Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№20 технологиялық картасы
Өткізген:Жусамбаева Қ.М.
Өткізу мерзімі: 22.01.2021ж
Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар қайда мекендейді?» (табиғатты бақылау).
Мақсаты: Құстар өміріндегі тән өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
БМ: Құстарды сыртқы белгілеру бойынша ажыратуға үйрету (торғай, сауысқан).
ДМ: Қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту.
ТМ: Қыстап қалатын құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар: қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер, жемсауыт, құстарды тамақтандыратын тұқымдар, күнбағыс дәндері,салынған қорап.
Сөздік жұмыс: жем, жемсауыт,
Қостілділік компонент: қыстап қалатын құстар-зимующие птицы
Қызметтің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек. Қыс түсті. Күн суытты. Айналаны түгел қар басып,өзендер мен көлдер- ді қатырып тастады. Құстардың өмірінде ең қиын кезеңдер туды. Балалар, қыста біз даладан барлық құстарды кездестіре аламыз ба? Себебі қыстан қорықпайтын, қыстап қалатын құстар ғана қалды. Қалғаны жылы жақтарға ұшып кетті. |
Балалар қайталап, көтеріңкі көңіл күй орнатады.
– Жоқ,кездестірмейміз. |
Ұйымдастырушы- лық – ізденістік
|
Балаларды қандай құстардың өлке-мізде қыстап қалғанын анықтауға шақырады.Балаларға жұмбақ жасыру Шиқ-шиқ! Жем шоқиды– шиқ-шиқ! Дән шоқып, томпиған бұл не құс? (Торғай) Торғайдың суретін қарап шығады. Оның қауырсынының түстерін, көлемін анықтайды. Жемді шоқып тауысқан, Ұшып келді ... (сауысқан). . Бір орнында тұрмас бұл құс, Кішкентай бұл – ... (сарышымшық).,
Қарқылдақ дауысты, Танисың ба қара-сұр құсты? (Қарға) Бұл құстардың бәрін бір сөзбен қыстап қалатын құстар дейміз. Өйткені олар жылы жаққа ұшып кетпей, біздің өлкемізде қыстайды. Сергіту сəті Орнымыздан тұрайық, Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық. Орнымызға қонайық. Дегенмен де қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда, боран соққанда, қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады. Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі. Олар неге адамдарға жақын жерге келді деп ойлайсың? -Оларға не берер едіңдер? Олар не жейді? Құстарға не үшін көмектесеміз? Олардың қандай пайдасы бар? Сөздік жұмыс: жем, жемсауыт, Қостілділік компонент: қыстап қалатын құстар-зимующие птицы
Дидактикалық ойын: «Құстар немен қоректенеді?»
|
-қоңыр және сұр түсті, кішкентай құс
-қауырсыны ақ-қара түсті ірі құс. арқасы – жасыл-сары, бауыры – сары, қанаттары мен құйрығы – сұр түсті. Қарғаны суреттейді.
Қимыл қозғалысты келтіре отырып орындайды.
-Қыста тамақ табу қиын болады,адамдар құстарға жем шашады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздермен танысады: жем, жемсауыт, Қайталайды: қыстап қалатын құстар- зимующие птицы Балалар ойын барысында жемнің суреттерін іріктеп алады: астық, нанның қиқымы, шетен, дәндер.
|
Рефлексиялық - Түзетушіл
|
-Балалар біз қандай құстармен таныстық? -Олар қыста немен тамақтанады? Балаларды тірек карточкалардың көмегімен көңіл күйін білдіруге шақырады. |
-Қыстап қалатын құстармен. -Нан қиқымымен,ағаштың дәндерімен. Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: қыстап қалатын құстарды;
Игереді: құстарды танып, ажырата алады,сипаттап айтады,тіршілігі,қорегі,адамзатқа, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы;
Меңгереді:аязды күні құстарға адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды.
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.