Қысқа мерзімді жоспар. Жылу берілуінің түрлері. Жылуөткізгіштік
Оценка 4.9

Қысқа мерзімді жоспар. Жылу берілуінің түрлері. Жылуөткізгіштік

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
физика
8 кл
24.03.2017
Қысқа мерзімді жоспар. Жылу берілуінің түрлері. Жылуөткізгіштік
8 сыныпта өткізілген "Жылу берілуінің түрлері. Жылуөткізгіштік" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарда оқушының іс-әрекетінде олармен жүргізілетін топтық, жұптық, жеке жұмыстар, берілетін тапсырмалар толық көрсетілді. Сабақ барысындағы топтық жұмыс кезіндегі "Кіші жоба қорғау", жұптық жұмыстағы "Жалғасын тап...", жеке жұмыстағы оқушы білімін тексеру үшін алынған "Деңгейлік тапсырмалар" үлгілері берілді.
Жылу берілу.ШілдебаеваА.docx

Бекітемін:

Пәні:             Физика және астрономия

Қысқа мерзімді жоспар №4

 

 

Сабақтың тақырыбы :    Жылу берілуінің түрлері. Жылуөткізгіштік

 

№201 мектеп-лицей

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні:   Шілдебаева Айгүл

Сынып:  8 «В»

Сабақтағы оқушылар саны: 15

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

 

Сабақтағы оқыту мақсаттары:

Оқушылар үйренеді:

1.Жылу берілу түрлерін білуі, жылу өткізгіштік құбылысын түсінуі, жылуды жақсы және нашар өткізгіштерді білуі.

2. Жылу берілу түрлерін сипаттай алуы. Күнделікті өмірден жылу өткізгіштікке мысалдар келтіре алуы.

3.Жылу берілу түрлерін  түсіндіре алуы, деректерді жинап, талдап, іріктей алуы. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алуы.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Жылу берілу түрлерін біледі, жылу өткізгіштік құбылысын түсінеді, жылуды жақсы және нашар өткізгіштерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Жылу берілу түрлерін сипаттай алады. Күнделікті өмірден жылу өткізгіштікке мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Жылу берілу түрлерін  түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы, жылу берілу, жылу өткізгіштік, өткізгіштік, сәуле

жылу берілу – теплопередача – heat transfer

өткізгіштік – проводимость – conduction

конвекция- конвекция- convection

 (сәуле) шығару – излучать, испускать – emit

бөліну энергиясы – энергия деление – fission energy

сәуле – пучок – beam

 

Пәнаралық байланыстар

Математика , химия

 

Алдыңғы білім

Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Температура.

Дерек көздер, ресурстар

1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей

3. Электронды оқулық, 8 сынып

4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы

 

Жоспар

Жоспар-

ланған мерзім

 

Жоспарланған іс-шаралар

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау түрі

Кіріспе 

(3мин)

  «Атомдар мен молекулалар» ойынын ойнау арқылы 3 топқа бөлу.

 Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. 

 Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді

Ынталанды-

ру

 

Үй тапсырма-сы   (8 мин)

 

 

 

 

Үй тапсырмасымен жұмыс.

 

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.

Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары

 

1.       Дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар.

2.       Жұмыс кезінде қолара неліктен қызатынын түсіндіріңдер.

3.       Күнделікті өмірден ішкі энергияны өзгертудің тәсілдеріне мысалдар келтіріңдер.

 

Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырыптар бойынша  бойынша береді.

Мұғалім әр оқушының жауаптарына  мадақтау сөздерін айтады.

 

 

-          ойлану

-          талқылау, диалог

-          жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылығын ояту

Миға шабуыл .

 

Бейнематериалдар арқылы

 

 

    Электрондық оқулықтан «Жылу өткізгіштік» тақырыбындағы бейнематериал көрсету.

Оқушылар байқалған құбылысқа байланысты ой-пікірлерін білдіреді. 

Сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлімі

 

(13 мин)

 

 

Мағынаны тану

Топтық бірлескен жұмыс.  Кіші жоба қорғау.

 

 

 

    Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау:  Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау.    

 

Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді.  Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды, 

Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,

 

Топ спикері қорғайды.

 

Критерий арқылы бағалау

 

1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашылуы;

3. Өмірден мысалдар келтіруі.

 

 

5  мин

 

Жұптық жұмыс. «Жалғасын тап»

 

 

 

 

   Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.

 

 

 

Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады

 

              

Қорытын-

ды  бөлімі

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

Ой-толғаныс

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

 

Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын  қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.

