Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі.docx
Сөздің шыны керек
Тақырыбы: Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Мақсаты: 1. Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
2. Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен
әсер ететінін атап өту;
3. Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын
басшылыққа алу;
Нәтижесі: Мектеп пен атаана арасындағы байланысты нығаяды, атааналар
бала құқығы туралы білімдерімен бөліседі.
«Сыйқырлы көл» тренингі
Мақсаты: Жеке тұлға өзінөзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзінөзі
бағалауға үйрету.
Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір
мына қорапты бірбіріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам
көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол
көлдің ішінде жер бетінде, ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп
қарау қажет.
Құрал –жабдықтар: қорап, айна.
Бала тәрбиесіндегі атаананың рөлі
Әрбір атаана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының
сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Атаана перзентінің
жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік
жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында
ғана атаана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді
және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы
тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – атаана», «Балапан ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасыменақ
баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,
сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» –
деген қағиданы берік ұстаған атабабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа
лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Атаана тәрбие беруде атабабамыздың салт
санасы, әдетғұрпында жүргізілген үлгіөнегесінің мәнісі зор. Отбасы
тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы
ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап
өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу
орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен
байланыстыра отырып, оқушылардың және атааналардың құқықтық санасын
қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда
қолдану басты іс болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді оқушылар
тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік
маңызды шаралардың қатарында тұр. Оқушылардың құқықтық мәдениетін
жетілдіру бағытында атқарып жатқан ісәрекеттердің маңызы мен мәнін
саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық
тәрбиенің атқаратын рөлі, оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасу
құрлымы мен даму кезеңдері зерттеудің нақты обьектісін айқындайды.
Ортақ сұрақ: Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі қандай?
Баланың қандай құқықтары бар?
Балаларыңыздың мінез құлқынан қандай өзгерістерді байқайсыз?
Балаңыз бен сіздің қарым – қатынасыңыз қандай?
«Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған
тәрбиенің ықпалы зор» – деген өз пікірлеріңіз, көзқарастарыңыз қандай?
Видео ролик:Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы?
Сұрақ: Бала тәрбиесі үшін ата ананың қайсысының беделі күшті деп
ойлайсыз?
Ата – аналарға кеңес 1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз
тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген
жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп,
оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс
екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кезкелген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен
ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі
сенімсіздік танытқан мәселелерде атаанасымен кеңесуге болатынын білуі
қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жанжақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде
сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз
қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі
жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап атаанасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау
керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де
қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге
шешіп сенімді қарымқатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жанжақты дамуына көңіл
бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Ойлаудың алты қалпақтары
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
қандай? Ақ (ақ бұлттар) фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде
беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті
ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді,
қорытындылайды.
Қорытынды
Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өте
күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды талап етуде. Демек,
оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты,
әлемдік денгейде, өркениетті негіздегі тәрбиелік, үлгінасихаттық іс
шаралар қоғамының әлеуметтікэкономикалық даму бағытында
туындайтын өзгерістерді тез сезіп, білімтәрбие беру ғаламдық мәні бар
мәселелерге бейімдеуге ыңғайланып отыруы қажет. Онсыз мектеп
оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өз дәрежесінде
нетижесін бермейді.
Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен
қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін
өмір көрсетіп отыр..
Атаанаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз атаананың
қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу
екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше , атааналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.
Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да
мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие
жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан
түзу тәрбие бер», деп атабабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне
уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді,
саналы ұрпағын тәрбиелейік . Егер атаана мен мектеп өзара тығыз
байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл қыздары жанжақты дамыған азамат болып
шығары сөзсіз. «Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға
қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға
басылған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды,
кім қолдайды?» деп ойлау керек.
Н.Назарбаев
Сергіту сәті: Төрағали Төрәлінің әні: « До Ре Ми» караоке
Кері байланыс : « Алма ағашы » 2 жұлдыз 1 тілек
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда отбасының рөлі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.