Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»
Оценка 4.7

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
doc
химия
9 кл
13.09.2017
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»
Кіріспе Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтапты. Санитарлардың айтуынша, мұндай ыдыс-аяқтардың беттеріндегі әсемдік бояулары да құйылған тағамның температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен... Сапасыз әрі арзанқол ыдыс-аяқ, ойыншық, тағамдардың денсаулыққа қауіптілігі бірінші мәрте көтеріліп отырған жоқ. Жоғары мінберлерде де сөз болды. Сол үшін де кеден қызметінде «Янтарь - 1А» сынды радиациялық сәулелердің мөлшерін анықтайтын қондырғылар орнатылған. Алайда не мемлекеттік стандарты жоқ, не қорабы мен оны жасап шығарған фирманың таңбасы мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен әкелінетінін ескерсек, әлгі біз айтқан қондырғылардан пайда шамалы болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы - былайғы жұрт «барахолка» атап кеткен қара базардың ыдыс-аяқ сататын бөлігін бір аралап шығу. Стандарты да, сапасы да бар ресейлік қымбат ыдыстарды халықтың жұқалтаң қалтасы көтермесі белгілі, ал шығыстағы шекарадан еніп жатқан арзанқол ыдыс-аяқтың жайы жоғарыдағыдай. «Сұлуынан - жылуы» дегендей, әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударған абзал. - Бәрінің бетіне күйе жағуға тағы болмайды, дегенмен стандарты жоқ ыдыстардың көбінде ыдыс-аяқтарды безендіру техникасы сақталмаған. Токсиколог дәрігерлерінің айтуынша, сапасыз ыдыс-аяқтардан улану - тамақтан уланумен бірдей. Алайда улану диагнозымен ақ халаттылар алдына барғанда, оның ішкен тамағы ғана тексеріліп, ыдысы көлеңкеде қап қояды екен. Токсикологтар ыдыс-аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау қажет. Өйткені оған деген сұраныстың жоғарылығы - сапасын да тым төмендетіп барады. Төмендеткені сондай - бүгінде пластмасса ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы - өзіңді жыланға шақтырғанмен бірдей. Өйткені асбест те, формальдегид те адам ағзасындағы қатерлі ісіктердің пайда болуына, бүйрекке тас жиналуына, қуық жолдарының ауыр дертіне әкеп соғады. Пластмасса ыдыстарға, әсіресе, көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ келтірмейтін бала пластмассаны қалай ұрғыласа да, тоздыра алмасы белгілі. Есесіне, сол ыдыс, баланың денсаулығын тоздырады. Айтудың азы жоқ, десе де, қалтасы жұқалтаң халықты «қымбат ыдыс алмадың» деп тағы да айыптай алмайсың. Отандық ыдыс-аяқ өндірісі жолға қойылғанда, мұндай жағдай болмас та еді. Алайда цехтың шығарған ыдыс-аяқтарын базардан кезіктіре алмай жүрміз. Сатушылар отандық өнім іздегенге күле қарайды... Күлгеннен гөрі, жылаған орынды болар еді... Біз сауалнама жүргізу арқылы ас үйде көбінесе алюминий, ЭМАЛЬДАНҒАН шойын ыдыстарды және тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды қолданатынын анықтадық. Осыған байланысты ыдыстардың пайдасы мен зиянына тоқталып өттік.Кіріспе Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтапты. Санитарлардың айтуынша, мұндай ыдыс-аяқтардың беттеріндегі әсемдік бояулары да құйылған тағамның температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі - сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану - асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен... Сапасыз әрі арзанқол ыдыс-аяқ, ойыншық, тағамдардың денсаулыққа қауіптілігі бірінші мәрте көтеріліп отырған жоқ. Жоғары мінберлерде де сөз болды. Сол үшін де кеден қызметінде «Янтарь - 1А» сынды радиациялық сәулелердің мөлшерін анықтайтын қондырғылар орнатылған. Алайда не мемлекеттік стандарты жоқ, не қорабы мен оны жасап шығарған фирманың таңбасы мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен әкелінетінін ескерсек, әлгі біз айтқан қондырғылардан пайда шамалы болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы - былайғы жұрт «барахолка» атап кеткен қара базардың ыдыс-аяқ сататын бөлігін бір аралап шығу. Стандарты да, сапасы да бар ресейлік қымбат ыдыстарды халықтың жұқалтаң қалтасы көтермесі белгілі, ал шығыстағы шекарадан еніп жатқан арзанқол ыдыс-аяқтың жайы жоғарыдағыдай. «Сұлуынан - жылуы» дегендей, әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударған абзал. - Бәрінің бетіне күйе жағуға тағы болмайды, дегенмен стандарты жоқ ыдыстардың көбінде ыдыс-аяқтарды безендіру техникасы сақталмаған. Токсиколог дәрігерлерінің айтуынша, сапасыз ыдыс-аяқтардан улану - тамақтан уланумен бірдей. Алайда улану диагнозымен ақ халаттылар алдына барғанда, оның ішкен тамағы ғана тексеріліп, ыдысы көлеңкеде қап қояды екен. Токсикологтар ыдыс-аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау қажет. Өйткені оған деген сұраныстың жоғарылығы - сапасын да тым төмендетіп барады. Төмендеткені сондай - бүгінде пластмасса ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы - өзіңді жыланға шақтырғанмен бірдей. Өйткені асбест те, формальдегид те адам ағзасындағы қатерлі ісіктердің пайда болуына, бүйрекке тас жиналуына, қуық жолдарының ауыр дертіне әкеп соғады. Пластмасса ыдыстарға, әсіресе, көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ келтірмейтін бала пластмассаны қалай ұрғыласа да, тоздыра алмасы белгілі. Есесіне, сол ыдыс, баланың денсаулығын тоздырады. Айтудың азы жоқ, десе де, қалтасы жұқалтаң халықты «қымбат ыдыс алмадың» деп тағы да айыптай алмайсың. Отандық ыдыс-аяқ өндірісі жолға қойылғанда, мұндай жағдай болмас та еді. Алайда цехтың шығарған ыдыс-аяқтарын базардан кезіктіре алмай жүрміз. Сатушылар отандық өнім іздегенге күле қарайды... Күлгеннен гөрі, жылаған орынды болар еді... Біз сауалнама жүргізу арқылы ас үйде көбінесе алюминий, ЭМАЛЬДАНҒАН шойын ыдыстарды және тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды қолданатынын анықтадық. Осыған байланысты ыдыстардың пайдасы мен зиянына тоқталып өттік.
