Қатысушы: Турекенова Меруерт Болатқызы
(директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары)
Жасы :46
Мекен жайы:Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы
Мекеме атауы:Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сценарий тақырыбы: «Қызғалдақ-Наурыз мерекесінің нышаны»
Мекеме басшысы: Базарханова Алтынай Наурызбайқызы
Тел : 872-32-62-50-05
Ұялы тел:87777421118
2018 жыл
Тақырыбы: «Қызғалдақ-Наурыз мерекесінің нышаны»
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Білімділік: Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық:Ұлттық салт - дәстүрлерді әдет-ғұрыптарды қазіргі заманға сай өркендете дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық мәдениет негіздерін оқушылар бойына сіңіру, имандылыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Киіз үй, ұлттық ою – өрнектермен әсемделген сырмақ, сандық, құрақ көрпе, қоржын, ұлттық тағамдар, алтыбақант, т.б бұйымдар.
Наурыз мерекесі туралы слайд.
1оқушы:
Тыңдаңыздар!
Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды .
Көргендер де арманда,
Көрмегенде арманда,
Қызықтан тек қалмаңыздар,
Наурыз тойын тойлаңыздар.
2 оқушы:
К нам Наурыз шагает,
Быстрыми шагами.
И сугробы тают,
Под его ногами.
Черные проталины,
На полях видны
Видно очень теплые,
Ночи у Весны.
1 жүргізуші:
Жиналыппыз Наурыз тойға бәрімізде,
Үлкен кіші жарасып сәнімізде.
Армысыздар қадірменді қонақтар,
Шакырамыз бас иіп төрімізге.
Наурыз келді тағыда,
Жасыл желек тағына.
Құтты болсын мереке,
Келген жылға береке,
Берекеде осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той думан,
Қырандардың қасында.
Күмбірлеген күй дайын,
Асқақтаған ән дайын.
2 жүргізуші:
Внимание! Внимание! Уважаемые наши земляки, гости, учителя, ученики! Мы приветствуем Вас на этом торжестве, посвященном празднованию великого народного праздника Наурыз!
Пусть разльется смех сегодня,
На вечном празднике Весны.
Пусть исчезнут страх, заботы,
Будьте радостью полны,
Пусть обильным будет год,
И достаток принесет!
Ән: «Наурыз жыл басы»
1 жүргізуші:
Қызыр келіп аралап жүр даламды,
Алтын шапақ аймалауда қаламды.
Салем саған, Ұлы күні Ұлыстың,
Өзің келіп, бар тіршілік оянды,- демекші, Наурыз – жыл басы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл мереке күн мен түннің теңергенін тойлайтын, достықты, туыстықты уағыздайтын, ел мен елді табыстыратын мереке.
2жүргізуші:Сегодня мы встречаем праздник Весны. Праздник труда и дружбы. В Казахстане Наурыз официально отмечается с 1988г. Начинается он в ночь с 21 на 22 марта во время весеннего равноденствия. Древний и любимый праздник обновления жизни. Наурыз мейрамы отмечается ныне по всей Республике широко и весело. По народному поверью считается: чем веселее будет отмечены Наурыз, тем щедрее будет природа и благополучно пройдет год.
1 жүргізуші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып,бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (слайдтан көрсету)
1 оқушы:
Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнат.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шығып ойнап.
2 оқушы:
Кіргізіп көркін даланың,
қызғалдақ қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
Би: Гүлдер
3 Оқушы:Наурызбенен құттықтап,
Алыс, жақын қашықты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
4 Оқушы: Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
1жүргізуші:
Той жасаймыз
Мәз мейрам шаттанамыз.
«Ұлт тойы»-деп наурызда мақтанамыз,
Осылай жарасымын таба бергей,
Ата дәстүр аялар салт санамыз.
Той түндігі ашылсын,
Жайлап шашу шашылсын.
Теріп алған жандардың,
Несібесін асырсын.
(Әже шашу шашады)
Ән: «Қазақы дәстүрлері»
Орындайтын : «Арна» тобы
1жүргізуші:
Наурызбенен құттықтап,
Алыс, жақын қашықты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты, - дей отырып, мың бұралған биші қыздарымыздың биін тарту етеміз.
Би:«ДОМБЫРА».
2 жүргізуші:Наурыз – это веселья и радость,
Новая любовь и новая жизнь.
Наурыз праздник песен,стихов и танцев.
Наурыз –начало года,
Так считает наш народ.
И обычай народа,
Людям всем передает!
1 жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем.
Шақыратын бәрімізді бірлікке,
Қош келдің, төрімізге Ару көктем!
Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата Бабаларымыздың сөзімен айтсақ, «Ақ түйенің қарыны жарылған күн!, ендеше Наурыз ертегісін тамашалайық.
Жүргізуші: Ертеде ағысы жылдам өзеннің жағасында бір бай ауыл тұрыпты. Бұл ауылдың тұрғындары өте бай, малдары көп адамдар екен. Бірақ, бұл ауыл байлығымен емес, әлемде көркіне ешбір сұлу тең келмейтін керемет сұлу қыз осы ауылдың байлығына бағаланатын. Сұңғақ бойлы,талдырмаш,көздері жұлдыздай, шаштары түндей, нәзік жүректі,таза жанды, ару екен.
