Жаңа жылдық ертеңгілік
Оценка 4.8

Жаңа жылдық ертеңгілік

Оценка 4.8
Домашнее обучение
docx
музыка +1
Детсад
07.08.2022
Жаңа жылдық ертеңгілік
(Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді, орындарына отырады.) Ақшақар: Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды. Құрметті қонақтар, бөбекжай-бақшамыздың ұжымы және менің кішкентай бүлдіршіндерім. Сіздерді берекесі мен мерекесін жиып алып келе жатқан Барыс Жаңа жылы құтты болсан! Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Барыс жылы келгенде, сыйғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Жана жыл 2021.docx

 (Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді,  орындарына отырады.)

Ақшақар:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Құрметті  қонақтар,  бөбекжай-бақшамыздың  ұжымы және менің кішкентай бүлдіршіндерім. Сіздерді  берекесі мен мерекесін  жиып алып келе жатқан Барыс Жаңа жылы құтты болсан!
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Барыс жылы келгенде, сыйғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән: «Жаңа жыл!» орындалады.

Ақшақар:Қараңдаршы,  бүгін  ойын  бөлмеміз ерекше болып кетіпті. Бәріміз мерекелік  киімдерімізді кейіп, тіпті ормандағы шыршамызда әдемі ойыншықтарға оралып алыпты. Балалар, сендер білесіңдерме? Әр келген Жаңа жыл жаңа сиқырлар, таңғажайып әлемдер мен сиқырлы тосын сыйларға толы болады ғой!  Балалар, мына ортадағы шыршамыз жай шырша емес сияқты, қане, шыршаны айналып көрейін, бәлкім тосын сыйға жолығармыз.

 (Ақшақар шыршаны айналып, шыршаның артынан доп көлемді қар алып шығады.) 

Балалар, шыршаның артынан мына  қар бар екен.  Бұл қар жай қар емес сияқты бір дыбыстар шығады ғой өзі.

 (Құлағына қойып, тыңдап.)  Сиқырлы әуендер естіледі.   Олай болса бұл қардың сиқырлығын байқайық,  ой, сиқырлы  қарымыздан сағаттың дыбысы шығады. Бізге бар молшылығын сыйлаған Сиыр  қауым ел мен қимай қоштасып жүргеніне шығар. Бізбен бірге12 ай бірге болған Сиыр  жылымен қош айтысар уақытымыз келді.

Ия, ескі  Сиыр жылыменде қимастықпен қоштасамыз.

Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп.  Қане, сиқырлы қарымыздың сиқырын көрейік! Сиыр жылын ортамызға алып келсін.

(Жерге қарды домалатып жібереді.  Музыка әуенімен Сиыр кіреді.

Ақшақар: О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.

Сиыр жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
Сиыр жылы  бізге жақсылықтары мен толы болғаның үшін рахмет.  Сиыр жылын шығарып салайық.

Сиыр: Мен  бар қазақ елімен қоштасып жүріп, сендермен  қоштасуға кешігіп қалған жоқпын ба?  12 жылда сендермен қайта қауышқанша асығатын боламын. Сендердің өнерлеріңді сағынатын болдым. Қане,  менің  торпақтарым өнерімізді ортаға салайық.

Би: «Сиыр» орындалады.

Сиыр: Келе жатқан Барыс Жаңа жылдарың құтты болсын!

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
2022 жылы Барыс Жаңа жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Барысқа беремін.

(Музыка залынан Сиыр қоштасып  шығады.)

Ақшақар:  Сиыр жылын қимай тұрмын, бир-ақ 12 жылда айналып келген  Барыс келгенше Жаңа жылымыздың басты қонағы Аяз атаны ортаға шақырып алайық.  Балалар, Аяз атамыз неге кешігіп жатыр екен?  Сиқырлы қарымыздың көмегіне жүгінейін. (Құлағына қарды тосып). Мерекеміздің басты қонағы, жақындап қалған сияқты. Аяз ата дауыстап ортамызға шақырып алайық.  Қане, сиқырлы қарымызды тыңдап,  Аяз атамыздың аяқ дыбысы қайда естіледі екен? (қарды құлағына қойып , тыңдап) Қайда келіп қалған екен? Сиқырлы қарды  тыңдап көрейін. (қарды құлағына қойып , тыңдап)  Балалар, сиқырлы қарымыздан бір дыбыстар естіледі. Бізге Аяз атамыз асығып  келе жатқан сияқты.   (қарды құлағына қойып, тыңдап, жерге қарды домалатып жібереді).