ас уйдеги ыдыстардын пайдасы мен зияны Microsoft Word Document.doc
Мазмұны Абстракт.......................................................................................................3 Кіріспе...........................................................................................................4 Жұмыстың зерттеу бөлімі...........................................................................7  Ыдыс­аяқ туралы жалпы түсінік................................................................6 1.1Ыдыс – аяқ түрлері.............................................................................6 1.2Қазақтың ұлттық ыдыс – аяқтары...................................................10  Пайдалы және зиянды ыдыстар.................................................................12 2.1Алюминий ыдыстар.....................................................................................12  2.2  Эмальданған  шойын ыдыстар..................................................................15  Ыдысты дұрыс таңдау және қауіпсіз күту.................................................16 3.1 Ыдыс сатып аларда ескеретін ережелер...............................................16 3.2 Ыдысты қауіпсіз күту.............................................................................18  Әлеуметтік сауалнама...................................................................................20 Қорытынды....................................................................................................24 Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................25 Қосымшалар Пікір  Күнделік Абстракт 1. 2. 3. Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»   Зерттеу   жұмысының   мақсаты:  Өңірімізде   тұратын   тұрғындарға   қандай ыдыстарды қолданғандығы дұрыс екендігін анықтау.  Зерттеу жұмысының міндеттері: Ыдыс­аяқ туралы әдебиеттерге шолу жасап, ақпараттар жинау. Жергілікті  ас үй  иелерінің  көбінде  қандай  ыдыс  түрлерін  қолданытынын анықтап, сол ыдыстардың пайдасы мен зиянын түсіндіру. Дүкен   сөрелерінде   тұратын   ыдыстардың   сапасын,   қауіпсіздігін   анықтап, сараптама жасау. Зерттеудің болжамы: Егер әр адам ыдыстардың сапасы мен қауіпсіздігін білсе, онда ол өз денсаулығына зиян келтірмеген болар еді.  Зерттеу нысаны: Ыдыс – аяқтар. Зерттеу әдістері:  Ақпараттарды   жинақтау,   сараптау,   талдау,   салыстыру,   бақылау,   әлеуметтік сауалнама өткізу, әңгіме өткізу, қорытындылау. Зерттеудің   жаңалығы:  Жергілікті   тұрғындардың   денсаулықтарына   зардап тигізетін   ыдыстардың   сапасы   мен   қауіпсіз   қолданылуы   туралы   насихаттау жұмысын жүргізу барысында қосарбеттер тараттық. Зерттеудің   нәтижесі:  Осы   зерттеу   жұмысын   жүргізу   кезінде   ыдыстардың құрамын,   қасиеттерін   анықтадық   және   де   тұрғындардың   қандай   ыдыстарды қолданатындығын,   олар   туралы   ақпаратпен   қаншалықты   қаруланғанын   білдік. Біздің   басты   мақсатымыз   өңірімізде   тұратын   тұрғындарға   қандай   ыдыстарды қолданғандығы   дұрыс   екендігін   анықтау   болды,   осы   мақсатқа   жетіп,   оларға насихат жұмыстарын жүргіздік. Кіріспе Халқымыздың «аяғына (ыдыс) қарап, асын іш» деген сөзінің маңызы бүгінде күрт артып барады. Рас, бабаларымыз бұл сөзбен ыдыстың тазалығына көбірек тоқталса, бүгін одан бөлек сапасына да қатаң назар аудару қажет болып отыр. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс­аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20­30 есе артық   екенін   анықтапты.   Санитарлардың   айтуынша,   мұндай   ыдыс­аяқтардың беттеріндегі   әсемдік   бояулары   да   құйылған   тағамның   температурасына байланысты еріп, ағзаға зиян келтіреді. Ең қаупі ­ сапасыз ыдыстарды тұрақты пайдалану ­ асқазан қатерлі ісігіне де әкеледі екен... Сапасыз   әрі   арзанқол   ыдыс­аяқ,   ойыншық,   тағамдардың   денсаулыққа қауіптілігі   бірінші   мәрте   көтеріліп   отырған   жоқ.   Жоғары   мінберлерде   де   сөз болды.   Сол   үшін   де   кеден   қызметінде   «Янтарь   ­   1А»   сынды   радиациялық сәулелердің   мөлшерін   анықтайтын   қондырғылар   орнатылған.   Алайда   не мемлекеттік   стандарты   жоқ,   не   қорабы   мен   оны   жасап   шығарған   фирманың таңбасы мен атауы да көрсетілмеген ыдыстардың бәрі контрабандалық жолмен әкелінетінін   ескерсек,   әлгі   біз   айтқан   қондырғылардан   пайда   шамалы   болып отырғанына көз жеткізуге болады. Көз жеткізудің екінші жолы ­ былайғы жұрт «барахолка»   атап   кеткен   қара   базардың   ыдыс­аяқ   сататын   бөлігін   бір   аралап шығу.   