Ол сұлудың түрін көрсең,
Ай деймісің, күн деймісің.
Құмырсқадай белін көрсең,
Сым дейсің, қыл дейсің,
Көркем сурет тұлға дерсің.
Ол, Наурыз ару еді. Ол ән айтқанда тіпті құстарда сайрауын тоқтатып, дала, тал-қайың мүлгіп тыңдайтын.
Бірде оны жерасты патшалығының билеушісі Керең коріп қалады.
Керең: Бұл недеген керемет! Менің көзім ешқашан да осындай сұлуды көрмеген. Атың кім сұлуым?
Наурыз: Менің атым Наурыз, ал сен кімсің?
Керең: Мен-Керең. Мен жерасты патшалығының билеушісімін.Сен менің жарым болуға қалай қарайсың, сұлу ханшайым.
Наурыз:Жоқ, мен оны қаламаймын. Сен жерасты патшалығыңда құстар сайрамайды, менің жақсы көретін , мен келгенде гүлдейтін қызғалдақтар гүлдемейді,күннің көзі жоқ, онда қараңғы және қорқынышты.
Керең:Күннің жылуы ,қызғалдақтың гүлдегені саған неге керек? Менің алтындарым сені күннің жылуымен де, қызғалдақтың гүлдеуімен де алмастырады. Неге кереі саған құстардың? Сен олардан да жақсы ән саласың. Келісіміңді бер, сенде мен сияқты жер асты патшалығын билейтін мықты да көрікті ханшайым боласың.
Наурыз: Жоқ, мен қаламаймын, сенің жарың бола алмаймын.
Сол мезетте Керең Наурызды алып қашады.
Жүргізуші:Бүкіл ауыл болып Наурыз қызды іздеп таба алмады. Наурыз із-түзсіз жоқ болып кетті.Содан Наурыз Кереңнің үйінде тұрып жатты.
Керең: Сұлуым менің сені неге еш нәрсе қызықтырмайды, сенің бетіңнен күлкінің нышанын көргім келеді. Саған қарасам жүрегім қарс айырылады.айттшы саған не керек, сен үшін баріне де дайынмын. Сұлу ханшайымым сенің көңіліңді көтеру үшін өз елімнің әншілері мен бишілерін шақырттым,көңіліңді көтерші.
Көктемнің төкті нұры,
Көңілдің кетті мұңы.
Кел достар ән шырқайық,
Ұлыстың Ұлы күні!
Ән: «Өз Елім»
Орындайтын: Ағланов Дастан
Керең: Сұлуым бұл әнде көңіліңді көтермеді ме? Олай болса фольклорлық ансамблдің орындауындағы «Күміс құмған-ай» әнін тамашалашы.
Наурыз: Маған әннің де ,алтынныңда, қымбат киімнің де керек жоқ. Мен елімді,қызғалдақ гүлімді, ата-анамды аңсадым. Күннің көзін, самал желді сағындым.
Керең: Сенің айтқаның болсын. Жылына бір рет қызғалдақ гүлдегенде өз еліңе, жеріңе баруыңа рұқсат беремін.
Керең ,Наурызды босатады.
Наурыз жайнаған қызғалдақтарды көріп, қуанышқа кенеліп барлығы қызғалдақ биін билейді.
Наурыз: Сәлем анам-Алтын күн,
Сәлем қарты халқымның.
Уақытына риза боп,
Бақытымда шалқыдым.
Ән: «Астапур-ай»
Орындайтын: «Арна» тобы
1жүргізуші
Қыдыр ата жер бетін жылытып, жан-жануарлар оянып, ағаш,бұта, талдарға жаңа өмір сыйлады. Ол кісінің жүріп өткен жерін көк шөп шығып, қызғалдақ гүлдейді екен. Міне сол қыдыр атамыз бізге де келіп жетті. Ол кісіні құрметпен қарсы алайық.
Қыдыр ата бата береді.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Әрқашанда ақ жол болар.
Қыдыр қонсын үйіңе,
Қыдыр қонсын.
Ақ батасы бабамның қабыл болсын,
Алдыңда тосып тұрған ауылдар бар,
Әрқашан ата жолы ашық болсын.
2 жүргізуші:
Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегің желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Анамсың алыс жүрсем аңсаған,
Тәуелсіз ел Наурыз тойын тойлап жатса,
Туған жер бәрі-бәрі сенің арқаң.
Ән: «Туған жер»
1 жүргізуші:Осындай қуанышты Ұлы тойда ән айтылып, би биленбейме?!Иә, тойдың көркі – ән мен би деген ғой.
Береке бірлік болсын деп,
Би билейік қосылып!
«Қара жорға» биі.
Жүргізуші:
Туған жерім тауың,көлің тым ыстық,
Дала тарих,таусылмайтын сыр ұқты.
Арнаймын саған осы жырымды,
Болсын сенде мәңгілікке тыныштық.
Ән: «Далам менің»
Тойбастар таратылады
1жүргізуші:
Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің,
Басын қостың сан дәстүр, сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің!
2 жүргізуші: С Наурызом поздравляем всех, желаем счастья и благополучия!
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.