесов, 

М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев т.б.  [16]. 

Ендеше, әл-Фарабидің  көзқарастары мен шығармашылық мұрасын зерттеп тану дегеніміз - Қазақстан және Орта Азияның орта ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын ғылыми тұрғыдан терең қарастырып баяндау, тұжырымдап баға беру деген сөз. Оның еңбектеріне обьективті баға беру ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, бүкіл түркі халықтарының тарихы үшін да қажет.. 

2.2 Фараби мен Абай ілімдеріндегі тарихи үндесім 

 

Әлемдегі әйгілі ұлттар секілді қазақ ұлтының да қоғамдық ақыл-ойын, сана-сезімін, парасат-пайымын әлемдік деңгейге көтеріп, дүниежүзілік өркениетті қауымдастықты өзімен есептесуге мәжбүр ететін тарих сахнасына Фараби, Абайдай ұлы тұлғалар легін әкелді. Әл-Фараби мен Абай арасын байланыстыру, жақындастыру, оларды сабақтастыру, қазақ халқының мың жылдық  мәдени-рухани дүниесін қайта жандандыру.  Әл-Фараби мен Абайды жеке-жеке тануда едәуір істер істелді. Бірақ екеуінің  мұрасын сабақтастықта қараудың кемшін қалған тұстары баршылық.

Әл-Фараби мен Абайдың  өзара өзектестігі мен сабақтастығын іздейтін болсақ, әуелі Фарабидің дүниетанымының, шығармашылық мұрасының  негіздеріне қайта оралуымыз қажет. Сол негіздерді Абайдың дүниетанымымен, шығармашылығымен салыстырып қарастырсақ қана екі ойшылдың мұраларының ұлттық құндылығын үндестігін, сабақтастығын табамыз.

«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани  дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп түсіну керек. Әл-Фараби мен Абай мәселесімен айналысқан Ақжан Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастырушы  Шахабутдин Маржани деген пікірін келтіреді. Ш.Маржани әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарымен таныс болған, Абай Маржаниді көп оқыған, ал Абайға Маржанидің шәкірттері Семей медресінде дәріс бергендігін жазып кеткен [3, 83 б.].

Ғалияны тамамдаған Мағжан Жұмабаевтың 1920 жылғы «Түркістан» поэмасындағы «Түріктің кім білмейді музыкасын, Фараби тоғыз шекті домбырасын» деген жолдар: 

Түріктің кім кемітер музыкасын, Фараби тоғыз ішекті домбырасын.

Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп, Жұбанып кім тимаған көздің жасын?!

Демек Қазан, Уфа оқуын бітірген молдалар   Семей мен Қарқаралыдағы Құнанбай мешіттерінде балаларға білім берген. Онда Абай да, Шәкәрім де оқыған. Сол жолы Қазан-Уфа сапарында ол Абай әл-Фараби   есімін ғана естіп қоймай, еңбегімен танысқан деген ой толғап қайтқан

Сабақтастықтың  өзара үйлескен негіздері бар. Атап айтсақ, әл-Фараби мен Абайдың рухани жетілуді адам дамуының негізгі мәні деп  таныған.  Руханилыққа апаратын  жол – дінде, имандылық жолы деп қарастырған. Бұл дүниетанымдық негіз олардың бойында ертеден  қалыптасқан. Әл-Фараби мен Абайды мұраларының ішінде етене жақыны – олардың діни-философиялық  көзқарастары.  Фараби ғылым мен философия тарихындағы методологиялық жаңалығы шындықтың екі жақтылығы туралы ілімді негіздеуі еді. Фарабидің  ойынша Аристотельден басталған рационал шындық  және Құранның хадистерінде көрсетілген діни, нақыли шындық бар. Бұл екі шындық өзара үйлеседі, біріне бірі  қайшы келмейді.  Сондықтанда әмбебап ғалым әлФарабидің даналық негізі хакім Абайдың да  бойында болғандығы, кейіннен басқада философиялық ойлар қосылып, жетілгені сөзсіз.  «Өмірдің өзі шындық», - деген Абайдың тамаша қағидасы дәлел. 

КСРО тұсында әл-Фараби еңбектерін  аударуда, талдағанда атеистік ықпалмен бұрмаланган еді. Оның Құранға сүйеніп жазған діни еңбектерін, мысалы «Космологиясын» шығарттырмай қойған. Фараби да, Абай да Құранды ислам дінінің діни кітабы деп қана қарамай, кітаптан көптеген ғылымға жол ашатын қағидалардың ғылыми негіздерін көре білген. 