Стандарты   да,   сапасы   да   бар   ресейлік   қымбат   ыдыстарды   халықтың жұқалтаң   қалтасы   көтермесі   белгілі,   ал   шығыстағы   шекарадан   еніп   жатқан арзанқол ыдыс­аяқтың жайы жоғарыдағыдай. «Сұлуынан ­ жылуы» дегендей, әдемілігінен гөрі, сапасы мен қауіпсіздігіне назар   аударған   абзал.   ­   Бәрінің   бетіне   күйе   жағуға   тағы   болмайды,   дегенмен стандарты   жоқ   ыдыстардың   көбінде   ыдыс­аяқтарды   безендіру   техникасы сақталмаған. Токсиколог дәрігерлерінің айтуынша, сапасыз ыдыс­аяқтардан улану ­ тамақтан уланумен   бірдей.   Алайда   улану   диагнозымен   ақ   халаттылар   алдына   барғанда, оның   ішкен   тамағы   ғана   тексеріліп,   ыдысы   көлеңкеде   қап   қояды   екен. Токсикологтар ыдыс­аяқтарды да тексеруден өткізетін уақыт жетті деп есептейді. Әсіресе, пластмасса ыдыстарды қатаң бақылауда ұстау қажет. Өйткені оған деген сұраныстың   жоғарылығы   ­   сапасын   да   тым   төмендетіп   барады.   Төмендеткені сондай ­ бүгінде пластмасса ыдыстарға формальдегидпен қатар, асбест те қосыла бастапты. Ыдыстың шыдамды, төзімді болуы үшін осылай еткен болар, алайда құрылыстың өзінде тыйым салына бастаған асбесттің ас үйде қолданылуы ­ өзіңді жыланға   шақтырғанмен   бірдей.   Өйткені   асбест   те,   формальдегид   те   адам ағзасындағы   қатерлі   ісіктердің   пайда   болуына,   бүйрекке   тас   жиналуына,   қуық жолдарының   ауыр   дертіне   әкеп   соғады.   Пластмасса   ыдыстарға,   әсіресе,   көп балалы отбасылар құмар. Шыны ыдыстарды шақ келтірмейтін бала пластмассаны қалай   ұрғыласа   да,   тоздыра   алмасы   белгілі.   Есесіне,   сол   ыдыс,   баланың денсаулығын тоздырады.    Айтудың   азы   жоқ,   десе   де,   қалтасы   жұқалтаң   халықты   «қымбат   ыдыс алмадың»   деп   тағы   да   айыптай   алмайсың.   Отандық   ыдыс­аяқ   өндірісі   жолға қойылғанда,   мұндай   жағдай   болмас   та   еді.   Алайда   цехтың   шығарған   ыдыс­ аяқтарын   базардан   кезіктіре   алмай   жүрміз.  Сатушылар   отандық   өнім   іздегенге күле қарайды... Күлгеннен гөрі, жылаған орынды болар еді... Біз сауалнама жүргізу арқылы ас үйде көбінесе алюминий,  ЭМАЛЬДАНҒАН  шойын   ыдыстарды   және   тоттанбайтын   темірден   жасалатын   ыдыстарды қолданатынын анықтадық. Осыған байланысты ыдыстардың пайдасы мен зиянына тоқталып өттік. Зерттеу бөлімі 1.Ыдыс­аяқ туралы жалпы түсінік Ыдыс­аяқ  ­ күнделікті тамақты дайындап, ішіп­жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы.  1.1 Ыдыс­аяқ  түрлері Ыдыс­аяқ (қолдану жағдайына байланысты бөлінеді) ­ тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау, кәкпір,  ­ тамақ қабылдайтын: тәрелкелер,табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан, саптыаяқ   ­ тамақ сақтауға арналған: Ыдыс­аяқ (жасалған материалына байланысты бөлінеді) ­ металдан  ­ керамикадан ­ шыныдан ­ пластмассадан  Металл ыдыстар Металл ыдыс­аяқ шойыннан, алюминийден, жезден т. б. жасалынады. Алюминий ыдыс. Алюминий ыдыс белгілі бір соқпа қалыппен және құйма әдіспен жасалады. Соқпа қалып ыдыстары пайдалану мақсатына қарай түбінің қалыңдығы әр түрлі болып шығарылады   (жеңілдеуінде—1,5   мм   орташасында   —2  мм,   ауырынікі—2,5   мм). Құйма   ыдыс­аяқтар   (таба,   кастрюль,   қазан   т.   б.)   негізінен   қою   тамақтарды қуыруға, бұқтыруға және пісіруге арналған. Алюминий ыдыс­аяққа   әр   беру   үшін   оған   күміс, хром жалатып   түрлі   түсті бояулармен бояйды. Алюминий ыдыс ыстыққа өте төзімді (алюминийдің балқу температурасы 650С) ,  температураның күрт (кенеттен) өзгеруі де қауіпті емес. Алюминий ыдыста пісірілген тамақтық дәмі, түсі, исі бұзылмайды. Мұндай ыдыстарда кез келген тамақты, оның ішінде көбірек тұздалған және құрамында органикалық қышқылы көп тамақтарды да пісіруге болады. Алюминий ыдыста   тамақты   2  тәулік   ­тен   артық   сақтауға   болмайды;   тұздалған қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр береді. Алюминий ыдысты алғаш рет пайдаланар алдында ішіне май жағып, су қайнату не сүт пісіру керек. Мырыштан жасалынған ыдыстар Мырышталған ыдыстар   алдын   ала   мырыш   жал   атылған   темір   табақтарынан болмаса қара темірдің өзінен жасалады. Кейінгісіне мырыш ыдыс дайын болған соң жалатылады.  Мырышталған  ыдыста тамақ  пісіруге, ауыз суды қайнатуға  болмайды. Өйткені мұндайда   пайда   болатын   мырыш   тұзы   адамға   зиян.   