(Музыкамен мыстан кемпір кіреді.)

Мыстан: Қап бәлем, сен осында екенсіңдер ғой!  Менсіз мереке тойлайын деп жатсыздар ма? Ақшақар саған жылда айтам ғой, аспанға құс болып ұшып кетсең де тауып аламын. Жүр, бүгіннен бастап менің үйімде қызмет жасайсың!

Ақшақар:  Сәлеметсізбе, Мысеке, бүгін ерекше құлпырып кетіпсің ғой. Сен келмей мереке бастамай отыр едік, төрлет мереке тойлайық.

Мыстан: Шынымен бе? Ақшақар сен мені үйтіп алдамашы. Сен де асырып айтасың, күнделікті жумай киіп жүрген киімін  ғой! Ей, балалар мұнда нағып отырсыңдар, ей, сендер әлгі жылғы «Айгөлек» тобының балалары емесіңдер ме? Аяз атаны күтіп отырған шығарсыңдар?

Балалардың жауабы: Иә.

Мыстан: Күтпей-ақ  қойыңдар, мен мереке болуға жол бермеймін, барлық мерекенің  шыршаларын бұзып тастадым.  Өздерің өсіп қалыпсыңдар, сендерді де өзімен алып кетейін. Қапшықтарым қайда еді?

Ақшақар: Мысеке, сен менің кішкентай балаларымды неғыласың?  Сен бізбен ойын ойнасаңшы? Сен ойдан ойындарды жақсы ойластырушы едің ғой, қызықты бір ойын ойнашы.

Мыстан:  Иә, менің ойынды ұнататынымды қайдан білдің, қандай ойын ойнасам екен? (жан-жағына қарап, шелекте тұрған қарларды көріп) Мына қарлармен қар атыспақ ойнайық. (балаларға қарларды таратып береді.)  Ойын шарты мынандай: Бәріміз орнымыздан тұрамыз қолымыздағы қарлармен бір-бірімізді дәлдеп ұрамыз,  қай бала қарды тигізе алмаса менімен  бірге алып кетемін.

Ақшақар:  Мысеке, мұның не? Сен біздің балаларымызды жаман қылыққа үйретпе. Қане, балалар шелектерге мына қарларды шапшаңдықпен жинайық. ( 5 балаға шелек беріп қарларды жинатады.) 

Мыстан:  Ей, Ақшақар ойынның сәнін бұзбашы, қызық ойын болып жатыр ғой, Күн шыққанша, кеш батқанша бәріміз бір-бірімізді ұрып «Қар атыспақ» ойнайықшы. Сен баршы , баршы үйіңе, (Ақшақарды итеріп шығармашы болады) жіберіп тұрғанда барсаңшы, орман аңдары сияқты байлап қоямын ғой!

(Сартан дыбыс шығады. Мыстан қызым мұның дұрыс емес. Аттың шауып келе жатқан дыбысы естіледі.)

Мыстан:  Мына дыбыс қайдан шығып жатыр? (құлағын жан-жаққа тосып) Мына дауыс әлгі алжып қалған шалдың даусы емеспе?  Тезірек кетейін бұл жерден , қайдағы жоқты айтып басымды қатырады. Менің мұнда болғанымды айтпаңдар. Айтсаңдар тура, ол шал марсна ұшып кетекнен кейін бәріңді құртамын. Сыпыртқы қайда?  (Сыпыртқысын қолына алып)   Құр қол кетпей мына жайнап тұрған шыршаларын өшіріп кетейін,   өш, өш, өш.

( шыршаны айналып  жылдам шығып кетеді.)

Ақшақар: Балалар, мына Мыстан кемпірден әрең құтылдық қой.  Мерекеміздің басты қонағы жақындап қалған сияқты. Аяз ата қайда келе жатыр екенін естейік. (қарды құлағына қойып , тыңдап)  Балалар, тым алыс естіледі ғой! Бәріміз дауыстап шақырайық, мүмкін мына аязда күш беріп жылдам келер. Орнымыздан тұрып, шеңберді құралық.