Әл-Фараби де, Абай да  «жақсылық та - Құдайдан, жамандық та -

Құдайдан» деген қағидамен келіспеген деп айтуға болады. Фараби өзінің «Жұлдыз бойынша болжаулардың анығы мен танығы» атты трактатында дүниеде белгісіз кездейсоқ құбылыстар мен жәйттар бар екенін негіздейді. «Егер  дүниеде беймәлім кездейсоқ құбылыстар болмаса,  онда қорқыныш құрып,  үміт үзілер еді, ал бұлар құрыса, онда не адамның  әрекетінде, не заңдылқта, не саясатта береке болмас еді. Өйткені егер қорқыныш пен үміт болмаса, ешкім ертенін ойламас еді, бағынышты басшысына бағынбас еді, ал басшысы бағыныштыларына қамқорлық жасамас еді, біреу біреуге рақым қылмас еді, Аллаға құлшылық құрар еді, тақуалық болмас еді», - деген.

Әл-Фараби де, Абай да Алла тағаланың барлығына шүбә  келтірмейді. Екеуі де  Құдай – дүниені  бар етуші, тірлік-тыныс беруші, бастапқы түпкі себеп деп қарастырады. Абай тек жер бетіндегі тіршіліктің Алланың әмірімен қазіргі қалыпқа түскенін тұжырымдаса, әл-Фараби бүкіл әлемді жалпы кеңістік-уақыт ауқымында қарастырып, Құдайдың құдыретімен қалай, неден пайда болғанын негіздеуге ұмтылады.

Абай отыз сегізінші сөзінде бұл жөнінде былай деп жазады: «Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа бірінен бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан ақылды адамзатты жаратыпты». Абай ойыда  әл-Фарабидің жаратушы туралы түсінігімен  сабақтасады.

Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын кенінен талдаған. Әл-Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизді зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу ғылымы – білімнің қайнар көзі, адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип – әл-Фараби философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады. Ақыл туралы ілім әл-Фараби философиядағы ірі жетістіктер санатына қосылады. Ақыл ұғымына кең, бүкіл әлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Ең жоғарғы сатысы түпкі себепті – Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны – аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі деді. Болмыстың төртінші сатысы – адамның жаны деп атады. Ең төменгі бесінші сатысын форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің, аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің қағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге  эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік берген. 

Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсiз қaлалардың барлық түріне қарама-қарсы қайырымды қалаға ең жақыны ұжымдық қалa дейдi. Бұл қaланың тұрғындары  барлық iс-қимылды тең құқылы, бұл  жерде бaғыныштылар мен билік етушілер жоқ. Ал  қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады. Фaраби  бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қaрайды, бірақ бaсшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бaқытқа жeту мүмкiн eмeс деп есептейдi.

Өзінің  «қaйырымды» және  «қайырымсыз» қалалардың әр түрлi мiнездемелерімен  жіктеулерінде  Фараби қоғамның жетiлдiрiлген  әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қалa-мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін  береді. Фараби  «адамның  жануарлар  әлемімен бөлініп тұратыны ақыл  ойы және тәнiнiң жетiлдiрiлгендігімен, бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тiл және әр түрлi  өнерге зәру» - дедi.

Фaраби мeмлeкеттiң мiндетiн және оның ішкі және сыртқы  міндеттерін толық анықтап бeреді. Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледi. Ішкi  міндетi мемлекеттiң  өз хaлқының  бaқытқа жетуi үшін  көрнекті шараларды  іске асыру  керек:  Әдiлеттіліктi  орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру оны  aдамгершiлікке  тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткiзiлетін  әдeттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі  экономикалық және саяси мәселелерге яғни негізгі мiндетке бағынады, яғни адамдардың  бақытқа жетуi олардың рухани жетілуіне тәуeлдi. 

Әбу Насыр әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т.б. көптеген трактаттарында дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым- қатынасы туралы өз заманы үшін ой-пікірлерін айтады. Орта ғасырдың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған. Бүгінге  дейін «Мәңгі ел» идеясының негізін салған «Көне түркі жaзбa ескерткіштерi», әлФараби мен  Жүсіп Баласағұнның мұраларын сол ғұламалардың өмір сүрген заманымен  байланыстырып зерделедік. Енді Абай мен Алaш aзаматтары және де егеменді мемлекетіміздің  Елбасы, Ұлт лидерi Н.Нaзaрбаев пен қазақ қоғамындағы зиялылардың iс жүзінде жалғастырып oтырғандығын бiртұтастықтықта, сaбaқтастықта зерделеудеміз.