 

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.

 

Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды

 

Кері байланыс.

 

 

5 мин

 

Маған не қиын болды, не қиын болмады.

Оқушылар бүгінгі сабақ  туралы  өз пікірлерін стикерге жазып, кестеге іледі.

 

 

 

 

 

Үйге

 

 

 

 

 

 

Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.

 

 

 

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.

 

Эссе. Қоршаған ортадағы жылу өткізгіштік.

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1.

 

2.

 

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды  (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1.

 

2.

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс.  Кіші жоба қорғау.

І топ. Тірек - сызбалар арқылы .

1. Сызбаны толтыр.

Скругленный прямоугольник: Жылу өткізгіштік деп-
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІ топ.

1.Әртүрлі заттардың жылуөткізгіштігі немен түсіндіріледі?

2.Кестемен жұмыс. Берілген заттардың қайсысы жылуды жақсы және нашар өткізеді : алюминий , бор ,  қағаз, оргәйнек,   фарфор, темір, шыны, кірпіш, мыс, көмір, қорғасын, су, ауа, жез, су буы, болат, топырақ , вольфрам, мақта, бетон, ағаш?

Жылуды жақсы өткізгіштер

 

Жылуды нашар өткізгіштер

 

 

 

 

 

3.Олар қандай агрегаттық күйде бола алады ? Өздерің  кесте құрастырып, толтырыңдар.

 

ІІІ топ.

 

1. Өздеріңнің күнделікті бақылауларыңа сүйеніп, әр түрлі жануарлар мен құстарды қысты күнгі аяздан ненің сақтайтынын айтып беріңдер. Мұнда жүн, қауырсын ,  тері  астындағы май, тағы сондайлардың жылуды сақтау  жөнінен атқаратын рөлі қандай?

2.Үйдің жылуын кәдімгі жай кірпіш сақтай ма әлде кеуек  кірпіш жақсы сақтай ма ? Неліктен олай деп ойлайсыңдар  ?

 

Топ пікірлерін тыңдау.

Постер қорғау.

 

Жұптық жұмыс. Жалғасын тап...    

1.Жылу берілу деп  _________________________________________________________________________________

 

2.Жеміс ағаштары үсіп кетпеуі  үшін оның түбін айналдыра ағаш үгінділермен жауып тастайды. Неге ? __________________________________________________________________________________________________

 

3. Суық күні қатар жатқан мата мен металл шыбықтың температурасы бірдей. Металл неліктен суығырақ болып сезіледі ?

4. Үйдің жылуын кәдімгі жай кірпіш сақтай ма әлде кеуек  кірпіш жақсы сақтай ма ? Неліктен ? _________________________________________________________________________________________________

5.Ыстық шай немесе кофе құяр алдында стаканда шай қасық болғаны жөн. Неліктен ? _________________________________________________________________________________________________

 

 

Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

 

1. Жылу берілудің қандай түрлерін білесіңдер ?

2. Үйде пайдаланылатын жылу өткізгіштігі жақсы және нашар бес затқа мысал келтіріңдер.

3. Бір бөлмедегі тасты еден ағаш еденге қарағанда неге суық ?

 

 

ІІ деңгей .

1.Қар немесе мұз жабылған егістіктің қайсысында күздік дақылдар жақсы сақталады ? Неліктен ?

2. Неліктен металл моншаның бу бөлмесінде ағаштан ыстық, ал қыстың аязында суық болады ?

3. Жаздыгүні күндіз қалың орман ішінде жерге қарағанда ағаштар арасында ауа жылырақ, ал түнде ауа жер бетінде жылы болады. Неліктен ?

 

ІІІ деңгей.

1. Қыстың суық түнінде адасқан және қатты тоңған адамның жолында кездескен үйілген шөп оны аяздан құтқара ала ма ?

 2. Қазақ  үйге киіз үйдің қолданылу себебі неде ?


 

Бекітемін: Пәні:

Бекітемін: Пәні:

Жұмыс кезінде қолара неліктен қызатынын түсіндіріңдер

Жұмыс кезінде қолара неліктен қызатынын түсіндіріңдер

Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік

Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік

Топтық жұмыс. Кіші жоба қорғау

Топтық жұмыс. Кіші жоба қорғау

Ыстық шай немесе кофе құяр алдында стаканда шай қасық болғаны жөн

Ыстық шай немесе кофе құяр алдында стаканда шай қасық болғаны жөн
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017