Мұндай   ыдыстарда   азық­ түлікті консервілеуге (мысалы, саңырауқұлақ, капустаны т. б.) болмайды. Мырыш жалатылған ыдысқа қышқылды, сілтілі ерітінділер (кір жуатын порошок) ас тұзы әсер етіп, мырыш жалатпаның бұзылуын тездетеді. Мырышты   ыдыстарды   кір   жууға,   кір   қайнатуға,   су, керосин сақтау   үшін пайдалануға болады. Тоттанбайтын   темірден   жасалатын   ыдыстарды   негізінен   сұйық   тамақ пісіруге (себебі түбі жұқа әрі ыстыққа төзімді келеді) және тамақты ұзақ сақтауға (тамақтық дәмі бұзылмайды) пайдаланады. Жез ыдыстар Жезден жасалған   ыдыстар   негізінен   су, қайнатпа (варенье)   қайнатуға   т.   б. арналған.   Оларды   алюминий   және эмальды темір   ыдысқа   қарағанда   ұзақ пайдалануға болады. Жез ыдыстарды ұзақ уақыт пайдаланбаса қарайып кетеді және бетінде жасыл жұқа қабат пайда болады. Ыдысқа органикалық қышқылдар, сүт, май және көптеген тағамдар әсер етеді. Тамақ   пісіруге   және   ауыз   суды   қайнатуға   арналған   жез   ыдыстың   ішкі   жағына міндетті түрде қола жалатады. Қайнатпа   қайнататын   ыдыстың   ішкі   жағына   қола   жалатпайды.   Өйткені   жездің жеміс­жидектің   құрамындағы органикалық қышқыл   мен   әрекеттесуіне   қанттың жоғары концентраты кедергі жасайды. ЬІдыстың сыртқы бетіне никель не хром жалатады. Шойын ыдыстар Шойын ыдыстар қуырып, бұқтырылып пісіретін тамақтарға қолданылады. Шойын ыдыстың түсі қара, көбінесе ыдыстың ішіне кейде екі жағына бірдей әйнек түсті эмаль жалатады. Қара шойыннан  жасалған ыдыстардың  беті кедір­бұдыр болады. Сондықтан  да оны тазалағанда ерекше ұқыптылық керек. Өйткені дұрыс тазаланбаған жағдайда оның   бетін тат басады. бұзып, адам организміне зиянды әсер етеді.   Тат   дайындалған   тамақтың   дәмі   мен   түсін Сонымен қатар темір тұздары витаминдерді жойып жібереді.   Эмальданған шойын ыдыстар органикалық   қышқылдардың, тұздардың, сабын және сілтілердің өсеріне төзімді келеді. Эмалы кеткен ыдысқа тамақ пісіруге болмайды. Мельхиор және нейзильбер ыдыстар Мельхиор және нейзильбер ыдыстар негізінен дастарқан жасауға арналады. Мельхиор (никель мен мыстың қорытпасы) ерекшеленеді. Нейзильбер (мыс пен мырыштың қорытпасы) қасиетіменмен сипатталады.         беріктігі   әрі   әдемілігімен   де мельхиор сияқты   сапалық Тағамға   арналған мельхиор және нейзильбер ыдыстарға   сәндік   әрі   қорғаныш қаптама, ал қалғандарына тек әсемдік қабат жалатылады. Мельхиор және нейзильбер ыдыстардың   сыртына   күміс   жалатып,   ішкі   жағын қалайылайды. Сыртын никельдеген кезде ішкі жағы қалайыланатын, іші мен сырты бірдей никельденетін ыдыстар да бар. Керамикалық ыдыстар    Керамикалық ыдыс   көбінесе   арнаулы   керамикалық   сырлармен   әрленеді.  фарфордан,  фаянстан, Керамикалық   ыдыстардың   жасалынған түрлері бар. Фарфор ыдыс  түсі ақ, қышқылға (лимон, сірке қышқылына) төзімді, қатты көзе жалатылған   жылтыр   (пышақпен   сызғанда   да   сызат   түспейді)   әрі   жұқа   болады. Фарфор   ыдысты   шерткенде   одан   сыңғырлаған   әсем   дыбыс   шығады.   Фарфор  майоликадан,  қыштан ыдыстың басқа керамикалық бұйымдардан ерекше тек өзіне тән белгісі — оның ақ түсті болатындығы, жұқа жерінен сәуле көрінеді. Фарфор ыдыс кейде алуан түсті болып не түрлі түсті көзе жалатылып та жасалынады. Фаянс ыдыс  кеуек, ылғал сіңірген, ақ түсті болады, ыдыстың жұқа жерінен де сәуле көрінбейді. Мөлдір көзе жалатылады. Шерткенде көмескі дыбыс шығарады. Фаянс ыдыстың беріктігі фарфор ыдыс қақарағанда шамамен 15—25%­ке төмен, әрі одан едәуір жеңіл. Ас үйде пайдалануға ыңғайлы ­ құмыра, азық­түлік салатын, сүт сақтайтын ыдыстар т. б. Майолика ыдыс кеуектеніп келеді де сыртына қышқыл көзе (кейде темір түстес) жалатылады.   Фаянсқа   ұқсас   ақ   майолика   ыдыстар   да   болады.   Майоликадан негізінен құмыра, нансалғыш, май салғыш, конфет салғыш, гүл вазасы, күл салғыш сияқты заттар жасалады. Қыш ыдыстарда  кеуектеніп келеді (негізінен қошқыл күрең түсті), оның тамақ құйылатын   іш   жағына   көзе   жалатылады.   Тамақ   пісіру   және   ас   сақтау   үшін пайдаланылады. Шыны ыдыстар Шыны ыдыстар екі тәсілмен жасалынады:  шойын не болат қалыптарда (формаларда) үрлеу;  престеу арқылы. Әдетте   үрленіп   жасалған   ыдыстың   қабырғасы   жұқа   болады.   Негізінен   түссіз, мөлдір,   қарапайым,   барт   не   қорғасын   қосылған   шыныдай   ішінара   түрлі   түсті шыныдай жасалынады. Үрленіп жасалған ьідысқа қарағанда престелген ыдыстың қабырғасы қалың болады: оны түрлі түсті шыныдай және аз мөлшерде хрустальдан қалыптайды. Ас­су ішетін шыны ыдыстардың түрлері көп (сусын, салаттарға т. б. арналған). Шыны ыдыстардың  ішінде ерекше орын алатыны — ыстыққа төзімді шыныдай престеліп , тамақ пісіруге лайықталып жасалатын ыдыстар. Олар ыстыққа төзімді металлдан   жасалған   ыдысқа   қарағанда   тез   суы   майды.   Тамақтың   дәмін,   исін өзгертпейді.   