Абай 39-шы қара сөзінде ата-бабаларымыздың білімін өз заманымен салыстыра, сынға ала жазады. Дегенмен  ары қарай бұл  замандағылардан артық  екі мінезі бар екендігі  «Рас», - деп жазды.  Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған екен. Көш-қонды, дау-жанжалды ел  басылардың шешімі, бітімі билік ететінін жазып кеткен.  Екінші жағымды мінезі – намысқорлық екеніне ерекше мән берді. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын  салысады [9]. Қазақ халқының мифологиясында аруақ түсінігі бар екені бәрімізге белгілі. Қазақ халқы және көнедегі түркі тайпаларының басымы адамның жаны мәңгілік, тек тәні ғана өледі деп білген. Осы жерде хакім Абайдың «Мені мен менікінің айрылғанын, Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес», - деп адам   рухының мәңгі жасайтындығын айтады.

 Абай хакімнің айтып отырған екі қасиеті қазақ  ұлтына тән қасиет. Халық түгелімен ел басына бағынған, мемлекетті басқарған қайраткерге, ханға толық билікті берген. Халықты жақсылықта да, жамандықта да тығырықтан алып шығатын ел басын тыңдаған, бұйрығын орындаған. Ел басқарған адам  мемлекеттің күшті болуына, халықты бірлікте ұстауға міндетті болған. Абай қарасөздерінің идеясында да «Мәңгілік Ел»  жатыр. 

Абайдың ата-бабаларымыз жайлы айтқан  екінші қасиеті – жеке мемлекет болғанда қазақтың ешкімге намысын жібермегендігін, елдің бірлігі күшті болғандығына  негіздеген. Аруақ шақырғанда, мемлекетті қорғауға барлық қазақтың күш салатынын еді, - деген идея жатыр.

Отарлықтан құтылудың жолы ретінде білім-ғылым, еңбекті  көрді. Абайдың көпшілік қарасөздері еңбек етуге шақырады. 4-ші сөзінде «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуел құдайға сиынып, екінші өз қайратына сүйеніп еңбегінді сау, еңбек қылсан, қара жер де береді, құр тастамайды» [9, 14 б], - деген. Бұл жер өңдеу, мал шаруашылығымен айналысқанның аш қалмайтындығын насихаттайды. Көз сүзіп тіленбеуге, қайыр тілемеуге, еңбек етуге шақырады. Қара сөзді  тереңірек түсінген адам ой-санасына   қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына, көшпелі мал шаруашылығының генезисіне,  отырықшы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығының арақатынасы   мен өзара тығыз байланысына қатысты ең маңызды

көкейкесті    мәселелеріне шоғырыланады  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» [11] мақаласында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасын қайта зерделеу қажеттігін баса айтты. Бұл жерде Фарабидің адамның кемелдену тұжырымдамасынан бастаған дұрыс деп ойлаймын.  Фараби  адам гармониясының негізгі мәні - оның көпжақты тұтастығы, мәдениет гармониясының тұтастығы екендігін көрсеткен. «Адамның қайырымдылық жасауы бұл  - бірінші  кемелденуі» - деген.  Ол осындай әрекет жасамай тұрып рақымды бола алмайды, өйткені кемелдену оның алған қасиеті салдарынан әрекет көрсетуінде емес, әрекетті орындауында [3, 27 б.]. 

Әл-Фарабидің айтуынша адам өзінің жетілу жолында «адамдықтың баспалдығынан» өтеді деген. Оның үш жолы бар: бірінші – потенциалды ақыл-ой, екінші –игерілген ақыл-ой, үшінші күшті ақыл-ой. Сонымен қатар әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында «Қайрат. Ақыл. Жүрек» секілді ұғымдарға түсінік берген. «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда  басты мүше, бірақ оның үстемдігі бірінші емес» [12], - дейді. 