Ақшақар: Аяз ата, Аяз ата,

Келіңізд ортаға.

Біз сізді сағындық,

Асыға күттік қаншама.

 (Музыкамен Аяз ата  кіреді)

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған,
Көңілдерің дүр маржан.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан.
Аяз ата сендерге,
Жетті жолдан қиналған.
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман.
Мықтылығым мәлім ғой!
Өтіп кеткен жылдардан.

Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын. Сендер менің  үлкен сиқыры бар қарымды алдыңдар ма? Аталарың қазір қартайды, кеше сендер тәтті ұйқыда жатқанда тосын сый болсын деп Пері қыздарыма  апарып шыршаның түбіне қойып-қой деп едім. Сиқырлы қарымды  алдыңдарма?

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Иә, сіздерің сиқырлы қарыңызды алғанбыз. Сиқырлы қардың күшімен сүйікті мерекеміз Жаңа жылды қарсалуда.

Сіздерді көргенімізге өте қуанып отырмыз.

Аяз ата: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.  Ой, мына шыршамыз неге шамдары өшып қалған? Өзі тіп көңілсіз ғой!

Ақшақар: Иә, шыршамыздың шамын Мыстан кемпір өшіріп кетті,  шыршамызды қиратып кетті. Бәріміздің көңіл-күйімізді түсірді.                                                                                                        

Аяз ата: Ой-ой-ой, Мыстан, жылдағы әдетін қоймаған екен ғой!   Бар күшімді жинап, боранымды, аязымды, желімді  мыстан кемпірді алдыма алып келсін.  (Мыстан кемпір желмен ұшып кіреді)

Аяз ата: Мыстан кемпір, жылдағы әдетіңді қоймайтын болдың ғой!  Қашан осы сені тәртіпке келтіремін. Тіпті биыл шектен шықтың. Болды саған кешірімім жоқ. Боранымен аязым сені қатырып, желдің ішінде үнемі ұшып жүресің!  Әлде, мұз етіп  қатырып тастайын ба?

Мыстан кемпір: Ата не деп кеттіңіз, мен ештеңе бүлдірген жоқпын...

Қателік кетсе кешірім сұраймын.

Аяз ата:  Әй, жарайды,  Мыстан кемпір сені кешірдік, мерекеде көңіл-күйімізді  бұзбайық! Балақайлар, сендер көңілдеріңді түсірмеңдер,  шыршаны да жарқыратамыз, Ақшақар қызым мына шыршамызды жарқыратайық! Сиқырлы сөзіңді айтып жіберші! Менің есімнен шығып тұрғаны.

Ақшақар: Әрине, Аяз ата  жарқыратамыз, бәріміз орнымыздан тұрып, шыршаны айналып тұрайық!

Жасыл шырша қуаныш жалпыға,

Көңілді шыршамыз жарқыра, жарқыра!

 (үш рет айтқандашырша жанады.)

Ақшақар: Шыршамыз қандай тамаша! Ән шырқайық  жарасар!

Қане, орнымыздан тұрып, шыр айналып ән шырқайық!
Ән: «Қандай шыршамыз әдемі» орындалады.

Тақпақтар орындалады.
Аяз ата: Ой-ой-ой, жаңа жылдық мерекемізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?

Ақшақар: Аяз атаға жаттаған өлең жырларымыз бен жалғастырайық. Аяз ата өзіңізге артап жаттаған әнін қабылалыңыз.

Аппақ,аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ.

Қырау, қырау, дала аппақ,

Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қырдан ағамыз.

Шырқатып ән саламыз.

Ән: « Аяз ата» орындалады.

Сағаттың дыбысы естіледі.

Ақшақар: Ой, балалар Жаңа жылымызда жақындап қалған сияқты.   Ортаға  Барыс Жаңа жылды қарсалайық! Қане, балалар, шеңберге тұрып, жаңа жылды қарсалайық,

Көңілде көп қуаныш,                                                                                                                                     

Әр көңілде жақсылық.                                                                                                                                          

Кетер жылға мың алғыс,                                                                                                                        

Әкелген көп жақсылық.   

(Барыс музыкамен  кіреді.)

Барыс: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.