Мұндай   ыдыстарды   пайдаланғанда   жалын   көзіне металл тор   қою керек; ыстық ыдысты ылғалды, салқын жерге қоюға болмайды, шытынап кетеді. Пластмасса ыдыстар  Пластмасса ыдыстар шыны, фарфор және фаянс ыдыстарға қарағанда берік, оңай тазаланады.  Кейбір   пластмассадан   (мысалы,   аминонласт)   жасалған   ыдыс   судың қайнау температурасына (100°)   шыдайды.   Органикалық   шыныдан   немесе полистиролдан ал полиэтиленнен жасалған ыдыстар 100° температурадаформасын өзгертеді. 70—75° температурада, жасалған     бұйымдар   1.2 Қазақтың ұлттық ыдыс – аяқтары Тарихқа   үңілетін   болсақ,   ыдыстар   –   Қазақстан   жерінде   көне   дәуірден   бері сақталып   жеткен   ескерткіштердің   бір   тобы   болып   табылады.   Оған   Андрон мәдениеті кезеңіндегі ескерткіштер дәлел бола алады. Ата – бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдыстар тек таза заттардан, яғни емен, қайың, арша,   тағы да басқа   берік ағаштардан, жылқы, ешкі терілерінен, шойын, болат, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған.  Бұл жолы біз әр түрлі материалдардан жасалған ыдыстарға тоқталмақпыз. Металдан жасалған ыдыстар Қазан Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Қазан шойыннан жарты шар үлесінде құйылады, ұстауға қолайлы төрт құлағы болады. Сыйымдылығына қарай көлемі әртүрлі болады. Ең үлен он екі  қарыс   қара  қазан  немесе   тай   қазан  дейді.  Қазан   кәдімгі  үш   бұтты   ошаққа немесе жерошаққа асылады. Бетіне қақпақ жабылады. Отырықшы жерде арнайы қазандыққа   орнатылады.   Көшпелі   елде   қазан   қирамас   үшін   оған   қалың   кенеп, киізден арнаулы қазанқап жасалады. Оттан көтеріп алғанда қол күймес үшін және күйе жұқпас үшін тұтқыш қолданады. Ол қол басына киілетіндей екі киіз қалтадан (қолғаптан)   жасалып,   ұзындығы   қазанның   екі   шетіне   жететіндей   ескен   жіппен қосақталып байланады. Қазан түбіндегі қаспағын қыру үшін қырғыш пайдаланады. Ол темірден жасалады.  Қазан тоқшылық пен берекенің, ырыс – несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс. Ұлттық әлеуметтік тарихи оқиғаларда да қазанның алатын айрықша орны бар. Қазанның   сындыру   –   отбасын   ойрандаудың,   қазанның   төңкеру   –   аштықтың, масқаралаудың белгісі. Мысалы « Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам жеті айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі қара қазан төлеу.  Теріден жасалған ыдыстар Саба Қымыз құюға арналған, ел ішінде кең таралған кәделі ыдыстың бірі. Ол жылқы терісінен жасалады. Сабаны жасау үшін теріні жидітіп түгін сыпырып, көк етін алып, тазартып илейді. Дайын теріні талдың қабығымен бояйды. Содан соң әркім өзіне қажетті сиымдылық мөлшерінде (шамамен 100 л) төрт бой етіп пішіп, түбін кең,   ауызын   тарлау   етіп   шуда   жіппен   тігеді.   Теріден   тағы   да   басқа   ыдыстар жасайды. Олар: торсық, мес, бұлқыншақ, т.б. Ағаштан жасалған ыдыстар Шара Шара – қымыз құюға арналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды.  Ағаштан жасалатын ыдыстар: келі, зерен, тегене, кеспек, піспек, т.б.   2. Пайдалы және зиянды ыдыстар 2.1Алюминий ыдыстар Алюминий  (лат.  Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің  периодтық  жүйесінің ІІІ тобындағы  химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1­ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі   –   алюмосиликаттар   болып   келеді.   Алюминий   латынша   Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде   алғаш   рет   1825   жылы   даниялық   физик  Ханс   Кристиан   Эрстед  алған. Алюминий – күміс түсті ақ  металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660 С, қайнау температурасы 2500 С; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі   бетіндегі   алминий   оксидінен   тұратын   жұқа   қабыршақ   оны   тотығудан қорғайды.   Сондай­ақ   ол   амфотерлі   элемент,   сондықтан   қышқылдармен   де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто,   кеме,   ядролық   реактор,   химиялық   аппараттар   жасауда,   құрылыста,   т.б. салаларда,   таза   металл   түрінде   электртехникасында   ток   өткізгіш   сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады. Алюминийдің химиялық қасиеттері. 1. Алюминийдің күделі заттармен әрекеттесуі. 