Әл-Фараби жүрекке шешуші мән берген, оның идеялары Абайдың 17-ші қара сөзінде жалғасын тапқан сияқты. Абайдың «Толық адам» ілімінің негізі түркі әлемінің дүниетанымында жатыр. Абай «Қайрат. Ақыл. Жүрек» үшеуінің айтыс-тартысына шешім айтуды ғылымға жүгіндіреді. Ғылым «Үшеуің басынды қос, бәрін жүрекке билет...  Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» [9], - депті.

Абай адамның кемелденуінің ішкі және сыртқы себептерін көрсеткен. Туған беттегі қасиеті баланың анасының құрсағында жатқандағы жағдайы және оның ата-тегіне байланысты дейді. Ал туғаннан кейінгі келешек өмірі оны қоршаған ортасы, алған білімі адамның дамуына әсер ететін сыртқы себептер деген екен. Ал жетілудің ішкі себебі  - жүректің әсері деген.

Фараби «Адамның қайырымдылық жасауы бұл  - бірінші  кемелденуі» деп, кемелденудің өзінің кезеңдерін көрсеткен. Абайда оның ойын жалғастырғандай «Толық адам» болып бірден қалыптаспайтынына назар аударған. Абайтанушы зерттеушілер оның мұрасын жүйелей келе адамның жетілу жолын үш сатыға бөлген.  Жетілмеген төменгісін Абай «жарым адам» десе, материалдық жетілуді «адам» деп, ал ең жоғарғы рухани жетілу «Толық адам» деп атап, олардың өзін түрлі деңгейге бөлген. Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы сол кездегі саяси көзқарастары оянып келе жатқан  қазақ қоғамына өзекті мәселе болды.  Саяси оқиғаларға толы ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының Абай өлеңдері, қара сөздерінен алар тәлімі жоғары болды. 

Абай  қара сөздерінде адамдықтың биік деңгейін иманмен бағалап, «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп тұжырымдаған. Ол толық адам туралы ойын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталады. «Адам болам десеңіз» жалғасын тауып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде күрделене түскен.

Абайдың «толық адам» бейнесінің өміршеңдігіне Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашақтағы Қазақстан азаматы» – бұл жоғары дәрежелі маман, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, әлеуметтік тұрғыдан белсенді, ұтқыр, өзгерістерден қорықпайды. Оның ақылы ең күрделі міндеттерді шешу үшін ұшталуы қажет» деген сөзі дәлел 

Шығыстың «Абада» (Адабу) институтының алғашқы өкілдерінің бірі әл-Фараби  Шығыс  философтары арасынан алғашқылардың бірі болып сұрақ-жауап түрінде баяндалатын трактаттар жазған автор. Қойылған сұрақтарға өзі қысқа да тұжырымды жауап береді. Бұл тәсілді Абай Құнанбаевта қолданған.

Әл-Фарабидің «Философтар сауалдарына жауаптар» атты шығармасында 42 сұраққа қайтарған жауабы келтірілген. «Денелердің түсі қалай пайда болды?»,  «Босаң, тығыз деген ұғымдар не? Болмысы қандай және қандай категорияға жатады?», «Есте ұстау мен ақылда ұстаудың қайсысы артық?» деген сияқты сұрақтарға тұщымды, дәлелді жауаптар  қайтарған.

Абай Құнанбаевтың да  сауалдардан тұратын қара сөздері бар. Мысалы, қырықыншы сөзіне тоқталсақ. Абай хакім сұрақты өзі қояды да, жауабын айтуды оқушыға қалдырады. Оның сұрақтарының көбі қазақи фәлсафа, психологи мен әдеп-ғұрып, мінез-құлық төңірегіндегі  келенсіздіктерді, жөнсіздіктерді әшкерелеуге арналған  «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе «жарықтық» деп жалбырай қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?» деп өте орынды, қазақы ділге тән сұрақ қоя отырып, өз оқырманын ойландырып қояды. әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактаты»  мен Абайдың отыз екінші сөзімен  байланысты

