Тақырыбы: «Киім дүкені»
Мақсаты: балаларды жазғы және қысқы киім түрлерімен таныстыру,оларды ажырата білуді үйрету,бір,екі сөздермен сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
Білімділік: тілін дамыту,киімдер арасындағы айырмашылықтарды тани білу,жыл мезгіліне байланысты киіне білу,киім дүкенімен таныстыру.
Дамытушылық: ұқыптылыққа,тазалыққа,тиянақтылыққа,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: қыс-зима,жаз-лето,киіну-одеваться,киім-одежда,дүкен-магазин.
Мотивациялық қозғаушылық: Қайырлы таң көк аспан,
Қайырлы таң жер ана.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң баршаңа!
Балалар қимыл қозғалысты қайталай отырып,шаттық шеңберді орындайды.
Ұйымдастырушылық кезең: балалардың назарын суретке аудару.Қыс және жаз мезгілі суреттерін көрсету арқылы әңгімелеп өту.Мына суретте қыс мезгілі
САБАҚ.docx
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Киім дүкені»
Мақсаты: балаларды жазғы және қысқы киім түрлерімен таныстыру,оларды
ажырата білуді үйрету,бір,екі сөздермен сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
Білімділік: тілін дамыту,киімдер арасындағы айырмашылықтарды тани
білу,жыл мезгіліне байланысты киіне білу,киім дүкенімен таныстыру.
Дамытушылық: ұқыптылыққа,тазалыққа,тиянақтылыққа,бір-біріне
көмектесуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: қыс-зима,жаз-лето,киіну-одеваться,киім-
одежда,дүкен-магазин.
Мотивациялық қозғаушылық: Қайырлы таң көк аспан,
Қайырлы таң жер ана.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң баршаңа!
Балалар қимыл қозғалысты қайталай отырып,шаттық шеңберді орындайды.
Ұйымдастырушылық кезең: балалардың назарын суретке аудару.Қыс және
жаз мезгілі суреттерін көрсету арқылы әңгімелеп өту.Мына суретте қыс
мезгілі бейнеленген.Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.
1.Қыста жерге не түседі?
2.Қыста ауа-райы қалай болады?
3.Қыста қардан не жасаймыз?
4.Қыста біз қалай киінеміз?
Балалардың жауабы:
Сурет бойынша балалар қысқы киімдерді атап өтеді:
1.Құлақшын
2.Тон
3.Мойынорағыш
4.Қолғап
5.Пима
Сергіту сәті:Оңға,оңға түзу тұр,
Солға,солға түзу тұр.
Бір отырып,бір тұрып.
Біз тынығып аламыз.
Жаз мезгілін сурет бойынша сипаттап беру.Ал,енді балалар,келесі суретке
назар аударайық.Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген,жазда далада ауа-
райы қандай болады?
Жаз мезгілінде қалай киінеміз?Жаз мезгілінің қыс мезгілінен қандай
айырмашылығы бар?
Балалар жауабы: жаз мезгілі бейнеленген,ауа-райы жылы,аспан ашық,күн
жарқырап тұрады,жеңіл киінеміз:көйлек,футболка,қалпақ,жеңіл аяқ
киім.Сурет бойынша көрсету.
1.Ойын: «Киім дүкеніне саяхат»
Топтағы дүкенге саяхат жасаймыз.Дүкенге бару үшін біз әртүрлі
фигуралардан жол жасап алайық,ол үшін бізге
үшбұрыш,төртбұрыш,тіктөртбұрыш керек.Балалар жол жасайды,жолмен
дүкенге барамыз.Дүкеннен екі қуыршақ алып,оларға жыл мезгілдеріне арнап
киімдер таңдап аламыз(қыс,жаз).Қайтадан жолмен балабақшаға
ораламыз(балалар орындарына отырады).
2.Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір» екі-үш рет қайталау.
Мақсаты:жыл мезгілдері киімдерін ажырата білу,киіндіру.Балалардың іс-
қимылына көмек беру.
Ойыннан кейін өлең оқу: Абай Құнанбаев (Қыс) Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр, мылқау,танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Бірнеше рет қайталау,өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылғанын
анықтау.Балалар үстелге келіп отырады,дайын қағаз бөлшектерінен
жасалған қыс,жаз киімдерін құрастырады.Балалардың жұмысын
бақылау,балалар өз жжұмыстарына баға беру.
Рефлексиялық түзетушілік: жыл мезгілдеріне арналған киімдерді ажырата
біледі,дидактикалық ойынды қызығушылықпен ойнайды.Өлеңді қайталап
айтуға тырысады.Балалар ұйымдастыру кезеңіне қызығушылық танытты.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілі киімдерін ажыратады
Игереді: қайталап айтып жаттауды,бөлшектерді құрастыруды
Меңгереді: дұрыс киінуді
Занятие на тему; "В магазине одежды"
Занятие на тему; "В магазине одежды"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.