1. Егер   алюминийден   оксид   қабатын   алып   тастаса   ,  ол   сумен   белсенді   түрде әрекеттеседі: 2Al + 6Н2О = 2Al(ОН)3 + 3Н2  2. Алюминий қышқыл ерітінділерімен  (НCl,  H2SO4)  әрекеттесуі нәтижесінде  Н2 газын бөледі:   2Al +6HCl=2AlCl3 +3Н2  2Al + 3Н2SO4 = Al 2(SO4)3 +3Н2 2. Алюминийдің сілтілермен әрекеттесуі:                  2Al  +  2 NaOH  +  2 H2O   =   2NaAlO2   +   3H2 1. Алюминий қосылыстары. Алюминий оксиді Al2O3 – суда ерімейтін қатты зат, балқу температурасы 2050 С. Алюминий оксиді екідайлы қасиет көрсетіп, әрі қышқылдармен, әрі негіздермен әрекеттеседі:  Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O Al2O3 + 2NaOH = 2NaAlO2 + H2O Осы қасиеттерін ескере отырып, мен төмендегідей қорытынды жасадым: Алюминий екідайлы қасиет көрсететін өте белсенді металл. Оның қосылыстары да (Al2O3,Al(OH)3)     екідайлы қасиет көрсетіп, әрі қышқылдармен, әрі негіздермен әрекеттеседі:  Алюминийдің   адам   ағзасына   жиналатын   қасиетке   ие.   Ол   қауіпті   аурулар туғызады. Алюминийдің зат алмасу процесіне, жүйке жүйесіне және жасушаның өсуі мен көбеюіне кері әсерін тигізеді. Мен   алюминий   ыдыстарының   зиянды   екенін   дәлелдеу   үшін   төмендегі тәжірибелерді жасадым.  Тәжірибе №1. Кең таралған тағамдардың ортасын анықтау.  Мектеп асханасында жасалатын тағамдарды әмбебап индикатормен тексеру арқылы олардың орталары анықталды.  № Тағам түрлері  Манна ботқасы 1 2 Күріш ботқасы  3 Бидай ботқасы  4 Қара құмық ботқасы  Орта Сілтілік Сілтілік Сілтілік Сілтілік 5 Картоп езбесі  Сілтілік 6 Тауық сорпасында жасазалынған кеспе Сілтілік 7 Какао  8 Борщ 9 Щи 10 Рассольник 11 Гуляш 12 Алма қайнатпасы  Сілтілік Қышқылдық  Қышқылдық  Қышқылдық  Қышқылдық  Қышқылдық        Қорытынды: Сүт тағамдары сілтілік ортаны, томат соусы қосылған ет тағамдары және қайнатпалар қышқылдық ортаны көрсететіні анықталды.  Тәжірибе №2.  Алюминий  ыдысына    таза  су  құйып  15 мин  қайнатамыз. Суды суытып натрий гидроксиді ерітіндісі арқылы алюминий ионына тексереміз. Бақылау: Еш өзгеріс байқалмады. Яғни алюминий ионы жоқ.   Тәжірибе №3.  Алюминий ыдысына     концентрациясы 0,01 моль/л болатын тұз қышқылының   судағы   ерітіндісін   15   мин   қайнатамыз.   Суды   суытып   натрий гидроксиді ерітіндісі арқылы алюминий ионына тексереміз. Бақылау:  Түбіне ақ түсті тұнба түсті. Бұл алюминий ионының бар болғанының белгісі.   Тәжірибе №4. Алюминий ыдысына   концентрациясы 0,01 моль/л болатын натрий гидроксидінің   судағы   ерітіндісін   15   мин   қайнатамыз.   Суды   суытып   тұз қышқылының 0,001 моль/л ерітіндісі арқылы алюминий ионына тексереміз. Бақылау:  Түбіне ақ түсті тұнба түсті. Бұл алюминий ионының бар болғанының белгісі.   Қорытынды: ыдыстарынан алюминий иондары бөлінеді.   Әлсіз   қышқылдық   және   әлсіз   негіздік   ортада   алюминий Тәжірибе №5. Алюминий ыдысына  дистильденген су құйып 10 күнге қоямыз. 10 күннен соң натрий гидроксиді ерітіндісі арқылы алюминий ионына тексереміз. Бақылау:  Түбіне ақ түсті тұнба түсті. Бұл алюминий ионының бар болғанының белгісі.   2.2 Эмальданған шойын ыдыстар Ең қауіпсіз ыдыс осы Эмальданған ыдыстарды ең қауіпсіз және адам ағзасына зиян келтірмейтін бірегей зат деуге болады. Оған тамақ дайындауға да, сақтауға да болады. Кейбір эмаль ыдыстардың көркін келтіруде түрлі бояулармен әрлеп жатады. Сол кезде артық қосылған бояулардан денсаулыққа зиян келуі мүмкін. Бірақ оның ақ, көгілдір, қара, көк, сұр түстілерінен қауіптенбеңіз.  Эмальды   ыдыстарды   пайдаланғанда   мұқият   болмасаңыз,   оны   құртып   аласыз. Ыстық эмальды ыдысқа бірден салқын су құймаңыз. Эмальды ыдысты  губкамен сабынды ыстық сумен жууыңыз. Эмальды ыдысты бүлдіріп алмас үшін, пышақ тағы   сол   секілді   қатты   затпен,   қырғышпен   қырмаңыз,   ірі   түйірлі   ұнтақпен жумаңыз. Кез келген кішкентай сызылып кеткен жердің көлемі тез үлкейеді, тез тот   басып,   асты   бүлдіріп,   өзіңізді   улайды.   Әрине,   қимасаң   да,   эмалі   кеткен кастрөлді   қолданыстан   шығарған   жақсы.   Тағыда   есте   ұстар   жәйт,   эмальды ыдыстарғы қою тамақ пісіруге болмайды. 3. Ыдысты дұрыс таңдау және қауіпсіз күту. 3.1 Ыдыс сатып аларда ескеретін ережелер Пластикке құмар болмаңыз Пластикадан   жасалған   ыдыстарды   алушылар   көктемде   көбейеді.   Өйткені   ол табиғат аясына шығып серуендеуде жеңіл әрі қолайлы, арзан ыдыс түріне жатады. Дегенмен оның денсаулыққа зияны шаш­етектен. Оның құрамындағы түрлі зиянды қоспалар   ағзаны   уландырады.   Егер   бір   реттік   мұндай   ыдысты   бірнеше   рет пайдаланса,   онда   салқын   тағам   сақтаса,   құрамындағы   улы   заттар   тағамға   сіңе бастайды. Осылай ауыр металл ағзаға еніп, асқазан жарасын, жүрек ауруларын үдетіп, қан тамырларының тарылуына жол ашуы мүмкін. Пластиктен жасалған бір реттік ыдыстар ыстық және салқын тағам салатын, микротолқынды   пештерде   тамақ   ысытуға   арналған   болып   түр­түрге   бөлінеді. Оларды осы қажетіне қарай дұрыс қолдану керек. Ал орындары ауысып кетсе, ағзаңызға өкпелемеңіз. Сынған, шеті жырылған ыдысты пайдалану да зиян. Мұндай ыдыстан зиянды қоспалар көбірек бөлінеді. Сондықтан ыдыстың бүтін болуына да мән беріңіз.