Әл-Фараби мен Абай өсиеттері, шығармаларының ұлттық идея тұрғысынан құндылықтары бүгінгі күндеде өз өзектілігін жойған жоқ. Тарихтан сабақ  ала отырып қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім мен ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары жарияланып, Отандық білім беру алға жылжуда Бүгінде қаншама азаматтарымыз арнаулы, жоғарғы білім оқу орындарын бітіріп, мамандықтар бойынша жұмыс жасамайды. Дегенмен мемлекет жол картасы, тағыда әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыссыздарды жұмыспен «Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп пайымдамау керек. Яғни, өткенімізді тұтас күйінде, ещқандай қамтуға мүмкіндік жасап отыр. Абай «Орын таппай баптанба..» - дегендегі орын тап деп отырғаны алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.  Әл-Фараби мен Абайдың ұстанымы, көзқарасы, құндылықтары боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз дұрыс. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Негізі әл-Фараби мен Абай шығармаларының  тарихи жадыны сақтаушы, халықтың рухани мәдени мұрасы ретінде құндылығы аса зор. Олардың мұраларын ұлттық идея тұрғысынан дәріптеу арқылы жат діни ағымдар мен сырттан төңген десструктивтік саяси идеологияларға да қарсы әлеуметтік-мәдени иммунитетті күшейте аламыз. Өткенімізді жаңғыртамыз, бірлігімізді нығайтамыз. Біріншіден,  әл-Фараби мен Абай мұралары қазақ халқының тарихи-мәдени қазынасы, дәстүрлі рухани құндылықтар жүйесі ретінде ұлттық бірегейлікті нығайтушы құралы. Екіншіден, дәстүрлі дүниетанымға негізделген ұлттық менталитет ерекшеліктерінің сипаты. Үшіншіден, тарихи жады, ұлттық код, ұлттық сананың сақтаушысы деген тұжырымдарды ұсындық. Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасындағы дінге қатысты көзқарастарын зерделей келе жасаған қорытындымыз, олардың шығармаларының құндылығы қазақ халқының дәстүрлі діни көзқарасын ұстанып, рухани сауаттылықты тереңдетіп, шеттен төңген деструктивті жат діни ағымдарға, шетелдік дәстүрлі емес көзқарастарға қарсы ұстанымдарды қалыптастыруға көмектеседі.

Әл-Фарабидің ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін зерделеу  арқылы Шығыстағы ренессанстың әлемдік мәдениетке қосқан  үлесі жоғары болды деп бағалаймыз. Фараби мен Абай шығармашылығының нағыз тереңдігін, оның адамзат мәдениет қазынасына  қосқан үлесінің салмағын  Қазақстанда ғана емес, планетаның барша түкпірінде жақсы  түсінеді. Абайды Мұхтар Әуезов әлемге танытса, Фарабиді Ақжан Машанов қазақ жерінде туғандығын дәлелдеп, есімін  туған жеріне оралтты.  Бұдан жасайтын қорытындымыз, егер адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеуде әл-Фараби, Абай  секілді еліміздің тарихи тұлғаларын үлгі етсек, онда ғылымға қызығатын оқушылардың үлесі артады. Нәтижесінде жобада зерделенген әмбебап ғалым әл-Фарабиден үлгі алу арқылы  жастарға  STEAM білім беру инженерлік, сыни және шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететін болады. 

Абай қалам шалған тақырыбына орай кейде ақын, тағы бірде тарихшы, тағы бірде ойшыл, саясатшы, педагог ретінде көрінеді, еңбектерінде экономикалық, мәдени, рухани мәселелерді бірлестіре сөз етеді. Көзге  ерекше шалынатыны оның ағартушылық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік идеясы,  ерекше қасиеті осының барлығын  құндылық деп танитыны.  Оның еңбектері Фараби еңбектерімен үндеседі, жалғасы іспеттес. Осы зерттеу барысында біздің көзіміздің анық жеткені әл-Фараби мен Абай туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген тұстарының көптігі. Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе. Олардың өмірін, қызметін, кәсіби мұрасын, оның патриотизмін жан-жақты саралауға, талдауға, бағалауға құлшына кіріскен әдебиетшілер, философтар, педагогтар мен музыканттар тарихшылардан көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті  екі дананың мұраларын зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстарды енгіземіз:

1                   Әл-Фараби мен Абай мұрасындағы ұлттық идея туралы ғылыми тұрғыдан жазылған зерттеулер негізінде деректі фильм түсірген жөн;

2                   Мемлекеттік  биліктің рухани жаңғыруды жандандыру бағытындағы ұстанымына ұлт мәдениетін дамыту барысындағы атқарылып жатқан ісшаралар қатарында әл-Фараби мен Абай мұрасын зерттеу  саласындағы жұмыстарды халықаралық аренада насихатталуының барысына  жаңаша баға беру;

Жоба  жұмысымызды қорытындылай келсек, рухани жаңғыру адам жан-дүниесінің құндылығы ретінде сан мың жылдаған ғасырлар бойы халық санасына сіңіп, ұлттық құндылыққа айналатыны сөзсіз.  Осы құндылықтар ішінде әл-Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы  жатыр

 

Әдебиеттер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә.  «Ұлы даланың жеті қыры». - Астана, Ақора. – 21 қараша.  -      2018. https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysynyn-uly-dalanynzheti-kyry-atty-makalasy

2.                 Дукенбаева З.О.  ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы ұлт зиялылары: Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2014. -240 б.