Армысың ба, халайық,         

Жаңа жылды жұп жазбай,                                                                                                   Келіңдер қарсы алайық.                                                                                                      Жақсылыққа бағытталған,

«Молшылықтың мәресі Барыспын» мен Жаңа жыл!           

Менің Барыс Жаңа жылда барлығыңыз,                    

 Жаңа үміт таба біл.                                                                                                                                Сиыр жылының мерекесін,                                                                                                           Берекеге жалғайын.                                                                                                                            Елде, жерде, табиғатта,                                                                                                                       Бейбіт жолды қолдайын.

Аяз ата: Ар бол, Жаңа жыл!

           Бар бол, Жаңа жыл.

           Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.

           Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.

           Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

           Кел,  Жаңа жылы, мерекені бірге тойлайық. Төрлет Барыс Жаңа жыл.

Ақшақар: Қош келдің, Жаңа жыл  Барыс! Біздің бүлдіршіндеріміздің Аяз атаға, Жаңа жыл  өзіңе арнап жаттаған тақпақтарын қабылалыңыздар!

Жаңа жылға арналған тақпақтар орындалады!

Ақшақар: Жаңа жылдарыңмен достар!  Жыл қуантсын баршаны. Өнерлерің тамаша екен, Жаңа жыл Барыспен бірге көңіл көтеріп би билейік.

Би: «Барыс» орындалады.

Барыс: Рахмет, балалар! Сендермен 12 жылда қайта жүздескеніме өте қуаныштымын.

Аяз ата:  Барыс Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл Барыс бізде сенімен қайта жүздескенімізге қуаныштымыз. Жаңа жыл ортамызда неге отырмыз көңілденіп ойын ойнайық.

Аяз атамен бірге  ойын ұйымдастыру.

Аяз ата:  Ой, сендермен ойын ойнаймын деп  шаршап қалдым, Аяз аталарың әбден қартайыптты. Жаңа жыл Барыс  жүр,  бар елмен амандасайық, жүр.

Ақшақар: Аяз ата сен өнердің бәрін тамашалаймын деп сыйлық туралы ұмытып кеттің ғой.

Аяз аталар: Иә, иә, иә! Мен қазір қартайдым, бәрін есімнен тез шығаратын болғанмын. Сендерге асығып келеміндеп, орманда әзірлеп қойған сыйлықтарымды тастапта кетіппін.  Қане, Мыстан кемпір сенің тәртіпке келгеніңді тексеріп көрейін.  Мыстан кемпір  ана сиқырлы орманда  әзірлеп қойған  сыйлықтарымды алып келіңдер.  Бар, дереу алып кел, еңбек етіп үйрен.

(Мыстан кемпір сыйлықтарды залға алып келеді).

Аяз ата: Олай болса, балалар мен сендерге алып келген базарлығымды берейін.  Менің сыйлықтарды бермес бұрын тағы бір шартым бар.

Ақшақар: Балалар, Аяз атаның бізбен бірге суретке түскісі келеді екен, кім ең әдемі түссе соған сыйлық береді. Қане, суретке түсейік. Барлығы суретке түсіп, Аяз атаның сыйлығын алады.

 

 

 

 

 


 

Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді, орындарына отырады

Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді, орындарына отырады

Сиыр: Келе жатқан Барыс Жаңа жылдарың құтты болсын! Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Сиыр: Келе жатқан Барыс Жаңа жылдарың құтты болсын! Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Сен баршы , баршы үйіңе, (Ақшақарды итеріп шығармашы болады) жіберіп тұрғанда барсаңшы, орман аңдары сияқты байлап қоямын ғой! (Сартан дыбыс шығады

Сен баршы , баршы үйіңе, (Ақшақарды итеріп шығармашы болады) жіберіп тұрғанда барсаңшы, орман аңдары сияқты байлап қоямын ғой! (Сартан дыбыс шығады

Аяз ата: Мыстан кемпір, жылдағы әдетіңді қоймайтын болдың ғой! Қашан осы сені тәртіпке келтіремін

Аяз ата: Мыстан кемпір, жылдағы әдетіңді қоймайтын болдың ғой! Қашан осы сені тәртіпке келтіремін

Молшылықтың мәресі Барыспын» мен

Молшылықтың мәресі Барыспын» мен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.08.2022