Бір сағатқа ғана жарайды Ішкі бөлігі фарфор, сыртқы көрінісі пластмассаға ұқсайтын мұндай ыдыстарды біздің елде кез келген үйдің асханасынан кездестіруге болады. Ал еуропалықтар мұндай   ыдыстан   әлдеқашан   бас   тартқан.  Өйткені   меламин   ыдыстардың құрамындағы қоспалар денсаулыққа өте зиян болып шықты. Мұндай ыдыстардан формальдегид бөлінеді екен. Ол аллергиялық аурулар тудыратын ауыр металл. Меламиннің зияны ол ғана емес. Оның құрамындағы қорғасын, марганец, кадмий секілді химиялық заттар тыныс алу жолдары, бауыр, асқазан, көз және тері ауруларын қоздырады. Сондықтан пайдаланған күнде де оған тек салқын тағам салуға болады. Оның өзі бір сағаттан артық тұрмау керек.  Тоңазытқыш үшін жаралған Қазір жұқа, жеңіл әрі төзімді, жылтыр ақ түсті металдан жасалған ыдыстар да үлкен   сұранысқа   ие.   Бірақ   оны   да   жүз   пайыз   қауіпсіз   дей   алмаймыз.   Мұндай ыдыстардан никель мен хром бөлінетіні анықталып отыр. Сондықтан оған қышқыл тағамдарды салуға, сақтауға да мүлде болмайды. Дегенмен салқын тағамдарды сақтау үшін тоңазытқышта ұстауға болады екен. Ең қауіпсіз ыдыс осы Эмальданған ыдыстарды ең қауіпсіз және адам ағзасына зиян келтірмейтін бірегей зат деуге болады. Оған тамақ дайындауға да, сақтауға да болады. Кейбір эмаль ыдыстардың көркін келтіруде түрлі бояулармен әрлеп жатады. Сол кезде артық қосылған бояулардан денсаулыққа зиян келуі мүмкін. Бірақ оның ақ, көгілдір, қара, көк, сұр түстілерінен қауіптенбеңіз. Ең маңыздысы, жапсырмасында «ГОСТ» белгісі тұрсын, бұл ыдысыңыз «подделка» емес деген сөз. Одан уланатындар көп Нан   жабу,   пирог   пісіру   кезінде   аллюминийден   жасалған   ыдыстарды пайдаланатындар көп. Десек те бұл ең зиянды ыдыс болып табылады. Өйткені қыздыра бастағаннан­ақ одан улы заттар бөлініп шыға бастайды. Ондай ыдыстарға тамақты   қуыруға,   қайнатуға,   сүт   пісіруге,   сақтауға,   тіпті   су   құйып   қоюға болмайды. Күнделікті өмірде аллюминий ыдысқа пісірілген астан уланғандар көп кездесетіні жадыңызда жүрсін.  Тек дайын асқа арналған Фарфор,   керамика   және   берік   металдан   жасалған   ыдыстардың   зияны   жоқ, дегенмен кейде олардың күнделікті қолданыста ыңғайсыздық тудыратын кездері бар.   Мысалы,   фарфор   мен   керамика   ыдыстарды   отқа   қойып,   тамақ   пісіре алмайсыз. Ол тек дайын асты салуға арналған. Егер фарфордан немесе керамикадан жасалған ыдысыңыз қанық бояумен боялған болса,  одан   қорғасын   мен   сынап   бөлінуі   мүмкін.  Сондықтан   бояуы   ақшылдау, әлсіз түсті ыдысты таңдауға кеңес береміз. Міне,   ыдыстардың   осындай   зиянды   жақтары   бар.   Дегенмен   асханаңызды ыдыстардан   босатуға   асықпаңыз.   Тек   оларды   орнымен   пайдалануды   үйреніңіз. Мәселен, асты металдан жасалған ыдыста пісіріңіз де, дайын болғанда эмальді кастрюльге құйып алыңыз. Ыстықта ауыр металл бөлетін ыдыстарға тек салқын салат қана салуға болады. Осындай ережелерін ұстансаңыз ыдысыңыз да аман, деніңіз де сау болмақ. 3.2 Ыдысты қауіпсіз күту Әйел үшін өз­өзін таза ұстаумен қатар, үйін, ыдыс­аяғын таза ұстаудың маңызы зор. Ол әйел жанының ұқыптылығын көрсетеді. Негізі, ас үй иелерінің тәжірибесі бойынша,  ыдыстың  күтімі  жақсы  болса,  көп жыл  қызмет  етеді.  Ыдысты  қолға түскен нәрсемен жуа беруге де болмайды. Сонымен ыдысты қалай күткен жөн? •  Эмальды   ыдыстарды   пайдаланғанда   мұқият   болмасаңыз,   оны   құртып   аласыз. Ыстық эмальды ыдысқа бірден салқын су құймаңыз. Эмальды ыдысты  губкамен сабынды ыстық сумен жууыңыз. Эмальды ыдысты бүлдіріп алмас үшін, пышақ тағы   сол   секілді   қатты   затпен,   қырғышпен   қырмаңыз,   ірі   түйірлі   ұнтақпен жумаңыз. Кез келген кішкентай сызылып кеткен жердің көлемі тез үлкейеді, тез тот   басып,   асты   бүлдіріп,   өзіңізді   улайды.   Әрине,   қимасаң   да,   эмалі   кеткен кастрөлді   қолданыстан   шығарған   жақсы.   Тағыда   есте   ұстар   жәйт,   эмальды ыдыстарғы қою тамақ пісіруге болмайды. • Шойын ыдыстар бұқтырылып пісіретін және қуырылып пісіретін тағамдар үшін пайдаланылады.   Қара   қазан,   ыдыс­табақтар   дұрыс   күтілмесе   онда   ол   адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Содан сон ол тағамның дәмі мен түсін құртады.   Сондықтанда   оның   ішіне   су   құйып   бірнеше   күнге   қойып   қоюға болмайды.   Шойын   ыдыстарды   нейлон   губкасымен   жуған   жақсы.   Одан   соң қайнаған сумен шайып, қағаз сүлгімен немесе жұмсақ шүберекпен құрғатып сүрту керек. Жақсылап кептірген дұрыс, әйтпесе, тот басады. Ас пісірген соң әрдайым құрғақ болуын қадағалау керек.  • Жезден жасалған ыдыстарды сұйықтықтарды қайнату үшін пайдаланған тиімді. •  Керамикалық   ыдыстарды   ыстық   суда   жуу   керек.   Керамикалық   ыдыстарды духовкада   пісіретін   тағамдарға   қолданған   дұрысырақ.   Алайда,   есте   ұстайтын нәрсе, оны ыстық пешке бірден салмаңыз. Кызбаған духовкамен бірдей жылытып , кейін пайдалану керек. • Қыш ыдыстарда майды сақтауға болмайды. Өйткені мұндай ыдыс майды сақтай алмайды және майдың иісін жағымсыз етеді. •  Шыны ыдыстар температураның бірден ауысуынан әсер алып сынуы ықтимал. Яғни, ыстық суда жуып бірден салқын суға салып шаюға болмайды. Ыстық судан шыққан шыны ыдысқа бірден ыстық тағам құйған дұрыс емес. •  Фарфор   ыдыстары   ерекше   күтімді   талап   етеді.   Құрметті   қонақтардан   соң фарфор тәрелкесін қайта салып сақтап қоюыңыз үшін, оны алдымен жақсылап сүртіп құрғатыңыз. Және міндетті түрде таза қағазбен ораңыз. •  Шыны және хрусталь ыдыстарын ыстық суда жуса, қарайып кетеді. Хрусталь ыдыстарын жуып болғаннан кейін кептіріп қоймай, оны құрғатып сүру керек.  •  Сабы   ағаш   және   пластмасса   пышақ,   шанышқыларды   былғанған   сәтте   тез­тез жуып, сүркен дұрыс. Әсіресе, ыстық суда тұрыңқырап қалса, желімі еріп, ажырап кетеді. Ал пышақтың кесетін жері қарайып кетеді, сондықтан пышақты мейілінше ыстық суда жумаған абзал, өтпей қалады. • Алюминийден жасалған кастрөлдің пайдалануға берілген кепілдік мерзімі — 24­ 36 ай. Бірақ, ыдыстың күтімі жақсы болса, көп жыл қызмет етеді. Алюминийден жасалған кастрөлді ұнтақпен тазартқан дұрыс. Ал егер қарайып кетсе, сірке суы мен   лимон   қышқылын   салып,   су   толтырып,   15   минуттай   қайнатып   алыңыз. Алюминий   ыдыстарды   пайдаланғанда   дастарқанға   жалаң   қойылмауы   керек, дастарқанда дақ қалдырады. Кейбір пысық ас үй иелері   алюминийден жасалған ыдысты металл щеткамен жуады. Тіпті, қаспақты да солай кетіреді. Ал эмальды, алюминий және күйдіруге қарсы жамылғысы бар ыдысты бұлай жууға рұқсат етілмейді. Егер жусаңыз, ыдыс түбінің беткі  қабаты бүлініп, зиянды заттар тағамыңызға араласады, одан соң ағзаңызды бүлдіреді. Ең дұрысы — тағам күйген кастрөлге   тұз   бен   ас   содасын   салып,   су   құйып,   аз   уақыт   қоя   тұрыңыз,   жеңіл тазартылады. •  Қасық, шанышқыларыңызды жуып болғаннан кейін міндетті түрде құрғатып, я болмаса сүрткен жөн. Олай болмаған жағдайда көгеріп кетеді. •  «Тот   баспайтын»   кастрөлдер   жеңіл   жуылады   әрі   әрқашан   жаңа   күйіндегідей жарқырап тұрады. •  Ал   күйдірмеуге   қарсы   жамылғысы   бар,   яғни   тефлонды   жамылғысы   бар кастрөлге ерекше күтім қажет. Бұл жамылғылар бүлінсе, зиянды заттар бөледі. Сондықтан да қымбат жамылғыны бүлдірмес үшін бұндай ыдысқа ас пісіргенде ағаш қасықтарды пайдаланған тиімді. Кез келген үй иесі үшін ыдыс­аяқ таңдау — үлкен жұмыс. Таңдау көп. Таңдаған кезде   мынадай   екі   параметрге   сүйенген   дұрыс:   ыдыстың   беріктігі   мен қауіпсіздігіне. 4. Әлеуметтік сауалнама Мақсаты:  Ас   үйдің   иесі   көбінде  қандай   ыдыстарды   тағам   даярлауға қолданатынын   анықтап,  сол   ыдыстарының   пайдасы   мен   зияны   туралы   білімін тексеру және қолданылуына байланысты пайдалы кеңестер беру.  1. Ас   үйіңізде   тағам   даярлау   үшін   қандай   материалдан   жасалған   ыдыстар қолданасыз? 2. Қандай ыдыс зиянды деп ойлайсыз? 3. Үйіңіздегі алюминийден жасалған ыдыстарда қандай тағам әзірлеуде қолданасыз? 4. Эмальді ыдыстардың түсі қандай? 5. Бүлінген эмальді ыдысты қолданасыз ба? 6. Тот баспайтын ыдысқа қандай тағам даярлайсыз? 7. Ыдысты немен жуасыз? Қорытынды:   сауалнама   нәтижесінде   тұрғындардың   үйде   қолданатын   ыдыстары алюминий,   эмальді   және   тот   баспайтын   ыдыстар   екені   мәлім   болды.   Сонымен қатар   осы   ыдыстарды   қауіпсіз   қолдануы   мен   дұрыс   күтуі   туралы   ақпаратпен қаруланбағаны да анықталды.  Қорытынды 1. Қазақстан   балаларға   арналған   энциклопедиясы   «Ежелгі   Қазақстан»   «Аруна»   ­ Пайдаланылған әдебиеттер: 2004 ж. 2. «Қазақтың қолданбалы өнері», «Алматыкітап» ­ 2007ж. 3. «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Алматыкітап» ­ 2007ж.  4. «Шаңырақ» Үй­тұрмыстық энциклопедиясы.  5. Уикипедия — ашық энциклопедиясы Қосымшалар ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЫДЫС – АЯҚТАРЫ. Металдан жасалған ыдыстар.    Теріден жасалған ыдыстар Ағаштан жасалған ыдыстар

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Ас үйдегі ыдыстар: пайдасы мен зияны»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.09.2017