3.                 Машанов А.Ж. Әл-Фараби және Абай. Алматы: «Қазақстан», 1994. - 192 б.

4.                 Фараби ғибраты. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспа 

Орталығы,  2006. - 397 б.

5.                 Абдраман Ш.Ә. Әл-Машани және әл-Фараби. Алматы 1994 жыл.

6.                 Д.А. Қонаев,  Б.А. Ашимовқа  әл-Фараби еңбектерін зерттеуге ақша бөлу туралы хат. ҚРОММ 2285 қор,  1-т., 164- іс., 3-п.

7.                 Әбу-Наср әл-Фараби еңбегі алғаш рет қазақ тілінде. // Білім және Еңбек. 1962.  - №1. -4.  

8.                 А.Машановтың түрлі оқиғаларды жазған маңызды дәптерлері. ҚРОММ

2285 қор,  1-т., 77- іс., 11-п.

9.                 Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.

10.            Көбесов А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 58 б.

11.            Тоқаев Қ-Ж. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. – 09 қаңтар. -2020. https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynabai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy

12.            Машанов А. Ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектері хақында //

Қазақстан мектебі. - 1986. - № 9. - 71-79 б.

13.            Абай. Энциклопедия.  – Алматы, 1995. – 264 б.

14.            Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. - Алматы: Ғылым, 2002.- 274 б.

15.            Тоқаев Қ-Ж. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. – 09 қаңтар. -2020. https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynabai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy

16.            Ақжан әл-Машани. Әл-Фараби және бүгінгі ғылым. –Алматы: Алатау баспасы, 2007. – 224 б.

17.            Бурбаев Т. Қазақ философиясы және әл-Машани. Астана., 2006 жыл. 37 б. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2006 жылы өткен «Ұлттық ғылыми құндылықтар және А. Әл-Машани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 2006 жыл. 

18.            Көбесов А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 58 б.

19.            Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. — Алматы «Қазақстан»,

1993. — 80 б. 

20.           Табиғат Матбуғат, Великая книга природы., Маяки истины. ҚРОММ

2285 қор,  1-т., 17- іс., 187-п.

21.            Әл-Фарабидің Космологиясы. ҚРОММ 2285 қор,  1-т., 12- іс., 149-п.

22.            Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея: Оқу құралы / жауапты ред. З.Қабдолов. – Алматы: Қазақ  университеті, 2005. – 242 б.

23.            Аль-Фараби. Трактат о взглядах жителей добродеятельного города. // Философские трактаты. –Алма-Ата, 1970.

24.            Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы : «Ғылым», 1975.

– 419 б. 

25. SТЕМ білімді енгізу бойынша әдістемелік үсынымдар. Методические рекомендации по внедрению SТЕМ образования. – Астана, 2017.

 

 

 

Қосымша А

 

А.Машановтың әл-Фараби мен Абай туралы ойларының көшірмесі

 

 

                         Абай озат ойшыл. ҚРОММ  2285 қор,  1-т., 53- іс., 9-п.

 

 

Қосымша В

 

А.Машановтың  әл-Фараби моласы басында шыққан өлеңінің көшірмесі

 

  

 

 

А.Машановтың түрлі оқиғаларды жазған маңызды дәптерлері. ҚРОММ 2285 қор,  1-т., 77- іс., 11-п.

 

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

МАЗМҰНЫ Кіріспе .

МАЗМҰНЫ Кіріспе .

КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасында «біздің қаһаpмандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет…

КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасында «біздің қаһаpмандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет…

Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: -

Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: -

Абайдың сүйенген үш тағаны (және

Абайдың сүйенген үш тағаны (және

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы зерттеу жұмысы болғандықтан оның нәтижелері мен тұжырымдарын оқушыларға сабақта, сабақтан тыс шараларда қолдануға болады

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы зерттеу жұмысы болғандықтан оның нәтижелері мен тұжырымдарын оқушыларға сабақта, сабақтан тыс шараларда қолдануға болады

Баяндаманың негізгі мазмұны «Орталық

Баяндаманың негізгі мазмұны «Орталық

Бірақ, осыны барлығын талдап, жинақтап, бағалап, өзегін болашақ ұрпаққа дөп жеткізген ғалым

Бірақ, осыны барлығын талдап, жинақтап, бағалап, өзегін болашақ ұрпаққа дөп жеткізген ғалым

Фарабидің библиографиясының төрт түрін тапты, екеуі неміс тілінде, біреуі ағылшын тілінде, біреуі түрік тілінде

Фарабидің библиографиясының төрт түрін тапты, екеуі неміс тілінде, біреуі ағылшын тілінде, біреуі түрік тілінде

Онан әл-Фарабидің үш кітабын тапты

Онан әл-Фарабидің үш кітабын тапты

Яғни, әл-Фараби дүние жүзіне әйгілі философ екені мәлім

Яғни, әл-Фараби дүние жүзіне әйгілі философ екені мәлім

Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар т

Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар т

Есімовке дейінгі аралықта Абайдың мұрасын тануға көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты

Есімовке дейінгі аралықта Абайдың мұрасын тануға көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты

Фараби ұстаздың ілімі қазақстан мен

Фараби ұстаздың ілімі қазақстан мен

Енді білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) болады

Енді білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) болады

Бұл жерде Абай: «Адам баласы үш нәрседен: надандықтан, еріншектіктен, залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады дейді

Бұл жерде Абай: «Адам баласы үш нәрседен: надандықтан, еріншектіктен, залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады дейді

Онда « Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері» қабылданған

Онда « Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері» қабылданған

Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелер – байлардың кедейлерді қанауы, қарапайым халықтың патша шенеуніктерінен көрген қысымшылдығы, қиын өмірі

Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелер – байлардың кедейлерді қанауы, қарапайым халықтың патша шенеуніктерінен көрген қысымшылдығы, қиын өмірі

Ол қабілетті, дарынды болып туған

Ол қабілетті, дарынды болып туған

Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді

Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді

Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады

Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады

Сондықтан әлФарабидің бұл еңбегін орта ғасырдың энциклопедиясы деуге болады

Сондықтан әлФарабидің бұл еңбегін орта ғасырдың энциклопедиясы деуге болады

Ендеше, әл-Фарабидің көзқарастары мен шығармашылық мұрасын зерттеп тану дегеніміз - Қазақстан және

Ендеше, әл-Фарабидің көзқарастары мен шығармашылық мұрасын зерттеп тану дегеніміз - Қазақстан және

Сол жолы Қазан-Уфа сапарында ол

Сол жолы Қазан-Уфа сапарында ол

Абай ойыда әл-Фарабидің жаратушы туралы түсінігімен сабақтасады

Абай ойыда әл-Фарабидің жаратушы туралы түсінігімен сабақтасады

Насыр әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т

Насыр әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т

Бұл жер өңдеу, мал шаруашылығымен айналысқанның аш қалмайтындығын насихаттайды

Бұл жер өңдеу, мал шаруашылығымен айналысқанның аш қалмайтындығын насихаттайды

Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы сол кездегі саяси көзқарастары оянып келе жатқан қазақ қоғамына өзекті мәселе болды

Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы сол кездегі саяси көзқарастары оянып келе жатқан қазақ қоғамына өзекті мәселе болды

Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп пайымдамау керек

Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп пайымдамау керек

Абай қалам шалған тақырыбына орай кейде ақын, тағы бірде тарихшы, тағы бірде ойшыл, саясатшы, педагог ретінде көрінеді, еңбектерінде экономикалық, мәдени, рухани мәселелерді бірлестіре сөз етеді

Абай қалам шалған тақырыбына орай кейде ақын, тағы бірде тарихшы, тағы бірде ойшыл, саясатшы, педагог ретінде көрінеді, еңбектерінде экономикалық, мәдени, рухани мәселелерді бірлестіре сөз етеді

Наср әл-Фараби еңбегі алғаш рет қазақ тілінде

Наср әл-Фараби еңбегі алғаш рет қазақ тілінде

А А.Машановтың әл-Фараби мен

А А.Машановтың әл-Фараби мен

В А.Машановтың әл-Фараби моласы басында шыққан өлеңінің көшірмесі

В А.Машановтың әл-Фараби моласы басында шыққан өлеңінің көшірмесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020